Оқу процесіндегі субъектілердің құзіреттілігін дамыту icon

Оқу процесіндегі субъектілердің құзіреттілігін дамыту



НазваниеОқу процесіндегі субъектілердің құзіреттілігін дамыту
Дата конвертации26.01.2013
Размер106.94 Kb.
ТипДокументы
источник

Оқу процесіндегі субъектілердің құзіреттілігін дамыту.

Тіл құзіреттілігін дамытудағы тіл мәдениетінің маңыздылығы.Тәжірибедегі кездескен мәселелер мен теориялық зерттеулер.


Токтасынова Камшат Жаныбековна

М.М. «№18 орта мектебі»

ҚАЗАҚ СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛ

МӘДЕНИЕТІН ДАМЫТУ


Тіл мәдениетіне тіл тазалығы, тіл дәлдігі, ойдың анықтығы, мазмұн тереңдігі, сөздерді дұрыс айту, дұрыс жазу нормалары, сөйлемдерді дұрыс құру, ойды дәл жеткізе білу шеберлігі, сөйлеу, тыңдау әдептілігі деген мәселелер жатады. Тіл мәдениеті саласында оқушылардың өзіндік пікірі, ойлы көзқарасы, ауызша және жазбаша түйіндеулері көбірек талап етіледі, сөйтіп «өзіндік менін» қалыптастыруға алғаш қадам жасалады.

Тіл мәдениеті оқушылардың тіл құзыреттілігін жүзеге асырудың амал-тәсілдерін көрсетеді. Тіл мәдениетіне тән нормалар оқушылардың таза, нақты, лайықты әдеби тілмен сөйлеуге, диалект сөздер мен дөрекі сөздерді қолданбауға, сөйлеген сөздері жатық, әсерлі, түсінікті болуын қадағалайды. Сонымен қатар олардың мәнерлеп оқуын, сондай-ақ өз ойларын логикалық тұрғыдан байланыстыра, жүйелі жазу дағдыларын қалыптастыруға тиіс.

Баланың айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы - оқушы ерекшелігінің негізгі факторларының бірі. Зерттеуші ғалымдар субъект әрекетінің ішкі қозғаушы күштері, яғни мотивтері оның қоғамдық қатынастары арқылы да қалыптасатынына айрықша назар аударады. Адамның адамдығы басқалармен қарым-қатынас жасай алуында: адамдар өзара қарым-қатынасқа түсетін жан иелері. Бұл сатыда «қарым-қатынас – баланың ішкі белсенділігінің қайнар көзі болып табылатындықтан, ішкілер әрқашанда сыртқылар арқылы әрекет етеді, сол арқылы өзі де өзгеріп отырады» (А. Маркова)[5]

Қазіргі кезде жеке тұлғаның сөйлеу мәдениетін қалыптастыру ғалымдар еңбектерінде үлкен орын алған. Оқу үрдісінде сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мәселесі Қ. Жарықбаев, Т.Жұмажанова, С.Дүйсебаев, Ә.Мамырова, З.Көпбаева, Ж.Адамбаева, Қ.Жүнісханова, Ф.Оразбаева, т.б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.

Тіл мәдениетіне барар жолдың бастауы-сөйлей білу. Тіл адамзаттың бір-бірімен пікірлесуін, түсінуін қамтамасыз ете келіп тілдік қарым-қатынасты іс жүзіне асырады.

Ойдың тілі – сөз. Біз сөз арқылы неше түрлі ойларымызды сыртқа білдіре аламыз. Сөзді қабылдау және оны ұғыну сана-сезіміміздің дамуына дыбыстың, тілдің пайда болуының маңызы зор болды.

Сөйлеу-адам санасының басты белгісі. Сөйлеу ежелден бері жеке адамның, қоғамның ой-санасын дамытып, жетілдіруге аса маңызды рөл атқарады. Сөз ойлы да, нәрлі болуы тиіс. Әйтпесе, көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыздың мәнді сөйлейтіндерді «Сөзі мірдің оғындай екен» деп дәріптейді.

Ал, Ж.Баласағұн[5] «Ақыл-ойдың көркі-тіл, тілдің көркі-сөз» деп тауып айтқан.

«Тіл-сөйлеу, сөйлесу, оқып-үйрену, жазу арқылы өседі. Бұл үшеуінің бірді-біріне көңіл аудармау ең үлкен қылмыс» дейді акдемик жазушы Ғ.Мүсірепов.

Тіл мәдениеті – сөз қоры мен синтаксистің байлығы, дыбысталуының көп түрлілігі мен икемділігінде.

Тәжірибе барысында оқушылардың сөйлеу тілінде мынадай ортақ кемшіліктер көп байқалады: біріншіден, балалар өз ойларын дұрыс жеткізе алмайды. Олар өзіне қажетті сөздерді дұрыс іріктеп, орынды қолдануға төселмегендіктен, бір сөзді бірнеше рет қайталайды. Қыстырма сөздерді, қажетсіз сөздерді жиі қолданады да сөз әсерлігі төмендейді. Екіншіден, ой жалғастығы жоқ. Жүйемен сөйлеу машықтары жетілмеген. Негізгі ойы мен қосалқы пікірлерін ажырату қиын. Үшіншіден, балалар сөйлегенде сөзін мәнерлі айтуға, тілдік жағдаятқа сай ырғақпен сөйлеуге мән бермейді. Қайткенде тез жауап беріп, құтылуға асығады. Сондықтан олардың сөздерінің эмоциялық әсері болмайды. Кейде сөйлемдерінің жігін ажырату да мүмкін болмайтын жағдайлар кездеседі. Ал сөйлемдерінің құрамы, тұлғасы нормадан ауытқып, бас-аяғы белгісіз болып кететін кездері де жоқ емес. Ауызекі сөйлеу тіліндегі мұндай кемшіліктер жазба тілінде де кездеседі. Сөйлем , азат жол, мәтіндердің ара жігін ажырата алмау мен олардың бір-бірімен сабақтастығына мән бермеудің салдарынан ой тұтастығының сақталмауы, әсіресе, шығармашылық бағыттағы жазба жұмыстарының деңгейінің төмендігін көрсетеді. Мұндай қателерді болдырмау үшін оқушыны сөз саптау шеберлігіне үйретудің алғы шарты ретінде тіл көркемдігінің, ой жүйелігінің қажеттігін сезінуіне көз жеткізудің амал-тәсілдерін тауып, орнықты ой түйіндеуге жетелеу керек. Бұл оқушының пәнге деген саналы қатынасына негізделген оқу мотивтерін ескере отырып оқытудың алғашқы сатысы болып есептеледі. Себебі мотивті қалыптастырмайынша, яғни оқуға, білімге деген баланың ішкі тілегі мен қозғаушы күшін оятпайынша, танымдық белсенділіктерін туғызбайынша, оның саналы әрекеті туралы сөз қозғау артық болар еді. Оқушының осы әлеуметтік қарым-қатынас дағдыларының өріс алуының бірінші шарты- жалпы қарым-қатынастың объективтік мәні қандай, коммуникативтік жағы нені көрсетеді деген ұғым қалыптастыру. Сондықтан сабақ барысында баланы тіл құзіреттілігі өзі үшін, адам тіршілігі үшін маңызы туралы мәселемен хабардар етуге бағытталған жұмыс түрлері ұйымдастырылады.

Ана тілінің қызметін түсіндіру мақсатында сөз адам болмысының айнасы, жалпы мәдениетінің өлшемі екендігімен бірлікте ұғындырылуы оқушының пәнге деген қатынасына да әсер етеді. Сондықтан тілдік мәліметтер жалаң грамматика түрінде берілмей, сөйлеу әрекетімен сабақтастырыла берілуі керек деген тұжырым жасалады.

Тілді меңгертуде сапалы білім мен машықтарды қалыптастыру оқушылардың өздік әрекеттері арқылы мол мүмкіндікке ие болады. Өздік әрекет оқушылардың әр бағыттағы шығармашылық жұмыстары нәтижесінде, проблемалық оқыту жүйесінде, танымдық белсенділігін арттырады, өз әрекетін бағалау дағдыларын қалыптастырады, сол арқылы оқу мотивтерін дамытып, өрістетуге тиімді алғы шарт жасайды.

Оқушылардың өзіндік жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру арқылы танымдық мотивтерін дамытуға ерекше мол мүмкіндік бар. Оның басты тетігі - оқушылардың есеюге ұмтылысы, өз бойындағы артықшылықтарды танытуға құштарлығы, беделді болуға талпынуы. Сондықтан оларға неғұрлым ерік беріп, жетістіктерін мадақтап отыру белсенділіктерін одан сайын арттырады.

Оқушылардың өздік жұмыстарын ұйымдастыруда мынандай тәсілдерді кең қолдана отырып білім беру тиімді болады.:

  • мәтіндермен тиянақты жұмыс жүргізу;

  • оқу материалындағы ортақ заңдылықтарды таба білу;

  • оқу, тыңдау мәдениетін меңгерту;

  • өзін-өзі бақылай білуге үйрету;

  • қосымша ақпараттарды жинату;

  • теориялық материалдарды практикада қолдана алуға баулу, т. б.

Профессор Р.Г. Лембергтің пікірінше, оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты:

а) оқушылардың істейтін жұмысының мақсатына айқын түсінуі;

ә) жұмыстың жемісті аяқталуына, оның алдағы нәтижесіне қызығуы;

б) жұмысты оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауы.

Оқушылардың қиялы жүйрік болады. Оларға бұл кезде өздік жұмыста

шағын шығарма, өзіндік ой-толғамдарын жаздыру да ұтымды. Бала танымының дұрыс бағыт алуы үшін оның көзқарасын, дүниетанымын зерделеу қажет. Оны ашық әңгіме үстінде де, белгілі бір тақырып төңірегінде өзара пікірлестіру түрінде де анықтауға болады. Ал сабақта әр түрлі тақырыпта ой-толғамдарын айтқызуға, жаздыруға болады. Мысалы: «Менің ойымша, шынайы дос....» деп, әрі қарай досының бойынан қандай қасиеттерді көргісі келетіндігін баяндату арқылы, біріншіден, баланың «дос» деген ұғымды қалай түсінетінін аңдасақ, екіншіден, осы ойларды оның өзі болмысын да тануға мүмкіндік береді. Үшіншіден, жақсы мен жаман қасиеттерді бағалауға үйренеді, төртіншіден, өзгеге талап қою арқылы өзіне де сын көзбен қарауға ұмтылады. Бесіншіден, әрине, мұндай жұмыс оқушыны ойлануға жетелейді. Ал ойлау сөйлеу тілі арқылы көрініс табады. Шығарма жазу арқылы оқушының тілі дамиды. Сол жұмысты орындатуға негізгі талап тақырып объектісін де қамту болғандықтан, грамматикалық мәселелер де игеріледі. Соңында мұндай жұмыстарды сыныптағы оқушылармен бірге талқылау олардың жақындасуына әкеледі.

Пәнді оқытуда адамның әлеуметтік рөлімен байланысты ана тілінің

қолдану аясының да өзгеріп отыратынын білдіру көзделеді. Мұнда тілдің құзыреттілігі адамның шынайы қажеттіктері – ойлауы мен қарым-қатынасына қызмет ететіні туралы ұғым беріледі. Сөздерді дұрыс қолдану қарым-қатынастың үш қырын – мағыналық, стильдік, жағдаяттық ерекшеліктерін білдірумен шектеледі. Адамдар арасындағы қарым-қатынас әркім өзінің әлеуметтік рөлін игергенде ғана дұрыс сипат алатынына тілдік жағдаяттың (ситуация) мынадай компоненттерін таныстыру арқылы көз жеткізіледі.

Оқушылардың тілге зейіндігін қалыптастыру мәселесі олардың өзара қарым-қатынасында тыңдау мәдениетін шыңдауға әкеледі. Себебі, балалар айналасындағылар өзін тыңдап отырғанын сезінгенде ғана пікір алысу қатынасына енеді. Оқушының қате айтылған сөзі не сөйлемдері мұғалімнің, сыныптағы басқа балалардың қатысуымен талқыланып, қайта құрғызылса, бұл да дұрыс сөйлеудің бір шарты бола алады, оқу мотивтерін туғызуға көмектеседі.

Балаларды әңгімелесе білуге үйрету қарым-қатынас фономенінің үш жағына да: ақпараттық, интерактивтік, перцевтивтік қырларына бірдей көңіл бөлінгенде ғана жүзеге асады. Себебі, тілдік қатынас – сөйлеу тілі арқылы ұғынысу, түсінісу дегенді нақтылай келіп, жай ғана қарым-қатынас дегеннен гөрі тамыры тереңге кеткен, өмірде өзіндік орны бар, қоғамдық әлеуметтік жиынтығы арқылы адамдардың бір-бірімен пікір алмасуы, адамдар қатынасының түп қазығы дегенді білдіреді. Осы бағытта мынандай жұмыс түрлерін қолдануға болады: ұжымдық жұмыс түрлері, пікір таластарын ұйымдастыру, диалог құрғызу, рөлдік ойындарды қолдану және т. б.

Сөйлеу әрекеті тек қарым-қатынас жүйесінде ерекше мәнге ие болады.

Себебі, тіл сөйлеу әрекеті арқылы танылып, іске асады, баланың ойлау дағдысын дамытады. Қарым-қатынастың мақсаты мен міндеттерін анықтайтын тілдің әлеуметтік, танымдық қызметтері іске асырылады.Тіл мәдениеті дегеннің өзі де ойды дәл, анық, әсерлі беруге септігін тигізетін барлық элементтердің жиынтығынан тұратын дұрыс жазу мен дұрыс айта білу дағдыларының нәтижесі болғандықтан, ол әрі күрделі, әрі айқын құбылыс.

Тіл мәдениетіне жетік болу тек көп сөз білу емес, сол сөздерді орынды жұмсай білу екенін, ол үшін сөз мағыналарын, мәндестік ерекшеліктерін, әдеби және әдеби емес қасиетін, еркін және тұрақты тіркес құрамына ену мүмкіншіліктерін жақсы білу керек. Сондықтан ауыз әдебиетінің үлгілерін барынша мол қамтып, оның ішінен, әсіресе, шешендік үрдісіміздің озық үлгілерін, ұлттық шығармашылық өнеріміздің бір үлгісі – айтыс-жырлар мен тоқсан ауыз сөзді түйіп айтар ой жүйріктігінің, көп ойды аз сөзге сыйғызар шеберлігінде екенін білдіре отырып, осы бағытта оқушылардың өз ойларын сөзбен жеткізер құрал – мақал-мәтелдерді жүйелі пайдаланып ортаға салуға, ой қорытуға жетелейтін жұмыстар көп болғаны дұрыс.

Мысалы, оқушыға достық, жолдастық туралы білетін мақалдарын айтқызу, не белгілі бір жазушы шығармасындағы осы мәселеге қатысты толғаныстарын мәнерлеп оқу, одан түсінгенін айтқызу жұмыстарынан кейін, осы тақырыпқа көркем тілмен шығарма жаздыру жалғастырылса, тіпті, соңында түйген ойларын бір-екі шумақ өлең немесе мақал түрінде түйіндеуге үйретілсе, нұр үстіне нұр болар еді.

Көркем сөз шебері Ғ. Мүсірепов[4] «Әдебиет – халықтың рухани байлығы»- деген. Сондықтан да қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің алдында тұрған міндет – тек өз пәнін біліп ғана қою емес, халықтың рухани байлығын келесі ұрпаққа жеткізетін тұлғаны тәрбиелеу.

Мен өз сабағымда Қ.О.Бітібаеваның[8] «Қисынды жобалау технологиясын» қолдана бастадым. Сабақ барысында оқушыларды жатық сөйлей білуге, ойындағысын еркін жаза білуге жаттықтырып, сөздік қорын молайта түсу, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру жалғастырылып отырылады. Бұл ретте оқушының тікелей белсенділігінің болуы аса маңызды. Сондықтан сабақ барысында алға қойылған негізгі мақсат: оқушылардың ауызекі сөйлеу қабілетін ұштай отырып, ойлай білуге, өзара сөйлей білуге дағдыландыру. Көрген-білген нәрсесін әңгімелеп айта білу.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Абдрасилова А. Тіл құзыреттілігін дамыту//Қазақ тілі мен әдебиеті. 2006.№3. 23-24б.

  2. Айғабылов А. Лексиканы оқыту. Қазақ тілін оқыту методикасы/А.1988.116-117б.

  3. Байсалбаева М. Әдебиет пәнін оқыту// Қазақ тілі мен әдебиеті2007.№3

  4. Байтөреева Б. Сөйлеу мәдениеті // Қазақ тілі мен әдебиеті 2008.№12

  5. Қосымова Г.,Дәулетбекова Ж. Қазақ тілі оқыту әдістемесі/ А.2005 87-108б.

  6. Құрманбай Г., Жұматаева Е./ Әдебиет оқыту әдістемесі. 2005. 56-61б.

  7. Сыздықова Р. Тіл табиғатын таза сақтайық десек //Қазақстан мектебі.№5.1993. 8-9б.

  8. Хасан І. Қисынды жобалау технологиясы //Қазақ тілі мен әдебиеті 1998.№11-12 31-33б.

  9. Уалиев Н. Сөз мәдениеті/ 1984. 70б.



Менің әдістемелік тақырыбым: Оқушылардың тіл мәдениетін дамыту.

Алға қойған мақсаттарым:

1.Әдіс-тәсілдерді үйрену

2. Тәжірибеге енгізу.

3. Тәжірибені мұғалімдермен бөлісу.


Ең алдымен, ерекше орын алатын тілдік қатынастың негізгі мазмұны, мәні, мағынасы болып табылатын хабарды іс жүзінде асырушылар – хабарға тікелей қатысушылар. Олар мынандай құрамнан тұрады:

  1. Белгілі бір ақпаратты хабарлайтын – Баяншы.

  2. Ақпаратты жеткізетін – Тұлғалар

  3. Ақпаратты не деректі – Қабылдаушы.

Тілдік қатынас жүзеге асу үшін Баяншыдан шыққан сөз Хабар

Тұлғалар арқылы Қабылдаушыға келіп, одан ары қарай қайтадан байланысқа түсіп, тілдік айналымда жұмсалады.

Тілді зерттеуші ғалымдар тілдік қатынас құбылысына байланысты үш кезеңді атап өтеді, олар мыналар:

  1. Хабардың дұрыс айтылуы, шығуы. Мұнда синтаксистік заңдылықтар, яғни грамматикалық бірліктердің айтылуы, дыбысталуы ерекше көзге түседі.

  2. Айтылуға тиісті мағынаның дұрыс жетілуі, айтылар ой мен айтылған тілдік құралдың тепе-теңдігі. Мұнда семантикалық заңдылықтар басым рөл атқарады.

  3. Әңгімелесуші – екінші адамның хабарды дұрыс қабылдауы.

Хабардың пайда болуы.

Хабардың сыртқа шығуы.

Хабардың жеткізілуі.

Хабардың қабылдануы.

Хабардың жауабы.

Лингвистикалық, әдістемелік әдебиеттердің көпшілігінде сөйлесім әрекетін төрт түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған. Олар:

  1. Сөйлесу

  2. Оқу

  3. Жазу

  4. Түсіну.

Бұл ғылыми ұғымдарды қазақша бірыңғай оқылым, жазылым, тыңдалым,

айтылым, тілдесім деп атауды жөн деп санайды.

Сөйлесім әрекеттері:

Оқылым бойынша: берілген материалдағы әрбір тілдік қатысымдық тұлғалардың мағынасын біле отырып, оны тілдік қарым-қатынасқа кеңінен пайдалана білу мүмкіндігіне ерекше мән береді.

Жазылым бойынша: оқушының айтар ойын басынан аяғына дейін толық жаза білуі; көзқарасын, пікірін қағазға түсіріп жеткізуі, суреттерді, заттарды, кейбір іс-әрекеттерді бейнелеп жазып, қысқаша әңгімелеп бере білуі; естігенін не оқығанын қысқаша жаза білу қажеттілігі ескеріледі.

Тыңдалым бойынша: есту арқылы қабылдау және ұғу; мағыналы,маңызды хабарды ұғып алып, қажетке жарата білуі көзделеді.

Айтылым бойынша: оқушының сөйлей білуі, айтар ойын жеткізе білуі; екінші адаммен түсінісе білуі; ойын ауызша жеткізіп қана қоймай, оған жауап ала білу мақсаты қойылады.

Тілдесім бойынша: өзара пікірлесудің нәтижесінде бірінің ойын бірі ауызша да, жазбаша да түсіну және оған жауап қайтара білу; тілдесім арқылы бір-бірінің сезімін, көңіл-күйін бөлісе алуы тиіс.



Похожие:

Оқу процесіндегі субъектілердің құзіреттілігін дамыту iconОқу үрдісі субъектісінің құзіреттілігін дамыту
Азақ тілі сабағында оқушылардың ОҚу-танымдық ҚҰзіреттіліктерін қалыптастыра отырып, танымдық белсенділіктерін арттыру
Оқу процесіндегі субъектілердің құзіреттілігін дамыту iconОқу үрдісі субьектісінің танымдық құзіреттілігін дамыту. Оразбаева Арайлым Мауткалиевна
Азақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың танымдық ҚҰзіреттіліктерін дамыту
Оқу процесіндегі субъектілердің құзіреттілігін дамыту iconОқу үрдісінде мұғалім мен оқушының құзырлылығы мен құзіреттілігін қалыптастыру
Азақ тілі мен әдебиеті пәнінде оқушылардың коммуникативтік қҰзіреттілігін арттыру
Оқу процесіндегі субъектілердің құзіреттілігін дамыту iconОқу үрдісіндегі субъектілердің құзыреттілігін дамыту
Оқушылардың тұлға ретінде қалыптастырудағы бағалы-нақты құзіреттіліктін ролі. Бастауыш сыныптарда құзыреттілік көзқарасты жүзіге...
Оқу процесіндегі субъектілердің құзіреттілігін дамыту iconҚұзыретті тұлға қалыптастыру жолдары Білім беру үрдісінде субъектілердің құзыреттілігін дамыту
Зыретті тұЛҒА Қалыптастыруда оқушылардың жеке бес ерекшеліктерін ескере отырып, ОҚу-ойлау қабілеттерін жетілдіру
Оқу процесіндегі субъектілердің құзіреттілігін дамыту iconОқыту процесінде субъектілердің компетенциясын дамыту
Субъектілердің оқыту процесінде дамуына мектепте білім алатындай орта қалыптастыру
Оқу процесіндегі субъектілердің құзіреттілігін дамыту iconБілім беру субъектілерінің коммуникативтік қабілеттіліктерін дамыту шарты ретінде қҰзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыру
Коммуникативті қабілетті дамыту жеке тұлға құзіреттілігін арттыруға ықпал етеді
Оқу процесіндегі субъектілердің құзіреттілігін дамыту iconБілім беру субъектілерінің коммуникативтік қабілеттіліктерін дамыту шарты ретінде қҰзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыру мақсаты
Коммуникативті қабілетті дамыту жеке тұлға құзіреттілігін арттыруға ықпал етеді
Оқу процесіндегі субъектілердің құзіреттілігін дамыту iconБілім беру субъектілерінің тілдік дайындықтарында коммуникативтік қабілеттерін дамыту шарты ретінде коммуникативтік қҰзіреттіліктерін жүзеге асыру мақсаты
Коммуникативті қабілетті дамыту жеке тұлға құзіреттілігін арттыруға ықпал етеді
Оқу процесіндегі субъектілердің құзіреттілігін дамыту iconАхметова М. Д
Педагогикалық технология оқушылардың оқу процесіндегі белсенділігін арттыруға, шығармашылықпен жұмыс жасауға, күтілетін түпкі нәтижеге...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы