Тақырыптың өзектілігі icon

Тақырыптың өзектілігі



НазваниеТақырыптың өзектілігі
Дата конвертации26.01.2013
Размер76.27 Kb.
ТипДокументы
источник

Ана тілі пәні арқылы оқушыларды өз ана тілінде сөйлуге дағдыландыру.


Назарбаева М.К

«А.Байтұрсынов атындағы №20 мектеп» ММ

ОҚУШЫЛАРДЫҢ СӨЙЛЕУ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДА АНА ТІЛІ ПӘНІНІҢ РОЛІ.


І Кіріспе бөлімі.

Тақырыптың өзектілігі: Ана тілі пәні арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту.

Жұмыстың мақсаты: Оқушыларды өз ана тілінде таза сөйлеуге баулу, сөздік қорын, сөйлеу тілдерін дамыту.

Жұмыстың міндеті: Әр түрлі әдебиетті зерттеу барысында сөйлеу деген ұғымға анықтама беру. Сөйлеу мәдениетін дамытуға байланысты ғалымдардың ой – пікірімен танысу. Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуға байланысты педагог ғалымдардың іс – тәжірибесімен танысу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға арналған нәтижелі әдіс – тәсілдерді іріктеп, белгілеу.

^ Жұмыстың зерттеу нысанасы: 2 сынып оқушылары.

Жұмыстың зерттеу әдістері: салыстыру, талдау, анализ – синтез.

Жұмыстың зерттеу кезеңі: 2 жыл.

Жұмыстың жаңалығы: Қазіргі егеменді еліміз кемелденген заманда жас ұрпақ терең сапалы білімді болуы және өз ана тілдерінде таза сөйлеулері қажет.

^ Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспе, негізгі, қорытынды бөлім, пайдаланған әдебиеттер тізімі.

Мектепте оқу – тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастырудың бірден – бір жолы сапалы білім берумен қатар, сол білімді алуға оқушылардың қызығушылығын ояту, өз ана тілдерінде таза сөйлеуге баулу. Бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы екені даусыз. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай иннеллектуалдық дамуын, жеке тұлғаның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселе енгізіліп отырғаны белгілі. Қазіргі басты міндеттердің бірі – жеке тұлғаны қазіргі өмірге тез бейімделіп кетуіне көмектесетін біліммен, икемділікпен қамтамасыз ету, өз ана тілінде дұрыс, таза сөйлеуге машықтандыру. Сондықтан әр шәкіртін өз ана тілін сыйлауға, құрметтеуге, мақтан тұтуға, таза сөйлеуге үйрету, ойына өзгеріс енгізіп, сапасына сілкініс туғызу, біздерге, яғни ұстаздар қауымына байланысты.

ІІ Негізгі бөлім.

  1. Тақырыптың ғылыми – теориялық негізі.

Қазіргі таңда өз ана тілінде таза сөйлеу - әрбір адамның ұлттық мақтанышы, жан азығы. Өз тілін, өз ата – бабасын, өз топырағын менсінбеген ұрпақтан жақсы азамат шығады деп айтуға болмайды. Сондықтан мемлекетіміздің даму барысында ана тілінде таза, мәдениетті, дұрыс сөйлейтін ұландарды тәрбиелеудің ролі орасан зор. Бір қатар ғалымдардың сөйлеу мәдениетін дамыту жөніндегі пікірлеріне сүйенетін болсақ, тіл білімінің атасы А. Байтұрсынов «Қандай сәулетті сарайлар болсын, қандай сымбатты кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән болсын – сөзбен сөйлеп, суреттеп, көрсетуге болады. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді. Ал басқа өнердің бәрінің де қызметін сөз өнері атқара алады» деген. Ұлы ағартушы, педагог – ғалым Ы. Алтынсарин: «Сөйлеу мәдениетін дамыту – оқушының мектеп қабырғасына келгендегі сөз қорын одан әрі дамыту байыту» десе, психолог Н. Жинкин «Сөйлеу – интелектінің даму каналы», деп тұжырымдайды. К.Д. Ушинскийдің ізбасары, белгілі әдіскер Н.Ф.Бунаков «Бастауыш мектептің негізгі пәні деп, шынын айтқанда ана тілін есептеу керек» деп көрсеткен екен. әдіскер – ғалым С.Рахметова да ана тілі пәні арқылы оқушылардың сөздік мәдениетін дамытудың негізгі үш бағытын көрсеткен. Олар:

  1. Оқушылардың сөздік қорын дамыту (жаңа сөздер үйрету, мақал – мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ).

  2. Сөз тіркесі, сөйлемдермен жұмыс.

  3. Байланыстырып сөйлеуге үйрету, ауызша, жазбаша әңгіме, мәнерлеп оқу, мазмұндама, шығарма жазу.

Тіпті тарихи деректерге сүйенсек ежелгі патша сарайларында да балаларды оқытқанда ең алдымен сөз өнеріне баулыған екен. Ондағы мақсат өз ұлтының тілін білетін, құрметтейтін тұлға қалыптастыру болған. Ана тілін оқытуда ғалымдардың А. Байтұрсынов, Ы. Алтынсарин, Н. Ф. Бунаков, С.Рахметова, Н.И. Жинкин ойлары біздің көңілімізге, ойымызға сай келетін секілді. Осы ғалымдардың пікірлеріне сүйеніп жеке тұлға дайындауда ана тілі пәнінің маңызы зор екенін атауға болады. Ғалымдардың пікірлерін сараптай келе мынандай мақсаттарды көздеуді ұйғардым:

  1. Ана тілі пәні арқылы оқушыларды өз тілінде таза сөйлеуге үйрету.

  2. Олардың сөздік қорын, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту.

  3. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылы пен еңбектенуге баулу.

  1. Тақырып бойынша зерттеу, практикалық жұмыстар.

Алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асыру үшін ең алдымен байқау сыныбына 2 «Ә» сыныбын және эксперимент алды сыныбына 2 «М» сыныптарын белгілеп, осы сыныптардан арнайы тексеру ,бақылау жұмыстарын мектеп психологі арқылы жүргіздім. Ең алдымен екі сыныптың да жыл басында ауызша дағдыларының деңгейлік көрсеткіштері тексерілді. Ол мынандай қорытындыны байқатты.

1.Кесте «Жыл басындағы ауызша дағдыларының деңгейлік көрсеткіші»




2 м сыныбы(эксперимент)

2 ә сыныбы (байқау)

мәнерлеп оқулары

36%

35%

өз ойларын жеткізулері

33%

30%

әдеби тілде сөйлеулері

25%

23%

Мәтінмен жұмысістеулері

38%

35%


Өз ана тілі сабақтарымда осы ауызша деңгейлік көрсеткіштерді жоғарғы сапаға жеткізу үшін Тәй-Тәй бағдарламасының әдістерін пайдаланып жұмыс істеп келемін.

Тәй -Тәй бағдарламасының басқа технологиялардан ерекшелігі:

  1. Таңертеңгі жиын өткізу.

  2. Орталықтарға бөлініп жұмыс істеу.

  3. Кіріктірілген сабақтар жүргізу.

  4. Тақырыптық оқыту.

Сабақ алдында болатын таңертеңгілік жиынның өзі біріншіден оқушыларды сабаққа деген қызығушылығын арттырса, екіншіден өздігінен сөйлеуге, ойын айтуға, қорытынды жасай білуге, еркін сөйлеуге жетелейтініне көзім жетті.Әрбір ана тілі сабағында оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге,қызығушылықпен қатысуға бағыттаймын. Оларды 1-ші сыныптан бастап ойларын айта білулеріне,бірін-бірі тыңдауларына байланыстырып сөйлеулеріне ерекше назар аудардым. Сабақ барысында оқушылардың сөйлеген сөздерінде жиі кездесетін кемшіліктерді байқадым. Олар:

1. Ойларын анық жеткізе алмаулары.

2. Мәтінді мазмұндағанда бір деректі айтпай ,басқаға ауысып кету.

3. Байланыстырып сөйлей алмаулары

Оқушының жіберген кемшіліктерін ескере отырып өзіме мына жайларды ескердім:

1. Тапсырманың бала ұғымына сәйкес түсінікті болуы, себебі баланың түсінбей қалған сөзі топастықтың алғашқы бастамасы.

2. Тапсырманың тәрбиелік мәніне көңіл бөлу

  1. Тапсырма бала қызығушылығын оятатындай деңгейде болу

Егер бала қызықса,білгенімді айтам деп талпынса,сөйлеуге деген қажеттілігі артатынын байқадым, ал мәтіндермен жұмыс істеген кезде мәтінге байланысты нақты сұрақтар қоюға , түсініксіз сөздермен жұмыс жасауға, аяқталмаған ойды жалғастырып айтуға үнемі көңіл бөліп отырдым. Әр оқушының өлеңді немесе мәтінді дауыс ырғағын сақтай отырып мәнерлі оқу арқылы,әдеби шығармалар арқылы ана тілінің байлығын адамның жан дүниесін тебірентетін құдіретті күшін эмоциялық қасиетін байқай білуге машықтаймын.Сонымен қатар 2-сыныптар арасында мәнерлеп оқу үйірмесін жүргізіп келемін.Жүйелі түрде істелінген жұмыстардың нәтижесінде екі бастапқы сыныптан қайтадан сауалнамалар, тестер алынды.

ІІІ.Қорытынды бөлім.

Екі сыныптан да алынған ауызша дағдыларының деңгейлік көрсеткіші мынандай қорытындыға әкелді.

2.Кесте «Ауызша дағдыларының деңгейлік көрсеткіші»




2 м сыныбы(эксперимент)

2 ә сыныбы (байқау)

мәнерлеп оқулары

45%

40%

өз ойларын жеткізулері

50%

34%

әдеби тілде сөйлеулері

38%

31%

Мәтінмен жұмысістеулері

53%

41%



Эксперимент аяғында алынған сөздік қорларының салыстырмалы моиторингін мына кестеден көруге болады.

3 кесте «Сөздік қорларының салыстырмалы мониторингі»



Эксперименталды сыныбында сөздік қорларының дамуы 57%, ал байқау сыныбында 41% көрсеткішті көрсетті. Ана тілі пәні бойынша өткізілген мектепішілік,қалалық ашық сабақтарда оқушылардың сөйлеу мәдениеттілігі жоғары екендігін, өз ойларын нақты айтып делелдей білетіндіктерін, шығармашылық қабілеттері мол екендіктерін көрсете алдым. Зерттеу соңында сынып оқушыларынан «Ана тілі сабағы не үшін ұнайды» сауалнамасының қорытындысы:

4 кесте «Ана тілі сабағы не үшін ұнайды? Сауалнамасының қорытындысы»




өте ұнайды

ұнайды

Шығармашылықпен жұмыс істеу үшін

47%

53%

Мәнерлеп оқу үшін

67%

33%

Мәтінді мазмұндау үшін

56%

44%

Ана тілінде таза сөйлеу үшін

87%

13%

Ғылыми сөздерді пайдалану үшін

54%

46%


Ал ана тілі пәні мен үшін ең бірінші пән яғни «өте ұнайды»деп 58%,мен үшін екінші тұрған деп «ұнайды» деген 42% көрсетті. Сонымен қатар зерттеу барысында оқущылар үшін ана тілі пәні өте ерекше,құнды, қазіргі заманымызға сай пәндердің бірі екенін дәлелдеуге тырыстым. әрине аз уақыт ішінде барлық мәселелерді шеше алған жоқпын, бірақта тиянақты білім беру нәтижесінде, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану барысында оқушылардың сөздік қорлары 57% дейін өсті. Әрбір оқушы жарық жұлдыз болып жанатынына олар үнемі жұлдыз болып жанып, өз ана тілінің жанашыры болатынына, ана тілінде таза сөйлеп тақылдайтынына, сөздік қоры мол, бәсекеге қабілеті бар,өз тілінің кемеңгері бола алатындарына сенімім мол. Осы оқушыларымның жұлдыз болып жануы үшін ұстаздық ауыр да қиын еңбек жолындағы ұстаздық қағидам:

«Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға»

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

  1. Рахметова С Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері: п.ғ.д. дисс.-Алматы,1994-291 б.

  2. Игенбаева Б.Қ. Ана тілі сабағында жеке тұлғаның рухани-адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесі. Алматы,2002-25 б.

  3. Қалижарова Н. Сауат ашуға арналған дидактикалық материал. Өскемен,2001-75 б.

  4. Мусина С, Млодағалиев Б. Оқыту технологияларын енгізу жолдары Қазақстан мектебі, 2002 №8,18/-22 б.



Похожие:

Тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі
Субъект-субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру
Тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі
«ОҚушыны шығармашылық ЖҰмыстар арқылы өзіндік дамуының жеке тұЛҒа ретінде жан-жақты қалыптасуына жағдай туғызу»
Тақырыптың өзектілігі iconОҚушылардың субъектілігін қалыптастырудағЫ Ұлттық спорт ойындарының РӨлі тақырыптың өзектілігі
Білім беру ортасын субъектілік басқару бәсекеге қаблетті жеке тұлға қалыптастыру шарты
Тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі: Сабақта жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру. Жұмыстың мақсаты
Жұмыстың мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі...
Тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі
Ххi ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы, ғылымды әр қырынан меңгеру...
Тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі
Оқу техникасы артқан сайын, есте сақтау қабілеті де, ақыл-ой еңбегіне ынталығы да арта түседі. Мәтінді әрі жылдам, әрі дұрыс, әрі...
Тақырыптың өзектілігі iconЗерттеу жүмысының өзектілігі
Аралас мектеп жағдайында білім беру ортасы арқылы оқу тәрбие үрдісіне қатысушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру
Тақырыптың өзектілігі iconАқпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыруды басқару
Дегенмен практикадағы қолданыс барысы әлі мардымсыз екендігін республикалық басылымдардан да, мектептердегі қазақ тілін оқыту тәжірибесінен...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы