Тақырыптың өзектілігі icon

Тақырыптың өзектілігі



НазваниеТақырыптың өзектілігі
Дата конвертации26.01.2013
Размер84.84 Kb.
ТипДокументы
источник

Білім беру ортасын субъектілік басқару - бәсекеге қабілетті субъект

Субъектілік дамуда оқу жылдамдығын қалыптастыру


Жайсанбаева Р.А.

«Оралқан Бөкей атындағы

№44 мектеп-лицейі»

ОҚУШЫНЫ СУБЪЕКТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУДА

ОҚУ ЖЫЛДАМДЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУ

Тақырыптың өзектілігі: Бастауыш мектепті бітірген оқушылар оқу жылдамдығын толық меңгеріп шығуы тиіс. Алайда бастауыш мектептегі төрт жыл ішінде олар тек қана оқу процесінің алғашқы қадамдарын ғана игереді. Психолог Т.Г.Егоровтың айтуынша «іштей», саналы, мәнерлі және жүрдек оқу, оқыту процесінің соңғы этаптарында ғана ұстаз ойлаған деңгейге жетеді. Сондықтан бастауыш мектеп сыныптарында балалардың оқу іскерлігі аяқталмайды, ол ұзақ дамудың тек қана алғашқы бөлімі болып табылады. Оқушы үлгеріміне 200-ден артық әр түрлі жағдайлар әсер етеді. Соның ішінде ең күшті орын алатыны - баланың оқу жылдамдығы болып шыққан. Егер оқушы нашар оқыса, оның оқуға ынтасы өзінен-өзі төмендейді, үлгермейді. Әдетте кім тез оқыса, сол көп оқиды, көп оқыса, көп біледі. Оқу техникасы артқан сайын, есте сақтау қабілеті де, ақыл-ой еңбегіне ынталығы да арта түседі.Мәтінді әрі жылдам, әрі дұрыс, әрі мазмұнды түсіне оқи білу-үлкен еңбектің жемісі.Оқушы үлгерімінің негізгі факторы-оқу жылдамдығы болғандықтан мен бұл мәселені өзекті тақырып етіп алдым.[1,2]

^ Зерттеу объектісі: 1-сынып оқушылары

Зерттеу пәні: ана тілі

Зерттеудің мақсаты: Оқушыларға оқу жылдамдығын дамытумен бірге заман деңгейіне сай білім негіздерімен қаруландыру.

^ Зерттеудің міндеттері:

1.Оқыту процесі кезінде зейін қоюды және берілген материалды еске сақтауды үйрету.

2.Оқушы бойындағы оқуға деген қызығушылығын арттырып, дауыстап және іштей оқу жылдамдығын дамытуға баса назар аудару.

3.Мәтінді қабылдау кезінде кездесетін әр түрлі қиыншылықтарды жеңе білуді дамыту.

Болжам:

Оқу дағдысын жетілдірудің жан-жақты білім алудағы мәні үлкен.Ол өмірдегі толып жатқан ақпараттарды дер кезінде қабылдауға мүмкіндік береді,уақыт үнемдеуге көмектеседі.Оқығандарын жақсы түсініп, ондағы кейіпкердің мінез-құлқы мен сезім күйін айыра білуге,процестерді мен құбылыстарды дұрыс бағалай алуға үйренеді.

Б.Хестер өзінің «Баланы оқытуға үйрету» деген еңбегінде былай деген: «Оқу типі оқу материалына, оны баланың түсінуіне байланысты. Оқушы өзінің бойында оқуға деген қызығушылығын арттыратын болса, соғұрлым оқу жылдамдығы артатын болады».

XX-шы ғасырдың психологы Э.Майманның зерттеулері бойынша - ішкі сөйлеуге барлық адамдар тәуелді емес. Оқу жылдамдығы төмен және сауаты аз адамдар артикуляцияға тәуелді болады. Олар материалды оқыған кезде сыбырлап немесе еріндерін қозғалысқа келтіреді. Оқу жылдамдығы жоғары адамдардың кейбіреулері де материалды түсіну мақсатына дағдылану нәтижесінде еріндерін қозғалысқа келтіретіндігі байқалған. Әдетте олар қалыпты жағдайда ондай әрекеттерді жасамаған. Оқу жылдамдығына көз қозғалысының траекториясының да әсері бар екені көрінеді. Арнайы құралдар арқылы жылдам оқитын және оқу жылдамдығы нашар оқушылардың көз қозғалысының траекториясын анықтауға болады. Оқу жылдамдығы нашар оқушының көз қимыл қозғалысы жан-жаққа шашырайды. Ондай оқушы бір жолда 10-15 кідіріс жасайды.Оқу жылдамдығы жоғары оқушы бір жолда 1 кідіріс жасайды. Екеуінің де фиксация ұзақтығы бірдей,алайда ақпарат көлемін қабылдауы бір-бірінен 10-15есе артық болады. Сондықтан оқушылардың көру аймағын өзгерту процесі өте маңызды.[2,1]

Мектепке алғаш келген бала ежелеп оқиды, оның көру аумағында бір ғана әріп тұрады, көбінесе қайта-қайта бұрын оқыған әрпіне көз жүгіртіп отырады, әр әріпке жекелеп көз тоқтатады, оқу аумағы тар болады. Осының салдарынан олардың оқығанды түсіну дәрежесі де төмен. Ал әріпті тану дағдысының қалыптасып жетілуімен қабат баланың «көру, оқу аумағы» кеңейіп, дағдылана бастайды. Мұндай дағдыға ие болу балаға оп-оңайға түспейді, ол көп күш-жігерін жұмсайды, мұнда әсіресе зейіні мен еркі үлкен рөль атқарады.Осының барысында зейін мен еріктің төзімділік қасиеті жаттыға түседі.

Сауат ашу кезеңінде бала бар зейінін жеке әріптерді, буындарды қосып оқуға жұмсайды да, сөздердің арасындағы байланыстарға зер салмайды. Осыған орай,олардың саналы оқудан гөрі механикалық оқуы басым болады. Сондай-ақ олар іштей оқудан гөрі дауыстап оқуға дайын тұрады. Оларға таңбалануы мен айтылуы бірдей сөздерді оқу да, жазу да біраз қиындық келтіреді. Ондай қиындықтан практикалық жолмен ғана шығуға болады,яғни мұғалім дұрысын оқытып отырса, балалар жаттығудың арқасында біраздан кейін дағдыланады. Сауат ашу кезеңінде балаларда мынадай дағдылар қалыптасады:

1.Сөзді буындап және тұтас сөздерді дұрыс оқу.

2.Көлемі шағын мәтіндерді саналы, түсініп оқу.

Дұрыс оқудың негіздері алғашқы оқу-жазуға үйрету кезінде-ақ қалана бастайды. Осы кезде мұғалім әрбір жеке сөзді балаларға жеке әріптеп оқытпай, буындап оқуға жаттықтырғаны жөн, бірақ мұнда балаларды сөздің сыртқы түрін ғана меңгеріп,мағынасын жаңылыс ұғынудан немесе тіпті түсінбей оқудан сақтандыру керек. Егер бала буындап оқығанда қателессе, дереу түзетіп, оған қиын тиген сөздерге талдау жасап отырудың дұрыс оқуға дағдылану үшін пайдасы зор.

Тез оқу дегеніміз - кез келген мәтінді қалай болса солай зулатып оқып шығу деген сөз емес, ол шапшаң оқуға қойылатын талаптарды сақтап оқу деген сөз. Шапшаң оқуға қойылатын талаптар:

-тыңдаушыға жететін ақпараттың түсінікті болуы;

-әрбір сөз бен дыбыстың анық айтылып, құлаққа жағымды болып естілуі;

-сөйлем құрылымдарын еркін меңгеру;

-дауыс ырғағы - интонацияның сөйлеу мазмұнына сай болуы;

-мәтін жолдарын тұтас, еркін көру және көздің алға жылжуын қадағалау;

Саналы түрде түсініп оқу - жылдам оқуға қарама-қарсы құбылыс. Түсініп оқу дағдысын меңгермеген оқушы білім негіздерін жете қабылдай алмайды, содан өздігінен ғылым-білімді игере алмайды.[3,3]

Мен оқытып отырған бірінші сынып оқушыларында кездескен қиындықтар:

1. Әріп, буын немесе сөз қалдырып кетіп оқитындар.

2. Кейбір буындарды, сөздерді екі рет қайталап, ежелеп оқитындар.

3. Тілі келмегендіктен немесе әдеттеніп кеткендіктен бір әріпті екінші әріппен алмастырып оқитындар.

4. Қайсібір оқушылардың ана тілінде шорқақ сөйлеуі, қазақшаны жете түсінбеуі.

Мұндай қиындықтарды жою үшін мынадай жұмыстар ұйымдастырдым:

1.Оқушыны кітап оқуға жаттықтырып, дағдыландыру:

-арнаулы тапсырмалар беру;

-карточкалар жасап, соларды әрқайсысына оқытып дағдыландыру;

-дидактикалық материалдар пайдалану;

-осындай жұмыстарды орындауды үйге де тапсыру.

2. Қате оқыған сөздерді буынға бөліп оқыту немесе тақтаға буындап жазып көрсету, дұрыс оқуды талап ету, ол сөзге талдау жасау.

3. Қате оқыған сөздерді қайта оқыту.

4. Қате оқыған жерін тыңдап отырған оқушыларға түзеттіру.

5. Жаңылтпаштар айтқызып, жаттықтыру.

6. Орфоэпия заңын басшылыққа алу.

7. Сыныптан тыс оқуды ұйымдастыру.

Сыныптан тыс оқу жұмысын балалар мектепке келген кезден бастаған жөн. Өйткені сауат ашу кезінде оқушылардың ақыл-ойын, тілін дамыту жұмыстары балаларға түрлі-түсті суретті кітапшаларды көрсету арқылы дауыстап, мәнерлеп оқи отырып жүргізіледі. Сыныптан тыс оқу оқушылардың кітапты өздіктерінен оқи алу дағдыларын арттырумен бірге, «Ана тілі» оқулықтарындағы шығармалардың мазмұны мен көркемдік ерекшеліктерін түсінуге көмектеседі.[4,1]

Оқуы кем балаға дұрыс, саналы және шапшаң оқу дағдысын қалыптастыруға, жетілдіруге уақытында көмектесу үшін, оны жүйелі түрде есепке алып отыруды қажет етеді. Ол үшін мен бөлек дәптер арнап, әрбір оқушының оқыған кезде жіберген кемістіктерін белгілеп отырдым. Оны дауыстап оқыту арқылы оқудың дұрыстығын, орфоэпиялық норманы сақтау жөнінде кімнің қалай оқығанын белгілеп отырдым. Шапшаңдық белгілі бір уақыт мөлшерінде қанша сөз оқығанымен, ал саналылық сұраққа жауап беру сияқты жұмыстармен өлшенеді.



Оқушы-ның аты- жөні

Қате саны

Оқу тәсілі

1 мин оқыған сөз саны

Мәнер-лілік

Оқыға-нын түсінеді

баға

әріп-теп


Буын-дап

үзіп

Буын-дап

созып

Тұ-тас сөз

Асанов Асқар

4

-




Иә

-

18

Нүктеде кідіріс жоқ

Иә

3

Ботабаев Расул

2

-

Қиын сөздерді

-

-

20

Нүктеде даусын бәсеңдетпейді

Иә

3

Мәтінді саналы қабылдау арнайы берілетін тапсырмалар арқылы да тексерілуі мүмкін. Хабарлама сипатындағы мәтін үш немесе төртке бөлінеді де, араластырылады. Оқушы оны оқып, әр бөлікті жүйесімен біріктіруі тиіс. Мұны әрі тез, әрі дұрыс орындаған оқушы саналы қабылдауға жақсы дағдыланған болып есептеледі. Оқу үрдісінің соңғы кезеңі - оның нәтижелігін айқындау. Диагностика-оқушының білім, білік дағдыны қаншалықты меңгергендігін көрсетеді, оқудың сапасын, кемшіліктерін анықтауға көмектеседі.

Психологиялық диагностика арқылы зерттеу параметрлері нәтижесінде оқушылардың таным үрдістері дамуының мынандай пайыздық көрсеткіштері анықталды.




Таным үрдісі

ж

о

т

1

Есте сақтау

85%

15%

-

2

Ойлау

85%

15%

-

3

Қабылдау

44%

56%

-

4

Түс

100%

-

-

5

Зейін

79%

21%

-

6

Сөздік қоры

44%

53%

3%




Педагогикалық диагностика арқылы зерттеу параметрлерінің көрсеткіштері:

1. Оқу жылдамдығының мөлшері.

2. Ана тілі, сауат ашу сабағындағы білім деңгейі.



Қорытынды: Бүгінгі бөбек - ертеңгі азамат - қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші - бастауыш мектеп мұғалімдері. Өйткені білім мен тәрбие негізі, баланың жеке басын қалыптастыру негізі - бастауышта қаланады. Оқушының бойында қалыптасуға тиісті дағды мен шеберлік мемлекеттік стандарт талабына сәйкес болу үшін мұғалім оқу-білім үрдісінде қиындықтарды жоюға бағытталған жүйелі жұмыс жүргізу арқылы білім сапасын арттыруға болатынына көз жеткіздім.


ӘДЕБИЕТТЕР

1. Ш.Сәтиева Оқушылардың оқу техникасын дамыту /Ұлағат 2003, №14, 25-32б.

2. О.Берденова Бастауыш мектеп оқушыларының оқу дағдыларын қалыптастыру жолдары /Бастауыш мектеп 2008 №12 19-20б.

3.Б.Карменбаева Жылдам оқуға үйрету мүмкіндіктері /Бастауыш мектеп 2007,№3, 16-17б.

4.Ш.М.Шүйіншина 1-сыныптың оқу жетістіктерін бағалау /Бастауыш сыныпта оқыту 2006 №4, 40-43б.

5. Аяпова Ж. Білім беру технологиясын жетілдірудің психологиялық және педагогикалық сипаты /Бастауыш мектеп 2001, №7 7-10б.

6.Әбдікәрімұлы Б. Мәлібеков М. Білім берудегі педагогикалық технологиялар /Ізденіс-Поиск 2003, №2, 200-203б.






Похожие:

Тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі
Субъект-субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру
Тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі
Жұмыстың мақсаты: Оқушыларды өз ана тілінде таза сөйлеуге баулу, сөздік қорын, сөйлеу тілдерін дамыту
Тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі
«ОҚушыны шығармашылық ЖҰмыстар арқылы өзіндік дамуының жеке тұЛҒа ретінде жан-жақты қалыптасуына жағдай туғызу»
Тақырыптың өзектілігі iconОҚушылардың субъектілігін қалыптастырудағЫ Ұлттық спорт ойындарының РӨлі тақырыптың өзектілігі
Білім беру ортасын субъектілік басқару бәсекеге қаблетті жеке тұлға қалыптастыру шарты
Тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі: Сабақта жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру. Жұмыстың мақсаты
Жұмыстың мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі...
Тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі
Ххi ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы, ғылымды әр қырынан меңгеру...
Тақырыптың өзектілігі iconЗерттеу жүмысының өзектілігі
Аралас мектеп жағдайында білім беру ортасы арқылы оқу тәрбие үрдісіне қатысушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру
Тақырыптың өзектілігі iconАқпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыруды басқару
Дегенмен практикадағы қолданыс барысы әлі мардымсыз екендігін республикалық басылымдардан да, мектептердегі қазақ тілін оқыту тәжірибесінен...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы