Алға қойылған мәселе оқытудың жаңа элементтерін пайдалану арқылы icon

Алға қойылған мәселе оқытудың жаңа элементтерін пайдалану арқылы



НазваниеАлға қойылған мәселе оқытудың жаңа элементтерін пайдалану арқылы
Дата конвертации26.01.2013
Размер82.4 Kb.
ТипДокументы
источник

Алға қойылған мәселе – оқытудың жаңа элементтерін пайдалану арқылы

оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баули отырып, білім сапасын арттыру.

Қазіргі заманғы мектептегі білім сапасын жетілдіру білім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың шарты ретінде.

Сапаргалиева А. С.

ГУ «Средняя школа №20»

БІЛІМ САПАСЫН АРТТЫРУДЫҢ БІР ЖОЛЫ – ОҚУШЫЛАРДЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАРҒА БАУЛУ.


Мектепте берілетін білім мазмұны тәрбиелеу мен сезімді дамытудың барлық өрісін ескере отырып, оқытудағы негізгі салмақты оқушылардың шығармашылық ойлауы мен еңбектенуі мақсатына аудармақ.

Шығармашылық сөзінің төркіні - «шығару»,«іздену», «ойлап табу» дегенге көп саяды. Демек, бұрын тәжірибеде болмаған жаңа нәрсе ойлап табу, жетістікке қол жеткізу деген сөз.

Үлкен энциклопедиялық сөздікте «Шығармашылық деген қайталанбайтын тарихи қоғамдық мәні бар, жоғары саладағы жаңалық ашатын іс-әрекет»,-деп тұжырымдалады.Л.С.Выготский «Шығармашылық» деп жаналық ойлап табатын іс – әрекетті атаған. Ал шығармашылық мәселесін терең зерттеген Я.Н. Понамарев оны «даму» ұғымымен қатар қояды. Өйткені әрбір жаңалық , әсіресе, интеллектуалдық тұрғыдан, баланы жақсы техникалық санаға көтереді.

Психологтардың зерттеуі бойынша, әрбір жаста шығармашылыққа, тіл мәдениетіне баулуға өзек болардай өзіндік ерекше қабілет, бейімділік бар екен. Ізденімпаздық – шығармашылыққа апаратын бірден–бір жол. Шығармашылық тұлға қалыптастыру үшін оқушының өзін–өзі тануына өзіндік «менін» қалыптастыруға, сол «меннен» шығармашылық тұлғаға жетуіне ықпал жасау әр мұғалімнің міндеті.

Бұл міндет биігінен көріну үшін мұғалім технология талаптарын терең меңгеру керек. Технология туралы ғалым – педагок В.П.Беспалько өзінің «Слагаемые Технология» деген еңбегінде былай деді «Оқу – тәрбие үрдісінің алдын – ала жүйелі түрде жоспарлануы және оның тәжірибеде жүзеге асу жобасы»

Оқушылардың білім меңгеру деңгейлері В.П.Беспалько, Б.Блум тұжырымдамасында келтірілген танымдық қызмет аймағымен анықталады.

Схема1 Білім меңгеру деңгейлері


Бұл саты оқушылардың білім деңгейлерінің шығармашылық деңгейге дейінгі даму жобасын бейнелейді.

Қазақ тілі сабағында оқушылардың білім деңгейлерін шығармашылық деңгейге дейін жеткізу мақсатындағы іс–әрекеттердің бірі – шығармашылық тапсырмалар болып табылады.

Шығармашылық тапсырмалардың өзін балалардың қабілетіне, пәнге деген сүйіспеншілігіне байланысты диагностика талаптарын басшылыққа ала отырып, жүргізген жөн. Ол үшін оны түрлендіре әрі орындауға жеңіл етіп берген тиімді болмақ. Бір сабақтың өзінде бірнеше тапсырма ұсынып, таңдап орындауды баланың өз қалауына қалдыру керек. Өте жемісті тәсілдердің бірі – тапсырмаларды жүйеге бөліп, оқушының біліміне, қабілетіне байланысты ұсынуға болады.

Мысалы 6 класта әдебиет сабағында Абайдың «Аттың сыны» өлеңі оқуға берілген. Ал сол кластағы қазақ тілі сабағында сын есім, зат есім, етістіктер жайлы білім береді. Қазақ тілі сабағында ұлы ақынның өз өрнектерін шығармашылық жұмыстарға тиімді пайдалануға болады. Төменде сын есім тақырыбы бойынша берілетін шығармашылық тапсырмалар жүйесін берейік.

Мысалы, білімі, қабілеті жоғары оқушыларға ұсынылатын тапсырмалар:

1 – тапсырма. 1. Ақын сөзбен суреттеген аттың сынын өзің қалай сипаттап берер едің? Шамаң келгенше сөзбен сурет салуға талаптан. Екінші бағананы өздерің толтырыңдар.

2 – тапсырма. Өлеңнен теңеу, эпитет, метафораларды тауып, олардың жүйрік атты сипаттаудағы орнына тоқтал.

3 – тапсырма. «Аттың сыны» өлеңінен сын есімдерді тауып, сын есім Абай поэзиясында атты шағын шығарма жазу.

II. Қабілеті «жақсы» балаларға.

1. Аттың сыны өлеңіндегі Абай тілінің сөздігін жаса.

2. Аттың сыны өлеңін қара сөзге айналдырып, шығарма сиппаттама жазу.

Үлгі: Жүйрік аттың кекілі шоқпардай, «қамыс құлақ», «қоян жақ» болып келеді...

3. Өздерің оқыған «Батырлар жырындағы» Байшұбар, Тайбұрыл сипаттары мен Абайдың «Аттың сынындағы» тұлпарлардың арасында өзара үндестік, ұқсастық, айырмашылық бар ма?

ІІІ. Қабілеті «орташа» балаларға.

1 – тапсырма: «Аттың сыны» өлеңін оқып шығып, зат есім, сын есімдерін теріп жазыңдар.

2 – тапсырма: Сын есімдердің эпитет болатындығын түсіндір. Аттың сынын берудегі сын есімдердің маңызы бар ма?

Қазіргі кезде мектептерде жаңа технологияны пайдаланудың тиімді жолдары сөз болып жүр. Мәселен, академик В.И.Монаховтың технологиясы, В.К.Дьяченконың ұжымдық оқыту әдісі, профессор Ж.Қараевтың білім беру жүйесін ақпараттандыру технологиясы, М.Жанпейісованың «Модулдік оқыту технологиясы» , т.б.

Бұл технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Мен 6-сынып оқушыларына бақылау жасай отырып, М.Жанпейісованың «Модулдік оқыту технологиясын» таңдап алдым. Мұндағы мақсатым өз бетімен дами алатын, өмірдің әр түрлі қиындықтарына төзе білетін белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу. Модульдік технология дамыта оқыту идеясына негізделген. Модульдік оқытудағы негізгі мақсат-оқушының өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігін дамыту, оқу материалын өңдеудің жекелеген тәсілдері арқылы жұмыс істеуге үйрету.

Алға қойған келелі мәселем - оқытудың жаңа элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту,білім сапасын арттыру.

Бұл технология, біріншіден, дамыта оқытуда жүзеге асыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ оқушылардың ойлау, елестеу мен есте сақтау қабілетінің, ынтасының, белсенділігінің, білім сапасының дамуына көмектеседі. Әр оқушының кемінде мемлекеттік (стандарттық) деңгейде білім алуына кепілдік береді.

Моделде III деңгейлік тапсырмалар: тест сұрағы, сынақ тапсырмасы, шығармашылық жұмыс бойынша жұмыстар жүргізіледі.

III деңгей - мемлекеттік стандарт деңгейі, бұны барлық оқушылар орыңдауы, білу міндетті. II деңгей бұған қарағанда күрделірек, ал I деңгейді өзіндік пікірін жеткізе алатын, қабілеті, озат оқушылар ғана орындай алады. Бұл технологиямен 2002 – 2003 оқу жылының жартысының бастап жұмыс істеудемін. Осы жылдар ішінде мол тәжірибе жинадым деп айта алмаймын, бірақ мұғалімнің ынтасы, жұмыс істеуге деген құштарлығы білім беру жүйесінде нәтижеге жеткізетінін байқадым. Оқушылардың тапсырманы өз бетімен орындауы - шығармашылық жұмыстың бастамасы. Балалар I деңгейді орындауға еліктеп, сабақтан тыс уақытта да өз бетімен жұмыс істеуге отыратын болды. Бір байқағаным, шығармашылық кабілет әр баланың табиғатында болуы мүмкін ғой. Сондықтан да менің міндетім - оқушының бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Кез келген оқушы мұғалімнің басшылығымен орындаған шығармашылық жұмысының нәтижесін көрсету арқылы өзінің ішкі мүмкіндіктерін дамыта алады. Баланың қабілеті мен талантын неғұрлым ертерек байқасақ, солғұрлым оның қабілетін толық ашуға мүмкіндік болады.

Мен сабағымда оқушыны біліммен, іскерлікпен, дағдымен қаруландырып қоймай, олардың танымдық, шығармашылық қабілеттерін де дамыттым. Үйде мәтін бойынша ұнаған көрінісіне сурет салып келу тапсырылады. Бұл тапсырманы оқушы ерекше ынтамен орындап келеді. Бұл жерде мен тапсырманы түрлендіріп берудің тиімділігін байқадым.

Нәтижесінде: бала ойлай отырып, елестетеді, қиялдайды, болжам жасайды. Оқушыға тақырыптың мазмұнын толық меңгерте отырып, әсіресе, сурет салуға бейім балалардың ойын ұштай түстім. Сурет немесе шығарма жұмысы арқылы оқушының өзін - өзі тануына ықпал еттім.

Сабағымда модульдік оқыта - үйрету ойынның 13 түрін пайдаланамын. Соның бірі - рөлдік ойын. Сынып оқушылары 4-ке бөлінеді.

I топ – «Делегат». Араларынан жақсы дайындалып келген баланы делегат етіп сайлайды.Ол сұраққа жауап береді де, бәрі соның айтқан жауабының бағасымен бағаланады.

II топ - «Бәрі». Ол топтың бәрінен сұрап, жауаптарына қарап бағалаймын.

III топ – «Сенім». Ол топтан сабақ сұрамаймын. Олар тек сұрақ қоюшы болады.

IV топ – «Таңдау». Өзім таңдаған оқушыдан ғана сұраймын. Кімді таңдайтынымды оқушылар білмей, бәрі де дайындалып отырады. Осылай өткізген сабағымның нәтижесін атап өтейін:

- сабақтын мақсаты айқын болады; сөздік қоры дамиды (жазбаша, ауызша); сызба - кесте құра алады; өзгені тыңдай біледі; уақытты тиімді пайдалана біледі, баланың білім деңгейін біліп отырамыз, бала да біліп отырады; сабақтан жағымды әсер алып, қанағаттанады; білім сапасы мен оқу материалын 100% меңгертуге болады; оқу материалы есте жақсы сақталады (әр түрлі жолмен тақырыпқа 7 рет келеміз); сабақ ойын аркылы болғандықтан, бала шаршамайды.

Мен оқытқан сыныптың білім сапасы бірінші жылдың өзіне де-ақ 76% көтерілді.

Зер сала қарасақ, оқушының білімді меңгеру деңгейі талдаудан бастап, жинақтау мен бағалауда жоғарылай түседі. Технологияның негізгі ерекшелігі де осында. Бала білімін шығармашылық деңгейге жетелеуде мәселе қойып оқытудың атқарар орны да ерекше.

Жұмыстың ұжымдық түрде орындалуы балалардың ортақ істе тіл табысып, бір–бірімен санаса отырып пікір айтуына төселдіруге ықпал етеді. Әр балалардың сабақта белсенділік көрсетуіне тиімді істер болады. Ұжымдық әрекет бойынша қызықты орындалған жұмыстардың ішінде суретке қарап мәтін құрау, ребустар шешу т.б. атауға болады. Бұл да балалардың ішкі мотивтерін ояту арқылы оқуға назар аудартуға көмектеседі.

«Дебат » әдебиет сабағында оқушылардың тек мұғалімнің жетегінде кетпей, оқылған шығарма бойынша өз беттерінше қорытынды жасап, түйінді пікір айта білуге үйретеді.

6 – сыныптағы «Менің атым Қожа повесі» «Дебат» үлгісімен өткізуге әбден лайық. Повестің басты кейіпкері Қожа санасының жетіліп, бірте- бірте күрделене түсуі, оның жаңсақ басқан қадамы өзін қоршаған ортамен, мектеп өмірімен, айналасындағы адамдармен тығыз байланыстыра суреттеледі.

Әр топ алдын ала өз дәлелдерін, айғақтары мен кілт сөздерін дайындап әкеледі.

Рөлдік ойын түрін теориялық тақырыптарды қайталау кезінде ұйымдастыруға болады. Жаңа сабақ түрлерінің ішінде «баспасөздік конференция» сабағы осы рөлдік ойынды өткізуде тиімді деп саналып жүр. Мұны жеке сабақ ретінде емес, сабақтың элементі ретінде де пайдалануға болады. Себебі, жеке сабақ сценарий бойынша өткізуді қажет етеді. Сабақтың табиғи қалпын бұзбай, оқушылардың білімін сынауға да болады. Бұл әдістің тиімділігі үлкен тақырыптардың соңында оқушы білімін бағалаудан көрінеді. Мысалы, фонетиканы қайталау үстінде оқушылардың өз тілегі бойынша, қалған балалардың бәрі «журналист» рөлін орындайды.

«Журналист» балалар өз аты - жөндері мен өзі қалаған газет – журналдың тілшісі ретінде танысып, фонетикадан өтілген тақырыптар бойынша сұрақ қояды. Ал «тілші-ғалымдар» оларға қолма-қол жауап қайтарады. Сұрақ қою мен жауап беруде оқушылардың сөз саптауы сабақ соңында ерекше бағаланып отырады.

Қорыта айтқанда, істелген жұмыстардың нәтижелері неден көрінеді:

  1. Оқушылардың білім көрсеткіштерінің артуы;

  2. Қоғамдық жұмысқа белсенділіктің артуы, үйірме, сыныптан тыс шаралар, әр түрлі сайыстар т.б.;

3.Өткізілген мектеп ішілік шаралардың сапасының жақсаруы.

Өткен ғасырда Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру – үйреншікті жай ғана шеберлік емес, ол – жаңадан жаңаны табатын өнер» деген екен. Осы мақсатпен оқушының шығармашалық қасиетін дамыту - басты қағидам. Оқушы тұлғасының дамуына, қабілетінің артуына жаңа технологиялардың ерекше ықпал ететіні сөзсіз және әрбір әдіс тәсілдің ұстаздар үшін маңызы өте зор.

^ ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Әбдібекқызы Қ. Оқушылардың көркем шығармашылық қабілетін дамыту. – Алматы, Рауан, 1994. – 32 б.

  2. Басшыбаев М. Шығармашылық – уақыт талабы.// Қазақстан мектебі, 1995, №9, 24-25 б.

  3. Беспалько В.Г. Слагаемые педагогической технологий. М., Педагогика, 1989. – 192 б.

  4. Жадрина М.Ж. Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беруді дамытудың тенденциялары мен мәселелері. - Алматы, 2002. - 387 б.

  5. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде. Алматы, 2002.

  6. Жанпейісова М.М. Технология модульного обучения., Ақтөбе, 1999.

  7. Құдайбергенова Қ.С. Инновациялық тәжірибе орталығы – педагогикалық технология көзі. Алматы, 2001. - 22 б.



Похожие:

Алға қойылған мәселе оқытудың жаңа элементтерін пайдалану арқылы iconЖаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі
ОҚу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілін оқытудың Үрдістеріне байланысты жаңа бағыт бойынша ізденістер
Алға қойылған мәселе оқытудың жаңа элементтерін пайдалану арқылы iconӘлеуметтік жетімдіктің алдын алу
Семинарда алға қойылған мақсаттарға жету үшін шешімін табатын, негізгі мақсаттар айтылды
Алға қойылған мәселе оқытудың жаңа элементтерін пайдалану арқылы icon2010 жылдың 10 қыркүйегіне арналған баяндамасы Құрметті депутаттар!
Курчатов қаласының атқарушы органдарымен жыл бойы атқарылған барлық жұмыстар ел Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық-жаңа...
Алға қойылған мәселе оқытудың жаңа элементтерін пайдалану арқылы iconТоғыз селолық округі әкімі А. Ж. Жақановтың 2013 жылдың 9 айының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары және алға қойылған міндеттері туралы есебі

Алға қойылған мәселе оқытудың жаңа элементтерін пайдалану арқылы iconҚұрметті депутаттар, сессия жұмысына қатысушылар!
Ағымдағы жылда облыстық әкімшілік жұмысы Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың алға қойған тапсырмалары мен «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»...
Алға қойылған мәселе оқытудың жаңа элементтерін пайдалану арқылы iconӨсімдіктерді қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімі
Алға қойылған міндеттерді орындау, Қр ашм агроөнеркәсіптік кешекндегі мемлекеттік инспекциясына және оның аумақтық бөлімшелеріне...
Алға қойылған мәселе оқытудың жаңа элементтерін пайдалану арқылы icon«Электрондық талон» жобасы
Жаңа экономикалық өрлеу – Жаңа мүмкіндіктер Жолдауында 2010-2020 жылдарға арналған републиканың құқықтық саясат тұжырымдамасында...
Алға қойылған мәселе оқытудың жаңа элементтерін пайдалану арқылы iconЖаңақоныс селолық округінің әкімі Е. А. Данабектің Жаңақоныс селолық округінің «2013 жылғы 9 айының әлеуметтік – экономикалық дамуының қорытындылары және алға қойылған міндеттері» туралы есебі

Алға қойылған мәселе оқытудың жаңа элементтерін пайдалану арқылы iconҚазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті "Шығысқазжерқойнауы" Шығыс Қазақстан пайдалану
Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті "Шығысқазжерқойнауы"...
Алға қойылған мәселе оқытудың жаңа элементтерін пайдалану арқылы icon«Бұрғылау және басқа да тау-кен жұмыстарын жүргізуге жобалық құжаттаманы, жерасты су объектілері арқылы коммуникация құрылысының жобаларын келісу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы