Жеке тұлға. Индивид. Камалиева К. З icon

Жеке тұлға. Индивид. Камалиева К. З



НазваниеЖеке тұлға. Индивид. Камалиева К. З
Дата конвертации26.01.2013
Размер89.44 Kb.
ТипДокументы
источник

Жеке тұлға. Индивид.

Камалиева К.З.

ММ «№5 орта мектеп»

Тәрбие ісіндегі жеке тұлғаның даму мәселелері


Тәрбиенің негізгі мақсаты: жеке адамды қалыптастыру және оны жан-жақты дамыту.

Ал бұл міндеттердің нәтижелі болуы жеке адамның қалыптасуына қандай жағдайлардың ықпал ететінін білумен байланысты. Тәрбие қоғамдық өндірістік және мәдени өмірдің белсенді қатысушысын даярлауды мақсат етіп қойған жеке адамды қалыптастырудың жүйелі үрдісі.Педагогика үшін мәнді мәселенің бірі – “жеке тұлға” түсінігінің өзін айқындап алу. Адамның дамуында бір-біріне байланысты екі өзек байқалады, оның бірі – биологиялық, екіншісі – әлеуметтік. Адам туғанда тек биологиялық тіршілік иесі болып танылады, жеке тұлғалыққа жету әлі ерте. Биологиялық нышандар мен қасиеттердің дамуы адамның өмір бойы мүшелік пісіп жетілуі және қалыптасуы үрдісінің сипатын көрсетіп отырады. Адамның биологиялық кемелдену және өзгеру үрдісі, оның дамуының жастық сатылары мен мінез-құлығында көрініп, осыдан балалық, жасөспірімділік, ересектік және қариялық табиғи бітістерін ажыратамыз. Жеке адам қоғам өмірінің өнімі болғанымен, оның тірі организм екенін ұмытпау керек. Әлеуметтік және биологиялық қатынастар жеке адамның қалыптасып дамуына әртүрлі әсер етеді. Адамның табиғи дамуы сан алуан әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қабылдауымен тығыз байланыста бірге дамып отырады, бұл адамды қоғамдық тіршілік иесі ретінде сипаттайды. Мысалы, нәрестенің жақын адамдарды танып, күлімсіреуі, кейін тілге келуі, тік жүру қабілетін игеруі, үйдегі және көпшілік арасындағы қалыптары, еңбектеуі және т.б. Өсе келе ол білім игереді, моральдық қалыптар мен ерекшеліктерді орындайды, әртүрлі жұмыс істеу арқылы ептіліктер мен дағдылары қалыптасады және олардың барлығы да өмір барысында адамда пайда болып, дамып отырады. Баланың қабілетін дамытуда оның өзінің белсенділігі маңызды және қажетті жағдай болып табылады. Бұл белсенділік баланың кез-келген әрекетінде: ойында, оқуда, еңбекте көрінеді. Әрине бұл жағдай ересектердің бағыт-бағдар беруі арқылы жүзеге асады. Баланың қабілеті оның өз қолдауы табылған іс-әрекетінде қалыптасады және дамиды. Бала тек белсенді іс-әрекетте ғана жан-жақты дамиды да, жеке тұлға ретінде қалыптасудың реті туады.Тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтердің айтуы бойынша әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік өсуінің, өзіндік қалыптасуының, өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады. Сондықтан, мектеп мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үрдісін ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет. Сонымен, адам баласы тұлға ретінде өмір сүру барысында өзінің қоғамдық мәнін сипаттайтын көптеген әлеуметтік сапалар мен қасиеттерді қалыптастырады, әрі дамытады. Міне, осыдан ол ғылымда биоәлеуметтік тұлға, субъект, яғни тарихи-қоғамдық қызмет пен таным иесі деп танылады. Демек, “адам” түсінігі осыдан биологиялық және әлеуметтік (қоғамдық), сапа мен қасиеттердің бірлігін білдіреді. Ал “жеке тұлға” түсінігін алатын болсақ, ол тек қана әлеуметтік сапа мен қасиеттерді игерген тұлғаны танумен байланысты. Л.С. Выготскийдің айтуы бойынша: “Жеке тұлғаның негізгі функциялары қоғамдық тәжірибені шығармашылықпен меңгеру және қоғамдық қатынас жүйесіне қосылу”. Бұл тұлға қоғамдық тіршілік иесі сипатында көрініп, тіл игеруі, санасы, әртүрлі әдеттермен ерекшеленеді. Жеке адамдық қасиетке ие болу, оның табиғи биологиялық болмысына емес, қоғамдық қасиеттерге тікелей байланысты. Сонымен “жеке тұлға” дегеніміз адамның қоғамдық сипатын танытып, оның өмір барысында өзіне топтаған әлеуметтік сапалар мен қасиеттер жиынтығын білдіреді.

Менің сыныбымдағы тәрбие жүйесінің жұмысында тиімділік өсуді қамтамасыз ету бойынша қажетті тәжірибе-сараптама жұмысының І- кезеңінің талдамасын көрсеттім.

1.ТСЖ жаңа тақырыпқа сәйкес сыныптағы тәрбие жүйесінің моделін жинақтадым.

2.Сынып жетекші ретінде өзімнің тәрбие жұмысымның оқушылар мен ата-аналар көрсеткен нәтижесінің мониторингісін негізгі диагностика жүйесінде құрадым.

3.Оқушыларды жеке дамытып және оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту үстінде жұмыс жүргізудемін.

4.Оқушыларды тәрбиелеу бағытындағы басымдықты анықтадым.

5.Жекеше дамыту және мамандандырылған бағдарламада жұмыс жасалынды.

ІІ кезеңге қажеттілер:

1.Тәрбиелеудің формасы мен тәсіліне ақпараттандыру технологиясын жинақтау және іздестіру.

2.Оқушылардың жекеше дамыту үрдісінде әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсетуді ұйымдастыру.

3. Сыныптағы тәрбие жүйесін жинақтау бойынша тәжірибелі-педагог қызметін жүзеге асыру.

4.Сынып ұжымында жекеше дамыту және қалыптастыру мониторингін өткізу.

5.Оқушылардың шығармашылық мүмкіншілігін дамыту

6.Осыдан күтілетін нәтиже.

ТСЖ ІІ кезеңі

1.Білім беру сапасын көтеру

2.Оқушылардың адамгершілік тәрбиесінің деңгейін көтеру

3.Оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық технологияны енгізу

4.Білім беру үрдісіндегі адамшылыққа тәрбиелеу

5.Оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық мүмкіншілігін дамыту.

6.Білім беру үрдісінде жаңа әдістеме және технологияны модульдеп сараптама шегін кеңейту.

Өзімнің компоненттігімді көтеру үшін сынып жетекші, пән-мұғалімі ретінде жекеше тәжірибе арқылы педагогикалық іздестіруде, мектептегі оқу қызметі арқылы біліктілікті көтеру курсы арқылы, өзімнің мектептегі әріптестеріммен сынып жетекшілердің портфолиосы арқылы, өзімнің мамандығымды тәрбиелік тиімділігінде көтеріп жүзеге асырдым.

Оқушылармен қарым-қатынас арқылы шығармашылық тәсілді дамыту жолындағы білім беру субъектісінде шығармашылық жұмыс қызметіндемін. Сыныптағы балаларды, мен қолөнер көрмесіне апарамын,ата-аналармен бірге ҚР халықаралық тіл күні «Наурыз», «Жаңа жыл» мерекелерін өткіземіз. Біздің өзіміздің салт-дәстүріміз бар. 1 сыныпта адамдарды бақылау, табиғатта болу, өмірдегі қоғамды зерттей білдік. Театрлық өнерде «Наурыз-Аруы» , ақындар, жазушылар конкурсының тәсілімен дарындыларды дамытып үйретемін. Оқу- тәрбие үрдісінде күнделікті шығармашылық тапсырма және жаттығуды «Қаламқас» үйірмесінде әдейлеп жасалынған бағдарлама бойынша өткіземін.

Барлық білім беру ортасында қажетті субъектінің оның мектепте дамыту шығармашылық патенциялын дұрыс бағалауға көмектеседі. Осы үшін мен өз жұмысымда жаңа технологияны жекеше-жаттығулар, қызметтесу,ақпараттық-коммуникативті, педагогикалық тәжірибемді, педагогикалық концепцияда қолданамын ,. Оқушыларды қызықтырып құқық қорғауда, өзара қарым-қатынаста тәрбиелеу тәсілімен жаңа технологияны енгіземін. Барлық технологияда сынып жетекшінің тәрбиелеуін ұйымдастырып және жоспарлауға компетентті әрекетпен жүзеге асыра отырып, білім беру үрдісінде субъектіні тәрбиелеу тапсырмасы мен мақсатын таратуға көмектесемін.

Білім беру үрдісінде оқушылар мен ата-аналарға диагностика өткізілді.

Менің өзімнің қызметімде педагог моделінің жаңа формациясының идеалын жүзеге асыруға тырыса білдім.

Жеке адамдық сапалар өмір барысында қалыптасқандықтан, олар біреулерде айқын көрініп, басқаларда күңгірттеу болады. Олай болса, жеке адамдық дәреже деңгейін қалай білеміз және оның өлшемдері қандай деген сұрақтар туындайтыны сөзсіз. С.Л. Рубинштейн зерттеуі бойынша жеке адам өз қылығы мен іс-әрекетін саналы басқаруға мүмкіндік беретін психикалық даму деңгейімен сипатталады, яғни өз әрекетін ойластыра біліп, жауапкершілікті сезіну қабілетінің болуы, өз бетінше дербес іс-әрекетін жасай білуі – жеке адамның мәнді белгілері. Белгілі философ-ғалым В.П. Тугаринов жеке адамның сапалық көрсеткіштері ретінде төмендегілерді атайды:

- саналылық;

- жауапкершілік;

- еркіндік;

- жеке басының қадірі;

- даралық;

- қоғамдық белсенділік пен бекіген саяси-идеялық бағыттылық.

Жеке адамдықтың критерийлерін (өлшемін) белгілеумен В.П. Тугаринов бұл түсінікті адамның жастық әрі психикалық кемелденуімен байланыстырды. Егер жеке адам өз сапа және іс-әрекетін қоғамдық прогресс бағытымен үйлестіре алса, өз бойына игерген сапа мен қасиеттерді неғұрлым айқын көрсете алса, өз іс-әрекетіне ерекше жасампаздық сипат бере алса, оның құндылығы арта түседі. Бұл тұрғыдан “адам” және “жеке тұлға” түсініктерінің сипаттамасы “даралық” түсінігімен толықтырылады. Даралық бір адамның екіншісіне ұқсамайтын, өзіндік ерекшелігі мен өзгешелелігін сипаттайды. Даралық әдетте, мінез бен темпераменттің айрықша бітістері (салмақты, сабырлы, ашушаң), шығармашылық іс-әрекет және қабілетінің ерекшеліктерінің (ойлап тапқыш, ұқыпты) өзіндік көріністермен бөлектенеді. Аталғандар сияқты мұғалімнің де даралық белгілері оның терең білімдарлығында, педагогикалық ой-өрісінде, балаларға жайлылығы мен еңбектегі шығармашылығында танылуы мүмкін. Даралық түсінігі бір адамды екіншіден айырып, оған өзіндік қайталанбас сән беретін жалпылық және жалқылық қасиеттерді білдіреді. Адамның қоғамдық тіршілік иесі сипатының толықтығы үшін “индивид” түсінігін де білген жөн. Бұл латын сөзі қазақша “жекелік” дегенді білдіреді. Түсінік ретінде одан адамзат тегінің әрбір бөлек өкілін, оның сапа-қасиеттеріне қатысынсыз танимыз. Бұл тұрғыдан әрбір адам “индивид” бола алады. “Жеке тұлға” түсінігінің және онымен байланысты ғылыми категориялардың мәні осында. Жеке адамдық сапалар адамның өмір барысында дамиды және қалыптасады. Сондықтан, педагогикадағы “даму” және “қалыптасу” категорияларының мәнін ашып беру маңызды. Даму – бұл жеке адам сапалары мен қасиеттеріндегі сандық өзгерістер жүйесі. Адамның туған күннен бастап дене құрылымы мен әртүрлі мүшелері ұлғаяды. Ол сөйлей бастайды, сөздік қоры молая түседі, көптеген әлеуметтік-тұрмыстық және рухани ептіліктер мен еңбектік дағды және әдеттерді игереді. Бірақ адамның жеке адам болып дамуындағы басты белгі, ондағы сапалық өзгерістер. Оны мына мысалдардан түсінуге болады: тілдік қызметтің жіктелуі адамның танымдық қабілетін арттырады, сезімдік аймағын кеңейтеді. Танымдық қызмет барысында абстракт ойлау, логикалық ес дамиды, өмірге деген көзқарас пен наным-сенімдер орнығады. Еліктеушілік мінез-құлық бірте-бірте белсенді – жасампаз, шығармашылық іске ауысады, өз қылық әрекетін басқара алу мен өзіндік билік қабілеті көркейеді. Бұл өзгерістердің бәрінен адамның анатомиялық-физиологиялық кемелденуіндегі, жүйке жүйесі мен психикасының және танымдық пен шығармашылық іс-әрекетінің жетілуіндегі, дүниетанымдық, имандылық, қоғамдық-саяси көзқарастары мен нанымдарындағы бір-біріне кіріге байланысқан сандық және сапалық өзгерістер үрдісін білеміз. Қалыптасу түсінігіне келетін болсақ, ол жеке адам дамуының нәтижесі ретінде оның кемелденуі мен тұрақты сапалар мен қасиеттерді иемденуін білдіреді. Адам жөніндегі басқа ғылымдардағыдай педагогика үшін де ең басты мәселе – жеке адамның дамуы және сол дамудың көзі мен ықпал күштері. Идеалистік ағымдар бұл туралы әртүрлі тұжырымдар пайымдауда. Ғылымда ежелден бір-біріне қарама-қарсы келе жатқан теориялық пікірлердің дұрыс-бұрыстығына баға беруді оқырманныың өзіне қалдырып, оларға тек қана объективті сипаттам беруді өз міндетіміз деп есептейміз. Идеализм өкілдері, қай бағттағы болмасын, жеке адамның қалыптасуын алдын-ала болжастырылған бағдарламаға теліп, ол бағдарламадағы сапа мен қасиеттер өз беттерінше өріс алатынын уағыздайды. Ал тәрбие олардың ойынша, жәрдемші роль атқарып, сол бағдарламаның іске асуына көмектесуші ғана құрал.

Жеке адамдық дамудың ықпалды көзі – тәрбие, қоршаған орта, табиғи нышандармен қатар тұрса, ол адам қалыптасуына жетекші фактор. И.П. Подласый: “Тәрбие – қоғамға жеткілікті қалыптасып дамыған жеке адамды бере алатын негізгі күш” – деп баса айтады . Олай болса қоғамға қажет жеке адамды қалыптастырып, дамыту үшін тәрбие ісін дұрыс, мақсатты, ұйымдастыру керек деп ойлаймыз. Адам дамуында тәрбиенің ықпалды күш екенін айта отырып, оның қоршаған орта мен нәсілдік әсерлердің енжар объектісі деп тануға болмайды. Бұл үрдісте жеке адамның өз белсенділігі мен шығармашыл-жасампаздық іс-әрекетінің маңыздылығын ескеру қажет. Олай болса қазіргі күні тәрбие ісінде оқушыға, тәрбиеленушіге өзі дамушы субъект ретінде қарау аса маңызды. Жеке адам дамуы мен қалыптасуында ықпал жасаушы әсерлер екі топқа бөлінеді: ішкі және сыртқы. Қоршаған орта және тәрбие – сыртқы әсерлер: табиғи икемділік пен құмарлықтар. Сыртқы тәрбие орта әсерлерінен пайда болатын сезімдер мен толғаныстардың жиынтығы – ішкі әсерлерге жатады. Жеке адамның дамуы мен қалыптасуы осы екі фактордың байланысынан болады. Тәрбие адамның ішкі жан дүниесіне ұнамды қозғау салып, (өзіне бағдарланған) өзіндік өңдеу белсенділігін арттыра алса ғана, адам өз дамуындағы қызметін орындай алғаны. Балалар қабілеттілігі – тарих азығы. Көптеген іс-әрекеттің нәтижесінде адамдардың қабілеті қалыптасып, дамиды. Жай ғана психикалық процесстерден күрделі процесстерге дейін адамның іс-әрекет процессінде дамиды. Өмірлік практика әртүрлі заттарды қажет еткендіктен – қабылдау қабілеті дамиды; табиғатқа әсер етуі арқасында, оның өзгеруі нәтижесінде – ойлау қабілеті дамиды; өткен ұрпақтың тәжірбиесі жетіспегендіктен, жаңа орта жағдайына байланысты – елестету қабілеті дамиды. Бастауыш сыныптағы дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмысы оқушылардың жеке адам болып қалыптасуының алғы шарты. А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, Д.Б. Эльконин, т.б. ғалымдар баланың психикалық дамуын әлеуметтік қатынастар жүйесіне біртіндеп және өте жай уақытта кіретін индивид ретінде қарастыруын сынға алған. Индивидтің қоғамнан тәуелсіз болуы мүмкін емес. Олардың пікірінше, бала туғаннан бастап адамдар ұжымына мүше болып, қоршаған адамдармен қатынасқа түсу дерегін есепке алмаған. Сонымен қатар, бала ойлауының дамуын, баланың әлеуметтік тәжірибесін есепке алмай, объектілермен қарапайым манипуляциялау дей келе, баланың алғашқы заттық әрекеті ересектермен қарым-қатынас жағдайында жүзеге асатындығын ескермеген. А.Н. Леонтьевтің пікірі бойынша баланың қоршаған заттық әлемге қатынасы үнемі қоғамды, әлеуметтендірілген. Л.С. Выготский, Д.Б. Эльконин т.б. көзқарастары бойынша «бала-ересек адам-зат» қатынасы әлдеқайда дұрыс.

ӘДЕБИЕТТЕР

1. Педагогика / под ред. В.А.Сластенина и др. – М., 2002. – 566 стр.

2. Подласый И.П. Педагогика. В 2-х кн. Кн.1. -М., 2002. 573 стр.

3. Қоянбаев Ж., Қоянбаев Р. Педагогика. – Астана, 1998



Похожие:

Жеке тұлға. Индивид. Камалиева К. З iconЖеке кәсіпкерлік Жеке кәсіпкер
Жеке кәсіпкер дегеніміз заңды тұлға жасамай және заңды тұлғаның қатысуынсыз жеке кәсіпкерлікпен айналысатын жеке тұлға. Жеке кәсіпкерліктің...
Жеке тұлға. Индивид. Камалиева К. З iconҚұзыретті тұлға қалыптастыру жолдары Білім беру үрдісінде субъектілердің құзыреттілігін дамыту
Зыретті тұЛҒА Қалыптастыруда оқушылардың жеке бес ерекшеліктерін ескере отырып, ОҚу-ойлау қабілеттерін жетілдіру
Жеке тұлға. Индивид. Камалиева К. З iconЖәне нормативті-құқықтық актілерінің қабылдау туралы АҚпарат барлығы қабылданған нормативті-құқықтық актілер: 9
Есеп беру кезенінің басындағы қалдығы 2, сонын ішінде., жеке тұлға 1; заңды тұлға 1
Жеке тұлға. Индивид. Камалиева К. З iconЖеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, басқа мемлекеттің азаматы, сондай-ақ азаматтығы жоқ адам. Заңды тұлға
А оқшау мүлкі бар және осы мүлікке өзінің міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтар...
Жеке тұлға. Индивид. Камалиева К. З iconҚозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Негізгі ұғымдар
Теректі аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім” мм-і туралы Қағидасы негізінде міндетті іске асырушы заңды тұлға...
Жеке тұлға. Индивид. Камалиева К. З iconҚозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектерге қолмен көрсететін тіл маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды рәсімдеу мемлекеттік қызмет көрсету регламенті Негізгі ұғымдар
Зеленов аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлім” мм-і туралы Қағидасы негізінде міндетті іске асырушы заңды тұлға...
Жеке тұлға. Индивид. Камалиева К. З iconБ. А. Камзина «№10 мектеп гимназия»ММ
ОҚушыны жеке тұЛҒа ретінде қалыптастыруда тілдің грамматикасын коммуникативтік бағытта оқыту жолдары
Жеке тұлға. Индивид. Камалиева К. З iconТақырыптың өзектілігі
«ОҚушыны шығармашылық ЖҰмыстар арқылы өзіндік дамуының жеке тұЛҒа ретінде жан-жақты қалыптасуына жағдай туғызу»
Жеке тұлға. Индивид. Камалиева К. З iconКіріспе Зерттеудің көкейкестілігі
Жеке тұЛҒаның жас ерекшелігін ескеріп, ҚазақТЫҢ аспаптық музыкасын үйрете отырып, ҚҰзыретті тұЛҒа тәрбиелеу
Жеке тұлға. Индивид. Камалиева К. З iconАгентство Республики Казахстан по регулированию естественных монополий
Дара кәсіпкер үшін жек тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (ол боған кезде), тұрғылықты жері, жеке басын куәландыратын құжатының деректері,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы