Зерттеу нысаны: 9 «Б» сыныбының оқу – тәрбие үрдісі. Зерттеу пәні icon

Зерттеу нысаны: 9 «Б» сыныбының оқу – тәрбие үрдісі. Зерттеу пәні



НазваниеЗерттеу нысаны: 9 «Б» сыныбының оқу – тәрбие үрдісі. Зерттеу пәні
Дата конвертации26.01.2013
Размер88.27 Kb.
ТипДокументы
источник


Оқушыны өзін-өзі дамыту дағдыларын қалыптастырудың субъектіні жетілдірудегі ролі


Рахымжанова С.М.

Мемлекеттік мекеме

«О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі»

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ӨЗІН-ӨЗІ ДАМЫТУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ -ОЛАРДЫҢ СУБЪЕКТІ РЕТІНДЕ ДАМЫТУДЫҢ АЛҒЫ ШАРТЫ


Өзектілігі:

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының басты мақсаты - жеке тұлға мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін стратегиялық даму жоспарының басымдықтары негізінде көп деңгейлі білім берудің ұлттық жүйесін жақсарту.Бұл бағдарламаның негізгі міндеттері – сапалы білімге қол жеткізу, білім берудің ұлттық жүйесінің жұмыс істеу бағамын жетілдіру, әлемдік тәжірибе мен тұрақты даму қағидалары негізінде білім берудің мазмұнын, құрылымын жаңарту.[1]

Қазақстан қоғамындағы мұндай жағдайда өзекті мәселелердің бірі- өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметті жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, жоғары кәсіби деңгейлі сауаттылық, танымдық әрекетке қызығушылығының басымдығы.[2] Оқушылардың өзін-өзі дамыту дағдыларын қалыптастыру ,олардың субьект ретінде дамытудың алғы шартын көрсету педагогикалық қызметімнің өзекті тақырыбы болып отыр.

^ Зерттеу нысаны: 9 «Б» сыныбының оқу – тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні:оқушы субъектілігі.Өзін-өзі дамыту дағдылары.

Мақсаты:өзін-өзі дамыту дағдыларын жетілдіру арқылы оқушының субъект ретінде өзін-өзі дамытуға ақпарат, білім көздерін өз бетімен пайдаланып, жинақтаған білімін қолдана білуге, ғылыми ой тұжырымдап, қорытындылауға тәрбиелеу.

Осы мақсатқа жету негізінде мынадай міндеттерді алдым:

  • Оқушының өзін-өзі дамыту дағдыларын зерттеу;

  • білім беру арқылы дүниеге өзіндік түсінік пен танымды қалыптастыру;

  • өзін-өзі дамыту үшін білім көздерінен негізгіні ажырата білуге үйрету, алған білімдерін қорытып, ой тұжырымдауға дағдыландыру.

Адам баласы субъект болып дүниеге келмейді, тек субъект ретінде жетіле бастайды, іс- әрекет субъектісі ретінде үздіксіз дамуда болады.Субъект психологиясының алғашқы ғылыми ілімдері С.Л. Рубинштейн, Д.Н. Узнадзе,Б.Г. Ананьев еңбектерінен бастау алады.[9]

Субъект- ең жоғары деңгейдегі белсенділік, дербестік, тұтастық таныта алатын адам болып табылады. Мұндай деңгейдегі адам аса дараланған, яғни өзіндік мотивациясындағы, психикалық құрылымдарындағы, қабілетіндегі ерекшелік-терге ие болады.

Оқу іс-әрекетінің нәтижесі- оны орындау барысындағы субъектінің өзінің бойындағы өзгеріс. Субектілік дамыту белсенділік қасиетін танытуға, жетілдіруге бағытталуы керек.Субектілік басқару арқылы тұлға өз даму білімінің субъектісі бола алатындай қарым-қатынас орнату мынадан көрінеді:

  • өз ісінің мақсатын өзі белгілеу, өзі жоспарлау, өзі ұйымдастыру, өзін-өзі тексеру, түзету, өз жұмысын өзі талдау, өз бетіндік танымдық іс- әрекет жасауға мүмкіндік алу;

  • жауапкершілік, өз-өзіне талап қоя білуі, қиындықты өз бетімен шеше білуге үйренуі;

  • оқушылардың танымдық, байқағыштық, елестету, ойлау қабілеттерін жетілдіру, қарама-қарсы нәрсені салыстыра алушылық, өзінің ойын жүйелі, әдемілеп айту, кітаптан қызықты көріністі табу.

Мұндағы негізгі қағида: «Өмір маған не береді емес, өмірге мен не беремін, қандай үлес қосамын» деп өзін-өзі мектеп жасынан бастап өмірге дайындау.

Тұлғаның қалыптасуы мен дамуы үш фактор: тегі, ортасы және тәрбиесіне тығыз байланысты.Өзін қоршаған ортамен қатынасы арқылы адамның табиғи мәні ашылып, жаңа қасиеттері қалыптасады.

Б.Г. Ананьев адам кәсіби іс-әрекет процесі мен оның ең жоғары деңгейі ретіндегі шығармашылық арқылы субъект бола алса, С.Л. Рубинштейн субъектіні тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруының, өзін-өзі реттеуінің, өзін-өзі құруының ерекше анықталған тәсілі ретінде түсіндіреді. [9]

Субъект параметрлерін нақтылап, жинақтау арқылы субъкетіліктің мәнін ашатын, оны жан-жақты сипаттайтын өлшемдік қасиеттерді бөліп көрсету.Субъектіліктің мәндік сипаттамалары:[8]

  • өз белсенділігін ұғыну;

  • таңдау еркіндігі;

  • еркін таңдау үшін жауапкершілік;

  • өздігінен дамуға талпыну;

  • рефлексияға қабілеттілік;

  • өз бірегейлігін ұғыну;

  • өзгені түсіну және қабылдау.

9 «Б» сыныб оқушыларымен өз белсенділігін ұғыну, рефлекцияға қабілеттілік, өзгені түсіну және қабылдау сауалнамаларын жүргіздім.

  • Педагогикалық зерттеулер қорытындылары

.



Көрсеткіш

%

1

Жоғары

25 %

2

Орта

65 %

3

Төмен

10%

Оқушының рефлексияға қабілеттілігін анықтау мақсатындағы сауалнама қорытындысы бойынша 9«Б» сыныбында оқушының рефлексияға қабілеттілігін жоғары деңгейде 25 % ,орта деңгейде 65 % , төмен деңгейде

10 % екеніне көз жеткіздім.

Өз белсенділігін ұғыну. Сауалнама әдісі.

1.Мен тәуекел еткенді ұнатамын.

2.Мен бір нәрсені ойланып емес, тек солай болуы тиіс деп сезгендіктен ғана жасаймын.

3.Мен жұмысқа жаңаша көзқарасты үнемі іздестіріп жүремін.

4.Мен жұмысты алдын-ала жоспарлағанды емес, олардың пайда болғанына қарай іске асырғанды жөн көремін

5.Нәрселердің қалай жасалғандығы мені қызықтырмайды, ең бастысы жұмыс істесе болғаны.




Көрсеткіш

%

1

Жоғары

50%

2

Орта

30%

3

Төмен

20%






Диаграммада 9 «Б» сыныбында өз белсенділігін ұғыну деңгейі жоғары - 50 % , орта -30 % , төмен -20 %-да екенін көрсетеді.


Өзгені түсіну және қабылдау.Байқау әдісі.

1.Сіз айналаңыздағылардың назарына жиі ілігесіз бе?

2.Өзіңнің бас пайдаң үшін өтірік айтасыз ба?

3.Біреуден ақыл-көмек жиі сұрайсың ба?

4. Жаңа ұжымда тез бейімделе аласыз ба?

5.Өзіңе тапсырылған іске жауапкершілікпен қарайсың ба?

6. Өзіме қиын болса да басқаларға көмек бергенді ұнатамын?

7. Басқалардың жіберілген қателіктеріне шыдамсыз ба?.

8.Басқаларға күшті әсер қалдырамын деп ойлайсыз ба?




Көрсеткіш

%

1

Жоғары

30%

2

Орта

40 %

3

Төмен

30 %



Өзгені түсіну және қабылдау деңгейі жоғары - 30 %, орта - 40%, төмен - 30% екенін көрсетеді.

Сонымен зертеу жұмыстарының қорытындысы бойынша рефлекция қабілеттілігі 65 % орта, өз белсенділігін ұғыну 50% жоғары,10 %төмен ал өзгені түсіну және қабылдау 40% жоғары, 30 % төмен көрсеткішті көрсетеді.Мониторинг қорытындысы бойынша төмен көрсеткіш көрсеткен оқушылармен төмендегідей бағытта жұмыс жоспарын жүргіземін.

  1. Рефлексия қабілетін дамыта отырып, , өз белсенділігін ұғыну, өзгені түсіну және қабылдай алатын жеке тұлғаны қалыптастыру іс-шараларын жүргізу.

  2. Оқушы белсенділігін арттыратын әдіс- тәсілдерді жүйелі түрде қолданамын.

Әлі де оқушылардың өзін-өзі бағалау, өз белсенділігін ұғыну, өзгені түсіну және қабылдауымен жұмыс жүргізуім қажет.

Оқушылардың өзі-өзі дамыту қабілеттерін қалыптастыруда сабақтың және сабақтан тыс уақытта ұйымдастырылатын жеке , ұжымдық жұмыстар, пәндік апталықтар мен ғылыми- шығармашылық жобалар, пәндік үйірмелер мен факультативтік сабақтардың маңызы зор.Барлық жұмыстар оқушылардың қалауы, таңдауы мен ұсыныстарын ескеру керек. Сондай-ақ мектептегі пәндік олимпиадалар, сайыстар, түрлі шығармашылық кештер, мұржайларға саяхат, т.б. оқушылардың ізденіс қабілетін ұштап, дербес оң нәтижеге жетуге ықпал етеді.

Оқушының субъект ретінде дамуының алғы шарты іс-әрекет, қарым-қатынас, тіршілік болып табылады Күнделікті сабақта оқушы үнемі термин сөздермен, негізгі ұғымдарды ажырата білу, логикалық ойларды түйіндеу,әр түрлі тәсілдермен алгоритмдер құру және құрылымын ажырата алуы, программалар жазумен, компьютерде жұмыс жүргізу, пәнаралық байланыс жасау, өз ойын жүйелеу, түзету жұмыстарын жүргізу, себеп-салдарына байланысты анықтауға, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, анализ бен синтез біліктерін игеруге тиісті. Оқушының өзіндік танымдық іс-әрекеті танымдық қызығушылықтан туындайды. Г.И. Щукинаның пікірінше, танымдық қызығушылық оқудың ең негізгі мотивтерінің бірі, оның белгілі бір жағдайларға байланысты « жеке тұлғаның іс- әрекеті мен жекелеген әрекеттерінің дамуына қуатты түрткі күшіне айналады. [5]

Шығармашылықпен зерттеу жұмыстарын жүйелі жүргізу оқушы бойына іскерлік пен дағдыны қалыптастырады.

Ғылыми практикалық конференцияға қатысу арқылы көреді.Информатика пәні бойынша ғылыми жоба қорғау сайысында 2 оқушы қатысып «Этномәдениет» секциясында « Қазақ халқының ұлттық киіміне салынатын ою-өрнек түрлеріне Web парағын дайындау» тақырыбына жазылған 9 «Б» сынып оқушысы Исабаева Мөлдірдің ғылыми жобасы қалалықтан ІІІ орын, ал облыстан Құрмет Грамотасымен марапатталды.

2008-2009 оқу жылында информатика пәні негізіндегі қалалық бағдарламалау тілінен олимпиада қорытындысы бойынша 10 «А» сынып оқушысы Ахметов А.ІІІ орын, Қазыбекова Қ ІІ орын, 9 «А» сынып оқушысы Құсаинова Е ІІІ орын, Тұраров Саят. IV орын иеленді. Оқушылардың дарының шыңдайтын жоғары оқу орнымен тікелей байланыстамыз. ШҚМУ ұйымдастырған олмипиадада командалық топ өз білімдерін көрсете алды.

Сонымен , қорытындылай келе, сабақ мазмұнының теориялық- практикалық құндылығы жоғары болған сайын оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу өте тиімді болады.Ақпараттық қоғам қазіргі ғылым, мәдениет , өндіріс , басқа да салаларда адамның компьютерлік сауаттылық , ақпараттық мәдениеті болмайынша, қоғам талап етіп отырған шығармашылық істерді жүзеге асыру мүмкін емес. Оқу – тәрбие үрдісін жүргізуде мұғалім басты тұлға. Осы талапқа сай қызмет істеу үшін алдымен мұғалім өзінің теориялық және әдістемелік білімін ұдайы толықтырып, үздіксіз ізденуі,өз мамандығын барынша жетілдіру және психология мен педагогика ғылымдары жайындағы жаңалықтар мен озық тәжірібиелерді үнемі пайдаланып отыруы тиіс. Жас ұрпақты заман талабына сай жан-жақты етіп-шығару- аса маңызды міндет.

Оқушылардың өзін-өзі дамыту дағдыларын қалыптастыруды олардың субъект ретінде дамытудағы мақсатым:

  • информатика пәнінен шығармашылық жұмысты жетілдіру;

  • жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру;

  • Танымдық қабілеттерін дамыту;

  • Өзара көмек және бірге жұмыс жасау;

  • Авторлық бағдарлама «MS EXCEL кестелік процессорына тереңдетілген бағдарлама»

  • Дидактикалық материалдар «7- 8 сыныптарға тест жинақтары»

  • Оқушылардың негізгі ұғымдар мен байланыстарды көре білу.



Пайдаланған әдебиеттер:


  1. Қазақстан Республикасының жаңа формация мұғаліміне үздіксіз білім беру Концепциясының жобасында (Астана 2005)

  2. 12 жылдық білім :// №8 2006 ж.

  3. Нағымжанова М .Инновациялы-креативті технология . /Өскемен .2005

  4. Қазақстан мектебі .№5.2006

  5. Нұрғалиева Г , Тілеуова С, Таутаева Г . Ақпараттандыру – білім беруді реформаландырудың негізгі механизімі ,262-263 бет,

  6. Информатика пәні маманы даярлау барысында қазіргі кездегі қоғамдық концепциялар және олардың жаңа ақпараттық технологиялармен өзара байланысы.

  7. Т.М. Клейман. Школы будущего: Компьютеры в процесе обучения.-М:Радио и связь, 2006.

  8. Жексенбаева Ү.Б Балалардың дарындылығын диагностикалау әдістемелік құрал. // «РАДиАл» баспасы АЛМАТЫ 2005.

  9. Ерментаева А.Р. Субъектілікті дамыту тренингі оқу құралы. //Өскемен.С.Аманжолов атындағы ШҚМУ 2006 ж






Похожие:

Зерттеу нысаны: 9 «Б» сыныбының оқу – тәрбие үрдісі. Зерттеу пәні iconЗерттеу нысаны. Қазақ тілінің фонетикасын орыс мектебінің 2-сынып оқушыларының қатысымдық құзіреттіліктерін дамыту процесі, фонетиканы қатысымдық тұрғыдан меңгертудің ұтымды әдістері. Зерттеу пәні
Бастауыш сыныпта субъектінің Қатысымдық ҚҰзыреттіліктерін дамытудың тиімді жолдары
Зерттеу нысаны: 9 «Б» сыныбының оқу – тәрбие үрдісі. Зерттеу пәні iconЗерттеу мақсаты
Зерттеу міндеттері: жоғарыда көрсетілген зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді шешуіміз керек деп таптық
Зерттеу нысаны: 9 «Б» сыныбының оқу – тәрбие үрдісі. Зерттеу пәні iconЗерттеу мақсаты
Аралас мектеп жағдайында білім беру ортасы арқылы оқу тәрбие үрдісіне қатысушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру
Зерттеу нысаны: 9 «Б» сыныбының оқу – тәрбие үрдісі. Зерттеу пәні iconЗерттеу жүмысының өзектілігі
Аралас мектеп жағдайында білім беру ортасы арқылы оқу тәрбие үрдісіне қатысушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру
Зерттеу нысаны: 9 «Б» сыныбының оқу – тәрбие үрдісі. Зерттеу пәні iconИсточник: ис параграф, 23. 02. 2012 11: 49: 03 Қазақстан Республикасының
«оқу және тәрбие процесі», «оқу және тәрбие процесін», «Оқу және тәрбие процесі», «оқу және тәрбие процесінің» деген сөздер тиісінше...
Зерттеу нысаны: 9 «Б» сыныбының оқу – тәрбие үрдісі. Зерттеу пәні iconБілім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі n 319 Заңы
Оқу және тәрбие процесін", "оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесін", "Оқу және тәрбие процесі", "оқу және тәрбие процесінің"...
Зерттеу нысаны: 9 «Б» сыныбының оқу – тәрбие үрдісі. Зерттеу пәні iconҚостанай облысы техникалық және кәсіптік білім оқу орындары студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауы туралы Ереже
Байқау ғылыми-зерттеу және тәжірибелік қызмет нәтижелерін ұсыну түрі және техникалық және кәсіптік білім оқу орындары студенттерінің...
Зерттеу нысаны: 9 «Б» сыныбының оқу – тәрбие үрдісі. Зерттеу пәні iconЖоғары оқу орындары профессорлық-оқытушылар құрамының, ғылыми-зерттеу институттары қызметкерлерінің назарына Қырғызстан Республикасының журналисі Хелимская Регина Израилевна Қырғызстанның МҚК архивын зерттеу негізінде «Тайна Чон-Таша»
А израилевна Қырғызстанның МҚК архивын зерттеу негізінде «Тайна Чон-Таша» кітабын шығарды. Кітапта сталин тоталитарлық режим қылмыстарының...
Зерттеу нысаны: 9 «Б» сыныбының оқу – тәрбие үрдісі. Зерттеу пәні iconМ. О. Білім беру ұйымының басшысы (Т. А.Ә.)
Кәсіп, мамандық бойынша оқу пәні, қызмет түрі, тәрбие және оқыту бағдарла-масының бөлімі
Зерттеу нысаны: 9 «Б» сыныбының оқу – тәрбие үрдісі. Зерттеу пәні iconОқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық технологияны тиімді қолдану жолдары
Азақ тілі пәні бойынша білім беру сапасын жетілдірудегі ақпараттық технологиялардың МҮмкіндігі
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы