Тұрарова З. А icon

Тұрарова З. А



НазваниеТұрарова З. А
Дата конвертации26.01.2013
Размер61.85 Kb.
ТипДокументы
источник



Оқушының зиялы, интеллект ретінде және сезімтал жан болып өсуіне, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оның шығармашылық қабілеттерінің дамуына көмектесу


Тұрарова З.А.

Мемлекеттік мекеме «№ 38 мектеп-гимназиясы»

Т.Т. ҒАЛИЕВТІҢ ЖҮЙЕЛІ ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН

САБАҚТА ҚОЛДАНУ – МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІ ОҚЫТУДА САБАҚТЫҢ БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДІҢ ФАКТОРЫ


Тақырыптың негіздемесі (көкейтестілігі)

Қазіргі кезде орыс тілді мектептерде мемлекеттік тілді оқыту – оқытудың жаңаша, тиімді тілді іс жүзінде игеруге бағытталған аса құнды әдіс-тәсілдерін қажет етеді. Қазақ тілін аударма тіл дәрежесінде қалдырып отырған бүгінгі жағдайымыз оқытудың бұған дейін қалыптасқан тәжірибелік жұмыс бағдарламасының өзектілігі туындайды.

Тілді іс жүзінде игеруге оқытудың аса құнды және тиімді технологиясы болып модульдік оқыту технологиясы табылады.

Тілдік материал оқулықтарда шашыраңқы жүйесіз берілген.

Бұл фактілер оқытудың жаңа технологияларын жасауды, қазақ тілін оқытуда дифференциалды (топтаулы) ықпал жасауды талап етеді. Осының барлығы мұғалімдерден оқу материалының қатаң нақтылығын, қазақ тілін оқытудың арнайы әдістемесін талап етеді.

Модульдік технологияның оқыту мақсаты – қазақ тілінде ауызекі сөйлеуді меңгеру.

Модульдік технология оқу үрдісін жүйелеп оқытуды талап етеді. Жүйелеп оқыту, көптеген тақырыпшаларды байланыстырып, ретке келтіреді, тұтас грамматикалық және лексикалық блок болып табылады. Осы технологияны игерудің негізгі тиімділігі:


  1. Топтастыру – Жүйелі байланыстыру, қажетті материалдарды жинақтау, толыктыру, жаңарту жұмыстарымен айналысуға мүмкіндік туады. Тексерудің тиімді, ұтымды жолдарын ойластыруға мүмкіндік көбейеді.

  2. Іріктеу – Ең негізгісін бөліп алуға, іздену, зерттеу, мақсат қоюға, уақытты үнемді пайдалануға мүмкіндік береді.

  3. Соңғы нәтижеге жету - оқушы білімнің қажеттілігін терең түсінеді, ерік – жігерін өзіне бағындыруға талпынады, басқа адамның өктемдігінің арқасында емес, білімнің өз өміріне қажеттігіне көзін жеткізе біледі; ынтасы, қызығушылығы, ізденгіштігі, жауапкершілігі артады.

Осының бәрі топтасқан кезде оқушының білім сапасы көтеріледі.


Зерттеу объектісі: 6 «Б» – сынып оқушылары.

Зерттеу субъектісі: оқу – тәрбие үрдісі.

Тұжырымдамасы (ғылыми болжам): Егер де Т.Т. Ғалиевтің жүйелі оқыту технологиясы іс жүзіне енгізілгенде оқушылардың жалпы даму деңгейі өседі, пәнге деген қызығушылары артады, ойлау, есту, сөйлеу қабілеттері дамиды.

I. Оқу – тәрбие үрдісін ұйымдастыру.

Мақсаты: Т.Т. Ғалиевтің жүйелі оқыту технологиясын пән бойынша білім сапасын көтеру үшін пайдалану және ауызекі сөйлеуді меңгерту.

Міндеттері:

  1. Т.Т. Ғалиевтің жүйелі оқыту технологиясы негізінде мемлекеттік стандарттың талаптарын меңгеруді орындауды қамтамасыз ету.

  2. Т.Т. Ғалиевтің жүйелі оқыту технологиясын байқау – сынақтан өткізіп, тиімділігін анықтау.

II. Әдістемелік қамсыздандыру.

  1. Мәселені теориялық әдебиеттен, мұғалімдердің озық тәжірибесінен зерттеп, анықтау.

  2. Оқушылардың білім сапасын көтеру үшін жаңа оқыту әдіс–тәсілдерді жүйелеу, жинақтау.

  3. Оқушылардың білімділік – біліктілік сапасын байқау үшін жүйе құру, пән бойынша деңгейін ескере отырып (ауызекі сөйлеу, тыңдап–түсіну, оқу техникасын, сауаттылық) байқау.

Жұмыстың әдістері:

  1. Мәселе бойынша теория негізін өту, әдебиеттерді оқып, талдау.

  2. Жобалау

  3. Қолданып отырған әдіс тәсілдерге талдау жасау, олардың тиімділігін анықтау.

  4. Оқушылардың алған білімдеріне және қалыптасқан дағдыларына талдау жасау.

  5. Мұғалімнің және оқушылардың іс – әрекетін бағалау, өзін–өзі бағалау.

  6. Байқау сынақ жүргізу.

Күтілетін нәтиженің бағалау көрсеткіштері:

  1. Оқушылардың білім – біліктік сапасының және қалыптасқан дағдыларының деңгейі.

  2. Оқушылардың пәнге деген қызығушылық ынтасы.

  3. Мұғалімнің әдістемелік деңгейі.

  4. Қолданылған әдіс – тәсілдердің сәйкестігі.

Жұмыс нәтижесінің түрлері:

  1. Оқушылардың оқу үлгеріміне, дағдыларының қалыптасу деңгейіне талдау.

  2. Жинақталған тәжірибемен алмасу, әдістемелік бірлестіктің отырыстарында, педагогикалық кеңестерде, ғылыми – практикалық конференцияларда, қалалық семинарларда бөлісу.

  3. Мәселелік тақырып бойынша әдістемелік ұсыныстар жасау.



Жұмыстың кезеңдері:


  1. Ізденіс кезеңі (2009–2010)

Міндеттері:

  1. Мәселенің теориялық негізін анықтау.

  2. Мәселе бойынша іс – әрекеттің бағдарламасын құру.


2. Эксперименттік кезеңі (2010–2011)

Міндеттері:

  1. Оқушылардың білім сапасын көтеруде Т.Т. Ғалиевтің жүйелі оқыту технологиясын көзделген әдіс – тәсілдерді байқау – сынақтан өткізу.

  2. Оқушылардың білім сапасын, дағдыларын тексеру үшін байқау әдіс – тәсілдерін эксперименттен өткізу.

  3. Байқау – сынақтың аралық жұмыстарының нәтижесін жинақтау.


3. Қорытынды кезеңі (2012–2013)

Міндеттері:

  1. Т.Т. Ғалиевтің жүйелі оқыту технологиясының тиімділігін, құндылығын анықтап, сол бойынша өткізілген шараларға талдау жасау.

  2. Мәселелік тақырып бойынша диагностика жүргізу.

  3. Мәселе бойынша қорытынды шығару, іс– жүзіне енгізу үшін әдістемелік ұсыныстар жасау.

Кесте 1.

Жұмыстың түрі

Жұмыстың мазмұны

I кезең (2009–2010)

II кезең (2010–2011)

III кезең (2012–2013)


I.

1. Теориялық әдебиеттермен және басқа ақпарат көздерімен танысу, білімін жетілдіру.

2. Мектеп теориялық семинарларға қатысу.

3. Сырттай білімін жетілдіру

4. Шығармашылық топтарда жұмыс істеу.

5. Сабақтарға қатысу.

6. Қалалық білім басқармасының жоспары бойынша өтетін шараларға қатысу.

7. Т.Т. Ғалиевтің жүйелеп оқыту технологиясы бойынша белсенді әдіс–тәсілдерін анықтау, оқу кешендерін әзірлеу

8. Кіріспе диагностикасын жүргізу.

II.

  1. Эксперименттің қойылған мақсаты бойынша қол жеткізген нәтижелеріне талдау жасау.

  2. Эксперименттің нәтижесіне, өткізілген шараларға талдау жасау.

  3. Эксперименттің нәтижесіне теориялық негіздеме жасау.

  4. Мәселе бойынша әдістемелік ұсыныстар жасау.

  5. Мәселе бойынша жинақталған тәжірибені тарату

Шаралар: 1. «Қазақ тілі: әдістеме» журналынан жалпы модульдік оқыту әдістемесімен танысу, үнемі қадағалау.

  1. Оқыту технологияларына арналған теориялық семинарларға қатысу

  2. Жоғары оқу орындарының әдіскерлерімен кездесу

  3. Қалалық білім басқармасының шығармашылық топтың жұмысына қатысу

  4. Модульді оқыту, ақпараттық технологиялар әдістемесі бойынша жұмыс жасайтын қала мұғалімдерінің сабақтарына қатысу.

  5. Сабақта пайдаланылатын тиімді әдіс–тәсілдерді анықтау

  6. Жаңа оқыту технологиясы бойынша оқу кешенін дайындау

  7. Кіріспе диагностикасының нәтижесін талдау

I. Іс–әрекет нәтижесін талдау:

1. Эксперимент бойынша теориялық бағыттарын анықтау.

2. Эксперименттің жүргізу тәртібін айқындау, нәтижесін бағалау және бақылау тәсілдерін анықтау.

3. Нәтижеге сапалық және көлемдік талдау жасау

4. Эксперименттік нәтиже бағдарламасының мазмұнын толықтыру, түзету

5. эксперимент бойынша жүргізілген шараларға талдау жасау

6. Алғашқы нәтижелер бойынша жинақталған тәжірибемен бөлісу

II. 1. Жаңа оқыту технологиясын байқау–сынақтан өткізу

2. Бақылау жұмыстарын жүргізу олардың нәтижелерін сараптау (тоқсан сайын)

3. Мұғалімнің технологияны жүзеге асырудағы кездесетін қиындықтарына диагностика жүргізу

4. Эксперименттің аралық диагностикасын өткізу, оның нәтижесіне талдау жасау

5. Әдістемелік бірлестікте жинақталған тәжірибемен алмасу

6. Пән бойынша озық әдістеме сайысына қатысу



  1. Көзделген аралық нәтижелерді бақылау жұмысының нәтижесімен салыстыру

  2. Эксперимент жүргізушіге қол жеткізген жетістіктеріне сараптама және түзету жасау

  3. Оқушылардың білім дағдысын анықтау

  4. Тәжірибе алмасу

  5. Шығармашылық есеп

  6. Жинақталған тәжірибе бойынша әдістемелік жинақ дайындау: а) ашық сабақтардың үлгісі (электронды нұсқа); ә) дидактикалық материалдар; б) тест жиынтығы; в) сынақхат жиынтығы

  7. Оқушыларды ғылыми жобаға қатыстыру

  8. Ғылыми практикалық конференцияға қатысу



ӘДЕБИЕТ


  1. Ковжасарова М.Т., Нурахметов Н.Н., Аульбекова Г.Д. Технологизация учебного процесса. Казахстанский опыт. Алматы 2005

  2. Қазақ тілі: әдістеме № 5, 2009



Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы