Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру бүгінгі білім жүйесіндегі алға басудың негізгі факторы icon

Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру бүгінгі білім жүйесіндегі алға басудың негізгі факторы



НазваниеМұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру бүгінгі білім жүйесіндегі алға басудың негізгі факторы
Дата конвертации26.01.2013
Размер99.34 Kb.
ТипДокументы
источник

Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім жүйесіндегі алға басудың негізгі факторы .

Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі - белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру.

Қазіргі заманғы мектептегі білім сапасын жетілдіру білім үрдісінің субъектілерін дамыту шарты ретінде.

Смагулова Р.Х.

ГУ «Средняя школа №20»

МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ- БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ ҚАЖЕТТІ ФАКТОРЫ.


Кез келген елдің болашағы білім беру жүйесінің және зиялылар қауымының деңгейіне байланысты болғандықтан, Қазақстан халқына да әлемнің дамыған елдерімен тең дәрежеде білім беру қажеттігі күмән тудырмайды. Жастардың ақыл-ой әлеуметін барынша дамыту үшін білім беру жүйесін тиімді құра білген ұлттың еңсесі биік, абыройы жоғары болмақ. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің реформалаудың бастапқы кезеңі аяқталды. Бүгінгі күні білім беру саласының тиісті заңды базасы жасалды.

Елбасы Н.Назарбаев өзінің «Қазақстан – 2030» жолдауында: «оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет... ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәкәппарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» дегені мәлім. Елбасының осы алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар - әрине, жастар. Олай болса, сол жастарға сапалы білім мен салауатты тәрбие беру қажет. Ол, Мағжан айтқандай, мектеп пен ұстаздарға байланысты.

Еліміздің дамуының алғы шарты білім дедік, яғни «Үшінші мыңжылдықтың жастары қандай болмақ?» деген сұрақ туындайды. Жауапкершіліктің биігінен көрінуі де жас ұрпаққа берілетін білім сапасын мейілінше арттыруды қажет етеді. Ал, білім сапасын арттыру, оның деңгейін әлемдік білім кеңістігіндегі стандарттарға сай келтіру түптеп келгенде, мұғалімге, оның кәсіби құзырлығына, әдістемелік біліктілігі мен шеберлігіне тікелей байланысты. Жас ұрпаққа жоғары сапалы білім беру ісін тек қана көп мәдениетті, шығармашыл, жаңашыл, инновациялық тұрғыда ойлап, қызмет жасай білетін ұстаз ғана мүлтіксіз атқара алады.

Құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама –қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды.

Құзіреттілік тәсіл идеясы – «қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өтей алады» деген сұраққа жауап береді. Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру – бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлылық тәсіл, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсіл мен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама-қайшылықтан туындаған дағдарыстан шығудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігінен емес, сол білімді қолдана білумен маңызды.

Мұғалімнің басты рөлі – тұлғаның жеке дамуына негізделген, жан-жақты зерттелетін, сараланған білім беру үлгісінің басым бағыттарын айқындау, нәтижесінде еліміздің әлемдік өркениетке негізделген білім саясатының стратегиялық мақсаттарын жүзеге асыру. Осыған орай, нәтижеге бағытталған жалпы орта білім берудің жаңа жүйесіне ауысу білім беруді басқару жүйесіндегілерден мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыруда жаңаша көзқарасты, ал мұғалімдерден негізгі кәсіби құзырлылықтарын дамытуды талап етеді.

Білім беру саласын ізгілендірудің басты бағыттарының бірі - белсенді оқыту түрлері мен әдістерін жетілдіру. Ескі мазмұнды ығыстыра отырып,елімізде білім берудің ұлттық үлгісі қалыптасуда. Әлемнің оқыту технологиялары жоғары дамыған елдерінің (Жапония, Германия, Голландия) тәжірибесіне назар аударсақ,түпкі мақсаты-баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни, бірінші орында баланың білім, білігі мен дағдысы емес,жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды. Осы мақсатқа орай, бүгінгі педагогика ғылымында жаңа оқыту технологиялары: дидактикалық біліктерді шоғырландыру, ізгілікті-тұлғалық бағдарламалар, дамыта оқыту, мәселелік, тірек сигналдары арқылы, деңгейлеп саралап оқыту, өздігінен ізденіп даму, оқытудың компьютерлік, модульдік технологияларды ғылыми тұрғыда дәлелдеп, баламен бірге жұмыс жүргізіп жүзеге асырушы мұғалім..

Мектебіміз 2006-2007 оқу жылында екіге бөлінген кезде мектепте нашар оқушылар іріктеліп қалды. Сол себепті мектебімізде жоғары білім сапасына қол жеткізу пәндер бойынша мұғалімдердің педагогикалық шеберлігімен қатар, оны басқару ісін тиімді ұйымдастыру, дұрыс бағыт-бағдар берілетін әдістемелік жұмыстарды жүргізуді жолға қою негізгі жұмысымыз болды. Себебі қазір санның заманы өтіп, сапаның дәуірі туып отыр. Жас ұрпаққа жан-жақты білім беруде сапа категориясын бірінші орында қойып отырған мектеп ұжымында «Озат тәжірибе» мектебі, «Жас маман» мектебі, «Шығармашылық топ» және пән бірлестіктері аталған мәселелерді талқылап, зерттеп, шешу жолдарын анықтауда ұйымшылдықпен табысты еңбек етуде. Бәрінің алдына қойған өзекті мәселесі:«Оқу-тәрбие үрдісінде эстетикалық тәрбие беру арқылы қоғам талабына сай шығармашылық қабілеті дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру».

Жеке тұлғаны қалыптастыру барысында білім беру сапасына мектеп ұжымы ерекше мән беріп келеді. Сапалы білім беруді көздеген ұжым оқушылардың мүмкіндіктерін алдын-ала болжауға, модельдеуге ұмтылады. Өйткені, олар оқушының білім беру нарығында қабілетті болу үшін ішкі тапсырыс талаптарына сәйкес болу керек екенін жақсы түсінеді. Соған байланысты, мектеп деңгейінде сапалы білімге кеңінен қол жеткізуді қамтамасыз ету мақсатында «әдістемелік орталық» ұйымдастырылып, әдістемелік жұмыстар бірнеше бағытта жүргізіліп келеді.

«Әдістемелік орталықта» пән мұғалімдерінің, жас мамандардың әдістемелік көмек алуына педагогикалық шеберлігін жетілдіруіне, бағыт-бағдар алуына негізделіп «әдістемелік орталықтың» жұмыс істеу жоспары, «Шығармашылық шыңы – ізденіс», «Жас маманға көмек», «Біздің жаңашыл ұстаздар», «Пән мұғалімі, сіздер үшін!» бұрыштары ұйымдастырылып, ғылыми - әдістемелік көмекші кітаптармен, ғылыми-әдістемелік баспасөз материалдары жинақталған. Мектеп мұғалімдері компьютерлік сауатсыздықты жою мақсатында толығымен АТТ курсын өтті Сондай-ақ, мектепті ақпараттандырудың екінші кезеңінде оқушылармен бірге пән мұғалімдерінің де компьютермен, электронды оқулықпен, интерактивті тақтамен жұмыс істей алуына ерекше мән беріліп «әдістемелік орталық» ақпараттық техникалармен, телевизор, DVD, әр түрлі тақырыптағы сабаққа қажетті аудио-видео таспалармен, дискілермен, электронды оқулықтармен жабдықталған. Кез келген пән мұғалімі «әдістемелік орталықтан» қажетті материалдармен қаруланып, дәстүрлі пәндер шеңберінен шығып, оқушылардың сұранысына, олардың ерекшелігіне, жеке басына бағытталған білім беру ісін жоғары деңгейде жүргізуде.

Жыл сайын қалалық білім бөлімі тарапынан ұйымдастырылатын кәсіптік сайыстарға мектеп мұғалімдері белсене қатыстырылады. Ұстаздар байқауларда оқыту мен тәрбие барысының нәтижелі, жемісті болуы мұғалімнің әдістемесіне, шеберлігіне байланысты болатындығын дәлелдеді. Рухани дамыған, педагогикалық құралдардың барлық түрлерін меңгерген білікті маман, өзін-өзі әрдайым жетілдіруге ұмтылатын шығармашыл тұлға ретінде білімділігімен, шеберлігімен, ұлағатты сөзімен, шәкірттерін өз пәніне қызықтыра білетін, оқушылар бойынан шығармашылық қабілетті аша білетін ұстаз екенін дәлелдеді.

Сапалы білім беру үшін сапалы кабинеттер кажет. Осы мақсатта мектептің кабинеттерін талапқа сай жөндеуді, жабдықтауды дұрыс деп шештік. Өткен оқу жылында ұйымдастырылған «Ең үздік ағылшын тілі кабинеті », «Ең үздік бастауыш кабинеті» сайысында жүлделі 2 орындарға ие болдық..

Мұғалімдердің шығармашылық ізденісін арттыру мақсатында биылғы оқу жылының соңында «Ең үздік бірлестік» байқауын ұйымдастыру жоспарланды.. Оқыту барысында нәтижелі білімге қол жеткізу мұғалімнің әдістемелік дайындығына, шеберлігіне байланысты болатынын көрсету үшін жас мамандарға әдістемелік көмек көрсету ретінде «Тәлімгерлер апталығы», тәлімгер мен жас маман арасында пікір-сайыс өткізіліп, әр ұстаздың шеберлігі шыңдалып отырды. Мұғалімдердің сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі педагогикалық ізденіс жұмыстары өз нәтижесін беруде. Бұған дәлел, қалалық пән олимпиадасында 10 оқушы жүлделі орынға ие болып, орыс тілінен 10 сынып оқушысы Намыспаева Алина облыстық олимпиадаға жолдама алды.

Таблица 1. Мектеп бойынша соңғы 3 жылдағы білім сапсының мониторингісі:

Годы

1 четверть

2 четверть

3 четверть

4четверть

год

2007-2008

24%

27,8%

38%

40,7%

41%

2008-2009

29,2%

35%

40%

42%

49%

2009-2010

40%

41,5%










Таблица 2. МАБ қорытындысы 2007-2010 жылдар


оқу жылы

ортақ балл

2007-2008

62,1

2008-2009

62,3

2009-2010

70
4 сынып 9 сынып

оқу жылы

ортақ балл

2007-2008

18

2008-2009

17,4

2009-2010

17,6


Мұндай білім сапасына жетуде мектепішілік бақылаудың маңызы зор. Оқушылар арасында жүйелі жүргізілген бақылау жұмыстары салыстырмалы түрде сапаны анықтауға мүмкіндік туғызды, жүргізілген мониторингтердің қорытындысы пән бірлестіктерінің отырысында, әдістемелік кеңестің мәжілістерінде, педагогикалық кеңестерінде талқыланды.

Ұжымның басты мақсаты-оқушылардың өз бетінше білім алатын шығармашылық деңгейін көтеру. Бұл мақсатты жүзеге асыруда әрбір мұғалім білім стандарты талабына сәйкес инновациялық негізде жұмыс істейді. Оқушылардың өз бетінше білім алатын шығармашылық деңгейін көтеру бүгінгі заманның талабы. Бүгінгі мектепте 31 сынып комплектіде 710 оқушы дәріс алуда. Мектеп ұжымында 65 мұғалім еңбек етуде,15-жоғары санатты, 19-бірінші санатты, 18-ІІ санатты мұғалімдер.Мектеп ұжымында 5 жас маман еңбек етуде.

Әрине, білім сапасын жақсартуда мектептің материалдық-техникалық базасын нығайту үлкен роль атқарады. Мектебімізге бюджеттен арнайы қаражат бөлініп, мектептің материалдық-техникалық базасы нығайтылуда. Мектепте бүгінгі күні 1 информатика кабинеті, 2 мультимедиялық кабинет, жаңа типтегі биология ,химия, физика кабинеті, 6 интерактивті тақта, әрбір пән кабинеттері қазіргі заман талабына сай эстетикалық тұрғыдан безендірілген. Әсем безендірілген 150 орындық салтанат залы, 50 орындық кітапхана, әдістемелік кабинет, 100 орындық асхана бар.

Осындай барлық жағдай жасалып отырған білім ордасының ұстаздарына талабы таудай дарынды-жеке тұлғаны дамыту, яғни Ушинскийдің «Бала балқытылған алтын, оны қандай қалыпқа құйып, қандай мүсін жасаймын десе де мұғалімнің қолында» деген сөзі аталған міндетті жүзеге асыру жолында ұстазды үлкен асуларға жетелейді, жауапкершілігін арттырады. Біздің басты мақсатымыз – оқушылардың өз бетінше білім алатын шығармашылық деңгейін көтеру. Бұл мақсатты жүзеге асыруда әрбір мұғалім білім стандарты талабына сәйкес инновациялық негізде еңбек етуге тиісті.

Мектеп ұжымы сапалы білім үшін осындай іргелі мәселелерді талап дәрежесіне қойып, білім жүйесінде оқытуды биік сапалы дәрежеге көтеру үшін еңбек етуде.

Мектептің тәрбие жұмысы өмірдің барлық салаларындағы ұлттық және дүниежүзілік жетістіктерді қабылдап, дамытуға қабілетті, рухани және адамгершілік қасиеті бай тұлғаны қалыптастыру, оның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамытуына әсер етуді көздейді.

Мектепішілік дәстүрлі тәрбиелік іс-шаралар, ұжымдық,шығармашылық істер - мектеп өмірінің ең қажетті бөлігі. Бұл іс-шаралар алдын-ала жоспарланып, сынып оқушыларының толық қатысуымен іске асады. Мектепте мектепішілік дәстүрдің маңызы ерекше орын алады. Мектепішілік дәстүрлі істерде әр оқушы және жалпы ұжымға ерекше маңызды болып табылатын белгілі құндылықтар бекітілген. Ұжымға қажетті кез-келген іс-шараны қиналмай, шын ықыласпен орындай білу –болашаққа қажетті үлкен өмірлік сабақ екендігін әрбір мұғалім оқушыларға түсіндіріп, бақылай отырып нәтижеге жетуге тырысады. Тәрбие жұмысында тәрбие салаларының түрлерін қамти отырып өткізілетін іс-шараларды ұйымдастыруда оқушылардың қызығушылықтарына байланысты сұраныстары да ескеріледі.

«Азамат» пікір-сайыс, «Жас заңгер» клубтары, «Сымбат» қыздар ұйымының, «Болашақ» жастар мен жасөспірімдер бағдарламасына сәйкес оқушылардың өзін-өзі басқаруы, жастардың ой пікірлерінің санасын іскерлікке,жариялыққа тәрбиелеудің көздері болып табылады.

Кез келген білім ордасының білім сапасын арттырудағы туындайтын кейбір проблемалардан шығу үшін: нәтижеге бағытталған жалпы орта білім беруде мұғалімнің кәсіби құзырлылығын дамытуды талап етеді. Әрбір мұғалімнің кәсіби дайындық сапасына қойылатын талап немесе кәсіби теориялық білімі мен практикалық біліктілігі –құзыреттілік пен кәсіби шеберлігінің сапасы ретінде қаралады.

Құзыреттілікті нәтижеге бағытталған білім беру жүйесінің сапалық критериі ретінде қарау, зерттеу, бүгінгі күн талабы.

•Әр ұстаз оқытудың жаңа технологиясындағы тиімді пайдаланылған әдістердің бәрі бала дамуына қарай бағытталатындығын ескеруі керек. Әлемдік тәжірибеде бар электронды оқу құралдарын пайдалану шеңберін ұлғайту.

•Мектептің тәжірибесін зерттеп қорыту, тарату.

•Мектепішілік бақылау – басшылық жұмыстарын жандандыру, себебі бұл оқушының білім сапасының деңгейін анықтап, ұстаздың жеке жауапкершілігін көтереді.

•Мектептің материалдық базасын нығайту.

•Мемлекеттік тілде жазылған әдістемелік құралдарды шығару.

Оқыту деңгейін халықаралық стандартқа жеткізуге қадам жасау.

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

1. А.К.Маркова. Кәсіби құзыреттіліктің даму деңгейі//2009

2. М.И.Скаткин.Зерттеу мәдениеті-педагогикалық қабілет// 2008

3. Л.Горбунова Зерттеу туралы білімі, білік дағдысының болуы // 2007

4. И.Д.Богаева .Педагогикалық қызметтегі кәсіби шеберлік//2009

5. Г.К. Селевко. Педагогикалық технологияларды меңгеру факторы//2009.



Похожие:

Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру бүгінгі білім жүйесіндегі алға басудың негізгі факторы iconТарих сабағында жоба технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың ҚҰзыреттілігін қалыптастыру
Бүгінгі ғаламдану кезеңінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігінің даму тенденциясынан ажыратып...
Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру бүгінгі білім жүйесіндегі алға басудың негізгі факторы iconТарих пәнін оқытуда сыни ойлау жобасы негізінде оқушының шығармашылығын дамыту арқылы қҰзыреттілігін қалыптастыру
Мектептің білім беру ортасын білім беру үрдісі субъектілерінің даму жағдайы негізі ретінде қалыптастыру
Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру бүгінгі білім жүйесіндегі алға басудың негізгі факторы iconБілім беру үрдісі субъектілерінің құзыреттіліктерін, құзырлықтарын қалыптастыру
Тарих сабағында сыни тұРҒыдан ойлау технологиясы арқылы оқушылардың коммуникативті қҰзыреттілігін қалыптастыру
Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру бүгінгі білім жүйесіндегі алға басудың негізгі факторы iconҚазақстан республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие
Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырым-дамасы Білім және ғылым Министрінің 2009 ж. 16 қараша №521бұйрығымен...
Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру бүгінгі білім жүйесіндегі алға басудың негізгі факторы iconТезаурус: Эксперимент
Білім беру үрдесінде субъектінің коммуникативтік қҰзыреттілігін және жан-жақты дамыған тұЛҒаны қалыптастыру
Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру бүгінгі білім жүйесіндегі алға басудың негізгі факторы iconБілім беру процесінде субъектінің құзыреттілігін дамыту Чайморданова Л. С
Ол мұғалімнен үздіксіз ізденуді,өз білімін жетілдіріп отыруды талап етеді.Өйткені, еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында
Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру бүгінгі білім жүйесіндегі алға басудың негізгі факторы iconҚазақстан республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие
Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы Қр білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы №521 бұйрығымен...
Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру бүгінгі білім жүйесіндегі алға басудың негізгі факторы iconҚазақстан республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие
Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы Қр білім және ғылым Министрінің 2009 жылғы 16 қарашадағы №521 бұйрығымен...
Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру бүгінгі білім жүйесіндегі алға басудың негізгі факторы iconРазвитие субъектности участников образовательного процесса. Білім жүйесіндегі субъектінің құзырлылығын қалыптастыру
Азақ тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік қҰзырлылығын дамыту
Мұғалімнің құзыреттілігін қалыптастыру бүгінгі білім жүйесіндегі алға басудың негізгі факторы iconОқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту
Оқу үрдесінің субьекттілерін дамыту шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы