Оқу үрдісі субъектісінің құзіреттілігін дамыту icon

Оқу үрдісі субъектісінің құзіреттілігін дамыту



НазваниеОқу үрдісі субъектісінің құзіреттілігін дамыту
Дата конвертации26.01.2013
Размер78.64 Kb.
ТипДокументы
источник

Оқу үрдісі субъектісінің құзіреттілігін дамыту

Мектептің білім беру ортасын қалыптастыру, оқу үрдісі субъектісінің даму жағдайы

Қасымқанова З.Н.

«№ 32 орта мектебі» Мемлекеттік мекемесі

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ОҚУ-ТАНЫМДЫҚ ҚҰЗІРЕТТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРА ОТЫРЫП, ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТЕРІН АРТТЫРУ


Білім сапасын арттыру, бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Осы мәселені шешу- білім беру мазмұнын жаңашаландырумен, оқу үрдісін ұйымдастыру технологиясы мен әдістерін жетілдіру. Сондай-ақ, білім беру мақсаты мен нәтижесіне ерекше мән берумен тығыз байланысты.

Орта білім беру жүйесіндегі жаңа тың өзгерістер 2005-2010 жылдарға арналған білім беру дамуының Мемлекеттік бағдарламасын негізге алады.

Бүгінгі күні білім беру саласына «құзіреттілік», «құзырлық» сөздері кеңінен енуде. Осы жағдай, бұл мәселе бойынша кең және қызығушылықпен пікір таластыруға жетелей отырып, ең басты «құзіреттілік», «құзырлық» ұйымдарының негізгі мағынасын түсінуді, анықтауды қажет етеді. Competent сөзі французша «копонетті» заңға сай, латынша «сай болу», «қабілеті», «талап қою», «жарамды», ағылшынша «қабілетті» деген мағынаны білдіреді.

Ал, психологиялық сөздіктерде «компоненттілік», «құзіреттілік – жеке тұлғаның қоршаған ортадағы адамдармен тиімді қарым-қатынас жасай алу қабілеттері» делінген.

Сонымен, құзіреттілік деп оқушының алған білімі мен дағдыларын тәжірибеде, күнделікті өмірде қандай да бір практикалық және теориялық проблемаларды шешу үшін қолдана алу қабілетін айтады. Демек, құзіреттілік ұғымы «білім, біліктілік, дағды» сияқты ұғымдармен қатар, оқушылардың шығармашылық іс-әрекеттері мен құндылық бағдарларының жүйесінде көрінеді.

Жалпы орта білім беру жүйесіндегі өзгерістер, оқу мерзімі 12 жылдық «нәтижеге бағыттал-ған» мектеп моделін енгізу оқытудың мақсатын, мазмұнын, әдістері мен формасын, сондай-ақ сәйкес құралдар жүйесін, яғни оқытудың жаңа әдістемелік жүйесін жасап, практикаға енгізуді талап етеді. Басты мақсат – қоғамның ақпараттану, жаһандану кезеңінде қажет ақпаратты алып, шапшаң өңдеп, пайдалана білетін, бәсекеге қабілетті, өзіндік танымдық әрекет ете алатын жан- жақты дамыған жеке тұлғаны тәрбиелеу.

Танымдық әрекет – шәкірттің ізденіп, білім алуына бағытталған белсенді ақыл-ой қызметі. Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігі оның жеке бас ерекшелігіне ғана қатысты емес, сонымен қатар мұғалімнің теориялық сауаттылығы мен шеберлігіне байланысты. Мектеп оқушыларының оқу-танымдық іс-әрекеттерін жетілдіру проблемасына көптеген педагогтардың, психологтардың еңбектері арналған. Психологтардың зерттеулеріне қарағанда, оқу-танымдық құзіреттіліктің қалыптасуы әлеуметтік ортамен және жеке тұлғаның танымдық қажеттілігін оятуға ынталандыратын оқу және тәрбие үрдісі, сондай-ақ оның жеке басының белсенділігімен, ұжымдық іс-әрекет рөлімен, оның ұстаған мақсат – мүддесімен үндесе жүретін күрделі үрдіс.

Профессор Ж.Қараев танымдық белсенділікке мынандай анықтама берген. Танымдық іс-әрекет белсенділігі деп, мотивациялық – тұлғалық, мазмұндық-амалдық және процессуалды-жігерлік бөліктерінен тұратын тұлғаның интегралдық құрылымын, сипаттамасын айтамыз.


1-сызба




Оқушының оқу-танымдық іс-әрекеттерін, құзыреттілігін қалыптастыру үшін әр оқушының өзіндік қабілетін, танымдық үрдісін білу қажет. Оның ішінде есте сақтау, зейін, ойлау және т.б. танымдық үрдістерінің даму деңгейлерін мектеп психологының көмегімен анықтап алынды. Мысалы, 5 «А» сыныбындағы бірінші топ оқушыларында есте сақтаудың көріп қайталау ерқылы еске сақтау түрі орташа көрсеткіш берді. Сондықтан, осы сыныптың оқушылдарының оқу-танымдық құзыреттіліктерін қалыптастыра отырып, танымдық іс-әрекет белсенділіктерін арттыру үшін, көрнекі құралдар, техникалық құралдарды жиі пайдалану қажет. Әр оқушының жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып танымдық жұмыс түрлері іріктеп алынды. Ал, таным дегеніміз не? Таным – бір-бірінен ажырамас, тығыз байланыстағы екі компоненттің қатынасын көрсететін күрделі үрдіс.

Бірінші компонентке баланың қабылдаған мәліметтері, қоршаған ортадағы болып жатқан құбылыстар және әлі де алынатын, талданатын, қорытындыланатын ақпараттар жатады.

Яғни:

  • Баланы не қызықтырады, ол қоршаған ортадан нені танығысы келеді;

  • Бала ақпаратты қалай алады: таным түрлері (ойлау, есту, көру т.б.) құралдары туралы айтылады.

  • Бала ақпаратты қалай қорытады: жас ерекшелігіне байланысты жүйелеу, жинақтау, реттеу, ұмыту және т.б.

Екінші компонент – адамның ақпаратты қатынасы.

Мұнда оқушыда кез-келген ақпаратты алғаннан кейін немесе мәтінді алғаннан кейін сол мәліметке қатысты өзіндік көзқарас туындайды. Яғни, адамның ішкі жан дүниесінде сезімдік, эмоционалдық із қалдырады, сол себепті мұғалім берілетін ақпараттарға жағымды қатынас туындатып, білімнің негізін қалайды. Мұғалім оқушының оқу-танымдық құзыреттілігін қалыптастыру үшін, танымдық үрдіс (ойлау, есту, зейін, қиял) деңгейлерін анықтауы қажет. Оқу –танымдық құзыреттіліктерін мұғалімнің шеберлігіне байланысты төрт деңгейде қалыптастыруға болады.

1-деңгей Қарапайым өзіндік жұмыстар.

Білім алушы қарапайым тапсырмаларды мұғалім берген үлгісіне қарап орындауға дағдыланады. II деңгей – жылжымалы (вариативті) өзіндік таным

Оқушы мәліметтерді өз бетінше талдап, жинақтайды. Жинақталған анықтамалардың тиімділігін іріктеп, салыстырмалы түрде қорытынды жасайды. Кездескен қиындықтардан шығу жолын іздейді. III деңгей - өзіндік ізденушілік әрекет. Оқушы анықтамаларды салыстырып қана қоймай, өз бетінше мүмкін болатын жауаптарды іздестіреді, яғни зерттеу мәдениеті қалыптасады.

IV деңгей – тұлғалық өзіндік таным. Оқушы жеке тұлғалық қажеттілігі мен қызығушылығын өтеу үшін өзіндік таным әрекетіне көшеді. Мұғалім бағыт-бағдар беруші болып есептеледі.

Жалпы оқу-танымдық құзіреттілік – бұл жеке басына маңызы бар және әлеуметті қажетті танымдық мәселелерді шешудегі оқушының өзі басқара алатын, сол мәселені шешу барысында оқушы белгілі бір білім, білік дағдыларға ие болу. Оқушы оқу-танымдық іс-әрекеттің субъектісі болады, себебі оқушы үшін бұл іс-әрекет маңызды, оның қажеттілігін және әлеуметтік маңызды танымдық мәселелерін шешеді. Қазақ тілін өзге ұлтқа оқытудың сапасын арттыру мұғалімнің оқыту әдісін ұтымды таңдауына байланысты. Мақсаттар жүйесі жеке тұлғаны психомоторлы, танымдық, ойлау, эмоциялық, қатысымдық әрекеттерге дайындауға және оны жүзеге асыруға, сондай-ақ өзін-өзі тануға бағытталған.

Қазақ тілі сабағында оқушының оқу-танымдық құзіреттілігін қалыптастыру үшін, ең алдымен қазақ тіліне деген қызығушылығын артырудың жолдарын іздестіруіміз керек. Сондықтан, тіл үйренушілердің тілге қызығушылығын, олардың ойлау, еске сақтау қабілеттерін дамыту негізіне бағытталған, яғни оқу-танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыруда қазақ тілінде жаттығулар жиынтығын дұрыс пайдалану маңызды рөл атқармақ. Жаттығулар тапсырмасы бірнеше топқа бөлінеді: фонетикалық, грамматикалық, лексикалық, сөйлеу алды, сөйлеуге арналған, оқуға арналған.

Сөйлеу дағдысын дамытушы жаттығуларды құрастыруда оқушының жас ерекшеліктері ескеріледі.

Лексикалық материалды еске сақтауға арналған тәсілдің бірінен мысал келтірейін:

  • сөздерді мағынасына қарай топтастыру (классификация)

(классификация) жүйелеу – дегеніміз ойлау операциясы; ол заттардың сипаты мен сынына қарай топтастыру. Алдымен сөздерді тақырыпқа сай бөлеміз, тапсырма әрине оңайдан қиынға қарай жүйеленеді. Соның бірі оқушылардың сөздерді тақырыпқа сай топтастыру:

  1. Мына сөздерден кейін тағы қандай сөздер жазасың? Топтастыруға арналған барлық сөздер беріледі:

Әке, шеше, ... (5-ші сынып тақырып «Менің отбасым»)

  1. Мысалы: «Менің мектебім» тақырыбына байланысты зат есімдер мен етістіктерді атаңыз.

Үлгі: Менің мектебім

Зат есім: Етістік:

1. Кезекші Сүрту

2. Мұғалім Түсіндіру

Үстеу

Сөздерді тиісті орнына қойыңыз.

Кеше, жоғары, тез, жазбаша, жақсы

Мезгіл үстеу:

Мекен үстеу:

Қимыл-сын үстеу:

Тіл үйрену процесіндегі оқушының оқу-танымдық құзіреттіліктерін қалыптастыруда ойлау дағдысын дамытудың маңызы зор. Ойлау дағдысын дамытуға салыстырмалы тәсілді қолданамын.

Мысалы: 5-ші сыныпта «Көктем» тақырыбын өткенде, оқушыларға екі түрлі сурет беремін. Олардан салынған заттардың аттары белгілі болуы керек. Екі суретте де бірдей бағы бар сурет салынған, бірақ жыл мезгілі әр түрлі: бірінде - көктем, екіншісінде - күз мезгілі. Оқушы екі суретті салыстыра отырып, бірінде – көктем мезгілі, екіншісінде – күз мезгілі екендігін дәлелдейді: «Мына суретте шөп жасыл, ал мынада сары, мынада жапырақтар жасыл, ал мына суретте сары, қызыл; аспан көкшіл, ал мында сұрғылт»

Қазақ тілі сабағында оқушының оқу-танымдық құзіреттілігін қалыптастыру – көптеген ізденістерді, жаңа оқыту технологияларын қолдануды керек етеді. Мен өз сабақтарымда М. Жанпеисованың «Модульдік оқыту технологиясын» қолданып жүрмін.

Бұл оқыту технологиясының ерекшелігі тұлғаның танымдық қабілеттерін дамытуға, сондай-ақ тұлғаның шығармашылығын арттыруға, дарынды балалармен жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік береді.

Тіл үйренуде ұтымды әдістердің бірі – деңгейлік тапсырмалар беру. Деңгейлік әдістің маңыздысы – оқушының шығармашылықпен белсенді жұмыс істеуін дамытады, әр оқушыны өздігінен үйренуге баулиды, өткен грамматикалық, лексикалық тақырыптарды жүйелі игеруге дағдыландырады, ой еңбегімен айналысуға жетелейді, яғни оқу-танымдық құзіреттілігі қалыптасады. Қазақ тілі сабағында белгілі бір модульдік тақырып бойынша сұхбаттасу бөлімінде мәтінмен оқушылар әр түрлі деңгейлік тапсырмалар орындау арқылы танысады.

Мысал: Мәтіннің тақырыбын оқып шығып, оны оймен байланыстырыңыз. (2 топ)

1-ші топ оқушылары тақырыпты сурет арқылы оймен байланыстырып көрсетсе, ал 2-ші топ оқушылары тақырыпты сөз тіркестері айтылымдар арқылы оймен байланыстырып көрсетеді.

Немесе, 1-ші топ мәтіннен таныс сөздердің, сонымен бірге мағынасын оңай түсінуге болатын сөздердің астын сызып, және оларға сүйене отырып, мәтін мазмұнын болжап біліңіздер деген тапсырма беруге болады.

Оқушының оқу-танымдық құзіреттілігін қалыптастыруда мәтінді зерттей оқудың маңызы зор. Зерттей оқу кезінде оқушыларға келесідей жаттығулар беремін:

  • Мәтіннен өзіңізге маңызды, жаңа деп табылатын ақпаратты көшіріп жазыңыз;

  • Мәтінді мағыналық бөліктерге бөліп, оларға тақырып қойыңыз;

  • Мәтіннің мазмұнына байланысты бір-біріңізге сұрақтар қойыңыз;

  • Мәтіннің мазмұнына және мәселесіне қатысты сурет салыңыз;

  • Мәтіннен алынған келесі сөйлемді түсіндіріңіз;

  • Мәтінге басқа қандай тақырып берер едіңіз?

Шығармашылық тапсырмалар оқушылардың сөйлеу дағдысын ғана қалыптастырмайды, ол оқушыларды ойлауға, өз пікірін айтуға, өз талғамын қорғауға үйретеді, яғни оқушының оқу-танымдық құзіреттілігін қалыптастыруға, танымдық белсенділіктерінің артуына мүмкіндік береді.

Танымдық қызығушылығының белсенді дамуы нәтижесінде, өзін-өзі келешекте де дамыта алатын, қазіргі жағдайға бейімделген жеке тұлға қалыптасады. Демек, қазіргі жас шәкірттеріміз - еліміздің болашағының тұтқасын ұстайтын азаматтар.

Қорыта айтсақ, өнегелі ұстаздың ең басты қасиеті оқушының жеке тұлға ретінде жан-жақты дамыған, адамзатқа қызмет етуге даяр абыройлы дәрежеге жеткізу.


^ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

  1. Есипович К.Б. Управление познавательной деятельности учащихся при изучении иностранных языков в средней школе. –М: Просвещение, 1988.- с191

  2. Ерназарова З.Ш. Қазақ тілін оқытудың төрт деңгейлік бағдарламасы. Қазақ тілі: Әдістеме. Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал №4 2007ж - 2 бет.

  3. Воровщиков С.Г. Учебно-познавательная компетентность школьников. Завуч. Управление современной школой №6 2007г. - с 81

  4. Г.Әтежанова Психологиялық-педагогикалық құзырлықты қалыптастырудағы жаңа формация мұғалімінің рөлі. Қазақ тілі, №4 2008.- 6-бет

  5. Н.Бақзыбекова. Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру. Қазақ тілі, №4 2007ж.-16-бет



Похожие:

Оқу үрдісі субъектісінің құзіреттілігін дамыту iconОқу үрдісі субьектісінің танымдық құзіреттілігін дамыту. Оразбаева Арайлым Мауткалиевна
Азақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың танымдық ҚҰзіреттіліктерін дамыту
Оқу үрдісі субъектісінің құзіреттілігін дамыту iconСубъектінің оқу үрдісінде құзіреттілікті дамыту жағдайын біліктілік тұрғыдан ендіру басқармасы
Азақ тілін оқытуда субъектілік қатынас жағдайындағы білім беру үрдісі субъектісінің коммуникативтік қҰзыреттілігін жетілдіру
Оқу үрдісі субъектісінің құзіреттілігін дамыту iconОқу процесіндегі субъектілердің құзіреттілігін дамыту
Тіл құзіреттілігін дамытудағы тіл мәдениетінің маңыздылығы. Тәжірибедегі кездескен мәселелер мен теориялық зерттеулер
Оқу үрдісі субъектісінің құзіреттілігін дамыту iconБілім үрдісі субъектісінің құзырлылығын қалыптастыру. Рамазанов З.Қ. Мм «№2 кешкі мектеп» рефлексивтік негіздегі оқУ Қызметін ұйымдастыру
Білім беруді ізгілендіру- білім мазмұнын, оқытудың түрі мен әдістерінің мазмұнын өзгертуді туғызады
Оқу үрдісі субъектісінің құзіреттілігін дамыту iconОқу үрдісінде мұғалім мен оқушының құзырлылығы мен құзіреттілігін қалыптастыру
Азақ тілі мен әдебиеті пәнінде оқушылардың коммуникативтік қҰзіреттілігін арттыру
Оқу үрдісі субъектісінің құзіреттілігін дамыту iconЗерттеу нысаны: 9 «Б» сыныбының оқу – тәрбие үрдісі. Зерттеу пәні
Оқушыны өзін-өзі дамыту дағдыларын қалыптастырудың субъектіні жетілдірудегі ролі
Оқу үрдісі субъектісінің құзіреттілігін дамыту iconБілім беру үрдісі субьектілерінің біліктілігін дамыту Гарифуллина Гульмира Мубаракқызы
Білім беру саласындағы оқу тәрбие үдерісінің сапасын көтеруде психологиялық тренингтің Әсері
Оқу үрдісі субъектісінің құзіреттілігін дамыту iconБілім беру субъектілерінің коммуникативтік қабілеттіліктерін дамыту шарты ретінде қҰзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыру
Коммуникативті қабілетті дамыту жеке тұлға құзіреттілігін арттыруға ықпал етеді
Оқу үрдісі субъектісінің құзіреттілігін дамыту iconБілім беру субъектілерінің коммуникативтік қабілеттіліктерін дамыту шарты ретінде қҰзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыру мақсаты
Коммуникативті қабілетті дамыту жеке тұлға құзіреттілігін арттыруға ықпал етеді
Оқу үрдісі субъектісінің құзіреттілігін дамыту iconБілім беру субъектілерінің тілдік дайындықтарында коммуникативтік қабілеттерін дамыту шарты ретінде коммуникативтік қҰзіреттіліктерін жүзеге асыру мақсаты
Коммуникативті қабілетті дамыту жеке тұлға құзіреттілігін арттыруға ықпал етеді
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы