Субъектінің оқу үрдісінде құзіреттілікті дамыту жағдайын біліктілік тұрғыдан ендіру басқармасы icon

Субъектінің оқу үрдісінде құзіреттілікті дамыту жағдайын біліктілік тұрғыдан ендіру басқармасы



НазваниеСубъектінің оқу үрдісінде құзіреттілікті дамыту жағдайын біліктілік тұрғыдан ендіру басқармасы
Дата конвертации26.01.2013
Размер81.49 Kb.
ТипДокументы
источник


Субъектінің оқу үрдісінде құзіреттілікті дамыту жағдайын біліктілік тұрғыдан ендіру басқармасы

Макадиева Г.К..

« Қазақстан-Ресей гимназиясы»

Мемлекеттік Мекеме


ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДА СУБЪЕКТІЛІК ҚАТЫНАС ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІ СУБЪЕКТІСІНІҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ЖЕТІЛДІРУ


Білім беруді Қазақстан Республикасы мен қазақ халқының даму жолындағы үлкен маңызды қор, стратегиялық резерв деп тану мектептердегі оқыту үдерісімен мазмұндық болмысына жаңа әдіснамалық тұрғыдан келуді талап етеді. Ондай жаңа әдіснамалық жүйе дәстүрлі оқыту үдерісін түбегейлі өзгертуді қажет деп атап көрсетеді және оқытудың жаңа технологияларының табиғатын терең танып, оларды оқыту үдерісіне тиімділікпен енгізу жолын негіздейді. Бұл жаңа бағыттың басты ерекшелігі оқытудың нәтижесін алдын ала болжап, оқушылардың қазақ тілінен білім алу барысында коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуды көздеуі арқылы танылады.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың мектептерді компьютерлендіру, оқушылардың ойлауы мен тілі дамуына жағдай жасау, дарынды балаларды аса назарда ұстау сияқты озық идеялары жүзеге асырылуы үшін, оқыту әдістемелерінің жаңаша тұрғыдан құрылуы міндетті болмақ. Балалардың қазақша ойлауы мен тілдік қатынасы заман талабына сай дамуы үшін лингвистиканың соңғы жетістіктерін лингводидактикалық тұрғыдан зерттеп, мектепке енгізу керек. Сонда ғана заман дамуы мен білім мазмұны деңгейлес бола алады.

Теориялық білім беру үдерісі танымның теориялық деңгейінде жүзеге асырылуы тиіс екендігі туралы қазақ тілін оқыту әдістемесі бойынша жазылған зерттеулер мен кітаптарда тым аз сөз етіледі. Практикалық дағдының өзі теориялық біліммен қаруланғанда ғана нық қалыптасатындығы назарға алынбайды. Бұл айтылғандардың барлығы қазақ тілін оқытуда коммуникативтік құзыреттілікті дамыту технологиясын зерттеудің қажеттілігін және тақырыптың өзектілігін танытады.

Қазіргі қазақстандық мектептердегі дәстүрлі білім беру жүйесінің оқушының шынайы өмірдегі тілдік қатынаста өзінің алған білім қорын қолдануына қажетті тілдік құзыреттілікті дұрыс қалыптастыра алмай отырғандығы, 11 жыл мектепте өткерген уақытта алған білімінің тұтас-дүниетанымдық құралға айналмауынан білім беру жүйесінің кемшіліктері молайып бара жатқандығы, сөйтіп жаңа заман ағымына үйлесе алмайтындығы айқын танылуда. Орыс мектептеріндегі қазақ тілін оқыту мәселесінің басынан кешіп отырған осындай күйді анықтай келе, құзыреттілікті қалыптастыруға бағыттай оқыту технологиясын қазақ тілін оқыту үдерісіне енгізудің ғылыми-әдістемелік жолын зерттеу жұмыстың мақсатын танытады.

Нысаны – оқу орыс тілінде жүргізілетін Қазақстан- Ресей гимназиясының 6 сыныбында қазақ тілін оқыту үдерісі.

Пәні – 6 сыныптрда қазақ тілін оқыту барысында оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамытудың тиімді жолдарын айқындау.

Жұмыстың міндеттері:

1) 6 сынып оқушыларына қазақ тілін оқыту барысында қалыптасатын коммуникативтік құзыреттіліктің құрамдас бөліктерін, дамыту жолдарын анықтау;

2) Оқушылардың тілдік құзыреттілігін дамытудың технологияларын ғылыми негіздеу.

Тәжірибелі-эксперименттік жұмыста оқушы жеке тұлға ретінде танылып, жеке тұлғаның қатысымдық құзыреттілігінің даму заңдылықтары қазақ тілін оқыту процесімен байланыстырыла келе, әдіснамалық–теориялық негіздерге сүйене отырып анықталады. Зерттеліп отырған жұмыстың тақырыбы бұрын зерттеу нысаны болмаған, қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне нәтижеге бағыттап оқытудағы коммуникативтік құзыреттілік мәселесін қарастыру жұмыстың жаңашылдығын көрсетеді.

Ғалым Ф.Оразбаева: «Қазақ тілін оқытуда әр түрлі амалдар мен жолдар қолданылғанымен, әр оқытушы үшін ең ұтымды, ең пайдалысы – оқушының қоғамдық ортада пікір алмасуын, адамдардың түсінісу қажеттілігін өтейтін, басқа ұлт өкілдері үшін, қазақ тілінде сөйлесе білуді қамтамасыз ететін түрі. Бұл саладағы еңбектің ең әділ таразысы – оқытылған сабақтың, үйретілген тілдің нәтижесі», - деп жазады [1].

Латын тілінен келген «Компетентность (лат.competentia – құқылы тиесілік) термині бір нәрсе жайында өзінің дәлелді, абыройлы пікірін білдіре алатындай білімді меңгеру, бір салаға қатысты хабардарлық, беделділік деген мағынаны білдіреді. Competence - беделді тұлғаның нақты шарттарда белгілі бір іс-әрекеттерді жасай алуының заңдастырылған мүмкіндігі, өкілеттілік шеңбері. Осыдан келіп, (competens - тиесілі, лайықты, мүмкіндігі бар) – өзінің білімі мен өкілеттілігі тұрғысынан шешім қабылдап, пікір білдіре алатын белгілі бір саланың білімді, білгір маманы» [2].

«Компетенция (лат. Competere – дегеніне жету, үйлесіп келу, талапқа сай болу) – 1) белгілі бір тұлғаның сол салада жақсы танымы, тәжірибесі, хабардарлығы бар мәселелер шеңбері; 2) біреудің, белгілі бір органның немесе лауазым иесінің өкілеттігі шеңбері [3].

Сонымен, құзырет – адамның жеке және қоғам талаптарын қанағаттандыру мақсатындағы табысты іс-әрекеттеріне қажетті білім дайындығына әлеуметтік сұраныс. Құзыреттілік – сәйкес құзыретке ие болу негізінде іс-әрекетті жүзеге асыру қабілеті арқылы байқалатын тұлғалық қасиет немесе тұлғаның өзара байланысқан қасиеттерінің жиынтығы.

Сан ғасырлар бойы ауыз әдебиетіндегі ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып келген халықтық тәрбиенің өнеге-үлгілері осы уақытқа дейін өзінің педагогикалық мүмкіндіктерінің мәні зор екендігін дәлелдеп келеді. Төменде қазақ тілі сабағында оқушылардың тілдік құзыреттіліктерін дамытудың тәрбиелік бағыттарының сызбасын ұсынамыз.

1 – сызба.



Жеке тәжірибемізде элементтерін енгізе бастаған бірнеше педагогикалық технологияларға тоқталамыз. Олар: компьютерлік, интерактивті, модульдік, жобалай оқыту, проблемалық оқыту, дамыта оқыту, портфолио және саралап деңгейлік оқыту технологиялары.

1) Қазіргі жаппай ақпараттандыру заманында қазақ тілін меңгеру мен ақпараттық-коммуникациялық немесе компьютерлік технологияларды игеру жарыспалы түрде қолданылады..

2) Қазақ тілін оқытуда рөлдік ойындар, тренингтер тәрізді интерактивті технологиялардың маңызы зор. Рөлдік ойындар мен тренингтер күрделі ұйымдасқан іс-әрекетті, яғни, әр тіл үйренушінің бұрынғы білім негізінде жаңа білім жүйесін құруға көшу ісіне жеке үлестерін қосуы негізінде жүзеге асатын іс-әрекетті білдіреді.

Қазақ тілін оқытудың интерактивті әдістерін біз коммуникативтік құзыреттілікке қол жеткізудің когнитивті және коммуникациялық бағыттарының синтезі ретінде кешенді түрде қарастырамыз. Интерактивті әдісті қолданған педагогикалық технология жеке-бағдарлық оқытудың арнасында дамиды, оқушының тілдік құзыреттілігінің қалыптасуына мол мүмкіншілік берумен қоса, оның жеке тұлғалық сапасының дамуы мен әлеуметтік «мені»-нің де қалыптасуына негіз болады.

3) Оқулыққа алынған оқу материалдары концентрлі тақырыптық ұстаным бойынша жүйеленіп, оқытудың білімдік, ізгілік, дамытушылық сипаты анықталады. Оқушылардың тілдік құзыреттіліктерін дамытуды технологияландыру процесін біз іс жүзінде модульдеп оқыту арқылы жүзеге асырамыз. Модуль деп, соңында бақылау жұмысын жүргізіп отыратын әр тараудың материалын айтамыз.

. Бұл ретте М.Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде» еңбегін басшылыққа аламыз [4].

Жалпы білім беретін бастауыш мектептің 6 – сыныбына арналған «Қазақ тілі» оқулығында берілген мәтіндерге қатысты шығармашылық тапсырмалар оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін дамытуға зор әсерін тигізеді. Мысалы:

  • «Отан отбасынан басталады» деген мәтінді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды дәлелдеп беріңдер;

  • «Достық» тақырыбына мақал-мәтел айтып беріңдер;

  • «Менің досым» деген тақырыпқа әңгіме құраңдар;

  • «Күзгі көрініс» тақырыбына шығарма жазыңдар;[5].

. Мәтіндерді сабақтан тыс уақыттарда, қысқы, жазғы демалыс айларында оқушылар өз беттерімен оқуға мүмкіндіктері бар. Мәтіндермен жұмыс жүргізуде мұғалім мен ата-аналар басшылық жасап, берілген сұрақ-тапсырмаларды балалардың дұрыс орындауына дұрыс бағыт-бағдар беріп отырса, балалардың қазақ тілінің құнарынан нәр ала отырып, мемлекеттік қазақ тілін ауызекі сөйлеу тілі дәрежесінде сауатты да еркін меңгере алуына септігі тиеді.

4) Қазақ тілі пәні бойынша жобалай оқыту технологиясына (проектное обучение) көңіл бөліп, оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін дамытуда қолдану керек. Себебі, бұл қазіргі білім беру жүйесін ізгілендіру, яғни білімді гуманистік принциптегі бағытта дамыту идеясымен ұштасып жатыр.

«Жобалау әдісінің шығармашылық негізінде де жан-жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру, өздігінен дамуға жағдай жасау, сондықтан оның өзіндік танымдық, шығармашылық іс-әрекетін белсендіруде жатыр», - деп жазады әдіскер ұстаз К.Жолдыбекова [6].

5) Дамыта оқыту технологиясы бойынша оқыту әдістері оқушының сезімін, қабылдауын, ынта-зейінін, ұғынуын, ойлау, қиялдау, болжау қабілетін, дағдысын, ізденісін дамытады.

6) Коммуникативтті құзыреттілікті дамытудың бір жолы – портфолио технологиясы. Портфолио технологиясы дәстүрлі бақылау-бағалау құралын толықтырады. Оның дәстүрлі жүйеден айырмашылығы – оқушының оқу, шығармашылық, әлеуметтік, коммуникативті қызмет нәтижелерін ескеруге мүмкіндік береді, тіл үйренушінің жеке құзыреттілігін айқындайды.

Орыс мектебінің 6 сыныбында қазақ тілін тиімді оқыту арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттіліктерін қалыптастыру және дамыту мынадай жағдайларды басшылыққа алғанда ғана мүмкін болады:

– оқушылардың білім негіздерін теориялық саналылықпен, алған білімдеріне сыни көзқараспен қарай алатын, білім алу барысында пассив объект емес, өзін-өзі танып білуші және мұғалімнің басшылығымен өзі-өзі дамыту жолын тани алатын субъект деп бағалайтын бағытқа қарай толығымен бет алу жүзеге асырылғанда ғана мүмкін болады;

– оқушылардың өзін-өзі басқару, өзін-өзі жетілдіру, өзінің ақыл–ой қызметінің мүмкіндіктерін ізденімдік–зерттеу және өз бетімен танып–білу барысында толық дерліктей іске қосу, алған біліміне рефлексиялық тұрғыдан сыни баға бере алу, өзін-өзі тексеру, жетілдіру дағдыларына ие болғанда мүмкін болады.

Оқушының коммуникативтік құзыреттілігінің өзін жеке бір жүйе ретінде алып қарастыра отырып, оны құрайтын бірнеше ішкі құрамдас бөлшектерін анықтай келе, қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқытуда оқушының бойында қалыптасуға тиісті тілдік құзыреттілік жүйесін лингвистикалық, әлеуметтік-лингвистикалық, әлеуметтік-психологиялық, эмоциялық, зияткерлік, мәдени, ақпараттық және дискурсивтік құзыреттіліктердің синтезі ретінде қарастырып,комуникативті құзіретті оқушы тұлғасының моделін айқындадық.




Коммуникативті құзіретті оқушы тұлғасы - өз ана тілін, мемлекеттік тілді, шет тілін, ақпараттық технология тілдерін жетік меңгерген тұлға, үйреніп жүрген қазақ тілін қарым-қатынаста қолдану құзыреттілігіне ие, ол арқылы мәдениеттанымдық, рухани, шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын, саналы, белсенді, өзін-өзі дамытушы таным субъектісі.


^ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


1. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі / Ф.Оразбаева. - Алматы: Ы.Алтынсарин ат. РБК, 2000.-208 бет.

2. Байтұрсынұлы А. Тіл тағлымы / А.Байтұрсынұлы. - Алматы: Ана тілі, 1992. – 448 бет.

3. Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі / Қ.Қадашева. – Астана: Атамұра, 2006. – 240 бет.

4. Жанпейісова М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Аударған Д.А.Қайшыбекова. – Алматы, 2006. – 180 бет.

5. 14. Артықова Т.М. Қазақ тілі. Учебник для 6 класса общеобразовательной школы с русским языком обучения /Артыкова Т.М., Жаканбаева А.С., Толеуова М.Х./. – Алматы: Атамұра, 2006. – 144 бет.

6. . Жолдыбекова К. Оқушылардың шығармашылық белсенділігін дамыту / К.Жолдыбекова // Қазақ тілі мен әдебиеті. - №11. – 2003.-Б. 99-102.




Похожие:

Субъектінің оқу үрдісінде құзіреттілікті дамыту жағдайын біліктілік тұрғыдан ендіру басқармасы iconҚұзырлықтың қалыптасуы (даму процесіндегі субъектінің құзырлығы )
Білім беру үрдісінде субъектінің ҚҰзырлығын әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдану арқылы дамыту
Субъектінің оқу үрдісінде құзіреттілікті дамыту жағдайын біліктілік тұрғыдан ендіру басқармасы iconАзаматтық және әскери-патриоттық білім беру үрдісінде оқушы мен мұғалімнің субъектілік дамуы
Азақ тілі сабағында ойын технологиясын қолдану арқылы тілдік қҰзіреттілікті дамыту
Субъектінің оқу үрдісінде құзіреттілікті дамыту жағдайын біліктілік тұрғыдан ендіру басқармасы iconЗерттеу нысаны. Қазақ тілінің фонетикасын орыс мектебінің 2-сынып оқушыларының қатысымдық құзіреттіліктерін дамыту процесі, фонетиканы қатысымдық тұрғыдан меңгертудің ұтымды әдістері. Зерттеу пәні
Бастауыш сыныпта субъектінің Қатысымдық ҚҰзыреттіліктерін дамытудың тиімді жолдары
Субъектінің оқу үрдісінде құзіреттілікті дамыту жағдайын біліктілік тұрғыдан ендіру басқармасы iconҚұзыретті тұлға қалыптастыру жолдары Білім беру үрдісінде субъектілердің құзыреттілігін дамыту
Зыретті тұЛҒА Қалыптастыруда оқушылардың жеке бес ерекшеліктерін ескере отырып, ОҚу-ойлау қабілеттерін жетілдіру
Субъектінің оқу үрдісінде құзіреттілікті дамыту жағдайын біліктілік тұрғыдан ендіру басқармасы iconОқу үрдісіндегі субъектілердің құзыреттілігін дамыту
Оқушылардың тұлға ретінде қалыптастырудағы бағалы-нақты құзіреттіліктін ролі. Бастауыш сыныптарда құзыреттілік көзқарасты жүзіге...
Субъектінің оқу үрдісінде құзіреттілікті дамыту жағдайын біліктілік тұрғыдан ендіру басқармасы iconГуманитарлық-эстетикалық бағыттағы пәндер арқылы оқушылардың түйінді құзыреттілігін қалыптастыру. «Білімің болса дағы ұшан-теңіз, пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей»
Оқу-үрдісінде субъектілерді жан-жақты дамыту жағдайында құзыреттілік әдісін іске асыру
Субъектінің оқу үрдісінде құзіреттілікті дамыту жағдайын біліктілік тұрғыдан ендіру басқармасы iconАзаматтық және әскери-патриоттық білім беру жағдайында оқушылар мен педагоктардың субьективтілігін дамыту
Азақ тілі сабақтарында м. М. Жанпейісованың модульдік технологиясын қолдану арқылы тілдік коммуникатитік қҰзіреттілікті дамыту
Субъектінің оқу үрдісінде құзіреттілікті дамыту жағдайын біліктілік тұрғыдан ендіру басқармасы iconГимназиялық ОҚыту үрдісінде қҰзыретті тұЛҒаны қалыптастыру
Сонымен қатар мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы құндылықты-бағдарлы, мәнедиет-танымдық, оқу-танымдық комуникативті,ақпараттық-технологиялық,...
Субъектінің оқу үрдісінде құзіреттілікті дамыту жағдайын біліктілік тұрғыдан ендіру басқармасы iconМырзабиева Динара Турусбековна «№15 орта мектебі» мм
Бастауыш сынып оқушыларының мектепке келгенге дейінгі негізгі әрекеті ойын болса, оқу-тәрбие үрдісінде олар біртіндеп ойын әрекетінен...
Субъектінің оқу үрдісінде құзіреттілікті дамыту жағдайын біліктілік тұрғыдан ендіру басқармасы iconМазмұны: І кіріспе. Шығармашылық қабілетті дамыту тұлғалық-дамытушылық оқытудың мақсаты. ІІ негізгі бөлім
Сто стратегияларың қолданғанда оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтары артады. Оқу үрдісінде қоғам талабына сай шығармашылық қабілеті...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы