Оқу үрдісіндегі субъектілердің құзыреттілігін дамыту icon

Оқу үрдісіндегі субъектілердің құзыреттілігін дамыту



НазваниеОқу үрдісіндегі субъектілердің құзыреттілігін дамыту
Дата конвертации26.01.2013
Размер58.83 Kb.
ТипДокументы
источник

Оқу үрдісіндегі субъектілердің құзыреттілігін дамыту.

Оқушылардың тұлға ретінде қалыптастырудағы бағалы-нақты құзіреттіліктін ролі. Бастауыш сыныптарда құзыреттілік көзқарасты жүзіге асыруда Сыни тұрғыдан ойлау технологиясының мүмкіндіктері.


Бакынова Р.С:

ММ «№18 орта мектеп»

СЫНИ ТҰРҒЫДАН ОЙЛАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНЫП ОҚУШЫЛАРДЫҢ БАҒАЛЫ ЖӘНЕ НАҚТЫЛЫ

ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ


Еліміздің тәуелсіздік алып , өркениетті ел болуы үшін жас ұрпақты білімді әрі тәрбиелі, өз Отанын жанындай жақсы көретін, құрметтейтін, қорғайтын парасатты саналы азамат етіп тәрбиелеп шығару, олардың жандүниесін, әсемдік өркениетке сай рухани қазыналарын байыту, ата – бабаларымыздың дәстүрлерін, озық өнегелерін, ой – санасын әрбір педагогика саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар қауымының ең үлкен парызы деп есептеймін. Сондықтан оқушылардың бағалы және нақты құзыретілігін қалыптастыру мақсатында өзімнің өткізіп жүрген сабақтарымда тиімді әдіс – тәсілдерді қолданып отырамын. Осындай маңызды проблемаларды ойдағыдай шеше алатын, бірінші баспалдықты басатын жас ұрпаққа білім, тәрбие берудің ең қиын да, жауапты кезеңі бастауыш мектептен қалыптасады. Ұяда не көрсең , ұшқанда соны ілерсің дегендей, бастауыш сынып оқушыларының айналадағы әр нәрсенің қыр –сырын білуге табиғатынан ынтасы зор болып келеді.

Менің бұл саладағы ізденісіме соңғы кездерде білім беру нәтижелерінің құзыретілікке бағдарлануы мәселесінің күн тәртібіне қойылуы, мектептің өзекті тақырыбы құзыреттілік көзқарасты жүзеге асыру мәселесі, бастауыш сынып оқушыларының жаңа өмірге деген көзқарасы, заман талабына сай жеткіншектердің даму деңгейлері әсер етті.

«Құзырет» термині соңғы кездерде ғылымның әр түрлі саласында қолданыс табуда.

Құзырет – субъектінің қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындығы.

Оқушылардың бағалы құндылығы - деңгейі мен олардың білім сапасы.

«Бағалы көзқарас пен айқындылық болып, екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылады. Бойымызда бағалы көзқарас пен айқындылық бірдей болып келсе, біз өз бойымыздан және өз әрекеттерімізден абзалдық пен жетілгендікті табамыз және осы екеуінің арқасында біз игі, игілікті және қайырымды адам боламыз: біздің өмір бейнеміз қайырымды, ал мінез – құлқымыз мақтаулы болады» деп жазған әл-Фараби. [2]

Бағалы және нақты - құнды және айқын деген ұғымды білдіреді.( Қазақ сөздерінің түсіндірме сөздігі) [7]

Яғни бағалы және нақтылы құзыретілігін қалыптастыру – оқушы көзқарасының құндылығын және айқындылығын дамытып, келешекке елін, жерін сүйетін ел болашағын, елімізге құнды маман иесін тәрбиелеу.

Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы азаматтық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдай жасау» делінген. [6]

Дамыған қоғамдағы сияқты біздің елімізде де ұрпаққа білім беру саласында түбірлі өзгерістер жасалуда. Ең бастысы - әлемдік білім кеңістігіне өту мақсатындағы алғашқы қадамдар. Қай заманда да, қандай реформа болсын білім беру, адамның жеке тұлғасын қалыптастыру басты назарда тұрады. Білімге білімділік, дүниетанымдылық және дамытушылық тұрғыдан қарауға көшу, яғни білім сапасын басқару үрдісін өзектендіру және жетілдіру қажеттілігі туындады. Келер ұрпақтың бағалы-нақтылы құзыретілігін қалыптастыру идеясы ғасырлар бойына жинақталып, қорытындыланып келді. Қазақтың ғұлама ойшылдары мен ағартушылары, зиялы қоғам қайраткерлері жас ұрпақтың білімдарлығына, интеллектуалдық іскерліктері мен нақтылы көзқарастарының дамуына ерекше мән берген.

Бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар - еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы екені даусыз.

«... әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуын, жеке адамның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» («Қ.Р. Білім туралы» заңында[6]) деген сияқты өзекті мәселе енгізіліп отырғаны белгілі. Қазіргі мектептің басты міндеттерінің бірі - жеке тұлғаны қазіргі өмірге тез бейімделіп кетуіне көмектесетін біліммен, икемділікпен және дағдымен қамтамасыз ету. Яғни, 12 жылдық білім әлемдік білім кеңістігіне еніп, отандық сапалы білімді әлемдік кеңістіктегі біліммен бәсекелестік деңгейіне жеткізуді көздейді.

Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, икемділік пен іс - әрект дағдысына қол жеткізу ғана емес, сонымен қатар олардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби икемділікке, яғни ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам өзгеріп жатқан бүгінгі заманда лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.

Құнарлы жерге өскен ағаштың тамыры секілді осы жаста берілген ұлағатты тәрбиенің тамаша дәстүрін бойына сіңіріп, қуат алып өскен ұрпақ өмірге бейімділігі, зерделілігі анағұрлым жоғары болатындығы өз - өзінен түсінікті.

Мұғалім өзінің түпкілікті мақсатына жету үшін сабақ өтудің озық үлгілерін, кеңінен насихатталып жүрген озат тәжірибені меңгере білуі керек деп ойлаймын. Әрине, ол үшін көп оқып, көп іздену қажет.

Бастауыш сынып оқушыларының білім сапасын арттыруда жаңа технологияларды тиімді пайдалана білу үлкен рөл атқарады. Оқушыға білім жүйесін терең әрі тиянақты беру үшін оқыту әдісін жетілдіру - әр ұстаздың негізгі міндеті.

Қазіргі таңда әдіс – тәсілдер, жаңашыл мұғалімдердің іс – тәжірибелері өте көп, оларды әр сабақтың тақырыбы мен мақсатына оқушыларының ерекшеліктеріне қарай талғаммен таңдап, мейлінше тиімді пайдалану мұғалімнің шеберлігі мен біліктілігіне байланысты.

Мұғалім бұрын жаңалықтың жаршысы, білім нәрін өзі айтып қана жеткізуші, ал оқушы тыңдаушы, дайын білімді тыңдап қайталаушы болды. Қазір бәрі өзгерді. Оқушы - өздігінен ізденетін, шығармашылық әрекет жасайтын жеке тұлға. Мұғалім – нақты бағыт сілтеп, оқушы еңбегін ұйымдастырушы, бақылаушы. Қай технологияны қолдансақ та естен шығармайтын нәрсе - оқушының өзіне деген сенімін, білімге деген құштарлығын, қызығушылығын жоғалтып алмау.

В. Сухомлинский « Бала бойындағы білімге деген құштарлық, талап, ынта отын сөндіріп алмаңдар... Партадағы жұмыссыздық - аса қатерлі қауіп» деген екен.[4]

Мен өзімнің сабақтарымда Сыни тұрғыдан ойлау бағдарламасының стратегияларын басшылыққа аламын.

Дәстүрлі оқыту жаттауға, мұғалімнің айтқанын бұлжытпай қайталап беруге дағдыландырса, сыни тұрғыда ойлау шығармашылық ізденістерін, өз ойларын дәлелдей білу, топпен жұмыс істеу, өз ойын ашық айту, дербес жұмыс істеу дағдыларын дамытады. Сыни тұрғыдан ойлауда ең құнды нәрсе – оқыту қағидалары, ал оларды жүзеге асыру тәсілдерін мұғалім өзі туындата алады. Оқытудың басты тұлғасы ұстаз емес – ШӘКІРТ.

Баланы айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған бұл технологияның оқытудағы стратегияларын пайдалану ерекше орын алады. Менің осы технологияны пайдаланудағы мақсатым - адамзат мәдениетінің кез келген саласындағы іс - әрекеттің жаңа тәсілдерін баланың өз бетімен, шығармашылықпен, меңгеру қабілеті мен дайындығын, бағалы және нақтылы көзқарастарын қалыптастыру.

Бала оқытуда бұл тәсілді қолданудың қажеттілігі бала болмысының білмекке құмарлығымен, оның қоршаған дүниені зерделеуге деген қызығушылығымен түсіндіріледі.

Тек бір көңіл аударатын нәрсе шығармашылық тапсырмалар өз дәрежесінде орындалып, тиісті нәтиже беру үшін оларды дұрыс ұйымдастырып берудің рөлі зор.Оқушыларды қызықтыру, ойландыру, барлық жауапты тыңдау, талдау жасау кезеңдері сақталуы керек.

Ана тілі сабақтарында кез – келген мәтіннің мазмұнын ғана меңгерумен шектелмей, түрлі шығармашылық ізденістерді талап етуін, ойлауын, салыстыруын, бағалауын жетілдіретін жұмыстарды ұйымдастыруға тырысамын.

Мысалы: 2 мәтінді салыстыру,Венн диаграммаларын құрату, мәтіннің жалғасын тапқызу, кейіпкерге мінездеме беру, мәтіндегі оқиғаға байланысты өз ойларын жазу, кейіпкерге хат жазу күнделікті сабағымда түрлендіріп қолданып отырамын.

Дүниетану сабағанда топтастырып әр оқушы жұмыс жасауын қадағалап отырамын.

Қорыта келе айтарым, елімізге елеулі, халық қалаулысын тәрбиелеу үшін тиімді әдіс – тәсілдерді таңдай отырып оқушылардың бағалы және нақтылы көзқарастарын қалыптастыруға болады.

Елбасы Н.Ә Назарбаев: « 21 ғасыр білімді халықтың ғасыры болады...» деп сенім артады. Сол сенімнің кілті біздің - бастауыш сынып мұғалімдерінің қолында екенін бір сәтте естен шығармайық!

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Айсина М.А. Жаңа мектеп жаңа мұғалім // 12 жылдық білім. 2005. №6. 3-4б.

  2. Әбиева Ж.Ә. Педогогика / 2004. 39-40б.

  3. Бабаева С.Б. Педогогика: жалпы негіздері мен тәрбие теориясы / 2008. 98 -100б.

  4. Бабаева С.Б. Бастауыш мектеп педогогикасы / 2007. 273-277б.

  5. Гризик Т.И. Дүниені танып білемін: тәрбиешілерге арналған әдістемелік құрал / 2007. 115-117б.

  6. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңы

  7. Қазақ сөздерінің түсіндірме сөздігі

  8. Қайырбекова Г.К. 12 жылдық білім беру жүйесі: технологиялық ерекшеліктері/ Бастауыш мектеп. 2008. №9-10. 8-12б.



Похожие:

Оқу үрдісіндегі субъектілердің құзыреттілігін дамыту iconБілім беру үрдісіндегі оқушы құзыреттілігін дамыту қазіргі заман мектебінің оқу сапасын қалыптастырудағы алғы шарты

Оқу үрдісіндегі субъектілердің құзыреттілігін дамыту iconҚұзыретті тұлға қалыптастыру жолдары Білім беру үрдісінде субъектілердің құзыреттілігін дамыту
Зыретті тұЛҒА Қалыптастыруда оқушылардың жеке бес ерекшеліктерін ескере отырып, ОҚу-ойлау қабілеттерін жетілдіру
Оқу үрдісіндегі субъектілердің құзыреттілігін дамыту iconОқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту
Оқу үрдесінің субьекттілерін дамыту шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Оқу үрдісіндегі субъектілердің құзыреттілігін дамыту iconОқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту
Оқу үрдесінің субьекттілерін дамыту шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Оқу үрдісіндегі субъектілердің құзыреттілігін дамыту iconБағыты: оқу үрдісіндегі субьектілердің құзыреттілігін қалыптастыру
Мемлекеттік тілді өзге ұлт өкілдеріне меңгерту – қиын және қызғылықты жұмыс. Ұстаздың қолданып жүрген технологиялары оқытудың тиімділігінің...
Оқу үрдісіндегі субъектілердің құзыреттілігін дамыту iconҚұзыреттілік деңгейлерінің қалыптасуы. «Үшөлшемділік» көпдеңгейлі иерархиялық бағыт
Ж. А.ҚАраев технологиясы бойынша бүгінгі күн талабына сай оқУ Үрдісіндегі субъектілерді дамыту
Оқу үрдісіндегі субъектілердің құзыреттілігін дамыту iconМужебаева Айнұр Самарқанқызы №27 орта мектебі
Аралас мектепте білім беруді ұйымдастыру арқылы оқу үрдісіне қатысушылардың құзыреттілігін дамыту
Оқу үрдісіндегі субъектілердің құзыреттілігін дамыту iconСубъектінің оқу үрдісінде құзіреттілікті дамыту жағдайын біліктілік тұрғыдан ендіру басқармасы
Азақ тілін оқытуда субъектілік қатынас жағдайындағы білім беру үрдісі субъектісінің коммуникативтік қҰзыреттілігін жетілдіру
Оқу үрдісіндегі субъектілердің құзыреттілігін дамыту iconОқу процесіндегі субъектілердің құзіреттілігін дамыту
Тіл құзіреттілігін дамытудағы тіл мәдениетінің маңыздылығы. Тәжірибедегі кездескен мәселелер мен теориялық зерттеулер
Оқу үрдісіндегі субъектілердің құзыреттілігін дамыту iconОқыту процесінде субъектілердің компетенциясын дамыту
Субъектілердің оқыту процесінде дамуына мектепте білім алатындай орта қалыптастыру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы