|
Субъект-аса жоғары белсенділік, біртұтастық, жүйелілік, автономдық деңгейі. Оқытудың белсенді әдісі, дидактика заңдары, теориялық негіздері. Бастауыш сынып оқушыларын субьект ретінде ана тілі сабағындағы белсенді әдіс – тәсілдерді қалыптастыру. О.Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі. Бастауыш сынып мұғалімі:Ибраева А.Б. Жас ұрпақты тәрбиелеу ісі қоғам дамуының қай кезеңінде де уақыттың талап – тілегіне сай үздіксіз жүзеге асырылып отырады. Жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының негізгі бағыттарында: « Әрбір пәнді оқытудың ғылыми дәрежесінің неғұрлым жоғары болуы, ғылым негіздерінің тиянақтап, идеялық – саяси және адамгершілік тәрбиенің этикалық және дене тәрбиесінің жақсартылуы қамтамасыз етілсін . Оқыту мен тәрбиелеу әдістерін жетілдіру міндеті қойылсын », делінген.[1] Оқу – ағарту ісін қайта құру – біздің рухани , азаматтық шығармашылық потенциалымызға , жаңаша ойлау қабілетімізбен ізденістерімізге байланысты болмақ А.Байтұрсыновтың : « ^ – білімді , педагогика мен әдістемеден хабардар , оқыта білетін мұғалім. Екінші – оқыту ісіне керек құралдардың қолайлы да ыңғайлы болуы. Үшінші мектепке керегі – бағдарлама. Әр іс көңілдегідей шығу үшін оның үлгісін я мерзімін өлшеу керек », - дегенінен сол кезеңнің өзінде ең бірінші орында әдіскер мұғалімнің қажеттігіне ден қойылған. Түрлі әдіс – тәсілдерді жан – жақты игеріп , білімдерін жетілдіретін , іс –тәжірибелерімен қоса әдістемелік құралдар қажет себебі ондай жанама материалдар ұстаздар білімін толықтырады. Ал білімді де білікті ұстаздан тәлім алған оқушының жан – жақты , жетік болары сөзсіз, Сондықтан жақсы оқытудың нәтижелі тәрбие берудің кілті мұғалімнің қолында. Бастауыш мектептің ана тілінен оқушыларға қоғам , Отан , табиғат , сондай ақ жануарлар дүниесі жайлы әңгімелермен танысады. Өмірдегі сан – алуан құбылыстардан хабар береді. Соның нәтижесінде баланың оқуға деген ынтасы, белгілі бір мамандыққа деген құмарлығы артады. Ана тілін оқыту сабақтарының мәні ерекше .Өйткені ол сабақтарда оқушылардың ой – өрісі , сөйлеу тілі дамып, жеке мәтінмен , кітаппен , өздігімен жұмыс істеуге үйренеді . Кітапты түсініп оқу балалардың алған білімдерін тереңдетіп , дүние танымын арттырады. Білім беру дегеніміз – ғылымға негізделген жүйелі бағдарлама бойынша теориялық, практикалық іске, еңбекке баулу, дүние танымын кеңейту. Оқушының бойындағы бар қабілетін кемеліне келтіріп , жетілдіру болып табылады. Чехтің ұлы педагогы Я. А.Коменский : «Оқымай , тоқымай білікті өнерпаз, шешен, ақын болған адамдар жоқ », - деген екен. Олай болса баланың дұрыс білім алуы ең алдымен ұстазға байланысты. Әрбір мұғалім өз ісіне жетік, теориялық біліммен жақсы қаруланған болса ғана балаларға жақсы өнеге терең білім бере алады. Оқу – тәрбие жұмысының негізгі әдісі – дидактика заңдарын толық қолданып жаттықтыру, яғни білімді мазмұннан туғызып, дағдыға айналдыру екенін әр кез есте ұстау абзал. Сабақты мәтінге негіздеп жүргізу үшін әрбір мұғалім озат тәжірибелі ұстаздарының іс – тәжірибесімен санасып, өз ізденісінен туған әдіс – тәсілдермен сабақтастырып отыруы керек. Сабақ білімді жаттығуға негізделіп, жүйелеп өткізуді талап етеді. Сабақты сапалы өткізу үшін мұғалім оның теориялық негіздерін жетік білуі тиіс. Сонда оған сабақтың теориасы мен практикасы айқын болады. Сонымен қатар мұғалім педагогика, психология әдістемелеріне сүйенеді. Оны қазақтың ұлы педагогы Ы. Алтынсарин « біртұтас әдіс» деп атаған. Оқу жұмыстарын жүргізудің формалары сабақ барысында іске асырылады.Бұл жұмыс кезінде оқушылар сөздің мағыналық қасиетімен , сөздік қор және грамматикалық құрылысымен танысады. Ауызекі және әдеби тілдің өзіндік белгілерін ажыратады. Сауатты және дұрыс жазуға дағлыландырады. Бұл көрсетілгендердің әрқайсысына тоқталып , мұғалімдер өздеріне қолайлы әдісті қолдануларына болады. А.Байтұрсынов : « Жақсы дерлікте , жаман дерлік те әдіс жоқ. Олқылықтың белгісі – бір ғана әдісті болуы ; шеберліктің белгісі түрлі әдісті болу ,орнында жоқ әдісті табу да қолынан келу. Мұғалім әдісті көп білуге тырысуы керек , оларды өзіне сүйеніш , қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек »,-дейді . Мұғалім мәтінді түсінікті, қарапайым тілмен түсіндіре отырып, балаға қоғамдық көзқарас қалыптастыруға тиіс. А.Байтұрсынұлы:«Әдіс – кезекшіліктен шығатын нәрсе, әдістің жақсы, жаман болмағы жұмсалатын орнының керек қылуына қарай»,- деген. Жаңа материалды меңгеруде әуелі мәтіннің ішкі қасиеттерін саралап, осыған лайықты дидактикалық материалдар пайдаланғаны жөн. Мұғалім әңгімені үнемі өзі мазмұндамай, оған оқушыларды да қатыстырып, белсенділіктерін арттырып отырады. Сонымен оқыту әдісін түрлендіру, оқушылардың өздігінен жұмыс орындауда белсенділігін арттыру мәселесін қойған болатын. Осыған орай көрнекті педагогтарымыз оқыту әдісінің көп екенін анықтады.[7] Оларға мыналар жатады :
Кез келген баланың өз білімін жетілдіруге ынтасы оның белсенділігіне тікелей байланысты. Олай болса , тәрбиенің негізгі мақсаттарының бірі – баланың белсенділігін арттыруға жағдай туғызу.[6] Баланың белсенділігі – оның таным қызығушылығына негізделеді.Таным қызығушылық – адамның таным әрекеті арқылы жүзеге асырылатын қоршаған ортадағы заттар мен құбылыстарды игеруге бағытталған қажеттілігі. Ана тілі сабағында белсенді әдіс – тәсілдерді қалыптастырып дамыту үшін.
отырып, шығармашылықпен жұмыс істеуге жағдай туғызу;
ұйымдастыру ; Бастауыш мектеп – оқушы тұлғасы мен санасының дамуы қуатты жүретін , ерекше құнды , қайталанбас кезең. Сондықтан бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы, қиын да жауапты жұмыс . Ең бастысы баланың шығармашылық бағытта жан – жақты дамыту көзделеді. Бастауыш сыныптың баласының зейіні жете қалыптаспаған , импульсивті болады.[5] Әр баланың бір нәрсеге табиғи бейімділігін мақсатты түрде дамыту арқылы шығармашылық қабілетін ашуға болады. Ол үшін сабақта және сабақтан тыс уақытта алуан түрлі белсенді әдіс – тәсілдер пайдалануға болады:
беру т.б.)
жұмбақ шешу.
жаттығулар , педагогикалық ситуациялар т.б. Мысалды оқытудың белсенді әдісі : 1. Мысалды оқытуға дайындық әңгіме өткізеді. 2. Мұғалім мысалды әуелі өзі нақышына келтіре оқиды. Сонан кейін оқушыларға оқытады. 3. Мысалдың мазмұны талданады. 4. Негізгі ой анықталады. 5. Өмірмен байланыстырылады. 6. Рольге бөліп оқытылады. 7. Сахналау, сурет салу, жоспар жасау, қара сөзбен әңгімелеу т.б. жүргізуге болады. Қорыта айтқанда, оқушы белсендігін арттыру, тануды шығармашылықпен үйрету арқылы оқушының күш қуаты артып болашақтың жауапты азаматы екендігіне сенім ұялады өмірге, білімне деген қызығушылығы оянды. жауапты Шығармашылық ойлауы мен іс-әрекеті қалыптасқан адамның іскерлігі жетіліп, бойындағы рухани байлықтары нығайып, адамзат мәдениетіне мол үлес қосатыны анық. Шығармашылық жұмыс шығармашыл тұлға қалыптастырады. ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() Қорытынды : ![]() Ұқсастығы мен айырмашылығы ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ![]() ӘДЕБИЕТТЕР 1. Қазақстан ӘДЕБИЕТТЕР 1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007 3. Абулханова К.А.О субъекте психической деятельности.-М. 1973. 4. Брушлинский А.В. Субъект: мышление, учение, воображение.-М.-Воронеж,1996. 5. Молдабеков Қ. Бастауыш сыныпта тіл дамыту. Алматы, Республикалық баспа кабинеті,1993. 6. Абдурахманова Г. Коммуникациялық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері. «Қазақстан мектебі», Алматы,2006 , №3 ,17-19 б. 7. Ахметов С. Бастауыш сыныпта білім берудің тиімділігін арттырудың жолдары. Алматы, «Рауан»,1994, 56-57 б. |