|
Білім үрдісі субъектісінің құзырлылығын қалыптастыру. Рамазанов З.Қ. ММ «№2 кешкі мектеп» РЕФЛЕКСИВТІК НЕГІЗДЕГІ ОҚУ ҚЫЗМЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ. Білім беруді ізгілендіру- білім мазмұнын, оқытудың түрі мен әдістерінің мазмұнын өзгертуді туғызады. Рефлексивтік негізде оқу қызметін ұйымдастыра отырып, білім беруді ізгілендіру оқыту әдістеріне де өзгерістер әкеледі.Бұған дейін оқыту әдістері мұғалімге ғана арналып, оның тиімді жолымен оқушыға «білім беріп» дамуына бағытталған болса, енді оқушы өз бетімен ізденіп білім алуы қажетті (Кешкі мектеп оқушылары өздеріне берілген түсініктемелердің, анықтамалардың негізінде ой-өрістерін қалыптастырып дәлелді түрде пікірлерін жеткізе білуі қажетті) болған соң, оның әдіс- тәсілдерді өздері меңгеріп, қолдана білуі тиіс. Ал мұғалімге арналған әдістемелер оқушының сабаққа деген ынтасын арттыруға (мұны ғылыми тілде оқу процесінің мотивациялық құраушысы дейді), жалпы сабақты тиімді жолмен ұйымдастыруға, әр оқушының қабілетін дамытуға арналған сараланған тапсырмалар мен бақылау сұрақтарын дайындай білуге бағытталуы керек.Жалпы алғанда, мұғалім қолданатын әдістердің иерархиясы оқушының таным процесіндегі ойының даму сатыларына сәйкестену болып табылады. Яғни, оқу қызметі кезінде педагог оқушының таным белсенділігіндегі ойлау қабілетімен санасып отыруы қажет екен. Психологтардың пайымдауынша кез келген адамның ой қорытуы екі сатымен жүреді екен: біріншісі алғашқы синтез- ол алғашқы анализ, салыстыру, екіншісі синтез-ол бастапқы идеяны бөліп шығару. Ғалым –педагог В.Ф Шаталовтың үлкен табыстарға жетуінің бір жолы осында болса керек. Бұл нағыз педагогикалық ынтымақтастыққа әкелетін жолдардың бірінен саналатыны сөзсіз. Баланы дара тұлға, өз бетімен іздену қызметін іске асыра алатын субъект деп санайтын оқыту- даралап оқытусыз іске асырылуы мүмкін емес.Даралап оқытуда, әсіресе мазмұндық даралаудың маңызы зор. Мұнда әр оқушыға жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес даму траекториясы қамтамасыз етіледі. Жалпы рефлексивтік негіздегі оқу қызметі барысында методикалық жүйедегі мұндай өзгерістер, сәйкесті оқыту технологиясын жасап, пайдалануды қажет етеді. Біздің пенитенциарлық жүйедегі кешкі мектеп оқушыларын оқытуда бұлар тұтастай қамтыла бермейді, әрқайсысы өз мәнінде іске аспай жатады. Сондықтан оқу және тәрбие жұмысында оқушының өзінің қызметін қалыптастыру бағытында деңгейлік саралап оқыту үрдісімен жұмыс жүргізу тиімділігін береді, себебі жекелей жүргізілген жұмыс кезінде оқушының жан-жақты ойлау қабілетіне анализ жасау арқылы жетекші сұрақтардың көмегімен ұғымды меңгеруіне көмек беріп отыру керек. Деңгейлік саралаудың ғылыми негізі ретінде психолог С.К Рубинштейннің ойлаудың ой объектісін тереңдей айнала қозғалу қағидасы алынған.Бұл қағида бойынша белгілі бір ұғымды меңгергенде ой алғашқы сыртқы қабылдаудан бастап оның ішкі мән мағынасына дейін тереңдеп жету бағытында дамиды. Бұған сәйкес материалды оқушының меңгеруін төрт деңгейге бөлуге болады, мұндағы төменгі деңгей-міндетті деңгей, ал қалған деңгейлерді оқушылардың қабілетіне қарай бөлуге болады. Мұндай жағдайда мұғалімнің қызметі әр оқушының деңгейлік көтерілуін қадағалап қосымша жұмыстар жүргізіп отыру керек. Демек, міндетті деңгейді мемлекеттік стандарттың сапалық деңгейі етіп алуға болады, және әр сатыға көтерілген сайын оқушының ынтасын, белсенділігін, біліктілігін, ойлау дәрежесін және білімінің сапалық деңгейінің өзгеруін қадағалап отыруды қажет етеді. Оқушылардың рефлексивтік қызметіндегі оқу үрдісін ұйымдастырудың келесі жолы –дидактикалық принцптегі жұмыс жүргізу бағыттары болып табылады. Бұл бағыт біздің кешкі мектеп оқушылары үшін аса тиімді тәсіл бола қоймас, бірақта сабақ барысында сыныптың білім деңгейлерін байқау барысында, әрине қолданысын тауып отыруы керек. Өйткені дидактикалық принцип көбінесе басқару жағына ауытқып отыратындығы барлығымызға мәлім. Яғни, басқару мұғалімнің оқу процесінің тиімділігін байқау үшін аралық және қорытынды бақылау жұмыстарынан тұратын, ал оқушының өзін -өзі қадағалауы мен басқаруы кері байланыстың әлсіздігінен өте нашар жүретіні белгілі. Сондықтан да соңғы педагогикалық жаңа технологиялар белгілі бір теорияға , оқытудың сапалық бөлімдері бойынша арнаулы алгоритммен басқарылатын дидактикалық процесті талап етуі , мұның өзі білім беруді демократияландыру мен ізгілендіру деген сөз. Әрине білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу, технологияны таңдау, оқу үрдісін құру-мұғалім құзырлығындағы іс. Мұғалім оқушыларды пәннің негізгі теориялық материалдарымен қаруландырумен қатар, оларды қолданудың тиімді жолдарын анықтап, оқушыларға берілген білімнің өз дәрежесінде меңгерілуіне бағыт бере білуі тиіс. Сондықтан біздің мақсатымыз (әсіресе кешкі мектеп оқушылары үшін) оқу –тәрбие үрдісінің мазмұнын және ұйымдастырылуын кешенді түрде қарап, рефлексивтік жүйеде оқу үрдісін бере отырып, алған білімдерін өмірлік құндылық қағидаларын бойларына жеңіл тәсілмен сіңіре алатындай жағдай қалыптастыруымыз керек; қорыта келгенде сабақтың тиімділігін арттыруымыз керек болар. Рефлексивтік жүйедегі оқу қызметін ұйымдастыру бағытында төмендегі көрсеткіштерді ұсыныс жасауды жөн көрдім.
Пенитенциарлық жүйедегі мектеп оқушыларымен жұмыс жүргізу мұғалімнен күнделікті, оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуді талап етеді. Себебі, сіздерге мәлім бұл оқушылар бас бостандықтарынан айырылған, тәулік бойы (ай, жыл бойы) үнемі бақылаудағы оқушылар (азаматтар), оның үстіне бірнеше жыл оқудан қол үзіп кеткендер және де оқуға соншалықты ынталары жоқ оқушылар, сондықтан да олардың психикасы да өздерін қоршаған ортаға байланысты күрт өзгеріп отырады. Мұндай оқушылармен рефлексивтік жүйедегі оқу қызметін ұйымдастыруда әр пән мұғалімі өзінің жұмысында жоғарыда көрсетілген дағдылардың қалыптасқандығын бағалау үшін және өз бетінше даму, жетілу жолдарын белгілеп алуға жәрдем беретіндей келесі кестелерді беріп отырмын. І. Оқытушының негізгі, кәсіби көрсеткіштерін өзіндік бағалау бағытында:
Егерде мұғалім өзінің кәсіби біліктілігіне осындай мониторинг жүргізетін болса, біріншіден күнделікті жүргізіліп отырған жұмыстың тиімділігі артатыны, екіншіден оқушылардың сабаққа қатысуы артып, білім нәтижелері жоғарлайтыны белгілі. Келесі, «Оқушылардың сабақ үстіндегі негізгі сипатына көңіл бөлу», «Оқытушы мен оқушылардың іс-әрекет тәсілдерінің мазмұнын ашу», бағыттарында да (барлық бөлімдер бойынша атқарылатын жұмыстардың түрлері жоғарыда беріліп отыр) осындай мониторинг жүргізілсе, әрине оқушылармен жүргізілген оқу-тәрбие жұмыстарының жетістігі болары сөзсіз. Рефлексивтік негіздегі оқу қызметін қалыптастыру мен оқу үрдісін дамытудың бірден-бір тәсілі әр түрлі бағыттарда диагностикалық карта жүргізу тәсілі. Диагностикалық картаның негізінде өткен оқу жылына (өткен шаққа) қорытынды жасап алдағы атқарылатын жұмыс, іс-шараларға бағыт-бағдар алатынымыз барлығымызға белгілі. Бұл бағытта мен өзімнің пәнім бойынша (жалпы мектебімізде қабылданған) төмендегідей диагностикаларды жүргіземін.
2008-2009 оқу жылы 10 «а» сынып
Ескерту: Бағалау жүйесі: жоғары (ж); жеткілікті (жт); Орташа (о); төмен (т) Оқу жылының аяғында әр оқушының, сыныптың білім, іскерлік, дағдыларының қорытындысы шығарылады.
2008-2009 оқу жылы Математика (алгебра)
Әр сынып бойынша жақсыға үлгеретін оқушылар және әр пән бойынша үлгерім сапаларының қорытындысы анықталып отырылады: Мысалы: І тоқсанда 9 сынып алгебра пәнінен: 4 оқушы, сапасы 28% Геометрия 10 «а» сыныбы – 5 оқушы, сапасы 23,2% т.с.с. ^ 10 «А» сыныбы Алгебра 2008-2009 оқу жылы Ескерту: Оқушының жеке басының дамуының диагностикалық көрсеткіштері. (рефлексивтік әрекеттерінің жүзеге асырылу негізінде есептеледі) 0- білімдік деңгейлерінің жоқтың қасы (0-3 балл) 1- білімдік деңгейлері төмен (4-7 балл) 2- білімдік деңгейлері орташа (8-11 балл) 3- білімдік деңгейлері жоғары (12-15 балл)
^ Сонымен, қорытындылай келе мұғалімнің кәсіби біліктілігін, оқушылардың үлгерімдері мен үлгерім сапаларының барысын, және рефлексивтік негіздегі оқу қызметін ұйымдастырып, оқу үрдісін дамыту бағытында осы үш диагностикалық көрсеткішті пайдалансақ оқу жылының қорытындысына толық анализ жасай отырып, келесі оқу жылында оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын жүргізуге бағыт-бағдар ала-алатын боламыз. Және де оқушылармен жекелей жұмысты ұйымдастыра отырып оқу қызметтерінің қалыптасуына педагогикалық- психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ететін боламыз. Өздеріңіз байқап отырған шығарсыздар; педагогтың кәсіби іс-әрекетінің сапасын және оқушының қызметі бойынша білімнің тереңдігі (деңгейі) мен көлемінің өсуін бағалау үш кезеңнен жүргізіліп отырғанын: 1-ші кезең: бастапқы өлшем оқу жылының басындағы білімдік деңгейлерінің нәтижесінде жүргізіледі. 2-ші кезең: аралық өлшем оқу жылы ішінде оқушылардың оқу қызметтерінің нәтижесінде жүргізіледі. 3-ші кезең: қорытындылау кезеңі- бұл баға барлық өлшемдердің жиынтығы бойынша шығарылады. Бұл үлгінің элементтері көпшілікке танымал. Біз өз тарапымыздан білімімізді жан-жақты жетілдіре отырып,оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай (пенитенциарлық жүйе мектебінде) білімдік қызметтерінің дұрыс қалыптасуына көңіл бөлуіміз керек. Мақсатымыз оқушылардың тұлғалық дамуын, ізденістерін, теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білуге дағдыландыру, жүйелі білім алуларын дамыту. «Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»- деп А.Байтұрсынов айтқандай, біз мұғалімдер оқушының жыл бойы алған білімі мен білігін практикада, өмірде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізуге ұмтылуымыз керек. Әдебиеттер:
Әдістемелік және ғылыми журналдар:
|
![]() | «Аралас мектебінде білім үрдісі субъектісінің құзырлығын қалыптастыру» «Физика-информатика сабақтарында оқушылардың белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы субъект құзырлығын қалыптастыру» | ![]() | Развитие субъектности участников образовательного процесса. Білім жүйесіндегі субъектінің құзырлылығын қалыптастыру Азақ тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік қҰзырлылығын дамыту |
![]() | 2010 – 2011 оқу жылының аяқталуын ұйымдастыру жөніндегі жадуал Күндізгі және кешкі қалыпта оқытатын барлық орта білім беретін оқу орындарындағы мектепалды, 1-11 (12) сыныптардағы сабақтар 2011... | ![]() | ТҮлектерді ұлттық біріңҒай тестілеуге дайындау кезіндегі психологиялық Қызмет іс-әрекеттерін ұйымдастыру аспектілері Аралас мектеп жағдайында білім беру ортасы арқылы оқу тәрбие үрдісіне қатысушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру |
![]() | Субъектінің оқу үрдісінде құзіреттілікті дамыту жағдайын біліктілік тұрғыдан ендіру басқармасы Азақ тілін оқытуда субъектілік қатынас жағдайындағы білім беру үрдісі субъектісінің коммуникативтік қҰзыреттілігін жетілдіру | ![]() | Оқу үрдісі субъектісінің құзіреттілігін дамыту Азақ тілі сабағында оқушылардың ОҚу-танымдық ҚҰзіреттіліктерін қалыптастыра отырып, танымдық белсенділіктерін арттыру |
![]() | Білім беру үрдісі субьектілердің біліктілігін дамыту Білім беру үрдісі субьектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру | ![]() | Зерттеу мақсаты Аралас мектеп жағдайында білім беру ортасы арқылы оқу тәрбие үрдісіне қатысушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру |
![]() | Тарих пәнін оқытуда сыни ойлау жобасы негізінде оқушының шығармашылығын дамыту арқылы қҰзыреттілігін қалыптастыру Мектептің білім беру ортасын білім беру үрдісі субъектілерінің даму жағдайы негізі ретінде қалыптастыру | ![]() | Зерттеу жүмысының өзектілігі Аралас мектеп жағдайында білім беру ортасы арқылы оқу тәрбие үрдісіне қатысушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру |