Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймардановтың облыс әкімдігінің отырысына қарауға енгізілген «Қала және аудан әкімдіктерінің  icon

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймардановтың облыс әкімдігінің отырысына қарауға енгізілген «Қала және аудан әкімдіктерінің



НазваниеШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймардановтың облыс әкімдігінің отырысына қарауға енгізілген «Қала және аудан әкімдіктерінің
Дата конвертации05.01.2013
Размер70.82 Kb.
ТипДокументы
источник

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймардановтың облыс әкімдігінің отырысына қарауға енгізілген «Қала және аудан әкімдіктерінің «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы мен «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығын орындауы туралы» ақпараты


20 маусым 2012 ж.

Құрметті Бердібек Мәшбекұлы!

Құрметті облыс әкімдігінің мүшелері!


«Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы мен «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын орындау бойынша облыста белгілі жұмыстар жүргізілуде.

Нәтижесінде облыстың мемлекеттік тіл саясатын іске асырудағы 02011 жылғы мақсатты индикаторлары орындалды.

Дегенмен, бұл мақсатты индикаторлық көрсеткіштерді бұдан да жоғары орындаудың мүмкіндіктері болғанымен жекелеген қала және аудан әкімдіктерінің жұмыстарында ткемшіліктер орын алып отыр. Сондықтан да мен өз хабарламамда осы кемшіліктерді атай отырып, оларды жою жолдарына тоқталып өткенді жөн көріп отырмын. Бағдарламада ұлт бірлҚала және аудан әкімдіктерінің отырыстарында мемлекеттік тіл саясатының мәселелері өте сирек қаралып, жан-жақты талдау жасалмайды, кемшіліктерді жоюдың жолдары анықталып, жауапты адамдар бекітілмейді. Көп жағдайларда мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері бастықтарының есебін тыңдаумен шектеледі.

Мәселен, Аягөз, Абай, Үржар, Катонқарағай, Бесқарағай аудандары мен Өскемен, Курчатов қалаларының әкімдік отырыстарында мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру мәселесі бойынша мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері бастықтарының есептері бірнеше рет қайталап тыңдалған.

Ал Күршім, Зайсан, Тарбағатай ауданы әкімдігінің отырысында бөлім бастықтарының есебін қойып, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің есебі бірде бір рет қаралмаған. Бұл аудандар орыс тілі мен ағылшын тіліне, оралмандарды орыс тілі мен қазақ әліпбиіне үйретудің, құжаттарды ресми тілде сауатты жазуды талап етудің қажеттілігі жоқ болғаны ма?

Басқарма тарапынан ай сайын облыстың мемлекеттік органдарының құжат айналымына тұрақты мониторинг жүргізілуде. Ағымдағы жылдың 5 айында қалалар мен аудандардағы мемлекеттік органдардың жалпы құжат айналымындағы мемлекеттік тілдің үлесі 93,6%-ды құрап, 2011 жылмен салыстырғанда 5,1%-ға артып отыр.

Дегенмен жекелеген аудандар бұл көрсеткішті төмендетіп отыр. Мәселен, Глубокое ауданындағы мемлекеттік органдарда бұл көрсеткіш 82,6%-ды, Шемонаиха ауданында 83,1%-ды, Риддер қаласында 87,5%-ды құраса, Семей ( 92,2) және Өскемен ( 87,6) қалаларындағы, Бесқарағай (92,8) және Зырян (92,5) ауданында мемлекеттік тілдің үлесі 93,6%, облыстық көрсеткіштен де төмен болып отыр. Тек Абай ауданында ғана бұл көрсеткіш 100% болды, облыстың қалған аудандарда бұл көрсеткіш 94%-дан 98%-дың арасында болып отыр. Бұл аталған әкімдіктерде Үкімет қаулысының және Тіл туралы Заңының 8 және 10-баптары талаптарының орындалмай отырғандығын көрсетеді.

Бағдарламаның 1-бағыты мемлекеттік тілді меңгеру болғандықтан мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік тілді оқып-үйренуіне жағдай жасау, талап ету мемлекеттік органдардың бірінші басшыларының басты міндеті болуға тиіс. Бүгінгі күн 1 облыстық және 7 қалалық, аудандық мемлекеттік тілді оқыту орталықтарында 2 мың 766 тыңдаушы, оның ішінде 1009 мемлекеттік қызметші, қала және аудандардағы 641 үйірмеде 15311 тыңдаушы қазақ тілін үйренуде.

Бұл орайда Зырян, Бесқарағай және Бородулиха аудандарында сабаққа қатысуын қадағалаудағы жақсы жұмыстарын айта кеткен орынды.

Оқыту орталықтары бар - қала және аудан әкімдіктері тарапынан оқыту мәселесін қадағалау, қажетті жағдай жасау мәселесі толық шешілмей отыр. Оқыту орталықтары ай сайын мемлекеттік қызметшілердің сабаққа қатысуы бойынша мекеме басшысына ақпарат бергенімен сабаққа қатыспағандарға ешқандай шаралар қолданылмайды. Курчатов қаласындағы мемлекеттік

тілді оқыту орталығы тыңдаушыларының 1 жартыжылдықтағы сабаққа қатысу көрсеткіші 39% -ды құраса, Шемонаихада 69%-ды, Бесқарағайда 71%-ды, Өскемен қаласы әкімдігіне қарасты бөлімдерде 33% -ды құрады. Шемонаиха ауданы әкімдігінің оқыту орталығы оқыту үдерісін жап-жақсы ұйымдастырғанымен, орталық орналасқан ғимарат тар, оқуға тілек білдірген тыңдаушыны сиғыза алмайтын болғандықтан 50 тыңдаушыны оқуға тарта алмай отыр.

Сіздің Бердібек Мәшбекұлы берген тапсырмаңызға сәйкес Семей қаласы мен Көкпекті және Ұлан аудандарында жаңа оқу жылына дейін мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын ашу үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Соңғы екі жылда оқыту орталығының негізінде азаматтардың басқа санаттарына (зейнеткерлер, студенттер, жұмыссыздар т.с.с.) үшін 60 сағаттық «Тілашар» курсы ұйымдастырылып жүр. Өткен жылы 347 тыңдаушы курстан өтсе, биыл 513 тыңдаушы курсты аяқтайды. Ең кереметі сол «Тілашар» курсын шын ниетімен қажетсінген азаматтардың білім деңгейі мемлекеттік қызметшілерден артық болып отыр, оқыту курсын бітіргендер ауызекі сөйлесе алатын деңгейде аяқтауда.

Қазақ тілінен білім деңгейін бағалау жүйесі ҚАЗТЕСТ бойынша 7226 мемлекеттік қызметшілердің 3047 мемлекеттік қызметші тестілеуден өтті. Казтест бойынша біз Республика деңгейінде 1 орында келеміз. Тест тапсырғандардың білім деңгейі биылғы жылы 54 пайыз болып отыр.

Бағдарламаның 4-ші бағыты қазақстандықтардың лингвистикалық капиталын дамыту болып табылады. Этнос өкілдерінің ана тілін оқуын ұйымдастыруды қазақ ұлты басым тұратын аудандардан басқа қала және аудан әкімдіктері жандандыруы қажет. Зырян, Семей, Өскемен қалаларындағы жексенбілік мектептерде ғана этнос өкілдері ана тілдерін 51 топта 2648 тыңдаушы оқып үйренуде.

Өзге ұлт өкілдері жастарын қолдау мақсатында жыл сайын облыс әкімінің 20 гранты бөлінеді. Қазіргі кезде 8 студент облыс әкімінің грантымен оқып жүр, оның ішінде 4-еуі Күршім ауданының, қалғаны Зайсан, Тарбағатай, Жарма, Ұлан аудандарының мектеп бітіруші түлектері. Биылға дейін Үржар, Катонқарағай, Бесқарағай, Аягөз, Глубокое аудандары мен Өскемен және Семей қалаларының әкімдіктері бұл бағытта мақсатты жұмыс жүргізбей отыр.

Облыс көлеміндегі мемлекеттік және жеке меншік ағылшын тілін оқыту орталықтарындағы 59 топта жалпы жиыны 1164 тыңдаушы ағылшын тілін оқып-үйренуде. Сонымен бірге Жарма, Глубокое, Бесқарағай, Ұлан, Тарбағатай, Катонқарағай аудандарында ағылшын тілін ересектерге оқытуға тиіс деңгейде көңіл бөлмей отыр.

Облыстағы 20 мектепте пән мұғалімнің жоқтығынан ағылшын тілін оқытылмауда. Атап айтқанда Зырян ауданында 3, Катонқарағай ауданында 9, Ұлан ауданында 7, Риддер қаласында 1 мектепте ағылшын тілі оқытылмауда. Қала және аудан әкімдері ағылшын тілі мұғалімдерін қала, аудандарға тарту бойынша жеткіліксіз жұмыс істеуде.

Облыстың қалалары мен аудандарында ономастика мәселелері, соның ішінде мекенжай тіркелімі бойынша біршама жұмыстар жүргізіліп, елді мекендер мен физикалық-географиялық нысандардың атауларын тіркеуден өткізу жұмыстары жүргізілуде. Дегенмен, Көкпекті, Зырян, Глубокое аудандары мен Өскемен қаласында мекенжай тіркелімі тиісті деңгейде жүргізілмей отыр. Бұған әсіресе Көкпекті ауданында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мамандарының жиі ауысуы және әкімдік тарапынан талап етудің тиісті деңгейде болмай отырғандығы әсер етуде.

Мемлекеттік тілді насихаттау және түсіндіру мақсатында 2011 жылы облыстық деңгейде 40-тан астам шаралар өткізілді. Дегенмен, Абай, Аягөз, Жарма, Зайсан, Катонқарағай, Көкпекті, Күршім, Тарбағатай, Үржар ауданының өкілдері облыстық деңгейде өткізілген конкурс, байқауларға аз қатысты.

Мемлекеттік тіл саясатын насихаттау мен түсіндіруде бұқаралық ақпарат құралдарының алар орны ерекше. Қазір облыстың барлық аудандары мен қалаларында мемлекеттік тілдегі газеттер шығарылады. Жарияланған материалдардың тек ақпараттық сипатта ғана шығатындығы, тіл саясатының өзекті мәселелері көтерілмейтіндігі қала және аудандық газет редакторларына басқарма тарапынан ескертілсе де, өзгерістер аз. Журналистердің кәсіби біліктілігін арттыру жұмыстары жеткіліксіз жүргізіледі, осының салдарынан шығарылатын газеттер тартымсыз, жалаң фактілермен, хабарландырулармен ғана толтырылады. Ұйымдастырылған арнайы курстан тек Абай, Зайсан, Күршім аудандық газеттерінің журналистері ғана өткен. Сонымен бірге, мемлекеттік бағдарламада көрсетілгендей мемлекеттік тілді насихаттауда тілді меңгерген өзге ұлт өкілдерінің мақалалары, телеарналардағы сұхбаттары аз ұйымдастырылады.

Мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралар жоспарын іске асыру мақсатында қала және аудан бюджеттерінен қаражат бөлініп отырылады. Дегенмен, Күршім, Катонқарағай, Жарма, Бесқарағай, Көкпекті аудандарында 200 мыңнан 500 мыңға дейінгі мөлшерде ғана қаражат бөлінеді, бұл іс-шараларды тиісті деңгейде өткізуге, облыстық шараларға қатысуды қамтамасыз етуге жетіспейді.

Мемлекетті тіл саясатын күн талабына сәйкес іске асыру үшін мына міндеттерді шешу қажет деп есептеймін.

1. Мемлекеттік тіл саясатын іске асыру үшін тіл заңнамалары мен мемлекеттік бағдарлама талаптарын мүлткісіз орындау.

2. Әкімдік отырыстарында мемлекеттік тіл саясатының өзекті мәселелерін қарап отыру.

3. Мемлекеттік тілде іс жүргізуде тек қана аудармашы емес мамандардың рөлін арттыру.

4. Мемлекеттік тілде құжат дайындай алатын мамандарға ынталандыру шараларын қарастыру.

5. Оқыту орталықтарының материалдық-техникалық базасын нығайту, жеткілікті мөлшерде қаражат бөлу.

6. Мемлекеттік қызметшілер мен тұрғындардың ағылшын тілін, оралмандардың қазақ әліпбиі мен орыс тілін оқып-үйренуіне жағдай жасау.

7. Мемлекеттік тілді оқып-үйрену курсына қатысатындардың сабаққа қатысуына талап қою.

8. Көрнекі ақпараттың жайын тексеру бағытында жоспарлы жұмыс істеу.

9. Облыс әкімінің гранты бойынша облыстығң жоғары оқу орындарының қазақ бөлімдеріне өзге ұлт жастарын тарту бойынша жұмыс істеу

10. Электронды және баспа бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік тілді меңгерген өзге ұлт өкілдерінің мақалалары мен сұхбаттарын ұйымдастыра отырып, тіл үйрену тәжірибесін тарату.

11. Семей қаласында, Ұлан және Көкпекті аудандарында мемлекеттік тілді оқыту орталықтарын ашу.

Құрметті Бердібек Мәшбекұлы! Облыстық тіл басқармасы, қала және аудан әкімдіктерімен бірлесе отырып, орын алған кемшіліктерді түзетудің пәрменді шараларын қолданады, солайша Сіздің тапсырмаларыңызды толық орындайды деп сендіремін!



Похожие:

Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймардановтың облыс әкімдігінің отырысына қарауға енгізілген «Қала және аудан әкімдіктерінің  iconШығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Айдын Жомартұлы Шаймардановтың «Аумақтағы тіл саясаты» атты республикалық семинар-кеңестегі баяндамасы
Шығыс Қазақстан облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы Айдын Жомартұлы Шаймардановтың «Аумақтағы тіл саясаты»
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймардановтың облыс әкімдігінің отырысына қарауға енгізілген «Қала және аудан әкімдіктерінің  iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының
«Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық...
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймардановтың облыс әкімдігінің отырысына қарауға енгізілген «Қала және аудан әкімдіктерінің  iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының
«Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық...
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймардановтың облыс әкімдігінің отырысына қарауға енгізілген «Қала және аудан әкімдіктерінің  icon«Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2011-2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспары Мазмұны
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының миссиясы және пайымдауы
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймардановтың облыс әкімдігінің отырысына қарауға енгізілген «Қала және аудан әкімдіктерінің  iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2008 жылдың 2-ші тоқсанындағы атқарған жұмыстарының есебі
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2008 жылдарға арналған өңірлік...
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймардановтың облыс әкімдігінің отырысына қарауға енгізілген «Қала және аудан әкімдіктерінің  iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2006 жылғы 3 тоқсандағы жұмысы туралы АҚпарат
Жылғы 11 шілдедегі №151-i қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы” Заңын орындау мақсатымен Шығыс қазақстан...
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймардановтың облыс әкімдігінің отырысына қарауға енгізілген «Қала және аудан әкімдіктерінің  icon«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймарданов
Міндеттер: Мемлекеттік тілді оқытудың әдіснамасын жетілдіру және стандарттау
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймардановтың облыс әкімдігінің отырысына қарауға енгізілген «Қала және аудан әкімдіктерінің  iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының
Шығыс Қазақстан облыстық әкімдігінің 2013 жылғы қызметі Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы...
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймардановтың облыс әкімдігінің отырысына қарауға енгізілген «Қала және аудан әкімдіктерінің  iconШығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының 2006 жылғы 4 тоқсандағы жұмысы туралы АҚпарат
Скемен қаласы әкімдігінің құрылымдық бөлімдерінде Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының...
Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы А. Шаймардановтың облыс әкімдігінің отырысына қарауға енгізілген «Қала және аудан әкімдіктерінің  icon«бекітемін» Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бастығы М. МҰхамеджанов
Республикасының тіл туралы заңнамаларының орындалуын тексеру кестесін әзірлеп, келісу
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы