Білім беру процессінде субъектінің құзыреттілігін дамыту Баймуханбетова Ж. С icon

Білім беру процессінде субъектінің құзыреттілігін дамыту Баймуханбетова Ж. С



НазваниеБілім беру процессінде субъектінің құзыреттілігін дамыту Баймуханбетова Ж. С
Дата конвертации26.01.2013
Размер80.18 Kb.
ТипДокументы
источник

Білім беру процессінде субъектінің құзыреттілігін дамыту


Баймуханбетова Ж.С.

«Өскемен қаласының ресурс орталығы» ММ

БАҒДАРЛАМАЛАУ БОЙЫНША ҚАЛАЛЫҚ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ОЛИМПИАДАСЫНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ ҮШІН ИНТЕРАКТИВТІ САБАҚ ЖҮРГІЗУ ӘДІСТЕМЕСІ


Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру деп көрсетілген [1]. Осы мақсатқа жету үшін үнемі оқытудың жаңаша, тиімді әдістері мен технологияларын іздестіріп, пайдалануымыз қажет. Дәл қазіргі уақытта қарқынды дамып келе жатқан қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану, көздеген мақсатымызға жетуге мол мүмкіндік береді.

Қашықтықтан оқыту жүйесінің негізгі мақсаты – жеке адамды интеллектуалды дамыту, ақпаратпен жұмыс жасай білуге үйрету және оның ерекшелігі – ол өзіндік оқыту жүйесіне жатады [2].

Қашықтықтан оқыту техно­логиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тыңдаушылар өз бетінше жұмыстың
техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

Қашықтықтан оқыту — адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Қашықтықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл – тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал, тар мағынадағы қашықтықтан оқу ұғымы тыңдаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғарғы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпараттық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатын оқу процесі [3]. Қашықтықтан оқытуда интерактивті құрылғыларды қолдану білім беру жүйесінде үлкен рөл атқарады.

Қазіргі кезде еліміздің көптеген мектептері интерактивті құрылғылармен жабдықталып, компьютерлік базалары толықтырылып, жетілдірілу үстінде. Интерактивті оқытуға деген мүдденің артуына байланысты Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi белгілеген график бойынша Республикамызда үнемі интерактивті сабақтар жүргізілуде.

Жалпы «Интерактивті оқыту» 1990 жылдары интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болған. «Интерактив» деген сөз ағылшынның «interact» («inter» – «өзара», «act» – «әрекет ету») деген сөзінен шыққан. Яғни, интеракция – жеке индивидтердің, топтың, жұптың өзара біріккен әрекетте бір-біріне алма-кезек әсер етуі. Интерактивті оқыту – бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Оқытудың бұл формасы алдына нақты және бағдарланған мақсат қояды. Сондай мақсаттарының бірі – оқу процесінің өнімділігін арттыратын оқушының ақыл-ой кемелділіктерін, өз жетістіктерін сезінетіндей жағдай тудыру [4].

Интерактивті әдістерді қолдана отырып, қала бойынша оқушыларды олимпиадаға дайындау, мұғалімдерге де оқушыларға да өз септігін тигізеді.

Білім беруде мектеп оқушылары арасында өтетін пәндік олимпиадаға оқушыларды дайындау, оларға қатыстыру ерекше мазмұнға ие. Олимпиада оқушылардың мектепте сабақ үрдісінде алған білімдерін шыңдауға үлкен әсер етеді. Информатика пәні бойынша өткізілетін олимпиада тапсырмалары негізінен бағдарламалау курсы бойынша қойылады. Олимпиадаларға ұсынылатын есептер дәстүрлі емес, яғни сабақ үрдісінде негізі қаланған, бірақ терең талданылмаған есептер. Бұл есептерді шығару оқушылардың қосымша ізденуін талап етеді [5]. 9 сыныпта бағдарламалау курсына 24-26 сағат қана бөлінгендіктен бағдарламалауды тек үстіртін ғана қарап өтуге тура келеді. Олимпиада болған кезде оқушылар тіпті тақырыпты толық оқып та үлгермейді. Ал, олимпиадада берілетін есептерді, бағдарламалау курсын толық меңгерген, күрделі есептерді шешу тәсілдерімен таныс және оларға бағдарлама құру дағдылары қалыптасқан оқушылар ғана шығара алады. Сондықтан олимпиадаға қатысып жақсы нәтижелерге жету үшін қосымша сабақтар өткізілуі қажет. Оқушыларды олимпиадаға дайындау кезеңі өте күрделі. Дайындалатын оқушының білімін жетілдірумен бірге, оның моральдық психологиялық жағдайына да мән беру қажет.

Мектеп қабырғасында информатика пәні бойынша бағдарламалауға икемі бар, ынталы, дарынды оқушыларды анықтауда және оларды олимпиадаға дайындауда мынандай қиындықтарға келіп тіреледі: көптеген мектептерде оқушыларды олимпиадаға арнайы дайындау (тактикалық, техникалық, психологиялық) жұмыстары қолға алынбағандығы; кейбір мектептерде информатика пәні мұғалімдерінің олимпиада есептерін шығаруға арналған факультативтік курстар жүргізуге дайын еместігі.

Дарынды балалардың бағдарламалауды тереңірек үйренуі үшін күрделі есептерді шығаруда қандай да бір жетістікке жеткен оқушылармен сұхбаттасуларына арнайы жағдай жасау қажет.

2008-2009 оқу жылының басынан бастап «Өскемен қаласының ресурс орталығы» мемлекеттік мекемесі қазақ және орыс тілдерінде «Бағдарламалау бойынша қалалық қашықтықтан оқыту олимпиадасы» жобасы бойынша 7 - 9 сынып оқушыларына интерактивті сабақтар жүргізуде.

«Бағдарламалау бойынша қалалық қашықтықтан оқыту олимпиадасы» жобасының негізгі міндеті: бағдарламалауға ынтасы мен қабілеті бар балаларды анықтау, күрделі есептерді шешу технологияларын үйрету, оқу-тәрбиелік үрдісінде тұлғаға бағытталған тұрғыда негізделген өнімді оқыту түрі мен әдістерін іс-тәжірибе жүзінде жүзеге асыру және информатика пәнінен олимпиадаға қатысатын қалалық команда жасақтап, дайындау. Қыркүйек айында осы жоба жайлы мәліметтер электронды пошта арқылы қаланың барлық мектептеріне жіберіледі. Бұл жобаға қатысамын деушілерге оқу сабақтары басталғанға дейін қашықтықтан оқытудың технологиялары және жүйелерімен танысу жөнінде ақпарат беріледі. Информатика пәнінің мұғалімдері оқушыларды жобаның мақсаты және міндеттері жазылған хатпен таныстырып, түсіндірулер жүргізеді.

«Бағдарламалау бойынша қалалық қашықтықтан оқыту олимпиадасы» жобасын жүргізу технологиясы:

Бағдарламалау бойынша қалалық қашықтықтан оқыту олимпиадасына қатысу екі нұсқада болуы мүмкін:

  1. жеке қатысу

  2. командалық қатысу

Жеке қатысушы – оқушы немесе мұғалім. Командалық қатысуда команда жетекшісі болуы қажет – команда мүшелерінің тапсырмаларды орындауын ұйымдастыра алатын жоғары сынып оқушысы немесе информатика пәнінің мұғалімі. Команда құрамына 2-ден 10 адамға дейін қатыса алады.

Жобаға қатысу үшін төмендегі тіркелу кезеңдерінен өту қажет:

өтінішті толтырып, файлдың атын жеке қатысушының тегіне немесе командалық қатысуда мектеп нөміріне өзгертіп, 30-шы қыркүйекке дейін электронды пошта арқылы тьютордың (қашықтықтан оқытудың оқытушы-консультанты) адресіне жібереді.

Жобаның кезеңдері:

Қыркүйек – дайындық кезеңі, өтініштерді қабылдау және Өскемен қаласының ресурс орталығынан бағдарламалық жабдықтар мен қажетті материалдарды дискіге (CD-R) көшіріп алу. Қатысушыларды тіркеу.

Қазан – ақпан – тренинг. Қашықтық оқыту www.sabak.kz сайтының «Oskemen» бөлмесінде интерактивті құрылғыларды қолдану, электронды пошта және www.goroo.ukg.kz сайтындағы арнайы форум арқылы өтеді.

Наурыз – миниолимпиада. Қорытындылау.

Жыл көлемінде төмендегідей тақырыптар бойынша интерактивті сабақтар жүргізілді:

1. Интеллект-карта жасау ережесі. Сызықтық және тармақталған алгоритмдердің блок-схемаларын құру.

2. Бағдарлама құрылымы. Енгізу, шығару, шартты операторлар.

3. Процедуралар мен функциялар. Файлдармен жұмыс.

4. Паскаль бағдарламасындағы графика.

5. Паскальдағы процедуралар және базалық нүкте әдісі.

6. Циклдiк алгоритмдердi бағдарламалау.

7. Литерлік шамаларды өңдеу.

8. Жиымдармен жұмыс.

9. Миниолимпиада есептерін талдау.

Интерактивті сабақтар www.sabak.kz Президенттің интерактивті оқыту порталының «Oskemen» бөлмесінде ElluminateLive бағдарламасын қолдану арқылы жүргізіледі.

Интерактивті сабақты жүргізу әдістемесі:

Сабақты дайындау: сабақ материалын ElluminateLive бағдарламасында дайындауға немесе PowerPoint бағдарламасында презентация түрінде дайындап, ElluminateLive бағдарламасына жүктеуге болады. Материалдардың құрамына кесте, диаграмма, сурет, басқарушы батырмалар, гиперсілтемелер, графиктер ендіру мүмкіндігі бар. ElluminateLive бағдарламасы әр түрлі бағдарламаларды (Паскаль, VisualMind, офистік т.б. бағдарламаларды) бірлесіп қолдану, дауыс беру, тестілеу, файлдармен алмасу мүмкіндіктерін беретіндіктен, алдын-ала қажетті материалдарды басқа бағдарламада да әзірлеп қолдануға болады. ElluminateLive бағдарламасында тесті қолдану үшін оны алдын-ала енгізіп, сақтау қажет. Ал, тарататын файлдарды сабақ басталмай тұрып жүктеу керек.

Сабақ барысында қолданылатын әдіс түрлері:

Бағдарламаның орындалу процесін орындалу хаттамасын көрсету арқылы түсіндіру. Бағдарламаны бірлесіп қолдану мүмкіндігін пайдаланып, Паскаль бағдарламасында оның мүмкіндіктерін және бағдарламаның орындалу нәтижесін көрсету; ақпараттарды жасырып қойып, қажет кезінде көрсетіп, жылжыту; бағдарламаның маңызды емес бөліктерін алдын-ала жазып қойып, оқушыларға толықтырып жаздыру; бағдарламадағы қателерді анықтату; бағдарламаның орындалу нәтижесін анықтату (мысалы: жады ұяшығы ретінде көрсетілген тіктөртбұрыштың ішіне оқушылар анықтаған мәндерді жазады, мәндерді жазуға уақыт кетірмей дайын мәндердің ішінен таңдап алып жылжытып апару үшін алдын-ала мәндерді дайындап қоюға болады); дауыс беру мүмкіндігін қолданатын ойын ұйымдастыру. Алған білімдерін тиянақтау мақсатында тест алу.

Сабақ соңында оқушылар өздерінің компьютерлеріне ElluminateLive бағдарламасына жүктелген, яғни, өздері қатысып, өзгерістер енгізген сынып тақтасындағы файлды PDF форматында сақтап алуларына және қыстырылған файлдарды көшіріп алуларына болады.

Осы интерактивті сабаққа қатысушылар мынандай мүмкіндіктерді иеленеді: мәтіндік хабарды жіберу және қабылдау (чат арқылы), видео және аудио мүмкіндіктерін қолданып, сабақ барысында талқылауларға қатысу; интерактивті тақтаны қолдану.

Оқушылардың назарын қажетті ақпаратқа орталықтандыру үшін қажетті түсті қолданып «қалам» немесе «маркер» арқылы сызып көрсетуге болады. Ақпараттарды (мәтіндік немесе графиктік) жылжыту қандай да бір процесті динамикада көрсетуге мүмкіндік береді. Сызбаларды құру, объектілер арасындағы сәйкестіктерді табу, ақпараттарды топтау және дыбыс пен бейнеклиптерді қолдану оқытуға арналған ақпараттардың көрнекілігін жақсартып және қабылдау мүмкіндігін арттырады.

Бағдарламалау бойынша қалалық қашықтықтан оқыту олимпиадасының қатысушылары үшін интерактивті сабақтар жүргізу жақсы нәтиже көрсетті. Осы «Бағдарламалау бойынша қалалық қашықтықтан оқыту олимпиадасы» жобасына қатысқан оқушылар информатика пәнінен «Дарын» орталығының тапсырмалары бойынша өткен қалалық іріктеу олимпиадасында жүлделі орындарды иеленді: 1 орын - Рахметуллина Айсұлу (№3 Көпсалалы қазақ мектеп-гимназиясы, 9 сынып); 3 орын – Қадыров Дархан ( Қ. Нұрғалиев атындағы №43 қазақ мектеп-гимназиясы, 9 сынып); 4 орын – Құсаинова Еркежан ( О. Бөкей атындағы №44 қазақ мектеп-лицейі, 9 сынып).

Болашақта да интерактивті құралдарды тиімді пайдалану білім беру жүйесінде үлкен жетістіктер әкелетініне сенімдімін.

Әдебиеттер тізімі

  1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

  2. Журнал «Информатика негіздері» №3 – 2007 ж.

  3. «Қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың дидактикалық мүмкіндіктері» курстық жұмыс. Ғылыми жетекшісі: Мұхамбетжанова С.Т., / http://ripkso.narod.ru/kur2.htm.

  4. Білім - Образование №6 – 2007 ж.

  5. Журнал «Информатика негіздері» №1 – 2003 ж.



Похожие:

Білім беру процессінде субъектінің құзыреттілігін дамыту Баймуханбетова Ж. С iconБілім беру процесінде субъектінің құзыреттілігін дамыту Чайморданова Л. С
Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді,өз білімін жетілдіріп отыруды талап етеді.Өйткені, еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында
Білім беру процессінде субъектінің құзыреттілігін дамыту Баймуханбетова Ж. С iconСубъектінің оқу үрдісінде құзіреттілікті дамыту жағдайын біліктілік тұрғыдан ендіру басқармасы
Азақ тілін оқытуда субъектілік қатынас жағдайындағы білім беру үрдісі субъектісінің коммуникативтік қҰзыреттілігін жетілдіру
Білім беру процессінде субъектінің құзыреттілігін дамыту Баймуханбетова Ж. С iconҚұзырлықтың қалыптасуы (даму процесіндегі субъектінің құзырлығы )
Білім беру үрдісінде субъектінің ҚҰзырлығын әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдану арқылы дамыту
Білім беру процессінде субъектінің құзыреттілігін дамыту Баймуханбетова Ж. С iconТезаурус: Эксперимент
Білім беру үрдесінде субъектінің коммуникативтік қҰзыреттілігін және жан-жақты дамыған тұЛҒаны қалыптастыру
Білім беру процессінде субъектінің құзыреттілігін дамыту Баймуханбетова Ж. С iconОқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту
Оқу үрдесінің субьекттілерін дамыту шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру процессінде субъектінің құзыреттілігін дамыту Баймуханбетова Ж. С iconОқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту
Оқу үрдесінің субьекттілерін дамыту шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру процессінде субъектінің құзыреттілігін дамыту Баймуханбетова Ж. С iconЭксперимент – (Experiment – латын сөзі; сынама, тәжірибе) Коммуникативтік құзыреттілік
Білім беру үрдесінде субъектінің коммуникативтік қҰзыреттілігін және жан-жақты дамыған тұЛҒаны қалыптастыру
Білім беру процессінде субъектінің құзыреттілігін дамыту Баймуханбетова Ж. С iconТарих пәнін оқытуда сыни ойлау жобасы негізінде оқушының шығармашылығын дамыту арқылы қҰзыреттілігін қалыптастыру
Мектептің білім беру ортасын білім беру үрдісі субъектілерінің даму жағдайы негізі ретінде қалыптастыру
Білім беру процессінде субъектінің құзыреттілігін дамыту Баймуханбетова Ж. С iconТұлғаның жан-жақты мәдениеттілігін қалыптастыруда оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін дамыту. «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз»
Тұлғаның жан-жақты мәдениеттілігін қалыптастыруда оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін дамыту
Білім беру процессінде субъектінің құзыреттілігін дамыту Баймуханбетова Ж. С iconБастауыш сынып оқушыларының ҚҰзыреттілігін қалыптастыруда, сыни тұРҒыдан ойлау жобасының МҮмкіндіктері. Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі
«Білім беру үрдісінің субьектілерін дамыту шарты ретінде қазіргі заман мектебінде білім сапасын жетілдіру.»
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы