ОҚушылардың субъектілігін қалыптастырудағЫ Ұлттық спорт ойындарының РӨлі тақырыптың өзектілігі icon

ОҚушылардың субъектілігін қалыптастырудағЫ Ұлттық спорт ойындарының РӨлі тақырыптың өзектілігі



НазваниеОҚушылардың субъектілігін қалыптастырудағЫ Ұлттық спорт ойындарының РӨлі тақырыптың өзектілігі
Дата конвертации26.01.2013
Размер77.89 Kb.
ТипДокументы
источник

Білім беру ортасын субъектілік басқару бәсекеге қаблетті жеке тұлға қалыптастыру шарты.

Мухажанова М.А.

бастауыш дене тәрбиесі пәні оқытушысы

О. Бөкей атындағы № 44 мектеп-лицейі


ОҚУШЫЛАРДЫҢ СУБЪЕКТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ ҰЛТТЫҚ СПОРТ ОЙЫНДАРЫНЫҢ РӨЛІ


Тақырыптың өзектілігі:

Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары Абай Құнанбаев, Шоқан Уалиханов, Ыбырай Алтынсарин халық ойындарын балаларға білім берудегі тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтын дәстүрі мен салтын құрметтеп, адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық адамгершілік ой талабының өсуінде оның атқаратын қызметін жоғары бағалады.

Бүгінгі таңда егеменді ел болып, өз шаңырағын көтеріп, туын тіккелі бері ана тілін, салт-дәстүрін қайта жаңғыртуда. Жаңарған ел жаңа көзқарастағы ұрпақ тәрбиелеуді талап етуде.

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың 2030-бағдарламасында «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білім мен әл - ауқаты барлық қазақстандықтардың өмір сүру жағдайларын біліммен мүмкіндіктерін ұдайы жақсарту» - деп атап көрсетеді. Сондай-ақ дене тәрбиесі мен спорттың маңызын арттыруды, елімізде сауықтыру жұмыстарының әдістерін жетілдіруді ұсынады. Сондай мүмкіндіктердің – бірі баланы жастайына қазақтың ұлттық қозғалмалы ойындарын ойнауға жаттықтыратын тиімді әдіс тәсілдерді пайдалану мақсатына қарай дене тәрбиесін жан-жақты дамыту көзделген.

Яғни, рухани бай, азаматтық ары таза, ой еңбегіне бой еңбегі сай, сегіз[6,7] қырлы бір сырлы азаматтарды тәрбиелеу талап етілуде.

^ Зерттеу мақсаты: Қазақтың ұлттық спорт және ұлттық ойындары арқылы оқушыны субъект ретінде дамыту.

Міндеттері:

1.Қозғалмалы ойындар технологиясын терең меңгеру;

2.Дене қуаты қасиеттерін зерттеу;

3.Дене қуаты қасетерін дамытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру;

4. Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланып, тиімділігін арттыру.

Зерттеу нысаны: 3 сынып

Зерттеу пәні: Ұлттық ойынның субъекті қалыптастырудағы ролі.

Болжам:

1.Дене қуаты қасиеттері дамыған тұлға қалыптасады.

2.Таңдау еркіндігі бар тұлға қалыптасады.

3.Субъектінің белсенділігі артады.


Білім берудің жаңа технологиясын пайдаланып дене тәрбиесі пәнін жаңа технологиялық әдіспен оқушылардың жас ерекшіліктеріне денсаулықтарына байланысты ұлттық ойындарды спорттық ойын түрлеріне, сабақтын мазмұнына қарай іріктеп алып пайдалануға дене тәрбиесі мұғалімінің мүмкіндіктері бар. Арнайы ұйымдастырылған түрлі ұлттық ойындар балалар мен жасөспірімдерді ұйымшылдыққа, Отан сүйгіштікке, өжеттілікке, батылдыққа, шапшаңдыққа, ептілікке, тапқырлыққа, табандылыққа, байсалдылыққа, еңбек етуге тәрбиелейді, патриоттық сезімдерін оятады дене қуаты қасиеттерін: күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік және ептілік қасиеттерін жетілдіреді, дамытады. Ұлттық спорт ойындары : көкпар, бәйге, теңге алу, қыз қуу, алтын қабақ ату, жамбы ату, аударыспақ, асық ату, арқан тарту, қазақша күрес, тоғызқұмалақ,т.б Ұлттық ойындар: «Ақ серек,көк серек», «Айгөлек», «Соқыр теке», «Белбеу тастау», «Мысық пен Тышқан», «Кім түртті», «Ұшты-ұшты», «Қазан доп», «Асық ойыны», «Ине, жіп және түйіншек», «Бестас», «Жасырынбақ», «Әтештер қақтығысы», «Шымбике» т.б. ойындар. Сол кезден қазіргі уақытқа дейін біз білетін «Ақсүйек», «Орда», «Қызыл ту», «Айгөлек» ойындары кең таралып, көп ойналған.

Дене тәрбиесі сабағында ұлттық ойындардың ішінде «Ақ серек,көк серек»,[2,3]

«Соқыр теке», «Асық ойыны», «Ине, жіп және түйіншек», «Әтештер қақтығысы», «Қызыл ту», «Мысық пен Тышқан»,«Теңге алу», «Тоғызқұмалақ» ойындарын пайдаланамын.

Ұлттық ойындарды дене тәрбиесі кеңінен пайдалана отырып оқытудың тиімділігін арттыруға болады.Ол субъектінің бойында күш қуатын жетілдіреді,

сабаққа деген белсенділігін арттырады, оқу үрдісіне деген қызығушылығын жоғарлатады.

Ұлттық ойындарды мазмұны мен күрделілігіне байланысты және[4,1] балалардың жас ерекшіліктерін ескере отырып, төменгі, орта және жоғарғы сынып оқушылары ойнайтын ойындар деп бөлуге болады. Қажетті ойындарды өтілетін сабақ не жаттығудың алдында тұрған педагогикалық міндеттеріне байланысты таңдап алу қажет. Дене тәрбиесі сабағында және жаттықтыру кезінде қозғалыс ойындарын, оның ішінде ұлттық ойындарын қолдану арнайы үйрену міндеттерін шешуге көмектеседі. Ұлттық және эстафеталық қозғалыс ойындарын ұйымдастыра отырып оқушылардың қызығушылығын арттыру, ұйымшылдыққа, батылдыққа және салауатты өмірге тәрбиелеу. Ұлттық ойындарды спорттық ойын сабақтарында, жеңіл атлетика, гимнастика сабақтарында, жалпы дене қуаты дайындығы және жаттықтыру сабақтарында кеңінен қолдануға болады. Ұлттық ойындардың дене тәрбиесі сабағын жоғары әдістемелік деңгейде сапалы өткізудегі пайдасы мол.

Мен ұлттық ойындарды дене тәрбиесі сабағында пайдалану кезінде мына жайттарды есепке аламын:

1.Өз белсенділігін ұғыну

2.Таңдау еркіндігі

3. Еркін таңдау үшін жауапкершілік

4.Өздігінен дамуға талпыну

5. Рефлексияға қабілеттілік

6. Дене қуаты қасиеттері (жылдамдылық, төзімділік, ептілік, икемділік, күш)


Субъектінің бойында әр түрлі қаблеттермен қасиеттерді қалыптастыруға байланысты ұлттық ойындарды төмендегідей топтарға жіктедім:




Ұлттық ойын түрлері

Қалыптасатын қабілеттер мен қасиеттер

1

Ақ серек,көк серек;

Мысық пен Тышқан;

Қызыл ту;

Субъектінің бойында жылдамдылық, төзімділік, ерік жігерлік, батылдық, шапшандық қасиеттері қалыптасады. Қимыл-қозғалыс жасау қаблеті артады.

2

Асық ойыны;

Ұшты- ұшты;

Ине, жіп және түйіншек;

Төзімділік, икемділік,ептілік қасиеттері дамиды. Еңбексүйгіштікке, мәдениеттілікке, тәртіптілікке, қажырлыққа, көпшілікке, мәдениеттілікке тәрбиелейді.

3

Теңге алу

Жылдамдықты, ептілікті, белсенділікті, өжеттілікті, шапшандықты, тапқырлықты , ұйымшылдықты қалыптастырады.

4

Тоғызқұмалақ

Ойлау қаблеті, байсалдылық, жауапкершілік, тәртіптілік, мәдениеттілік дамиды.

Субъектінің бойында қалыптасатын қабілеттер мен қасиеттер бақылау және психологиялық зерттеу нәтижесінде анықтауға болады. Мектеп[1,7] психологомен бірлесіп жүргізілген диагностика нәтижесінде 3 сынып оқушыларының оқу үрдісіне деген белсенділіктерінің артқанын, көңіл күйлерінің көтерінкі болуын, сенімділік, ұстамдылық, өзін-өзі бағалай білу қасиеттерінің дамығаны анықталды. Психодиогностика әдісі КБС (К-көңіл күйі, Б- белсенділік, С – сергектік) әдістемесі бойынша еске сақтау, ықылас, қозғалыс жылдамдығын, алаңдаушылық деңгейін, көңіл-күй көрсеткіштерінің өзгеру деңгейін анықтау арқылы байқалады.

Ұлттық ойындарды пайдалану субъектінің психологиялық тұрғыдан да дамуына маңызы бар. Психологиялық жағынан ойындар төмендегілерді қамтамасыз етеді:

  • Жалпы ойындарды жүйелі түрде пайдалану, қиыншылықтарды жеңуге, еңбексүйгіш субъект ретінде тәрбиелеуге ықпал етеді.

  • Ұлттық ойындар жаттығулар көмегімен оқушыларды жаттығуға керек психикалық күйге түсіреді.

  • Көңіл күйді көтеру, көңілдену, тактикалық ойлауды дамыту, сыртқы қоршаған ортаны тез сезіну,келешек істелетін жұмыстарға дайындалу, жинақталу қасиеттерін қамтамасыз етеді.

  • Ойын жаттығуларын ойша қайталау арқылы барлық ықылас зейінді аударуға негізделеді.



Жыл басында 3 сынып оқушыларының дене қуаты қасиеттері төмендегідей болды.


Кесте 1. Оқушылардың дене қуаты қасиеттері.



Дене қуаты қасиеттері

ұлдар

қыздар

1

Жылдамдық (30 м, сек)

6,2

6,7

2

Күш (%)

11,2

13,4

3

Жалпы төзімділік(%)

2,1

1,3



Оқу жылы ішінде сабаққа ойындарды қолдану барысында 3 сынып оқушыларының дене қуаты қасиеттерінің өсу қарқыны байқалды.



Сурет 1- Оқушылардың дене қуаты қасиеттерінің өсу қарқыны.

Бұл көрсеткіштердің негізінде дене тәрбиесі сабағына ұлттық ойындарды қолдану тиімді екенін байқадым. Осы диограммадан байқайтынымыз оқушының бойында жылдамдылық күш төзімділік дене қуаты қасиеттері жыл басындағы көрсеткіштен қарағанда артта түсті.Ұлттық ойындарға деген қызығушылықтары жоғарлады. Мұнын барлығы оқушының субъект ретінде қалыптасуына педагогикалық тұрғысынан да әсері бар. Себебі, осы қасиеттердің жиынтығы оқу үрдісіндегі 3 сынып оқушыларының математика, ана тілі, қазақ тілі, дүниетану, еңбекке баулу т.б пәндерді жақсы меңгеруге ықпал етеді. Субъектінің бойында келесідей сапалық көрсеткіштер қалыптасады.

  1. Ұлттық ойындар арқылы оқушы субъек ретінде дамиды.

  2. Оқу үрдісі кезінде жұмыс қабілеттіліктері жоғарылайды.

  3. Оқушы жан-жақта дамиды.

  4. Жағымды қарым-қатынас жасау мәдениетін меңгереді.

  5. Жағымды эмоциялар мен іс-әрекеттерді ұстай алуы қалыптасады.

  6. Өзінің мінез-құлқын, дене және психикалық жағдайын басқара алуы дамиды.

Жоғарыдағы зерттеулердің нәтижесінде сынып бойынша негізгі көрсеткіштер анықталып оқушылардың субъектілігін қалыптастырудағы ұлттық спорт ойындарын пайдалану деңгейін жоғарлату мақсатында төмендегідей жоспар жасалынды.

1.Оқушылардың шығармашылығын, субъектісін арттыру үшін сабақта ұлттық ойын технологияларын тиімді пайдалану. (жыл көлемінде)

2..Қала, облыс көлемінде іс-тәжірибе алмастыру.

3.Оқушылардың дене қуаты қасиеттерін жетілдіру үшін ұлттық ойындар бойынша шағын үйірмелелер ашу.

4. Оқушылардың мүмкіндігіне, ерекшелігіне қарай дене қуаты қасиеттерін дамытуға арналған деңгейлік жаттығулар жинағын шығару.

5. Оқушының күн тәртібін дұрыс ұстануға арналған кеңес беру күндерін жүргізу. (жыл көлемінде)

Ұлттық ойындары адам еңбегінің жемісі, халқының фантастикалық ой құбылысының көрнісі, дүниені танып, білуге талпынысының нышаны, бар өнердің бастамасы. Қазақ халқының ұлттық ойындары әлеуметтік – экономикалық жағдайларына байланысты туып, дамыған.

Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы басты міндеттерінің бірі – ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып, жастарға терең білім мен тәрбие беру. Ал оның негізі – жалпы білім беретін мектептердің педагогикалық үрдісін жақсарту, жаңарту болып табылады. Сондықтан білім берудің жаңа технологиясын пайдаланып, дене тәрбиесі пәнін жаңа технологиялық әдіспен оқушылардың жас ерекшеліктеріне, денсаулықтарына байланысты, ұлттық ойындарды спорттық ойын түрлеріне, сабақтың мазмұнына қарай іріктеп алып пайдалануға кез келген дене тәрбиесі мұғалімінің мүмкіндігі бар деп санаймын.


ӘДЕБИЕТТЕР

1. Мұқышова М, Валеология. Денсаулық және өмірлік дағдылар.Алматы, № 3,

2009 – 6 б.

2. Дене тәрбиесі. Б Болатбек. Алматы: Атамұра,2004 112 б.

3. Дене тәрбиесі. М. Тұрыскелдина. Алматы: Атамұра,2003 112 б.

4. Қазақ энциклопедиясы. Алматы: Рауан,2005 680 б.

5. Е.Сағындықов. Қазақтың ұлттық ойындары. – Алматы, Рауан,1991.

6. С.Тайжанов, С.І.Қасымбекова. Қазақтың ұлттық ойындары., Алматы, 2004

7. Э.Тлеуов, Ұ.Елшібаев.Валеология, дене тәрбиесі спорт., Алматы, № 3,

2002 – 41б.






Похожие:

ОҚушылардың субъектілігін қалыптастырудағЫ Ұлттық спорт ойындарының РӨлі тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі: Сабақта жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру. Жұмыстың мақсаты
Жұмыстың мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі...
ОҚушылардың субъектілігін қалыптастырудағЫ Ұлттық спорт ойындарының РӨлі тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі
Субъект-субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру
ОҚушылардың субъектілігін қалыптастырудағЫ Ұлттық спорт ойындарының РӨлі тақырыптың өзектілігі iconОқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастырудағы мектеп және отбасының өзара іс-әрекетінің мазмұны мен түрлері
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2013 жылғы 15 сәуірдегі №2 хаттама)
ОҚушылардың субъектілігін қалыптастырудағЫ Ұлттық спорт ойындарының РӨлі тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі
Жұмыстың мақсаты: Оқушыларды өз ана тілінде таза сөйлеуге баулу, сөздік қорын, сөйлеу тілдерін дамыту
ОҚушылардың субъектілігін қалыптастырудағЫ Ұлттық спорт ойындарының РӨлі тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі
«ОҚушыны шығармашылық ЖҰмыстар арқылы өзіндік дамуының жеке тұЛҒа ретінде жан-жақты қалыптасуына жағдай туғызу»
ОҚушылардың субъектілігін қалыптастырудағЫ Ұлттық спорт ойындарының РӨлі тақырыптың өзектілігі iconТүйінді сөздер: ақпараттық технология,оқушылардың субъектілігі
Технология пәнінде ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың субъектілігін дамыту
ОҚушылардың субъектілігін қалыптастырудағЫ Ұлттық спорт ойындарының РӨлі тақырыптың өзектілігі iconТүйінді сөздер: оқушылардың субъектілігін дамыту, модульдік оқыту технологиясы
Баланы оқытудың мақсаты-оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз-ақ дамуға қабілетті ету. Э. Хаббард
ОҚушылардың субъектілігін қалыптастырудағЫ Ұлттық спорт ойындарының РӨлі тақырыптың өзектілігі iconБілім беру үрдісіне қатысушылардың субъектілігін дамыту Макадиева М. К
Ана тілі сабағында оқушылардың субьектілік ұстанымдарын дамытуға жағадай жасайтын білім ортасын қалыптастыру тәсілдері
ОҚушылардың субъектілігін қалыптастырудағЫ Ұлттық спорт ойындарының РӨлі тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі
Ххi ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы, ғылымды әр қырынан меңгеру...
ОҚушылардың субъектілігін қалыптастырудағЫ Ұлттық спорт ойындарының РӨлі тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі
Оқу техникасы артқан сайын, есте сақтау қабілеті де, ақыл-ой еңбегіне ынталығы да арта түседі. Мәтінді әрі жылдам, әрі дұрыс, әрі...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы