Оқушыны субъект ретінде дамыту зерттеу-ізденушілік жұмыстарды icon

Оқушыны субъект ретінде дамыту зерттеу-ізденушілік жұмыстарды



НазваниеОқушыны субъект ретінде дамыту зерттеу-ізденушілік жұмыстарды
Дата конвертации26.01.2013
Размер102.98 Kb.
ТипДокументы
источник

Оқушыны субъект ретінде дамыту

зерттеу-ізденушілік жұмыстарды

ақпаратық технология негізінде ұйымдастыру

Базарбаева Г.Н.

Мемлекеттік мекеме

«Оралқан Бөкей атындағы №44 мектеп-лицей»

ЗЕРТТЕУ – ІЗДЕНУШІЛІК ЖҰМЫСТАРЫН АҚПАРАТТЫҚ – КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫ ОҚУШЫНЫ СУБЪЕКТ РЕТІНДЕ ДАМЫТУ


Тақырыптың өзектілігі: «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстанды» құру білім саласында еңбек етіп жүрген ұстаздар алдында жеке адамдардың, қоғамның және еңбек рыногының талаптарын қанағаттандыра алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етіп отыр.[1]Елбасының жолдауында: «Білім беру реформасы табысының басты өлшемі тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілу болып табылады» деген. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында жеке тұлғаны қалыптастырудағы білім берудің мақсаты мен оның тәсілдерін жетілдіру міндеті айқын көрсетілген.Атап айтқанда, онда «Орта білім берудің мақсаты – жылдам өзгеріп отыратын дүние жағдайларында алынған терең білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін - өзі іске асыруға, өзін - өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру» делінген.[2] «Бала құқықтары туралы конвенция» 29 – бабында білім алудың мақсаты туралы «Жеке тұлға ретінде дамуына, баланың бойындағы дарынын және ақыл – есін, дене бітімдік қабілеттерін барынша толық дамытуға» тиісті делінген.Білім алу тұлғалық, дарындық, саналық және шымырлық қабілеттің барынша дамуына бағытталуы керек.Білім, баланы азат қоғамдағы ересек әрі белсенді өмірге дайындалуы керек.[3]Оқушылардың субъект ретінде дамуы және қалыптасуы үшін оның зерттеу – ізденушілік жұмыстарға үйренуі танымдық іс - әрекетінде маңызды орын алады. Адам өмірі үшін зерттеу – ізденушілік дағдылар тек ғалымдарға ғана емес, адамға кез – келген сферада жұмыс жасағанда керек. Жеке тұлға бойындағы негізгі дағды ретінде ізденушілік қасиеттің қалыптасуы қазіргі заман адамының стилі болуы қажет. Оқушыны зерттеу іс - әрекетіне үйрете отырып, оның субъектілігін қалыптастыратын қасиеттерін дамыту.

^ Зерттеу объектісі: 8 – сыныбының оқу – үрдісі.

Зерттеу пәні: Оқушылардың субъект ретінде дамуы. Ақпараттық – коммуникативтік технология - зерттеу – ізденушілік жұмыстарды ұйымдастырудағы тиімділігі.

Мақсаты: Оқушыларды субъект ретінде дамыту үшін, ақпараттық-коммуникативтік технологияны қолдана отырып, зерттеу – ізденушілік жұмыстарды тиімді ұйымдастыру. Алған білімдерін практикалық іс - әрекеттерге қолдану, шығармашылық, жауапкершілік, белсенділіктерін дамыту. Өзіндік ой тұжырымдауға, саралауға яғни оқушының өзі арқылы өзін тәрбиелей отырыт білім алуға үйрету.

^ Зерттеу міндеттері:

- Ғылыми – педагогикалық әдебиеттерден ақпараттық – коммуникативтік технология, зерттеу – ізденушілік жұмыстарын тиімді ұйымдастыру туралы мәліметтер жинақтау, озық тәжірибелермен танысу, іс – тәжірибеде қолдану.

- Оқушылардың зерттеу – ізденушілік жұмыстарға қабілеттерін, бейімділігін зерттеу арқылы іс – шаралар жоспарлап жүзеге асыру.

- Зертеу – ізденушілік жұмыстарды ақпараттық – коммуникативтік технология арқылы ұйымдастырудың оқушының субъект ретінде қалыптасуына тигізетін әсерін анықтау.

Ғылыми болжам:

  • Егер оқушылардың зерттеу – ізденушілік жұмыстарын ақпараттық – коммуникативтік технология негізінде тиімді ұйымдастыра білсе, олардың шығармашылығы, белсенділігі, жауапкершілігі артады.

  • Әртүрлі зерттеу жұмыстарын жүргізу, оқушылардың математикаға деген қызығушылығын арттырады.

Адамның тұлғалық және шығармашылық әлеуетінің сарқылмас қайнар көзі үнемі субъектілік ұстаным болып табылады.Адамзат тарихында субъектілік мәселесі әрқашан өзекті. Тұлғаның субъектілік қасиеттерін дамыту туралы тұжырымдамалар көп. Бірақ арнайы ұйымдастырылмай, нақтылы жоспар, басшылық жасалынбай субъектілікті дамыту нәтижесі жақсы болмайды. Субъектілік даму арнайы ұйымдастырылған мақсат-бағдарлы процесс болуы қажет. Субъект-дегеніміз не?

Алғашқы рет субъект ұғымы тұлға болмысына орай енгізген психолог С.Л. Рубинштейн болған. Ол 1922 жылы шығармашылықтағы дербестік қағидасын қорытып,одан кейін субъектілік-іс-әрекеттік тұжырымдамасын анықтаған.Ол постулаттық тұжырым: адам субъект болып дүниеге келмейді, субъект болып, дамып жетіледі. Демек, субъект-аса жоғары белсенділік, біртұтастық,жүйелілік, автономдық деңгейіне жеткен адам.Тұлғаның субъект дәрежесіне жетуі үшін үнемі қозғалыста болуы қажет деп түсіндіреді келесі психолог К.А.Абульханова.Ол «... кез келген тұлға іс-әрекет субъектісі бола алмайды»,-деп жазады. К.А. Абульханова қайшылықтарды шеше алудағы мүмкіндіктерді субъект категориясының анықтауышы ретінде ұйғарады.Тұлғаның өзіне деген құнды және ортаға қатысты рухани-адамгершілік қатынастарын анықтайтын қасиеттер - белсенділік, дербестік, жауапкершілік, шығармашылдық және т.с.с. субъектілік ұстанымның құраушылары болып табылады.Осы қасиеттерге бағдарлап жұмыстар ұйымдастырылса, субъектілікті дамытуға болады. [4]

Оқушылардың субъект ретінде дамуы және қалыптасуы үшін оны зерттеу – ізденушілік жұмыстарға үйрету маңызды орын алады. Адам өмірі үшін зерттеу – ізденушілік дағдылар тек ғалымдарға ғана емес, адамға кез – келген сферада жұмыс жасағанда керек. Жеке тұлға бойындағы негізгі дағды ретінде ізденушілік қасиеттің қалыптасуы қазіргі заман адамының стилі болуы қажет. Сонымен зерттеу дегеніміз не? Педагог К.Д.Ушинскийдің берген анықтамасы: «Зерттеу дегеніміз – жаңа бір өнім, нәтижеге қол жеткізу мақсатындағы ізденіс, танымдық іс - әрекет».Оқушының ізденушілік қасиеті кішкентайынан бастап көріне бастайды, себебі бала бойындағы ізденушілік баланың дамуының қалыпты жағдайы. Зерттеу – ізденіс іс - әрекеттері кезінде оқушы өзіне көптеген жаңалықтар ашып, білімді дайын күйінде емес,өзі іздене отырып білімін толықтырады .



Сурет. 1 Зерттеу – ізденіске қойылатын талаптар


Зерттеу – іздену жұмыстарында дәлелдеулердің орны ерекше болып келеді. Оқушыларды зерттеу – ізденушілік жұмыстарға үйрету үшін сыныптағы балаларды әртүрлі психологиялық сауалнамалар арқылы зерттеп алу қажет. Оқушылардың танымдық және тұлғалық даму қабілеттерін анықтау, оқушымен болашақтағы жұмыстарды ұйымдастыруға бағыт – бағдар береді.

Зерттеу нысаны ретінде алынған 8 - сынып оқушыларының қызығушылығын зерттеу барысында қызығушылық тудырушы түрткі себептердің екі топтан тұратынын танымдық, әлеуметтік екенін анықтадым. Сыныптағы 25 оқушының 18 – інің қызығушылығы танымдық қызығушылыққа жатады.Танымдық қызығушылық біртіндеп тұрақты танымдық сұранысқа айналып, үлкен жасөспірімдік және бозбалалық жасқа келе қандай да бір білім саласындағы басымдылыққа ие болады.

Сынып оқушылары бойындағы түрлі қабілеттер мен дарындардың байқалу деңгейін және де қазір қай түрі басымырақ болып тұрғанын сандық сипатта анықтау үшін Хаан мен Кафф әдістемесі қолданылды.

Бұл әдістеме арқылы сыныптағы әр баланың жеке қабілеттерін анықтауға болады. 8 – сынып оқушысы Мырзабекова Меруерттің бойындағы қабілеттердің даму деңгейіне берілген бағалау сипаттамасы.



1.Танымдық. 2.Шығармашылық.

3.Ғылыми. 4.Көркем-бейнелеу.

5.Музыкалық.6.Әдеби.

7.Көшбасшылық.8.Спорттық.



Меруерт бірнеше жыл бойы оқушылардың «Зерде» қоғамының мүшесі, қалалық жоба қорғау жарысына қатысып, 2-орын, 3-орын алып жүрген оқушы. Сабақтан тыс уақытта оқушыларды зерттеу – ізденушілікке үйретудің тиімді формасы ретінде, мектептерде оқушылардың ғылыми қоғамдарының құрылуы болып отыр. Ғылыми қоғамдарда оқушылар әртүрлі тақырыптарда жобалар жазып, оны қорғау арқылы өзінің шығармашылдығын дамыта отырып, зерттеу – ізденушілік жұмыстарға үйренеді. Біздің мектепте 2000-2001 оқу жылында «Зерде» атты оқушылардың ғылыми қоғамы құрылған. Алғашқы жылдарда 20-30 шақты ғана оқушы мүше болып, тек бірнеше оқушы ғана ғылыми іздену жұмыстарымен айналысқан. Ал қазіргі уақытта 200-дей мүшесі бар, үлкен жетістіктерге жеткен қоғамға айналды.Оқушылардың зерттеу – ізденіс жұмыстардың нәтижесінде қандай нәтижеге жеткенін мына кестеден көруге болады.

Кесте 1.

Жылы

Деңгейі

2000-2001

2001-2002

2002-2003

2003-2004

2004-2005

2005-2006

2006-2007

2007-2008

2008-2009

Қала

4

7

8

11

11

11

14

15

22

Облыс




2

1

2

3

2

5

4

7

Республика




1

1

2







1

2

4

Оқу үрдісінде оқушыларды зерттеу – ізденушілікке үйрету олардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру болып табылады.




Сурет. 2 Өзіндік жұмысты ұйымдастыру міндеттері


Оқушылар бұл жұмыстарды орындау кезінде теориялық білімдерін кеңейтеді, тереңдетеді, белсенді іс - әрекет барысында ойлау қабілеттері дамиды, ал ең бастысы өзіне деген сенімі нығайып, жауапкершілікті сезіну қалыптасады, шығармашылықпен жұмыс жасауға мүмкіндік алады. Өз бетінше жұмыс жасау кезінде мұғалімнің жұмыстың міндетін түсіндіруі, орындар алдында бағыт-бағдар, түсінік – нұсқау беруі, оқушылардың мақсатты түрде жұмыс істеп, оның нәтижесі жемісті болуына ықпал етеді.Нәтижелі жұмыстан кейін әр оқушының бойында өз ісіне деген сенім туады, келесі істі ол аса бір ынтамен бастайды.





Сурет. 3 Зерттеу – ізденушілік жұмыстың оқу үрдісіндегі орны


Оқушылардың алған білімдері біліктілік пен дағдыларға айналу үшін, міндетті түрде олар өздері талаптанып, белсенділіктері артуы қажет, жауапкершілікпен жұмыс жасап, істеген ісіне деген сенімі болуы шарт. Шығармашылық жұмыс – бұл әрбір адамның әрекетті саналы түрде таңдап алып, оны табандылықпен орындау арқылы сипатталатын қасиет.[5]


Кесте 2.

Шығармашылық ізденістерді қалыптастыру кезеңдері

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Мұғалімнің нұсқауы

1-кезең

Қарапайым таным әрекетімен таныстыру

1.Тарихи мәліметтер жинау

2.Ертегі, логикалық,әзіл есептер жинау.


Көңіл бөлу, мадақтау.

2-кезең

Әр түрлі тәсіл көрсету, тиімді тәсілді қолдануды үйрету.

Тапсырманы бірнеше әдіспен шығаруы.

Қосымша материалдар пайдалану керектігін ескерту.

3-кезең

Жауапкершілік жүктеу.

Өз ісіне анализ жасау.

Алдағы іске жоспар жасау.

4-кезең

Оқушының нәтижесін көру.

Баяндама, ғылыми жоба жазу.




Ақпараттық – коммуникативтік технология көмегімен орындалатын жұмыстар өзінің кез келген формасында тиімдірек орындалады, адамның дамуына әсерін тигізеді.Ақпараттық технологиянық артықшылығы ойлау қабілетін дамытады, пәнге қызығушылығын арттырады,өз бетінше оқып – үйренуі жүзеге асады,нәтижесін бірден көруі, жіберген немесе дұрыс меңгермеген тақырыптарды қайтадан оқу мүмкіндігі, оқу үрдісін басқару мүмкіндігі,бұрын алған білімдерін кеңейтеді.[6]

Кесте 3.




Ақпараттық құралдар

Оқушының іс-әрекеттері

1

Электрондық оқу құралы

Жаңа білім алады.

Көрнекілік, сурет, сызба, дыбыстық әсерлер, қимыл анимациялары

Тест тапсырмаларын орындайды

Дидактикалық материалды қолдану тиімділігі артады

Түрлі ақпараттық анықтамалар алады


Алған білімдерін тексереді

2

Интерактивті тақталар

Сызбаларды өздерінің орындауы

Әртүрлі жазба жұмыстарды орындау.

Тақырыптар бойынша презентациялар жасау

3

Компьютер

Қосымша және көмекші ақпараттарды беру

Арнайы бағдарламалар арқылы өз беттерінше оқып-үйрену

Өзін-өзі бақылау

Шығу және ену бақылауын жүзеге асыру

Қорытынды, ағымдағы және аралық бақылаулар орындау

Оқушыларды зерттеу-ізденушілікке үйрете отырып, алдағы уақытта мынадай істер атқаруды өзіме мақсат етіп алдым.

1. Оқушыларды ғылыми қоғамға мүше болып кірулерін ұйымдастыру.

2. Ғылыми жоба,баяндамалар, рефераттар жазуға үйрету.

3. Интернет арқылы әртүрлі мәліметтер жинау, оларды талдай білу.

4. Ізденушілікке арналған бағдарлама жасау.

5. Ақпараттық құралдарды сабақта қолдану.

Оқушыларды зерттеу – ізденеушілікке үйрету оларды шығармашылыққа шыңдау,субъект ретінде дамуына жол ашу болып табылады.


ӘДЕБИЕТТЕР


1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы\\ Қазақстан мектебі, №2, 2004, 8-б.

2. Н.Ә.Назарбаев \\ «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»(Қазақстан халқына Жолдауы).28.02.2007.

3. «Бала құқығын қорғау конвенциясы»\\ 29-бап, 7 бет

4. Педагогическая энциклопедия. \\ М: Советская энциклопедия,1966,т.3,с 419.

5. Жексенбаева У.Б.Организация научно – исследовательской деятельности школьников. \\ «РАДиАЛ».Алматы,2006,с 7.

6. Фаберман Б.Л.Передовые педогогические технологии \\Т.Фан, 2000,с.130..

7. ГриценкоВ.Ю.,Довгялло А.М., Савельева А.Я. Компьютерная технология обучения\\ Словарь-справочник, «Наука думка», 1992.



Похожие:

Оқушыны субъект ретінде дамыту зерттеу-ізденушілік жұмыстарды iconСубьект-субьектілік қарым- қатынас орнату оқушылардың зерттеу-ізденушілік, шығармашылық
Субьект- субьектілік қарым- қатынас негізінде бастауыш сынып оқушыларының зерттеу-ізденушілік, шығармашылық Қабілеттерін дамыту
Оқушыны субъект ретінде дамыту зерттеу-ізденушілік жұмыстарды iconЗерттеу нысаны: 9 «Б» сыныбының оқу – тәрбие үрдісі. Зерттеу пәні
Оқушыны өзін-өзі дамыту дағдыларын қалыптастырудың субъектіні жетілдірудегі ролі
Оқушыны субъект ретінде дамыту зерттеу-ізденушілік жұмыстарды iconСубьект-субьектілік қарым- қатынас орнату оқушылардың зерттеу-ізденушілік, бәсекелестік
Субьект- субьектілік қарым- қатынас негізінде оқушылардың зерттеу- ізденушілік, БӘсекелестік қабілеттерін дамыту
Оқушыны субъект ретінде дамыту зерттеу-ізденушілік жұмыстарды iconСубъект-аса жоғары белсенділік,біртұтастық,жүйелік,автономдық деңгейі. Тіл дамыту
Жеке тұЛҒаны субъект ретінде дамытып,Қалыптастырудағы тіл дамыту,СӨздік қорларын молайту жұмыстары
Оқушыны субъект ретінде дамыту зерттеу-ізденушілік жұмыстарды iconСубъект-аса жоғары белсенділік, біртұтастық, жүйелілік, автономдық деңгейі. Тіл дамыту
АҚпараттық-коммуникативтік технология негізінде бастауыш сынып оқушыларының тіл дамыту сапасын арттыру- субъект ретінде дамуының...
Оқушыны субъект ретінде дамыту зерттеу-ізденушілік жұмыстарды iconС. Л. Рубинштейн > К. А. Абульханова Славская > А. В. Брушлинский > В. А. Ленторский Педагогика саласына «субъект» ұғымы 1970 жылдары кірістірілді. Философиялық ұғымда субъект «Істі белсенді атқарушы, жасаушы» ретінде өз
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеу дағдыларын қалыптастырудың ОҚушы субъектісін дамытудағы маңызы
Оқушыны субъект ретінде дамыту зерттеу-ізденушілік жұмыстарды iconБиоинформатика және синергетика технологиясы. Сапа көрсеткіші
...
Оқушыны субъект ретінде дамыту зерттеу-ізденушілік жұмыстарды iconБілім беру ‡рдісінде оќушылардыњ танымдыќ Ќызыѓушылыѓын арттыра отырып субъект ретінде дамыту
Мектептіњ білім беру ортасын ќалыптастыру оќыту ‰рдісі субъектілерініњ дамуыныњ алѓы шарты ретінде
Оқушыны субъект ретінде дамыту зерттеу-ізденушілік жұмыстарды iconЖаңа білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру
Тарих пәні арқылы оқушыны субъект ретінде өз бетімен жұмыс жасау дағдысы негізінде жеке тұЛҒаны қалыптастыру
Оқушыны субъект ретінде дамыту зерттеу-ізденушілік жұмыстарды iconСубъект-аса жоғары белсенділік, біртұтастық, жүйелілік, автономдық деңгейі. Тіл дамыту
Азақ тілі сабағында оқушылардың тіл байлығы мен сөздік қорын дамыту арқылы субъект қалыптастыру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы