Тақырыптың өзектілігі icon

Тақырыптың өзектілігі



НазваниеТақырыптың өзектілігі
Дата конвертации26.01.2013
Размер77.49 Kb.
ТипДокументы
источник

Субъект-субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру.

Блоктық жүйелік оқыту технологиясының тиімділігі.


Ахметбаева Б.Қ.

О.Бөкей атындағы № 44 мектеп -лицейі

ОҚУШЫНЫ СУБЪЕКТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ БЛОКТЫҚ-ЖҮЙЕЛІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІ.


Қазіргі ғылыми – техникалық жедел дамуға, ақпараттардың жан-жақты өрістеуіне қарай бағдарламаларды күрделендіре отырып салауаттылыққа үйрету – баланың интеллектуалдық, психикалық, физикалық мүмкіндіктерін ескеріп, оқу – тәрбие үрдісінің сапасын жақсартатын ғылыми - әдістемелік жаңа, тиімді технологиялармен қарулануы қажет.

Н.Ә. Назарбаев

«Қазақстан – 2030» Жолдауы [1]

Тақырыптың өзектілігі: ХХІ ғасырдың жан-жақты зерделі, дарынды, талантты адамын қалыптастыру бағытындағы білім беру ісі –бүгінгі күн талабы. Қазақстанның дамуына білім мен ғылымның әсер етуі үшін дүниежүзілік кеңістігіне ену, оқыту жүйесін заман талабына сай үйлестіре алғанда бүгінгі таңда мұғалімге білім берудің тиімді жолдарын қарастыру, таңдай білу еркіндігі тиіп отыр. Белоруссияның ұлттық мектебінің ғылыми-зерттеуші ұжымы технологияны жеке тұлғаны дамытудағы процесс және оқушыны оқытудың әр кезеңінде дамытатын педагогикалық құрал ретінде бағалайды. Яғни, технология – баланы дамытуға жағдай жасаудағы мұғалім-дердің қабілеттілігі деген анықтама береді.

Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңында [2] оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу: «Білім беру ұйымдарының еркіндігін -дербестігін кеңейту,білім беру ісін басқаруды демократияландыру және орталықсыздандыру» делінген. Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшелігі-баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын шығаруға ұмтылуы болып табылады. Оқушыны субъект ретінде қалыптастырудағы блоктық-жүйелік оқыту технологиясының тиімділігін көрсету педагогикалық қызметімнің өзекті тақырыбы болып отыр.

Зерттеу нысаны: 8 сыныптардағы оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: Блоктық-жүйелік оқыту технологиясының оқушыны субъект ретінде қалыптастырудағы ролі.

Зерттеу мақсаты: Күнделікті сабақта оқушыны дара тұлға етіп тәрбиелеуде, олардың білім сапасын, таным-білім белсенділіктерін, іскерліктерін- шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып-субъект ретінде қалыптастырудағы блоктық-жүйелік оқыту технологиясының тиімділігін тәжірибеде айқындау.


Міндеттері:

1. Оқушының өзін-өзі тануға деген қызығушылығын ояту.

- оқушының жеке тұлға ретінде дамуын қалыптастыру;

- жеке тұлғанының дамуындағы бірін –бірі түсіну;

- қарым -қатынас жасау мүмкіндігін туғыздыру;

- сабақ өткізгенде оқушыға бағыт беруші болу;

- оқушыны өзіне бағалатушы ролінде болдыру;

^ 2 . Жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру.

-өз белсенділігін ұғындыру;

-таңдау еркіндігін беру;

-еркін таңдау үшін жауапкершілік тудыру;

- өздігінен дамуға талпындыру;

- рефлексияға қабілеттілігін дамыту;

- өз бірегейлігін ұғындыру;

- өзгені түсіну және қабылдауды

^ 3. Модульдік оқыту технологиясының теориясын практикамен тиімді ұштастыру.

Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Бұл процесс білім пирагмидасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде. Я.А Коменскийдің, И. Гербарттың дәстүрлі обьект-субьектілі педагогикасының орнын басқасы басты. Жаңа білім пирагмидасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. [3]

Мектептегі оқу- тәрбие процесіне түбегейлі өзгертулер енгізіп, батыл интенсивтендіру әрекеті- оқушылардың білім жүйесін сапалық жаңа деңгеәге көтеріп, қоғамның барлық талаптарына сай жан-жақты дамыған, шығармашыл оқушыны даярлау –ұстаздан терең білімділікті, кәсіпкерлік шеберлікті, сабақты жаңаша ұйымдастыра білушілікті талап етеді.

М.. Жұмабайұлы баланы оқытуда оның жүрегіне ең алдымен нақты бейне , сурет орнату керек деп кеңес береді. Мектеп бітіріп шыққан соң бала бүкіл әлемге , өзгенің өміріне білім жүзімен ашылған саналы ақыл көзі мен қарай білсе міне, білімдендірудің көздейтін түпкі мақсаты осы. Қазіргі педагогика тілімен айтсақ оқушыны субъект ретінде қалыптастыру.

Педагогикалық психология саласындағы зерттеулер үшін С.Э.Рубинштейннің әрқашан кез келген адамды дүниені және өзін өзгерте алатын субъект ретінде анықтайтын түйіндері аса құнды болып табылады.Себебі С.Л.Рубинштейн тұрғысынан субъект категориясы үздіксіз, «жоғары қарай» үдемелі жетілуді, дамуды білдіреді.

С.Э.Рубинштейн «Адам субъект болып дүниеге келмейді,субъект болып дамып жетіледі». Субъект (лат.Subjeetum- бастауыш) деген мағынаны береді. Қазір субъект танымдық, гносеол мәні бар, санаға, ерік-жігерге,танымдық белсенділікке ие тұлға немесе әлеуметтік топтың атауы. [4]

К.А.Абульханованың анықтауы бойынша, субъект үйлесімді, өзін-өзі жүзеге асыратын, иерархиялық дамуда биік бір белеске жеткен тұлға болып табылады.

Субъектілік таным, қарым-қатынас және іс-әрекет процестерінің қажетті шарты ретінде болады.Ал субъектілік қарым-қатынас пен іс-әрекет барысында ғана танылады және дамып, жетіледі.

Тұлғаның өзіне деген құнды және ортаға қатысты рухани-адамгершілік қатынастарын анықтайтын қасиеттер-белсенділік, дербестік, жауапкершілік және т.с.с субъектілік ұстанымының құраушылары болып табылады.Осы қасиеттерге бағдарланып, тірекету субъектілікті дамытуға мүмкіндік береді.

Модульдік оқыту технологиясы жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға , қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыруға қажетті әдістемелік мүмкіндіктерді қамтитын бірден-бір технология. Оқушының жеке тұлғалық қабілеттерін ашуға блоктық жүйелік технология төмендегідей мүмкіндіктер туғызады:

-Оқушыларды оқытудың мақсатымен таныстыру;

-Сыныпта берілген блок (мазмұны бойынша жақын) тарау бойынша жалпы оқыту модулінің мазмұнымен таныстыру;

-Мұғалімнің материалды қысқаша түсіндіруі (сызба, график, кесте және т.б.);

-Оқушыларға оқу материалын зерттеу жұмысы негізінде беру;

-Оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде оқушының танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру;

-Жалпы тарауды, тақырыпты 4-7 рет қайталау негізінде оқу материалын меңгерту;

-Барлық тақырып бойынша тест (сынақ, сынақхат, т.б.) жүргізу.

Күнделікті жұмыс барысында төмендегідей кездейсоқ әрекеттерге үнемі тап болып отырдым:

1. Өз ойларын, пікірлерін толық жеткізе алмайды

2. Оқу материалын мұғалімнің жеңілдетіп түсіндіргенін қалайды

3. Фактілерге жүгінбейді

4. Білімді жинақтауға мән бермейді

Мәселені шешуге алғашқы қадам

- Блокты жүйелік оқыту технологиясының әдістемелерін іс-тәжірибемде тиімді пайдалану

- Педагогикалық зерттеулер жүргізу

-Сабақта, оқу процесінде оқушылардың шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғызу

-Оқушының оқу әдісінің өзіне лайықты тәсілін қолдануына мүмкіндік беру

-Оқушыға өзінің әлді, әлсіз жақтарын анықтатып, модульдің түзету тәсілін пайдалана отырып көмектесу.


Педагогикалық зерттеулердің қорытындысы.

1. Оқушының рефлексияға қабілеттілігін сауалнама арқылы байқау.

1. Сыныптағы ортақ әңгімеге сенің қатысың қандай ?

А) шет қаламын Б)үнемі қатысамын

2.Сыныпта өзіңе ұнамайтын балалармен қандай қарым-қатынас жасайсың ? А) қарым-қатынас жасамаймын Б) оны түсінуге тырысамын

3.Сынып жиналысында қаралған мәселелерге белсенді қатысасың ба ?

А) әрқашанда өз көзқарасымды білдіремін Б) үндемеймін

4. Өзіңе айтылған сынға қалай қарайсың, одан қорытынды шығара білесің бе А) қабылдаймын, қорытынды жасаймын

Б) қабылдаймын, өз пікірімді дәлелдеуге тырысамын.

5. Басқалармен арадағы реніш неден туындайды деп ойлайсың?

А) бірін- бірі түсінбегендіктен

Б )өзгенің пікірін қабылдай білмегендіктен







Сурет. 1 «Оқушының рефлексияға қабілеттілігін сауалнама арқылы байқау қорытындысы»


2. Өзгені түсіну және қабылдау. Байқау әдісі.


1.Таныс емес адамдарға қол үшін беру қажет пе?

2.Өзіңнің бас пайдаң үшін өтірік айтасың ба?

3.Әділетсіздікпен күресуге дайынсың ба?

4.Басқалармен бірігіп, демалғанды ұнатасың ба?

5.Әрдайым өзгенің қуаныш –мұңын бөлісе аласың ба?

6.Басқаларға бөлінген құрметті қабылдай білесің бе?

7.Өзіңнің кемшілігің үшін басқаларды кінәләйсың ба?

8.Біреуден ақыл-көмек жиі сұрайсың ба?

9.Өзіңе айтылған әділ сынды қабылдайсың ба?

10.Өзіңе тапсырылған іске жауапкершілікпен қарайсың ба?





Сурет. 2 «Оқушының өзгені түсіну және қабылдау деңгейін зерттеу қорытындысы»


Атқарылған іс- шаралар


Бірлестік отырысындағы іс-тәжірибе алмасу, талдау, пікірлесу.

Қалалық тамыз семинарында баяндама.

Ашық сабақ «Атом құрылысы.Атом ядросының құрамы» ( қалалық)

Олимпиада ( қалалық). І орын Қинаятова С. 9 «А»

Сайыс «Биохаус- 2009» ( қалалық). ІІ орын

Сайыс «Химиялық калейдоскоп» ( қалалық). І орын

Ғылыми жоба (қалалық). ІІІ орын

Ғылыми жоба (облыстық) мақтау қағазы Дюсупова Аида 10 « Б»

«Өскемен қаласында сатылатын сырдың (сірненің) сапалық сараптамасы»

Мектептің өзекті тақырыбын негізге ала отырып, өзімнің өзекті тақырыбыммен тиімді жұмыс жүргізе отырып төмендегідей сандық және сапалық нәтиже беретін жұмыс жоспарладым.

1. Технология бойынша күнтізбелік жоспар жасау «Химия» 8 сынып

2. Әдістемелік жинақтама «Химия» 8 сынып

3. Үлестірме дидактикалық материалдар «Химия»

4. «Олимпиадалық тапсырмалар» жинағын құрастыру

5. Даму бағдарламасын жасау.

Модульдік оқыту технологиясымен жұмыс істеудегі мақсатым, оқушыға сапалы білім бере отырып әр оқушыда:

1. Жеке тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандыру

2.Таным процесін дамыту

3.Танымдық қабілеттерін дамыту

4.Сөздік қорын дамыту

5.Өзара көмек және бірге бастан өткізу.






ӘДЕБИЕТТЕР


1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Жолдау

2. Қазақстан Республикасының Білім Заңы

3. Жанпейісова М.М.. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде // Алматы,2006, -4,5 бет

4. Қазақ ұлттық энциклопедиясы ,Алматы // -241б

5. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. // Алматы,2005. -233 б.

6. Кәсіби даму мектебі // Алматы, Верена 2007,93-97 б.

7. Құдайбергенева К.С. Құзырлылық табиғаты – тұлғаның өздік дамуында. Алматы // 2006. -86б.

8. Құдайбергенева К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы- педагогикалық технология көзі. Алматы // 2001. -75б.

9. Білімдегі жаңалықтар // 2007. №4 26-28 б.






Похожие:

Тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі
Жұмыстың мақсаты: Оқушыларды өз ана тілінде таза сөйлеуге баулу, сөздік қорын, сөйлеу тілдерін дамыту
Тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі
«ОҚушыны шығармашылық ЖҰмыстар арқылы өзіндік дамуының жеке тұЛҒа ретінде жан-жақты қалыптасуына жағдай туғызу»
Тақырыптың өзектілігі iconОҚушылардың субъектілігін қалыптастырудағЫ Ұлттық спорт ойындарының РӨлі тақырыптың өзектілігі
Білім беру ортасын субъектілік басқару бәсекеге қаблетті жеке тұлға қалыптастыру шарты
Тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі: Сабақта жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру. Жұмыстың мақсаты
Жұмыстың мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі...
Тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі
Ххi ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы, ғылымды әр қырынан меңгеру...
Тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі
Оқу техникасы артқан сайын, есте сақтау қабілеті де, ақыл-ой еңбегіне ынталығы да арта түседі. Мәтінді әрі жылдам, әрі дұрыс, әрі...
Тақырыптың өзектілігі iconЗерттеу жүмысының өзектілігі
Аралас мектеп жағдайында білім беру ортасы арқылы оқу тәрбие үрдісіне қатысушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру
Тақырыптың өзектілігі iconАқпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыруды басқару
Дегенмен практикадағы қолданыс барысы әлі мардымсыз екендігін республикалық басылымдардан да, мектептердегі қазақ тілін оқыту тәжірибесінен...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы