Білім беру үрдісіндегі оқушы құзыреттілігін дамыту қазіргі заман мектебінің оқу сапасын қалыптастырудағы алғы шарты icon

Білім беру үрдісіндегі оқушы құзыреттілігін дамыту қазіргі заман мектебінің оқу сапасын қалыптастырудағы алғы шарты



НазваниеБілім беру үрдісіндегі оқушы құзыреттілігін дамыту қазіргі заман мектебінің оқу сапасын қалыптастырудағы алғы шарты
Дата конвертации26.01.2013
Размер53.21 Kb.
ТипДокументы
источник

Білім беру үрдісіндегі оқушы құзыреттілігін дамыту қазіргі заман мектебінің оқу сапасын қалыптастырудағы алғы шарты


Шаймарданова Г.С.

«№45 бейімделген орта мектеп» мемлекеттік мекеме


ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ СЫНЫПТАН ТЫС ЖҰМЫСТЫҢ РОЛІ


Адамзат өркениетінің ұлы жемісі өз ұрпағына бүкіл дүниедегі барлық жақсылық атаулыны тілей отырып, көзі ашық, көкірегі ояу, санасы биік толыққанды азамат болыптәрбиеленіп шығуында көрінеді. Қай ел болмасын өз қоғамындағы жас ұрпақтың жан-жақты жетілген, ақыл-парасаты кемелденген, ойлау өрісі ғаламдық талаптарға сай мәдениетті, білімді, еңбекқор, бәсекеге қабілетті азамат ретінде қалыптасуын басты негіз деп санайды.[2].

Қосымша білім беру- азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажеттерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатымен барлық деңгейдегі қосымша білім беру бағдарламаларының негізінде жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту үдерісі.[ҚР Білім туралы Заңы]


Толыққанды жеке тұлға дайындау жүйесінде сыныптан тыс жұмыстың маңызы зор. Сабақтан тыс жұмыс баланың ақыл-ой деңгейінің дамуына, шығармашылықпен еңбектенуіне, мүдделерін қанағаттандыруға қажетті жағдайлар жасайды. [5]. Тарих пәні бойынша сыныптан тыс жұмыстардың алдына кешенді міндеттер қойылады. Ол міндеттер ең алдымен оқушылардың сабақта алған білімдерін тереңдету және кеңейту, соның негізінде олардың пәнге деген қызығушылықтарын оятып, таным процесін қызықты етіп ұйымдастыру. Мынадай екі бағытты қамтиды: сабақ барысында игерген тарихи білімдерді кеңейту және тереңдету; өлке тану материалдарын оқып үйрену. Сыныптан тыс жұмыста менің байқағаным жеке тұлғаның азаматтық,еңбексүйгіштік, тапсырылған іске жауапкершілікпен қарау, өзара көмек, тәртіптілік сияқты құзырлылық қасиеттері жақсы қалыптасады. Сабақтан тыс жұмыс кезінде оқушыларымның кітаппен, анықтамалық әдебиетпен жұмыс істеу, кітапқа, рефератқа сын-пікір жазу,реферат жазу, дерек көздерінен жинақтаған материалды қорыту, көпшіліктің алдында хабарлама, баяндама жасау дағдылары қалыптаса бастады.

Бұл кезде білім беру, тәрбиелеу, дамыту мақсаттары да шешімін табады,үш түрлі мақсат та жүзеге асады. Олар:

-үйрету;

- шығармашылық өсулеріне жағдай жасау;

- өз мүмкіндіктерін дұрыс пайдалануына көмектесу.

Мектепте құрған «Зерде» атты тарихи-танымдық клубына 7-9 сынып оқушыларын тарттым. Бұнда біріншіден еріктілік принципі сақталды, екіншіден тарих пәніне қызығушылық танытушы, қабілеті мен дербес бейімділігі, танымдық бастамашылығы мен дербестігі басшылыққа алынды.

Клуб жұмысының мазмұнын оқушылар өздері таңдады.Бұл жерде мен оқушылардың психологиялық және жас ерекшеліктерін есепке алдым.

Мысалы әр клуб мүшесіне жыл басында жас ерекшелігіне сәйкес ғылыми жоба қорғауға тақырыптар таңдатылды. Жоба талаптарымен таныстырылып, олар қазіргі күні жұмыс жасап жатыр.Зерттеу жұмыстарының элементтерін мұражай, мұрағат,кітапхана, интернет желілерін қолдану барысында оқушылардың ақыл-ой,практикалық дағдылары қалыптаса бастады.

Өмірмен байланыс тығыз іске асады. Себебі зерттеу жұмыстарын жүргізу барысында тақырыбына байланысты кездесу, саяхат сияқты оқушы құзырлылығын қалыптастыратын тиімді жағдайлар болады. Мысалы: «Шығыс Қазақстандық тұңғыш ұшқыш» деген тақырыпты зерттеп жатқан 7,9 сыныпта оқитын ағайынды Айдаровалардың ол адамның туыстарымен кездесіп, бұрын осы адам туралы қалам сызған журналистпен кездездесуі олардың белсенділігін арттырды.

Сыныптық және сыныптан тыс жұмыстардың табиғи тұтастығы олардың екеуінің де бір міндетті шешуге мүдделілігінен туындайды. Сабақтан тыс кезде тарихи деректерді оқып-үйрену оқушылардың білімін байытып, олардың көзқарасын қалыптастырып, сабақ мазмұнын жан-жақты әрі кең түрде игеруіне көмектескеніне көзім жетті.Олар тіпті небір қызықты қосымша материалдарды тауып келіп сыныптастарына айтқан кезде, оқуға қызығушылығы төмен оқушылардың өзі көңіл қоя ықылас білдірді.

Тағы бір айта кететін жайт, ол, кез-келген тарихи оқиғаға сын көзбен талдау жасап, келешекті бағдарлайтын, пәннің ғылыми тілін жетік меңгеруіне пән тілін мінсіз қолдана білуге де қол жеткізіп келемін.

Өз ата-тегінің шежіресін зерттеуге жеке дәптер бастап, бәйтерегін салғанда оқушылардың фантазиялық шығармашылығының шексіз екндігін байқадым. Жеті атадан тарайтын туысын жақын тартқанды қойып,өз бауырынан безінген безбүйректердің іс-әрекетіне жиренішпен қарауға, оедайларға әсер етебілуге үйренеді.

Шығармашылық пен ұжымшылдыққа дағдылануда биылғы жылғы желтоқсан айында өткізген «Еркіндік –ежелден ел тілегі» - атты тарих апталығының жұмысын алуға болады.

Апталықтың жоспарын құрудан бастап ,жүргізілуіне дейінгі аралықта клуб мүшелерінің іздену жұмыстарының нәтижесі деуге болады. Желтоқсан құрбандарына арналған даңқ аллеясының тұрғызылуының өзі(жасанды шыршалардан) оқушыларды патриоттық тәрбие мен өз ұлтын сүюге жігерлендірді.

Сыныптан тыс жұмыстардың мазмұны тәрбиенің бағыттарымен тығыз байланысты. Әр бағыттың мақсатына сәйкес сыныптан тыс жұмыстыңмазмұны да таңдалады.Мысалы, адамгершілік тәрбие беру бағытында тарихи тұлғалардың өмірі мен қызметін оқып-үйренуге көңіл бөлінсе, дүниеге ғылыми көзқарас қалыптастыруда қоғамның саяси-экономикалық даму заңдылықтарын игеруге көмектесетін тәсілдерді қолданамын.

Сыныптан тыс жұмыстың мазмұны мен түрлері өзара тығыз байланыста болғанымен олардың ішкі үйлесімділігін ескере отырып жұптаған орынды. Тарихи кеш, даталы күндерге тарихи қабырға газетін шығару, тарихи интеллектуалдық сайыс міне осылардың барлығы оқушы құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері.

Саяси ақпарат алмасу бойынша оқушылардың қазіргі заманғы саясатқа деген қызығушылығы оянып, саяси ақпараттар ағымынан қорытынды жасай алу дағдылары қалыптасып, сол арқылы көпшіліктің алдында сөйлеуге дағдыланды. Елбасының биылғы жылғы халыққа «Дағдарыстан дамуға» атты Жолдауын оқытып үйренуде клуб мүшелері жоғарыда алған білімдері мен дағдыларын іске асыра білді.

«ХХІ ғасыр көшбасшысы», «Азамат» бағдарламаларының бағыты мен бірнеше тақырыпта шаралар өткізілді.

Қазіргі күні оқушылар кітап оқығаннан көрі теледидар, компьютер алдында отырғанды жақсы көреді. Осы тарапта үйірменің балаларға кітап оқуда аса маңызды рөлі зор. Өздері таңдаған тарихи тақырыпта жазылған шығармаларды топтасып оқу өз нәтижесін көрсетті. Мысалы желтоқсан оқиғасына қатысқандардың өмірлерімен таныстыруда, біріншіден ол кітапшаны насихаттадым, екіншіден оның мазмұнын игеруге басшылық жасадым. Осыдан кеін барып дөңгелек стол басында өз ойларын бөлісті.

Тарих бойынша пәндік олимпиадалар өткізу қазіргі білім беру жүйесі қызметінің нәтижелерін анықтайтын басты өлшемдерінің біріне айналған. Клубтың өз ішінде өткізген пәндік олимпиада оқушыларымның қызығушылығын арттырып, тарихи білімді игеруге ықпал жасады.

Болашақта бұл клуб оқушылардың тұрақты құрамымен ұзақ мерзімде тереңдей және жоспарлы түрде жұмыс жүргізеді және оқушылар тмендегідей нәтижелерге қол жеткізулеріне мүмкіндік жасайды:

-Ұлы тұлғалардың өмірі және қызметімен таныса отырып ғибрат алады,қосымша мағұлматтар алды;

- Білімі мен білігі тереңдейді;

-Тарихи дерек көздерімен жұмыс жүргізуге дағдыланады;

-Ғылыми жұмыстар орындауға икемділіктері қалыптасады;

-Мамандық таңдауға қосымша бағыт-бағдар алады.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Жайтапова А.А. Научно методическое обеспечение профессионального роста учителей не этапе перехода к модели образования ориентированного на результат \\ Алматы;РИПКСО, 2004.

  2. Рогов Е.И. Методы развития организации \\ Ростов на Дону, 1996

  3. Тұрсын Хазретәлі Мектепте тарихты оқыту әдістемесі \\ Алматы, 2004

  4. Иманбекова Б.И. Сыныптан тыс жұмыс \\ Алматы, 2005.

  5. Қисымова Ә.Қ. Жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған орта \\ Алматы; Рауан, 2004.

  6. Амонашвили Ш.А. Воспитательная и образовательная функция оценки учения школьников \\ Москва, 1984.

  7. Баженова И.Н. Педагогикалық ізденіс \\ Алматы; Рауан, 1990

  8. Бабанский Ю.К. Оптимизация учебно – воспитательного процесса \\ Москва, 1987.



Похожие:

Білім беру үрдісіндегі оқушы құзыреттілігін дамыту қазіргі заман мектебінің оқу сапасын қалыптастырудағы алғы шарты iconБастауыш сынып оқушыларының ҚҰзыреттілігін қалыптастыруда, сыни тұРҒыдан ойлау жобасының МҮмкіндіктері. Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі
«Білім беру үрдісінің субьектілерін дамыту шарты ретінде қазіргі заман мектебінде білім сапасын жетілдіру.»
Білім беру үрдісіндегі оқушы құзыреттілігін дамыту қазіргі заман мектебінің оқу сапасын қалыптастырудағы алғы шарты iconСмагулова Н. С
Білім беру сапасын жетілдірудегі негізгі қадамдардың бірі-бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға қызықтырудың қазіргі мектептегі білім...
Білім беру үрдісіндегі оқушы құзыреттілігін дамыту қазіргі заман мектебінің оқу сапасын қалыптастырудағы алғы шарты iconҚазіргі мектепте білім сапасын жетілдіру -білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның дамуының шарты
География сабағында жергілікті жер материалдарын пайдалану арқылы жеке тұЛҒаны дамытудағы экологиялық білім мен тәрбие беру
Білім беру үрдісіндегі оқушы құзыреттілігін дамыту қазіргі заман мектебінің оқу сапасын қалыптастырудағы алғы шарты iconҚазіргі мектепте білім сапасын жетілдіру -білім беру үрдісіндегі жеке тұлғаның дамуының шарты
«Білім берудегі акт» ұғымы «оқытудың жаңа ақпараттық технологиялары», «қазіргі ақпараттық оқыту технологиялары», «компьютерлік оқыту...
Білім беру үрдісіндегі оқушы құзыреттілігін дамыту қазіргі заман мектебінің оқу сапасын қалыптастырудағы алғы шарты iconОқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту
Оқу үрдесінің субьекттілерін дамыту шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру үрдісіндегі оқушы құзыреттілігін дамыту қазіргі заман мектебінің оқу сапасын қалыптастырудағы алғы шарты iconОқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту
Оқу үрдесінің субьекттілерін дамыту шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру үрдісіндегі оқушы құзыреттілігін дамыту қазіргі заман мектебінің оқу сапасын қалыптастырудағы алғы шарты iconХіv аймақТЫҚ Ғылыми – практикалық конференцияның ережесі «Қазіргі заманғы менеджердің кәсіби құзырлығын дамыту білім сапасын көтерудің шарты»
«Қазіргі заманғы менеджердің кәсіби құзырлығын дамыту білім сапасын көтерудің шарты»
Білім беру үрдісіндегі оқушы құзыреттілігін дамыту қазіргі заман мектебінің оқу сапасын қалыптастырудағы алғы шарты iconОқу үрдісіндегі субъектілердің құзыреттілігін дамыту
Оқушылардың тұлға ретінде қалыптастырудағы бағалы-нақты құзіреттіліктін ролі. Бастауыш сыныптарда құзыреттілік көзқарасты жүзіге...
Білім беру үрдісіндегі оқушы құзыреттілігін дамыту қазіргі заман мектебінің оқу сапасын қалыптастырудағы алғы шарты iconАса маңызды өзекті мәселе. Білім үрдісінің негізгі мақсаты
Білім беру үрдісінің субъектісі. Білім беру үрдісі субъектісін дамыту шартының алғашқы баспалдағы кәсібилік. Білім беру үрдісінің...
Білім беру үрдісіндегі оқушы құзыреттілігін дамыту қазіргі заман мектебінің оқу сапасын қалыптастырудағы алғы шарты iconСубъект-аса жоғары белсенділік, біртұтастық, жүйелілік, автономдық деңгейі. Тіл дамыту
АҚпараттық-коммуникативтік технология негізінде бастауыш сынып оқушыларының тіл дамыту сапасын арттыру- субъект ретінде дамуының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы