Құзыретті тұлға қалыптастыру жолдары Білім беру үрдісінде субъектілердің құзыреттілігін дамыту icon

Құзыретті тұлға қалыптастыру жолдары Білім беру үрдісінде субъектілердің құзыреттілігін дамыту



НазваниеҚұзыретті тұлға қалыптастыру жолдары Білім беру үрдісінде субъектілердің құзыреттілігін дамыту
Дата конвертации26.01.2013
Размер59.92 Kb.
ТипДокументы
источник

Құзыретті тұлға қалыптастыру жолдары

Білім беру үрдісінде субъектілердің құзыреттілігін дамыту


Мукажанова М.Қ

«№45 Бейімделген орта мектебі» ММ

ҚҰЗЫРЕТТІ ТҰЛҒА ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖЕКЕ БЕС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП, ОҚУ-ОЙЛАУ ҚАБІЛЕТТЕРІН ЖЕТІЛДІРУ.


Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының қабылдануына байланысты Қазақстан ғылымы мен білім беру жүйесі өзінің жаңа даму кезеңін және жаңару үрдісін басынан кешіруде. Білім берудің ең негізгі, өзекті мәселесі- адамды жан-жақты етіп тұлғаландыру. Сондықтан бүгінгі білім берудің мақсаты мен мазмұны қазіргі заман талабына сай анықталуы керек. Өзге мемлекеттер тәрізді Қазақстан да әлемдік өркениеттер қатарынан лайықты орынды иеленуге ұмтылуы қажет екендігі белгілі. Мұндай биік мұраттардың орындалуында танымдық құзыреттілікті дамытудың атқарар қызметі, қосар үлесі зор. Еліміздегі білім беру бағытының дамуы үшін құзыреттілік тәсілдің қажеттілігі «Қазақстан Республикасында 2015 ж дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасының» негізгі қағидаларында белгіленген.[9]

«Құзырет» - тұлғаның белгілі бір пәндер шеңберіне қатысты білім, біліктілігі , дағдысы мен іс-әрекеттері тәсілінің өзара байланысқан сапаларының жиынтығы. Құзыреттілік білім шеңберінде өз орнын тауып, жақандану ағысына енген еліміздің алдында тұрған міндеттерінің бастысы- білім беру жүйесін жетілдіру, елдің интеллектуалдық потенциалын көтеру,

қоғамдық өмірдің салаларында,соның ішінде, білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кезеңдегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты, экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолына түстік. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі-мектеп қабырғасында берілетін білімнің, оқытушылардың кәсіптік білім деңгейлерінің сапасымен тікелей байланысты екенін көрсетті. Бұл , еліміздің тағдыры және ұлтымыздың болашағы мұғалімнің қолында дегеніміз. Жалпы алғанда, оқу- оқушының өзіндік қызметі, қызметтің осы түрі арқылы оқушы білім алады, білік және дағдылар жүйесімен қаруланады. Оқу жас ұрпақтың бойына ес, зейін, қиял, логикалық ойлау

және тағы сол сияқты қасиеттерді тәрбиелейді, оқу-ойлау қабілеттерін жетілдіреді, жеке бастың жан-жақты дамуын қамтамасыз етеді. Оқытудың міндеті жас ұрпақтың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, оны өмірге баулу, өндірістегі еңбекке дайындау, қоғамға пайда келтіретіндей практикалық іс-әрекетке үйрету, сондай-ақ оның жан-жақты дамыған жеке бас тұлғасын дамыту болып табылады [1,5,10]

Міндетті деңгей- нақты меңгеруге тиісті және нәтижеге жетуге бағытталған материал.[6]

Мүмкін деңгей- оқушылардың ой-өрісінің кеңеюін, шығармашылық қызметті ұйымдастыру арқылы әр баланың қабілетінің дамуын қарастырады. Бұл деңгейге әр оқушы жеке дара қол жеткізетін болады [6]

Бастауыш мектептегі тың өзгерістер әлемдік білім беру тәжірибелерін зерделей отырып, жеке тұлғаның ерекшеліктерін ескере оқыту, тұлғаның өзіндік ерекшеліктерін ескеру арқылы оның жан-жақты дамуын қамтамасыз ететін жаңа педагогикалық технологияларды оқу, жүзеге асырудың нәтижесінде көрініп отыр. Жаңа педагогикалық технологияларды қолданып оқытуды бастауыш білім беруді дамыту мен жетілдірудің негізгі құралы ретінде қарастыру керек.Әр баланың кейінгі және болашақтағы білімі бастауыш буындағы білімнің сапалылығына тікелей байланысты. Кіші мектеп жасындағы оқушының негізгі ерекшелігі –білімді қызығушылықпен алуы. Ол үшін оқу үрдісін әр оқушының жеке бас ерекшелігін ескере отырып, бала талпынатындай және қызығатындай етіп ұйымдастыру керек. Білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін, оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу, оқу үрдісін құру – мұғалім құзырындағы іс.[3, 4]

Көптеген мұғалімдер оқу үрдісінде дамыта оқытуды (Д. Выготский, В.Давыдов,Л.Занков негізін қалаған) кеңінен пайдалануда. Оқыту дамытудың алдында болатындығы, яғни құзыретті тұлға қалыптастыруда, баланы дамытуға жетелейтіні даусыз. Мұғалімдер жеке тұлғаның дамуына көп мән беруі және осыған сәйкес оқу үрдісін құруды ойластыруы қажет. Сонымен қатар Ш.А.Амонашвилидің ізгілендіру педагогикасы, В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдарын, Ж.А.Қараевтың саралап-даралап оқыту, М.Жанпейісованың модульдік оқыту технологияларын, «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологияларын» кеңінен пайдаланудамыз.[2]

Қоғамдық қатынастардың жақандану жағдайында, құзыретті тұлға қалыптастыруда, жеке тұлғаға жаңаша талаптар қойылуда, адамдық потенциалдың мәні жоғарылауда. Белсенділік, жүйелілік, өз бетінше білім алуға бейімділік басқа жеке тұлғалық сапалармен қатар қазіргі жеке тұлғаның ерекше қасиеттері болып табылады. Мектептегі үздіксіз білім беру жүйесіндегі негізгі базалық звено ретінде, оқушының тек табиғи қабілеттерін ашуға ғана игі әсерін тигізіп қоймайды, сонымен қатар жеке тұлғаның негізгі салаларын әр түрлі әрекеттерге бейімделуін қарастырады[3,7]

Ол әлеуметтік тұрғыдан неғұрлым жоғары көтерілген сайын, оның жеке тұлға ретінде құндылығы өсе түседі. Жеке тұлғаның негізгі белгісі- белсенді, белгілі бір мақсатты көздеген әрекеті. Бұл әрекет қоғамды және жеке тұлғаны өзгертуге және жақсартуға бағытталады. Тұлғаның жеке бас ерекшеліктерін теориялық талдау мұғалім үшін маңызды. Мұғалім әрекетінің әр түрін оқушыны дамытудың мүмкіндіктері мен сол мүмкіндіктерді жеке тұлғаның оқу-ойлау қабілеттерін қалыптастыруды жүзеге асыру үрдісінде дамиды[4]

Қазіргі философтар жеке тұлғаны жеке қабілеттері мен әлеуметтік негізін, оның қоршаған ортамен қарым-қатынасында емес, оны өзгерте білуінде деп есептейді.Философтардың бұл ілімі педагогика ғылымы үшін өте маңызды, себебі педагогикалық үрдіс барысында адамның тек білім, білік қабілеттері қалыптасып қана қоймайды, сонымен қатар тұлғаның әлеуметтік дамуы жүзеге асады[7]

Жеке тұлға үнемі даму үстінде болу үшін әрекет шығармашылықпен байланыста болу қажет. Оқу әрекетінің жеке тұлғаны қалыптастырудағы мүмкіншіліктері белгілі педагог-психолог ғалымдардың (Ш.А.Амонашвили, В.В.Давыдов, М.Мұқанов, Т.С.Сабыров) ұдайы назарында болды[7]

Мұғалімдер оқу әрекетін оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып, оқу-ойлау қабілеттерін жетілдіру табиғатын терең білуі тиіс. Оқу әрекетінің өзіндік ерекшеліктері бар.Оқу әрекетін қалыптастыру барысында тұлғалық қасиеттер- мақсаттылық, ұйымшылдық,жауапкершілік, табандылық т.б қалыптасады[8]

Еліміздің Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2030 » бағдарламасында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-тұлғаның ұлттық және жалпы азаматтық, құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде қалыптасуы, дамуы және кәсіптік тұрғыда жетілуі үшін қажетті жағдайлар жасау»- деп көрсетті. Бұл мақсатқа жету үшін біздің оқу үрдісіміз алдына жаңа маңызды талаптар қояды. Жеткіншек ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуы бүгінгі күнде аса зор үміт күттірер жол болып отыр. Білім жүйесін жетілдіру және сапалы деңгейге көтеруді алға тартып отыр. Өз жауапкершілігін сезіне алатын, өздігінен әрекет етуге және қабілетті қайшылықтарды ашуға мейлінше жетілген, оны түрлі өзгерістерге дамытуға қабілетті,шығармашыл, барлық істі сауатты шеше білетін тұлғаны тәрбиелеу- мақсаттың бірі болып отыр.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына сәйкес «әр баланың жеке бас ерекшелігіне қарай интеллектуалды дамуы жеке тұлғаның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселелер қарастырылып отыр. Әр оқушының болашағы оның қазіргі алған білімінің сапасына,көлеміне, дәрежесіне тікелей байланысты. Сондықтан, мұғалімдер қауымына зор жауапкершілік, үлкен міндет жүктелді.

Мұндай міндеттерді шешу үшін мектептерде :

  1. Оқушыға берілетін білім негіздерін олардың болашақ іс-әрекетінің берік негізі әрі тірегі болатындай етіп оқыту.

  2. Оқу-тәрбие үрдісін , білім мазмұнын түбірімен жаңарту

  3. Оқытудың әдіс-тәсілдері мен әр алуан құралдарын қолданудың тиімділігін арттыру

  4. Педагогикалық жаңалықтарды тәжірибеге енгізуді жүзеге асыру қажет[11]





Құзыретті тұлға қалыптастыруда бүгінгі мектеп өмірі, рухани байлығы, мұғалімнің еңбегі, ізденісі, білімі мен қабілеті, жаңашылдыққа көзқарасы, оқушылардың жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып оқу –ойлау қабілеттерін жетілдіруде тұлғаның шығармашылығын дамыту, теориялық ойлау қабілетін дамыту, логикалық-ғылыми тануға жеткізу арқылы іске асатыны сөзсіз.

Әдебиеттер:

  1. Г.Л.Волкова «Повышение уровня компетенции пед.коллектива – основа результативности учебно-воспитательного процесса» Завуч 1999.№7

  2. М.М. Жанпейісова «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде.» Алматы 2002 ж

  3. К.С.Құдайбергенова «Құзырлылық табиғаты- тұлғаның өздік дамуында » Алматы 2006

  4. Қ.М.Нағымжанова «Инновациялы-креативті технологиялар» Өскемен 2005 ж.

  5. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2008ж

  6. «Бастауыш мектеп» 2002.№12

  7. «Бастауыш мектеп» 2007. №4

  8. «Бастауыш сыныпта оқыту» 2006.№2

  9. «ҚР 2015 ж дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы» 2002ж

  10. «ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты» Астана 2007

  11. «ҚР Білім туралы заңы» 2007



Похожие:

Құзыретті тұлға қалыптастыру жолдары Білім беру үрдісінде субъектілердің құзыреттілігін дамыту iconТарих пәнін оқытуда сыни ойлау жобасы негізінде оқушының шығармашылығын дамыту арқылы қҰзыреттілігін қалыптастыру
Мектептің білім беру ортасын білім беру үрдісі субъектілерінің даму жағдайы негізі ретінде қалыптастыру
Құзыретті тұлға қалыптастыру жолдары Білім беру үрдісінде субъектілердің құзыреттілігін дамыту iconОқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту
Оқу үрдесінің субьекттілерін дамыту шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Құзыретті тұлға қалыптастыру жолдары Білім беру үрдісінде субъектілердің құзыреттілігін дамыту iconОқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту
Оқу үрдесінің субьекттілерін дамыту шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Құзыретті тұлға қалыптастыру жолдары Білім беру үрдісінде субъектілердің құзыреттілігін дамыту iconБілім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
ОҚушылардың СӨйлеу тілін қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстары арқылы дамыту жолдары
Құзыретті тұлға қалыптастыру жолдары Білім беру үрдісінде субъектілердің құзыреттілігін дамыту iconСубъектінің оқу үрдісінде құзіреттілікті дамыту жағдайын біліктілік тұрғыдан ендіру басқармасы
Азақ тілін оқытуда субъектілік қатынас жағдайындағы білім беру үрдісі субъектісінің коммуникативтік қҰзыреттілігін жетілдіру
Құзыретті тұлға қалыптастыру жолдары Білім беру үрдісінде субъектілердің құзыреттілігін дамыту iconКабдуалиева А. К
Білім беру үрдісінің субъектісі. Білім беру үрдісі субъектісін дамыту. Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану. Жаңа технологиялар...
Құзыретті тұлға қалыптастыру жолдары Білім беру үрдісінде субъектілердің құзыреттілігін дамыту iconОқу үрдісіндегі субъектілердің құзыреттілігін дамыту
Оқушылардың тұлға ретінде қалыптастырудағы бағалы-нақты құзіреттіліктін ролі. Бастауыш сыныптарда құзыреттілік көзқарасты жүзіге...
Құзыретті тұлға қалыптастыру жолдары Білім беру үрдісінде субъектілердің құзыреттілігін дамыту iconОқыту процесінде субъектілердің компетенциясын дамыту
Субъектілердің оқыту процесінде дамуына мектепте білім алатындай орта қалыптастыру
Құзыретті тұлға қалыптастыру жолдары Білім беру үрдісінде субъектілердің құзыреттілігін дамыту iconКабдуалиева А. К
Білім беру үрдісінің субъектісі. Білім беру үрдісі субъектісін дамыту. Блім беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану
Құзыретті тұлға қалыптастыру жолдары Білім беру үрдісінде субъектілердің құзыреттілігін дамыту iconБілім беру үрдісі субъектілерінің құзыреттіліктерін, құзырлықтарын қалыптастыру
Тарих сабағында сыни тұРҒыдан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың коммуникативті қҰзыреттілігін қалыптастыру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы