Балгазина Э. О «№22 Орта мектеп» мм математика-информатика сабақтарында оқушылардың белсенді іс-әркетін ұйымдастыру арқылы субъект қҰзырлығын қалыптастыру icon

Балгазина Э. О «№22 Орта мектеп» мм математика-информатика сабақтарында оқушылардың белсенді іс-әркетін ұйымдастыру арқылы субъект қҰзырлығын қалыптастыру



НазваниеБалгазина Э. О «№22 Орта мектеп» мм математика-информатика сабақтарында оқушылардың белсенді іс-әркетін ұйымдастыру арқылы субъект қҰзырлығын қалыптастыру
Дата конвертации26.01.2013
Размер120.73 Kb.
ТипДокументы
источник

Аралас мектебінде білім үрдісі субъектісінің құзырлығын қалыптастыру

Балгазина Э.О

«№22 Орта мектеп» ММ

МАТЕМАТИКА-ИНФОРМАТИКА САБАҚТАРЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ БЕЛСЕНДІ ІС-ӘРКЕТІН ҰЙЫМДАСТЫРУ АРҚЫЛЫ СУБЪЕКТ ҚҰЗЫРЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ.


Білім беруді ізгілендіру - білім мазмұнын, оқытудың түрі мен әдістерінің мазмұнын өзгертуді туғызады.

Мектеп жұмыс істеп отырған Н.В.Кузьмина белгілеген түйінді құзырлылықтар мұғалімнің біліктілігі мен шеберлігін анықтауға көмектеседі.

Олар:

- арнайы немесе кәсіби құзырлылық – мұғалімнің жеке кәсіби әрекеті мен дамуын жобалау қабілеті;

- әдістемелік немесе процессуалдық құзырлылық - заман талабына сай педагогикалық және ақпараттық – коммуникациялық технологияларды, оқытудың тиімді әдіс-тәсілдерін меңгеру, оқыту үрдісінде қолдану арқылы нәтижеге жету қабілеті;

- дифференциалды – психологиялық – педагогтардың жеке және жас ерекшеліктерін білу, олардың психологиялық, тұлғалық сапаларының қалыптасуын байқай алу қабілеті;

- коммуникативтік немесе әлеуметтік-психологиялық құзырлылық бірлескен кәсіби әрекеттермен айналыса алу қабілеті;

- аутопсихологиялық немесе рефлексиялық құзырлылық мұғалімнің өз еңбегі мен қызметінің жетістіктері, кемшіліктерін білу, өз ісіне талдау жасау арқылы жеке және кәсіби дамуын қамтамасыз ететіндей қабілеті

Білім берудің жаңа тұжырымдамасы қоғаммен өз мүддесін ұштастыра білетіндей, өзін-өзі дамытуға, мүмкіндігін көрсете білетін, аршындап дамып қалыптастыруға және дамытуға бағытталған. Бүгінгі күн талабының мектеп реформасында 12 жылдық білім беруге көшу мәселесінің ерекшелігі сол – «Қалай өз өмірінің менеджері болуға үйретуге болады?» деген сұрақтарға жауап табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр.

«Менеджмент»-ағылшын сөзі. Басқару деген мағынаны білдіреді. Ол ағылшынның «манус» яғни «қол, күш»-деген сөзінен шығып, алғашында мал бағу саласында, дәлірек айтсақ, ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген.Кейіннен бұл атау қызметінің саласына ауысып, адамдардың белгілі бір ұжымын, тобын басқарудың, ұйымдастырудың ғылыми, практикалық мәнін білдіретін болған. Менеджмент сөзі ағылшын тілінің Оксфорд сөздігіне былай берілген:

  1. Адамдармен қарым-қатынас жасау әдебі.

  2. Билік және басқару мәдениеті.

  3. Шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды

  4. Басқару органы, әкімшілік бірлік.

Американдық менеджмент теоретигі П.Друкер менеджменттің мақсатын былай көрсетеді:

Адамдарды бір мақсатқа жұмылдыру. Онсыз көпшілікті бір ұжым жасай алмайсың

Рефлексивтік негізде оқу қызметін ұйымдастыра отырып, білім беруді ізгілендіру оқыту әдістеріне де өзгерістер әкеледі.Бұған дейін оқыту әдістері мұғалімге ғана арналып, оның тиімді жолымен оқушыға «білім беріп» дамуына бағытталған болса, енді оқушы өз бетімен ізденіп білім алуы қажетті болған соң, оның әдіс- тәсілдерді өздері меңгеріп, қолдана білуі тиіс. Ал мұғалімге арналған әдістемелер оқушының сабаққа деген ынтасын арттыруға (мұны ғылыми тілде оқу процесінің мотивациялық құраушысы дейді), жалпы сабақты тиімді жолмен ұйымдастыруға, әр оқушының қабілетін дамытуға арналған сараланған тапсырмалар мен бақылау сұрақтарын дайындай білуге бағытталуы керек.Жалпы алғанда, мұғалім қолданатын әдістердің иерархиясы оқушының таным процесіндегі ойының даму сатыларына сәйкестену болып табылады. Яғни, оқу қызметі кезінде педагог оқушының таным белсенділігіндегі ойлау қабілетімен санасып отыруы қажет екен.

Ғалым –педагог Ж.Қараев үлкен табыстарға жетуінің бір жолы осында болса керек. Бұл нағыз педагогикалық ынтымақтастыққа әкелетін жолдардың бірінен саналатыны сөзсіз. Баланы дара тұлға, өз бетімен іздену қызметін іске асыра алатын субъект деп санайтын оқыту- даралап оқытусыз іске асырылуы мүмкін емес.Даралап оқытуда, әсіресе мазмұндық даралаудың маңызы зор. Мұнда әр оқушыға жеке бас ерекшеліктеріне сәйкес даму траекториясы қамтамасыз етіледі. Деңгейлік саралаудың ғылыми негізі ретінде психолог С.К Рубинштейннің ойлаудың ой объектісін тереңдей айнала қозғалу қағидасы алынған.Бұл қағида бойынша белгілі бір ұғымды меңгергенде ой алғашқы сыртқы қабылдаудан бастап оның ішкі мән мағынасына дейін тереңдеп жету бағытында дамиды. Бұған сәйкес материалды оқушының меңгеруін төрт деңгейге бөлуге болады, мұндағы төменгі деңгей-міндетті деңгей, ал қалған деңгейлерді оқушылардың қабілетіне қарай бөлуге болады. Мұндай жағдайда мұғалімнің қызметі әр оқушының деңгейлік көтерілуін қадағалап қосымша жұмыстар жүргізіп отыру керек. Демек, міндетті деңгейді мемлекеттік стандарттың сапалық деңгейі етіп алуға болады, және әр сатыға көтерілген сайын оқушының ынтасын, белсенділігін, біліктілігін, ойлау дәрежесін және білімінің сапалық деңгейінің өзгеруін қадағалап отыруды қажет етеді.

Әрине білім беруде тиімді нәтижеге жету үшін оқыту әдістері мен құралдарын іріктеу, технологияны таңдау, оқу үрдісін құру-мұғалім құзырлығындағы іс. Сондықтан біздің мақсатымыз оқу –тәрбие үрдісінің мазмұнын және ұйымдастырылуын кешенді түрде қарап, рефлексивтік жүйеде оқу үрдісін бере отырып, алған білімдерін өмірлік құндылық қағидаларын бойларына жеңіл тәсілмен сіңіре алатындай жағдай қалыптастыруымыз керек; қорыта келгенде сабақтың тиімділігін арттыруымыз керек болар.

Рефлексивтік жүйедегі оқу қызметін ұйымдастыру бағытында төмендегі көрсеткіштерді ұсыныс жасауды жөн көрдім.

  1. Оқытушының негізгі, кәсіби көрсеткіштерін көтеру бағытында:

  1. Оқытушының пәнді білуі және жалпы білімділігі.

  2. Педагогикалық деңгейі.

  3. Әдіскерлік деңгейі.

  4. Сөйлеу мәдениеті, қарқыны, екпіні, сипаттылығы.

  5. Эмоциялылығы, жалпы және арнайы сауаттылығы.

  6. Оқушылармен арақатынастағы әдептілік және демократиялық деңгейі.

  7. Педагогтың эстетикалық талғамын ұстауы, қимыл- қозғалысы.

  1. Оқушылардың сабақ үстіндегі негізгі сипатына көңіл бөлу бағытында.

  1. Танымдық белсенділіктеріне.

  2. Өз бетінше әрекет ету деңгейіне.

  3. Өз ойларын дәлелді түрде айтып,өтілген теорияны практикада қолдана алу деңгейлеріне.

  4. Жалпы оқу және арнайы білік пен дағдының даму деңгейінің болуына.

  5. Сабақ барысында ұжымдық жұмыстың болуы және оның тиімділігіне.

  6. Тәртіп, ұйымдасқандық, қызығушылықтарының болуына.

  1. Оқытушы мен оқушылардың іс-әрекетінің мазмұнын ашу бағытында:

  1. Оқытылатын материалдың ғылымилылығына, түсініктілігіне оны игеру деңгейліктеріне назар аудару.

  2. Өзектілігі және өмірге байланысты немесе теория мен практиканың байланысының болуы.

  3. Игерілуіне ұсынылған материал көлемінің қолайлылығы.

  4. Сабақ барысында оқытушы мен оқушылардың еңбек тәртібін (қылмыстық ішкі тәртіп ережелерін) және қауіпсіздік техникасын орындау дәрежесі.

  5. Оқушылардың психологиялық-құқықтық ерекшеліктерін ескере отырып сабаққа тарту, жұмыс жүргізулерін ұйымдастыру тәсілдерін ашып, айқындап отыру.

Пенитенциарлық жүйедегі мектеп оқушыларымен жұмыс жүргізу мұғалімнен күнделікті, оқушылардың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізуді талап етеді. Себебі, сіздерге мәлім бұл оқушылар бас бостандықтарынан айырылған, тәулік бойы (ай, жыл бойы) үнемі бақылаудағы оқушылар (азаматтар), оның үстіне бірнеше жыл оқудан қол үзіп кеткендер және де оқуға соншалықты ынталары жоқ оқушылар, сондықтан да олардың психикасы да өздерін қоршаған ортаға байланысты күрт өзгеріп отырады. Мұндай оқушылармен рефлексивтік жүйедегі оқу қызметін ұйымдастыруда әр пән мұғалімі өзінің жұмысында жоғарыда көрсетілген дағдылардың қалыптасқандығын бағалау үшін және өз бетінше даму, жетілу жолдарын белгілеп алуға жәрдем беретіндей келесі кестелерді беріп отырмын.

І. Оқытушының негізгі, кәсіби көрсеткіштерін өзіндік бағалау бағытында:

реті

Атқарылатын жұмыстың мазмұны

Өзіндік бағалау

Кеткен кемшіліктер

Толықтыру түрлері

Жеткен нәтиже қорытындысы

1

Пәнді білуім және тақырыпты оқушы санасына жеткізу-дегі білімділігім.


Ескерту: Жұмыс нәтижелерінің қорытындысы тоқсан сайын шығарылып отырылады.

2

Педагогикалық деңгейінің жаңа талаптарға сай, және мектеп жүйесіне сәйкес өсуі.

3

Әдістемелік деңгейінің жан-жақтылығы.

4

Жалпы оқушылар арасында (оның ішінде, психология-лық ерешеліктері ауыр басы істі азаматтар (оқушылар) арасында) сөйлеу мәдениетінің қарқыны, екпінінің сақ-талуы.

5

Жаңа педагогикалық технологиялардың элементтерін сабақта тиімді қолдану барысындағы өзіндік білім дең-гейлерін көтеріп отыру жағдайы.

6

Оқушылармен қарым-қатынас және екі жақтылық демократиялық жағдай туғызуы.

Егерде мұғалім өзінің кәсіби біліктілігіне осындай мониторинг жүргізетін болса, біріншіден күнделікті жүргізіліп отырған жұмыстың тиімділігі артатыны, екіншіден оқушылардың сабаққа қатысуы артып, білім нәтижелері жоғарлайтыны белгілі. Келесі, «Оқушылардың сабақ үстіндегі негізгі сипатына көңіл бөлу», «Оқытушы мен оқушылардың іс-әрекет тәсілдерінің мазмұнын ашу», бағыттарында да (барлық бөлімдер бойынша атқарылатын жұмыстардың түрлері жоғарыда беріліп отыр) осындай мониторинг жүргізілсе, әрине оқушылармен жүргізілген оқу-тәрбие жұмыстарының жетістігі болары сөзсіз.

Рефлексивтік негіздегі оқу қызметін қалыптастыру мен оқу үрдісін дамытудың бірден-бір тәсілі әр түрлі бағыттарда диагностикалық карта жүргізу тәсілі. Диагностикалық картаның негізінде өткен оқу жылына (өткен шаққа) қорытынды жасап алдағы атқарылатын жұмыс, іс-шараларға бағыт-бағдар алатынымыз барлығымызға белгілі. Бұл бағытта мен өзімнің пәнім бойынша (жалпы мектебімізде қабылданған) төмендегідей диагностикаларды жүргіземін.

    1. ^ Кесте 1 Оқушылардың үлгерімі мен үлгерім сапаларының барысы туралы есебі:

2009-2010 оқу жылы Математика (алгебра)

реті

Сынып

8

10

^ Оқу тоқсаны

Оқушының фамилиясы, аты

І



ІІ

І ж/ж

ІІІ

IV

ІІ ж/ж

ж

І



ІІ

І ж/ж

ІІІ

IV

ІІ ж/ж

ж




1

Болатова Т

4

5

5





































2

Уашев Ж

3

4

4





































3

Сайдесова А






















5

5

5
















4

















































5

















































Әр сынып бойынша жақсыға үлгеретін оқушылар және әр пән бойынша үлгерім сапаларының қорытындысы анықталып отырылады:

Мысалы: І тоқсанда 8 « к»сынып алгебра пәнінен: 12 оқушы, сапасы 50%

Геометрия 10 «к» сыныбы – 5 оқушы, сапасы 42% т.с.с.

^ 3. Оқушының жеке басының дамуының диагностикалық картасы.

10 «К» сыныбы Алгебра 2009-2010 оқу жылы

Ескерту:

Оқушының жеке басының дамуының диагностикалық көрсеткіштері. (рефлексивтік әрекеттерінің жүзеге асырылу негізінде есептеледі)

0- білімдік деңгейлерінің жоқтың қасы (0-3 балл)

1- білімдік деңгейлері төмен (4-7 балл)

2- білімдік деңгейлері орташа (8-11 балл)

3- білімдік деңгейлері жоғары (12-15 балл)

Сонымен, қорытындылай келе мұғалімнің кәсіби біліктілігін, оқушылардың үлгерімдері мен үлгерім сапаларының барысын, және рефлексивтік негіздегі оқу қызметін ұйымдастырып, оқу үрдісін дамыту бағытында осы үш диагностикалық көрсеткішті пайдалансақ оқу жылының қорытындысына толық анализ жасай отырып, келесі оқу жылында оқушылармен оқу-тәрбие жұмысын жүргізуге бағыт-бағдар ала-алатын боламыз. Және де оқушылармен жекелей жұмысты ұйымдастыра отырып оқу қызметтерінің қалыптасуына педагогикалық- психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ететін боламыз. Өздеріңіз байқап отырған шығарсыздар; педагогтың кәсіби іс-әрекетінің сапасын және оқушының қызметі бойынша білімнің тереңдігі (деңгейі) мен көлемінің өсуін бағалау үш кезеңнен жүргізіліп отырғанын:

1-ші кезең: бастапқы өлшем оқу жылының басындағы білімдік деңгейлерінің нәтижесінде жүргізіледі.

2-ші кезең: аралық өлшем оқу жылы ішінде оқушылардың оқу қызметтерінің нәтижесінде жүргізіледі.

3-ші кезең: қорытындылау кезеңі- бұл баға барлық өлшемдердің жиынтығы бойынша шығарылады. Бұл үлгінің элементтері көпшілікке танымал. Біз өз тарапымыздан білімімізді жан-жақты жетілдіре отырып,оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сай (пенитенциарлық жүйе мектебінде) білімдік қызметтерінің дұрыс қалыптасуына көңіл бөлуіміз керек. Мақсатымыз оқушылардың тұлғалық дамуын, ізденістерін, теориялық білімдерін практикамен ұштастыра білуге дағдыландыру, жүйелі білім алуларын дамыту.

«Білім-біліктілікке жеткізер баспалдақ, ал біліктілік сол білімді іске асыра білу дағдысы»- деп А.Байтұрсынов айтқандай, біз мұғалімдер оқушының жыл бойы алған білімі мен білігін практикада, өмірде пайдалана алатындай дәрежеге жеткізуге ұмтылуымыз керек.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Вершиловский С.Г. Общее образование зврослых, стимулы и мотивы- М. «Педагогика» 1987 г.

  2. Першинина Е.В. Дидактические особенности урока в вечерней школе – статья.

  3. Малахов Н.Д. «Педагогические основы среднего образования взрослых- М.Просвещение, 1985 г.

  4. Кулюткин Ю.Н. Исследование познавательной деятельности учащихся вечерней школы. – М.Педагогика 1979 г.

  5. Брушлинский А.В. Проблемы психологии субъекта М.Просвещение, 1994 г.

  6. Якиманская И.С. «Взрослые и индивидуальные особенности образного мышления учащихся» М. Просвещение. 1989 г.

Әдістемелік және ғылыми журналдар:

  1. Қазақстан мектебі. 2007,2008 жылдар

  2. Открытая школа. 2007,2008 жылдар.



Похожие:

Балгазина Э. О «№22 Орта мектеп» мм математика-информатика сабақтарында оқушылардың белсенді іс-әркетін ұйымдастыру арқылы субъект қҰзырлығын қалыптастыру icon«Аралас мектебінде білім үрдісі субъектісінің құзырлығын қалыптастыру»
«Физика-информатика сабақтарында оқушылардың белсенді іс-әрекетін ұйымдастыру арқылы субъект құзырлығын қалыптастыру»
Балгазина Э. О «№22 Орта мектеп» мм математика-информатика сабақтарында оқушылардың белсенді іс-әркетін ұйымдастыру арқылы субъект қҰзырлығын қалыптастыру iconАқпараттық коммуникативтік технология негізінде зерттеушілік жұмысты ұйымдастыру арқылы белсенді субъект қалыптастыру
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастыру. Білім беру ортасын субъектілік басқару бәсекеге...
Балгазина Э. О «№22 Орта мектеп» мм математика-информатика сабақтарында оқушылардың белсенді іс-әркетін ұйымдастыру арқылы субъект қҰзырлығын қалыптастыру iconБілім беру ортасын субъектілік басқару. Бәсекеге қабілетті субъект қалыптастыру
ОҚушылардың Өзіндік даму дағдысын жетілдіру негізінде субъект ретінде қалыптастыру
Балгазина Э. О «№22 Орта мектеп» мм математика-информатика сабақтарында оқушылардың белсенді іс-әркетін ұйымдастыру арқылы субъект қҰзырлығын қалыптастыру iconСубъект-аса жоғары белсенділік, біртұтастық, жүйелілік, автономдық деңгейі. Тіл дамыту
Азақ тілі сабағында оқушылардың тіл байлығы мен сөздік қорын дамыту арқылы субъект қалыптастыру
Балгазина Э. О «№22 Орта мектеп» мм математика-информатика сабақтарында оқушылардың белсенді іс-әркетін ұйымдастыру арқылы субъект қҰзырлығын қалыптастыру iconЖаңа білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру
Тарих пәні арқылы оқушыны субъект ретінде өз бетімен жұмыс жасау дағдысы негізінде жеке тұЛҒаны қалыптастыру
Балгазина Э. О «№22 Орта мектеп» мм математика-информатика сабақтарында оқушылардың белсенді іс-әркетін ұйымдастыру арқылы субъект қҰзырлығын қалыптастыру iconБастауыш сынып оқушыларын субьект ретінде ана тілі сабағындағы белсенді әдіс – тәсілдерді қалыптастыру. О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі. Бастауыш сынып мұғалімі: Ибраева А. Б
Субъект-аса жоғары белсенділік, біртұтастық, жүйелілік, автономдық деңгейі. Оқытудың белсенді әдісі, дидактика заңдары, теориялық...
Балгазина Э. О «№22 Орта мектеп» мм математика-информатика сабақтарында оқушылардың белсенді іс-әркетін ұйымдастыру арқылы субъект қҰзырлығын қалыптастыру iconБілім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
ОҚушылардың СӨйлеу тілін қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстары арқылы дамыту жолдары
Балгазина Э. О «№22 Орта мектеп» мм математика-информатика сабақтарында оқушылардың белсенді іс-әркетін ұйымдастыру арқылы субъект қҰзырлығын қалыптастыру iconНурмукушева Сагдат Омарбекқызы
«Қазақ тілін оқытуда модульдік технологияны қолдана отырып, ОҚушылардың ҚҰзырлығын қалыптастыру»
Балгазина Э. О «№22 Орта мектеп» мм математика-информатика сабақтарында оқушылардың белсенді іс-әркетін ұйымдастыру арқылы субъект қҰзырлығын қалыптастыру iconУликбекова А. С
Ал қазақ тілі сабағында оқушылардың өз бетінше жұмысын ұйымдастыру арқылы білім, білік, дағдының жоғары деңгейіне шығу, яғни, жеке...
Балгазина Э. О «№22 Орта мектеп» мм математика-информатика сабақтарында оқушылардың белсенді іс-әркетін ұйымдастыру арқылы субъект қҰзырлығын қалыптастыру iconИнтеллектуалды ойын
Оқушылардың математика сабақтарынан алған білімдерін тексеру, танымдылық қызығушылығын арттыру, математика пәнінің тартымды жақтарын...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы