Б. А. Камзина «№10 мектеп гимназия»ММ icon

Б. А. Камзина «№10 мектеп гимназия»ММ



НазваниеБ. А. Камзина «№10 мектеп гимназия»ММ
Дата конвертации26.01.2013
Размер93.92 Kb.
ТипДокументы
источник

Оқу үрдісінің жеке тұлғаларының біліктілігін қалыптастыру


Б.А. Камзина

«№10 мектеп - гимназия»ММ

ОҚУШЫНЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА ТІЛДІҢ ГРАММАТИКАСЫН КОММУНИКАТИВТІК БАҒЫТТА ОҚЫТУ ЖОЛДАРЫ


Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда.

Бұл процесс білім парадигмасының өзгеруімен қатар жүреді. Білім берудегі ескі мазмұнның орнына жаңасы келуде.

Жаңа білім беру реформасы бірінші орынға баланың білімін білігі: мен дағдысын емес, оның тұлғасын, білім арқылы дамуын қойып отыр.

«Білім беру реформасының басты өлшемі – тиісті білім мен білік алған еліміздің кез келген азаматы әлемнің кез келген елінде қажетке жарайтын маман болатындай деңгейге көтерілуі. Біз бүкіл елімізде стандарттар деңгейіне сапалы білім беру қызметіне қол жеткізуге тиіспіз»- деген Президент жолдауында.

Ұлттың бәсекелестікке қабілетті ұрпақтың білім деңгейімен анықталатынын, әлем кеңістігіне көтерілу үшін мектеп табалдырығынан сапалы да, саналы білім беру болып табылады.

Ұлттық білім үлгісінің негізгі бағыты адамды қоғамның ең негізгі құндылық ретінде тану, оның ұлттық дүние – танымын қалыптастыру, сол арқылы оқушының рухани жан – дүниесінің байуына, шығармашылық, еркінділігі мен белсенділігін кәсіби іскерлігінің қалыптасуына жағдай жасау, мүмкіндік беру. ХХІ ғасырдың іскер азаматы – бәсекеге қабілетті ой - өрісі кең, жан – дүниесі бай, адаммен дұрыс қарым – қатынас жасай алатын, басқаның пікірімен санаса алатын, кез келген нәрсені істеп шығудың жолын таба алатын, жауапкершілік сезімі жоғары, қоғамда өз орны бар, іскер, жеке тұлға деп білуіміз керек.

Қоғамымыздың қазіргі кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесі болып отыр. Мектептің негізгі құндылығы оқушы десек, оған жеке тұлға ретінде қарау – міндетіміз. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалімнің белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы шәкірттерін бағалауы орын алады.

Ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде өзін - өзі өзектілендіруге, өзін танытуға және өзін -өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған. Педагогикалық процесстің маңызды құрамы оқу ісіндегі субъектілер – оқытушы мен оқушының тұлғалық бағытталған әрекеті болып табылады.

Білім беру саласындағы оқытудың озық технологиясын меңгермейінше, сауатты, жан – жақты болу мүмкін емес. Сондықтан оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім парадигмасына сүйене отырып мен өз тәжірибемде педагогика ғылымының докторы, профессор Ж.А. Караевтің денгейлік оқыту жүйесін қолданып жүрмін.

Бұл технологияны пайдалану мақсатым - әр оқушының қабілеті мен мүмкіндігіне қарай оқыту. Сонымен қатар тілдік факторларды комплексті оқыту барысында тілдің практикалық жағын меңгерту үшін өз сабақтарымда И.Е. Пассовтың «Коммуникативтік технологисын», М.М. Жампеисованың «Модульдік технологиясын» пайдаланамын.

Коммуникативтік технология бойынша оқу барысында оқушыларға нені үйрету, сөздік қор мөлшерінің қандай болуы, қандай грамматикалық жүйелер қолданысқа түсуі керек деген жайттар төңірегінде біршама еңбектері жүргізілді. Әдістемеші ғалымдардың: «Белгілі бір тілді өзге ұлт өкілдеріне үйретуде тілдің құрылымдық жүйесін меңгерудің қажеті бар ма, жоқ па?» - деген мәселе төңірегінде талас – пікірлер әлі де бір жүйеге келген жоқ.

Дегенмен тіл – құрылымдық жүйе, ал сөйлеу – оның сыртқы көрінісі. Белгілі бір тілді меңгеру -сол тіл, тілдің құрылымдық жүйесін меңгеру болып табылады. Тілдің грамматикасын меңгермейінше, сөздерді бір – бірімен байланыстыру, жүйелі ой қозғау мүмкін емес. Тіл мен сөйлеудің арақатынасын айқындауға ғалымдар ертеден көңіл бөлген.

Алдыңғы қатарлы ағартушы ғалымдар Н.Ф. Бунаков, Я. С. Гогебашвили, Ы. Алтынсарин және т.б. тілді үйретуде грамматикалық жүйе мен оның практикалық жағын байланыста қараған. Академик А.В. Текучевтің сөзімен айтқанда: «... грамматикалық ойдың дамуы мен логикалық ойдың дамуы тығыз байланысты». Академик Л.В Щерба: «Грамматика ана тілінің фактілерін терең түсіндіруде үлкен роль атқарады. Атап айтқанда, өзге тілдің грамматикалық материалын меңгеру процесінде ана тілінен алғаш білімдері тағы да қайталанып, бекітіледі,» - деп тұжырым жасаса, белгілі қазақ психологы Қ. Жарықпаев: «Грамматиканы меңгеру – біздің ауызша және жазбаша сөйлесуімізді дамытудың бірден – бір құралы. Оның заңдарын білу арқылы ғана бала өзінің ауызша және жазбаша сөйлеуін белгілі мақсатқа сай ұйымдастырып, жоспарлап, жүйелі етіп алатын қабілетке ие болады» - дейді.

Қазақ тілін оқытуда материалды қандай көлемде сұрыптап беру керек деген мәселе төңірегінде К. Жақсылыкованың «Қазақ тілінің тілдік материалын сұрыптау және комплексті түрде берудің ғылыми негіздері» еңбегінде берілген. Бұл еңбекте орыс және шетел ғалымдарының анықтаған принциптері:

  1. Грамматикалық материалдың функциональдығы;

  2. Дифферциалды мәні;

  3. Ана тілінің ерекшеліктерін ескеру;

  4. Қосымшалардың омонимдік қасиетіне сүйене отырып, қазақ тілінде сөйлеуде жиі қолданылатын грамматикалық тұлғаларын іріктеп көрсеткен.

Грамматикалық тұлға жеке дара үйретілмейді, ол сөз, сөз тіркесі, сөйлем дәрежесінде қабылданады, яғни оның коммукативтік мәні ескерілуге тиіс. Орыстың белгілі ғалымы А.В. Мартов: «Грамматиканы үйрету тек қана практикалық мақсатқа сай жүргізілуі керек. Грамматикалық талдау, грамматикалық жаттығулар саналы түрде тілдік конструкцияларды меңгеруге бағытталуы керек», - деген. Қай тілдің болмасын оның құрылымдық ерекшелігі тілдік дәйектелердің қолдану аясы нақты сөйлеу тілінде ғана көрініс табады. Үйретілген тілдік материал белгілі ситуацияда қолданысқа түссе ғана грамматикалық форманың функциональдығы жандана түседі. Сондықтан өз сабақтарымда тілді оқыту барысында ситуациялық қарым – қатынасты үнемі жүзеге асыру арқылы ситуациялық принципке мән беремін.

Мәтінмен жұмыс істегенде де, сөздікпен жұмыс жүргізгенде де, оған қажетті сөз формаларын, конструкцияларды оқушылардың сөйлеу белсенділігін арттыруға қажетті грамматикалық материал алып отырамын.

Мысалы «Менің отбасым» атты сабақ тақырыбына міндетті түрде ситуациялық жағдай туғызамын сурет арқылы және керекті грамматикалық материалды сұрыптап аламын: тәуелдік, көптік, жіктік жалғауларымен байланыстырамын.

Менің отбасым

  1. Отбасы мүшелерімен таныстырамын

  2. Түрлі мамандық аттарымен таныстырамын:

суретші, дәрігер, сатушы

  1. Зат есімінің тәуелдік, жіктеу есімдіктерін қайталаймын.

(менің әкем, Сенің әкең, сіздің әкеңіз, оның әкесі), (мен оқушымын, сен оқушысың, сіз оқушысыз, ол оқушы)

  1. сызба арқылы жай сөйлем құрылысымен таныстырамын.

Менің ... бар. Әкем - жұмысшы

  1. Осы тақырып бойынша сұхбат құрастырамыз.

  2. Шағын шығарма жазамыз.

Тілдік факторларды комплексті оқыту барысында оқушыларда тілдін практикалық жағын меңгерумен қатар, белгілі бір мөлшерде тілдін жүйе жөнінде ойлау деңгейі қалыптасады.

Екінші бір зерттеуші ғалым И.А. Зимняя: «Сөйлеу үшін алдымен керегі - қажеттілік» - дейді. Қазақ тілін оқытуда белгілі бір тақырыпта сөйлеуге мәжбүр ететін қызықты, танымдық, оқушылардың өміріне жақын ситуация тудырып отырамын. Белгілі бір тақырыпта сөйлеуге керекті сөздерді сұрыптап, оған сай грамматикалық құрылымдарды сәйкестендіріп, өзара бірлікте оқытуға тырысамын.

Екінші кезең – көрсетілген тақырыпта сөйлеуге оқушы әлі нақты, айқын болмаса да, өзі білетін жүйесін грамматикалық формалармен байланыстыра бастайды. Бұл кезде оқушылар әртүрлі тілдік құрылымдарды әңгіме қажетіне сай байланыстырады.

Үшінші кезеңде оқушы ойында ішкі – лексика – грамматикалық жүйе қалыптасады. Ол ең кіші сөйлеу бірлігі сөйлем арқылы сыртқа шығады. Үйретілуге тиісті тілдің әр түрлі құрылымдық кезеңдерінің сөйлемде көрініс табуы грамматиканы синтаксистік негізде оқыту принципіне жүгінуді көздейді.

Тілді үйретуге соңғы кезеңі – бүкіл тілдік әріптердің дағдыға айналуы. Сөйлеу әрекеттерінің дағдыға айналуы. Сөйлеу әрекеті – осы дағдылардың жиынтығы, оқушы ойында берік қалыптасқанда ғана жүзеге асады.

Тілдік материалды сөйлеу барысында саналы түрде қолдану, оның дағдыға айналуы жүйелі түрде жүргізіліп отыратын жаттығу жұмыстарымен де байланысты.

Кез келген үйретілуге тиісті грамматикалық құбылыс оқушылардың сөйлеу тіліне еңгізіледі: мәтін, жаттығу жұмыстарында, диалог қолдану арқылы жалпыланып, қорытындыланады. Е.И. Пассов шартты түрдегі сөйлеу жаттығуларын төрт түрге бөледі: еліктеу, тасымалдау, қайталау, коммуникативті.

Еліктеу арқылы сөйлеу жаттығуларын жүргізуде мұғалімнің айтқан сөйлеу үлгісінен оқушылар қажетті тілдік формаларды, жаңа сөздерді табады.Сол қалпында қайталайды.

Мақұлдап сөйлеу үлгілері:

  • Бүгін күн жылы ма?

  • Иә, жылы

  • Петров жақсы оқушы

  • Иә, ол жақсы оқушы.

Ал келесі жаттығу орындау барысында сөздерді ауыстырып қолдану арқылы сөздік қор, грамматикалық формаларды қолдануға үйретеді.

Мысалы, қарсы пікір айтыңдар:

  • Сенің үйің кішкентай ғой

  • Жоқ. Менің үйім үлкен

  • Сен бүгін киноға барасың ба

  • Жоқ, мен бүгін театрға барамын.

Етістіктің осы шағын айтуға төселдіру мақсатында мынадай сұрақ – жауап жүргіземін.

  • Мен сабақ түсіндіріп тұрмын

  • Оля, сен ше?

  • Мен сабақ тыңдап отырмын

  • Саша, сен не істеп отырсың?

  • Мен жазып отырмын

  • Ол жазып отыр

Грамматикалық материалды оқытып үйретуде:

  1. Оның сөйлеу тілінде қаншалықты қажеттілігі, мәні, іскерлігі, яғни функциональдық принципке сұрыпталады;

  2. Грамматикалық құрылымды тілдік ситуациямен ұштастыру;

  3. Грамматикалық материалды оқушының ана тіліндегі материалмен ұштастыру;

Бұл принцип оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырады және сөйлеуін жеңілдетеді. Оқыту кезінде оқушыны аз да болса жетістігін айтып мақтап қоямын.

Коммуникативті технологияның ерекшелігі неде?

Ол баланы бірден әлеуметтік жағдайлар арқылы сөйлеуге үйретуге мүмкіншілік береді. Мысалы, мынадай сұрақтарды күнделікті қоямын:

- Сыныпта кім жоқ?

  • Сен қайда тұрасың?

  • Нешінші сыныпта оқисың?

  • Бүгін ауа райы қандай?

  • Қазір жылдың қай мезгілі? т.б.

Педагогикалық технологиялар – оқытудың мақсатына жетудің тиімді, нақты жолдарын көрсетеді. Кез келген оқыту технологиясы іс -әрекеттің қарқындылығы мен белсенділігін арттырады, жеке тұлғаның жетілуіне, дамуына бағытталады. Әсіресе, модульдік оқыту технологиясының маңызы – ол өте жеңіл, әрі жайлы.

Ол оқушылардың өз мүмкіндіктерін тексеруге, қабілетін тануға итермелейді әр оқушының алдына оның әрі қарай жеке тұлға ретінде өсуіне мүмкіндік береді. Нашар оқитын оқушыларға өз күші мен қабілетін тексеруге көмектеседі. Модульдік оқыту, сонымен қатар, топпен оқыту жұмысы, оқушылардың қарым – қатынасын және бірін бірі оқытуды, «әлді әлсізді оқытады» деген тұжырым бойынша жүргізіледі. Бұл Жампеисованың технологиясы. Өз сабақтарымда мольдің бұл технологиясын кеңінен пайдаланамын.

Оқыту технологиясының ерекшелігі тұлғаның танымдық қабілеттерін дамытуға, сондай–ақ тұлғаның шығармашылығын арттыруға, дарынды балалармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Өз тәжірибемнен байқағандай модульдік оқытудың мүмкіндіктері мен ерекшеліктері мынадай деп ойлаймын:

  • мүмкіндігіне қарай оқушылар басқалармен қарым – қатынас жасай береді;

  • өз ойын топ алдында ашық айта біледі;

  • оқушының оқу мотивациясы өзгереді, өз бетінше ізденуге үйренеді;

  • сабақтың мазмұны мен сапасы артады;

  • оқушы өз қызметіне талдау, қорытынды, өзіне - өзі баға береді, жаңалыққа ұмтылады.

Бұл технологияның ұтымды әдісі –деңгейлік әдіспен тапсырма беру.

Осы әдіспен жалғастыру сабағымның үлгісін көрсетемін. Сабақтың тақырыбы «Менің қалам» лексикалық тақырыпты көмекші есімдермен ұштастырамын. Деңгейлік тапсырмалар беремін: Үй жұмысын тексеру:

ІІІ. Сурет бойынша сөз тіркестерін құра. Үйдің ішінде, үйдің алдында, мектетің жанында, үстелдің астында, партаның үстінде, үйдің артында;

ІІ. деңгей көмекші есімдермен жаңа сөздерді қатыстырып сөйлемдер құра:



І. деңгей. Көмекші есімдер мен жаңа сөздерді қатыстырып, мәтін құра.

Өткен сабақта өткен жаңа сөздерді қатыстырамын:

саябақ – парк, даңғыл – проспект, сарай – дворец, үйірме – кружок, ескерткіш – памятник

Сабақтан барысында «Кім тапқыр, кім жылдам?» жұмбақты ойынмен оның шешімін табамыз (карточкалар беріледі)

ІІІ деңгей. Жұмбақты мәнерлеп оқы, шешімін тап.

ІІ деңгей. Жұмбақты жатқа айт, шешімін тап.

І деңгей. Жұмбақты жатқа айт, шешуін тап.

Сабақты қорыта келе проблемалық сұрақтар қоямын:

ІІІ деңгей.

  1. сұрақ . Ішінде, үстінде, астында көмекші есімдерін өз орнына орналастыр.

  2. сұрақ. Алдында, астында, жанында көмекші есімдерін дұрыс орналастыр.

ІІ деңгей.

  1. сұрақ. Саябақ, ішінде сөздерін қатыстырып, сөйлем құра.

  2. сұрақ. Үйірме, алдында сөздерін қатыстырып, сөйлем құра.

І деңгей.

5 – сұрақ. Көмекші есімдерді жаңа сөздермен қатыстыра отырып, сөйлем құра.

6- сұрақ. Қай жылы Өскеменнің негізі қаланды?

7- сұрақ. Өскемен қаласының табиғаты қандай?

Қорытындылай келе сыныпқа көшбасшы сұрақтар қояды:

Сен қайда тұрасың?

Қалада не бар?

Өскемен қаласы қандай?

Сабақтың әр кезеңдері түрлі әдістер орнымен пайдалану арқылы көп нәтижеге жетуге болады деп ойлаймын.

Қамтылған материалдар жіктік, тәуелдік, көптік жалғаулары, сын есімдер, зат есімдер арқылы орындалды.

Сонымен, тілдік қарым – қатынасын жүзеге асырудың негізгі грамматикаға келіп тіреледі. Өйткені тіл арқылы түсінудін басты қазығы – грамматикалық материалдарды дұрыс меңгеріп, қолдана білу. Грамматика – тілдегі барлық материалдың өзегі.


Пайдаланған әдебиет

  1. М.М. Жампеисова «Модульдік оқыту технологиясы» Алматы

  2. Оразбаева Ф. Тілдік қатынас оқулық Алматы «Сөздік - словарь» 2005ж.

  3. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде» 5/2008

  4. Жақсылыкова К. Қазақ тілінің тілдік материалын сұрыптау және комплексті түрде берудің ғылыми негіздері Алматы, 1992

  5. Пассов Е.И. Коммуникативный метод иноязычному говорению М, 1985

  6. Қазақ тілі мен әдебиет 11/2007ж. Алматы

  7. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде 7/2006ж.

  8. Қазақ тілі мен әдебиет 5/2006ж. Алматы



Похожие:

Б. А. Камзина «№10 мектеп гимназия»ММ iconТарбағатай аудандық білім беру бөлімінің 2011 жылдың 4 айында атқарған жұмыстарынан
Аудандық білім беру бөліміне қарасты 50 мектеп, оның ішінде 1 гимназия–интернаты, 36 орта мектеп, 2 негізгі мектеп 11 бастауыш мектеп...
Б. А. Камзина «№10 мектеп гимназия»ММ iconБаскетбол турнирі
Аталған турнирге 35 жуық қала мектептерінің спортшылары қатысты. Жарыс нәтижелері бойынша І орын – «№1» орта мектеп, ІІ орын – «№3»...
Б. А. Камзина «№10 мектеп гимназия»ММ iconБізде каникул «Мектеп – гимназия» мм күзгі демалыс кезінде тәрбиелеу жұмыстары қызметтік бағыттарға сәйкес жүргізілді: балалардың өмірімен және денсаулығын сақтау,
«Мектеп – гимназия» мм күзгі демалыс кезінде тәрбиелеу жұмыстары қызметтік бағыттарға сәйкес жүргізілді: балалардың өмірімен және...
Б. А. Камзина «№10 мектеп гимназия»ММ iconАстана қаласы әкімінің 2014 жылғы
Орталығы Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназия, Қабанбай батыр данғылы, №9/1
Б. А. Камзина «№10 мектеп гимназия»ММ iconБигельдинова А. С. Көп бейінді №3 мектеп-гимназия
Тарих пәнін оқытуда оқушылардың ҚҰзіреттілігін жаңа технологиялар арқылы дамыту жолдары
Б. А. Камзина «№10 мектеп гимназия»ММ iconСистема работы кафедры начальных классов гу «Школа-гимназия №11» гу «Школа-гимназия №11»
Гу «Школа-гимназия №11» является образовательным учреждением, ориентированным на работу с учащимися, обладающими повышенной мотивацией...
Б. А. Камзина «№10 мектеп гимназия»ММ iconФормирование орфографического действия, как условие повышения учебно-познавательной компетентности младших школьников. Железнова А. Н. Средняя общеобразовательная школа-гимназия №9
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу – танымдық жете білушіліктерін арттыру жағдайындай, орфографиялық әрекетін қалыптастыру
Б. А. Камзина «№10 мектеп гимназия»ММ icon1-класс Балаларды гимназия класына қабылдау критерийлері
С. Торайғыров атындағы №22 гимназия-мектебі 21. 03. 2006ж №202/4 қаулы заңды тұлға бсн 991040001974 бекітілген жарғы негізінде (6...
Б. А. Камзина «№10 мектеп гимназия»ММ iconОценке воздействия на окружающую среду реконструкции улиц Ак. Сатпаева (ул. Толстого ул. Ломова), Камзина ((ул. Ломова – ул. Ладожская), ул. Ладожская (ул. Камзина – ул. Кутузова
Кривенко, 25, объявляет о планируемом проведении государственных закупок способом запроса ценовых предложений работ по оценке воздействия...
Б. А. Камзина «№10 мектеп гимназия»ММ iconАнализ за 2008-2009 учебный год
Мергенбаева А. А школа гимназия №3, Никшин О. В. школа №17, Акунаева С. М – сш №19, Шумский С. М. школа №23, Нетбаев А. Х. школа...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы