|
Оқушылардың құзыреттілігін, қызығушылығын арттыруда ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім сапасын көтеру Раисова Бакытгуль Токтасыновна «№42 орта мектеп» ММ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯНЫ МАТЕМАТИКА САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУ Мұғалім - қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі қалыптасқан, бір уақытта педагог-психолог және оку процесін ұйымдастырушы технолог бола білуі керек. Жаңа технологиялар - педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалык талаптарға сай қолданылуы керек. Компьютердің сызбалық мүмкіндігінің молдығы дәрістік экспсриментті бояулы суреттермен, сызбалармен, кестелер мен байыта түсуге жол ашады, оларды оқу-процесінде қолдану тиімділігі мол [1]. Компьютерді мұғалім косымша материалдар, әртүрлі анықтамалық мәліметтерден ақпараттар беру үшін көрнекі кұрал ретінде пайдалана алады. Мұндай мәліметтерге математикалық формулалар, графиктер, схемалар, иллюстрациялар т.б. жатқызуға болады. Мұғалім араласпай-ақ, оқушылар өздері меңгеруге тиісті ақпараттар беріледі. Қажетті акпараттарды жинақтауда электрондық техникаларды енгізу уақыт үнемдейді, қарастырып отырған кезеңде ақпараттың толықтығын жоғарылатады, ақпараттық-аныктамалык жүйе кұрамында электрондық кұрырғылармен жұмыс істеу дағдысын калыптастыруға мүмкіндік туғызады [4]. Жаңа акпараттық технология кұралдарын математика пәніне пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектуалдык қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі. Компьютерлік техниканың дидактикалық мүмкіндіктерін педагогикалык мақсаттарға қолдану, білім мазмұнын анықтауда, оқыту формалары мен әдістерін жетілдіруде жақсы әсерін тигізеді. Есептеу техникасымен жұмыс жасату оқушылардың алгоритмдік дүниетанымын қалыптастырады, өз әрекетін саналы түрде жоспарлайды. Бұл қойылған мақсаттарды шешу үшін келесі міндеттерді қарастырамын:
Ақпараттық-коммуникациялық технологияны оқу-тәрбие процесiне пайдалану оның келесi педагогикалық мүмкiндiктердi жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi:
Ақпараттық мәдениеттi дамыту қазiргi педагогтың ақпараттық құзырлығына қойылатын талаптарына сай анықталады:
Оку кызметінде компьютерден рефлексивтік деңгейін жүзеге асыруды елестетсек, оның мүмкіндіктері ерекше үлкен. Компьютер кез келген ойдың өтімділігін, міндеттерінің күшті және әлсіз жақтарын көрсетіп бере алады. Шығарылуы күрделі, көп уакытты қажет ететін есепгерді компьютердің көмегімен тез орындауға болады. Нәтижесінде өте жоғары дәлдікпен есептелінген есептің нәтижесін аламыз. Оқу процесіне жана ақпараттық технологияларды енгізу ісі математикамен тығыз байланысты. Оқушылардьң пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа деген кызығушылықты тудыра білуінен басталады [5]. Зерттеу объектісі ретінде 6-сынып оқушылары алынды [2]. Математика пәні ақпараттық технологияны қолдану арқылы және дәстүрлі сабақ түрінде жүргізілді. 1-диаграммадан көріп отырғандай оқушылардың ақпараттық технологияны қолданғанда қызығушылығы артқанын байқауға болады. Кез келген жағдайда ең алдымен бір нәрсеге қызығушылығы болмаса, жеке тұлғаның қабылдау қабілеті де төмен болады деп ойлаймын. Қызығушылығы артқан оқушының, өткен материалды есіне сақтау қабілеті де артып, білім сапасының көтерілгенін байқауға болады (диаграмма 2). Математика пәнін оқытуда әсіресе оқушылар Координаталық жазықтық, График, Функция тақырыптарын компьютерлік бағдарламалар: Agrapher, Koodraw арқылы меңгергенде жоғары белсенділік, қызығушылық танытты [3]. ![]() ![]() диаграмма 1 диаграмма 2 Тестілеу жұмыстарын жүргізуде компьютерді пайдалану негізгі орын алып келеді, өзіндік жұмыстар, консультациялар ұйымдастыру және тест тапсырмаларын орындау оқушылардьң білім деңгейін көтерері сөзсіз. Компъютердің графикалык мүмкіндіктерін сызу математика сабақтарын өткізгенде пайдалану сабақтың сапалылығын арттырады. Нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым-катынасы жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнын, құрылымын өзгерте отырып, түрлендіре алады және осы әрекет мүшелерінің мотивіне әсер ете отырып, олардың мотивациялык, эмоционалдық ортасына, сезімнің өсуіне әсер етеді. Оқушылардың жалпы оқу біліктілігіне жататын оқу-компьютерлік біліктіліктерін «клавиатурамен жұмыс, программа тізу, принтермен жұмыс істей білу, дайын программаларды қолдана білу, текстік, графикалық редакторлармен жұмыс істей білу» жүйелі түрде қалыптастыру бүгінгі күннің кезек күттірмес талабына айналуда. Бiлiм берудi ақпараттандырудың қағидалары:
Нәтижелер:
Кемшіліктер мен жетістіктерді саралай отырып, білім сапасын көтеруге болады деп ойлаймын. Ақпараттық технологияны қолданудың тиімді жақтарын зерттей отырып, үздіксіз жүйелі жұмыс жасау – үлкен нәтижелерге жеткізеді, сонымен қатар білім сапасын да арттырады. ӘДЕБИЕТТЕР
![]() ![]() |
![]() | Жоғарғы сыныптарды тестік технологияны ұтымды қолдану туралы ... | ![]() | Қызығушылық. Сын тұрғысынан ойлау Азақ Әдебиеті сабағында оқушылардың Қызығушылығын арттыру арқылы білім сапасын көтеру |
![]() | Модульдік технологияны қолдану арқылы қазақ тілі сабағында оқушылардың білім сапасын көтеру Ел алдындағы маңызы зор міндет. Жеке тұлғаға жету үшін әр оқушының қабілетін танып, біліп, дамытып, шыңдап, жол сілтеп адам дәрежесіне... | ![]() | Оқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық технологияны тиімді қолдану жолдары Азақ тілі пәні бойынша білім беру сапасын жетілдірудегі ақпараттық технологиялардың МҮмкіндігі |
![]() | Р. З. Ауелейсена «Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын мамандандырылған №31 мектебі» М. М Ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру | ![]() | Құзырлықтың қалыптасуы (даму процесіндегі субъектінің құзырлығы ) Азақ тілі сабағында оқушылардың СӨйлеу дағдысының ҚҰзырлығын арттыруда модульдік технологияны қолдану |
![]() | Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыруды басқару М. М. Жанпейісованың «модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту қҰралы ретінде» Әдістемесіне ақпараттық-Қатынастық технологияларын... | ![]() | Түйінді сөздер: ақпараттық технология,оқушылардың субъектілігі Технология пәнінде ақпараттық технологияны пайдалану арқылы оқушылардың субъектілігін дамыту |
![]() | Қазақ тілі сабақтарында даралап – саралап оқыту арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру Орынбасар Айтпайқызы Нұрлықаимова Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекше мән берілген. Оқушыларға тек білім берумен шектелмей,... | ![]() | Коммуникативтік технологияны қолдану арқылы бастауыш буын оқушыларының тілдесім білім-біліктіліктерін Зерттеудің мақсаты: Бастауыш буынды оқытудағы сөйлесім дағды-шеберліктерін қалыптастыру, дамыту бойынша коммуникативтік технологияны... |