Рахимова Л. Т icon

Рахимова Л. Т



НазваниеРахимова Л. Т
Дата конвертации26.01.2013
Размер91.58 Kb.
ТипДокументы
источник

Р.О. Ожоговтың орыс тілінен түсіндірме сөздігінде « субъект» сөзіне мынандай түсінік беріледі:

1. Әрқашан ізденетін және әрекеттенетін адам танымдалық объектісі ретінде сыртқы әлемге қарсыласатын тұлға2. Қандай да бір қаситеті бар адам


Рахимова Л.Т.

ММ «Меновное орта мектебі»

БАСТАУЫШ САТЫДА ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТІ ЖАНДАНДЫРУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫНЫ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ДАМЫТУ

Бүгінді таңда білім беру саласындағы негізгі бағыт «Қазақстан Республикасының 2015 тұжырымдамасында» атап көрсетілгендей «білім мазмұнын орталық білімнен біліктілік мазмұнына қарай өзгерту» болып табылады

Дара тұлға қалыптастыруға бағытталған білім оқушы бойында тұлғалық сапалардың қалыптасуы мен мен көрінеуіне , ойлау қабілетінің дамыуына, шығармашыл, белсенді инициативті тұлға қалыптасуына , оқушылардың танымдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттыруына , олардың ой қабілетін,өз бетінше білім алу, кез келген уақытта мамандығын өзгере алатын және жаңа қоғамдық жағдайларға бейімделе алатын мамандарға деген сұранысқа бағытталған

Ол балаға оқу қызметінің субъектісі ретінде, өзін өзі өзектілендіруге, өзін тануға және және өзін өзі жүзеге асыруға ұмтылатын дамушы тұлға ретінде бағытталған.

Р.О. Ожоговтың орыс тілінен түсіндірме сөздігінде « субъект» сөзіне мынандай түсінік беріледі:

1. Әрқашан ізденетін және әрекеттенетін адам танымдалық объектісі ретінде сыртқы әлемге қарсыласатын тұлға2. Қандай да бір қаситеті бар адам

Анықтама бойынша субъект әрқашанда ізденетін және әрекеттенетін адам, іс әрекет, қасиет, сана –сезім , күш-жігер иесі.

Қоршаған ортаны тану үстінде , субъект сапалы мақсат қойып , және оған жету кезінде қоршаған ортаны ғана өзгертіпей өзіде өзгереді. Ал мұғалім –ұйымдастырушы, оқушылардың іс-әрекетін үйлестіруші ,тұлғаның және оның жекелей шығармашылығының дамуы, бала күшінің мәнің жүзеге асыру және білім беру жүйесінің баста жолағы болып қалады

Өз іс-тәжірибемде алдынғы ізденіс тақырыбы бойынша «Модульдік технологияны қолдану негізінде қазақ тілі пәні бойынша оқушылардың тәжірибелік дағдаларын дамыту» нәтижесін сараптай келе,

2004-2005о.ж.- 1 орын қалалық олимпиада (А. Гололобов, 4 сынып )

2004-2005 ож- Гран-при «Бәйшешек» сайысы

2004-2005о.ж.- 1 орын қалалық сайыста « Ең үздік ауыл ұстазы»

2005-2006 о.ж – 2 орын«Бәйшешек» сайысы

2006-2007 о.ж.- 3 орын қалалық «Абай оқулары» сайысы ( Малушко С)

2006-2007 о.ж.- 4 орын қалалық олимпиада ( Акулов М 11 сынып)

2008-2009о.ж. –ҰБТ нәтижесі бойынша ББД сапасы - 100% мен жаңа ізденіс тақырыбына бағыт алдым.

Неліктен бұл тақырыпқа көңіл бөлу қажеттілігі пайда болды? Өйткені эксперимент жүргізетін сыныбым - бастауыш сынып. Ал бастауыш мектеп –бұл адамның өміріндегі ең жауапты кезең.

Менің жұмысым нәтижелі және тиімді болу үшін оқушылардың жеке тұлғасын келесі танымдық қабілеттерін диагностикалау арқылы зерттедім:

  • естеу сақтау түрлері

  • зейін қасиеттері

  • оқу мотивациясының деңгейі

  • логикалық ойлау деңгейі




1 сурет «Оқушылардың танымдық қабілеттері диаграммасы»


Есте сақтау түрлерін қарастырғанда оқушыларда көру арқылы есте сақтау, яғни есте қалатын ақпарат болып көрнекілік арқылы таныстыру болады

Зейін қасиеттерін қарастырғанда 50 % жуық оқушылар жұмысқа толығымен беріледі, % 50 жұмысқа тез қосылады және жаңа жұмысты оңай бастайды

Аызша-логикалық ойлауды қарастыруда, оқушылардың 40% -да жақсы екендігін анықтады. Ал оқу мотивациясы деңгейі жоғары деңгейде екенін көрсетті -90 %.

Диагностика нәтижесін қорытындылай отыра және бұл жаста іс әрекеттің негізгі түрі оқуға деген әрекеті болғандығын ескере, мен өз алдыма келесі мәселелерді шешуге міндет қойдым:

  • сабақтың тиімділігін жоғарлату

  • оқушылардың мақсатқа қарай жылжу жүйесін құрастыру

  • тұлғаны өзін-өзі тәрбиелеу, және өзін -өзі дамыту

  • басты құзырлықтарды дамыту

Менің ойымша, оқушылардың танымдылық қызығушылығының қалыптасуы , алдымен сабақта болады.

Нағыз сабақ –ол әрқашан сұхбат, іздене,дайындала , үйрене ,кеңесе, шәкірттер болашағын жасалған еңбек пен тәжірибенің бірлігі.

Орыс мектептерінде қазақ тілін нәтижелі үйрету үшін оқытудың жаңа технологиясын тиімді қолдана білу керек. Мен өз тәжірибемде жиі қолданатын технологиялар;модульдік , коммуникативтік Бұл технологиялардың тиімділігі;

  • әр оқушының білім дәрежесін байқап,бағалап отыруға мүмкіндік береді

  • оқушы өз еңбегін де, басқаның да еңбегін көреді, салыстырады, бағалайды

  • оқушының еркін ойлау қабілеті дамиды

  • оқушы өзі оқи отырып басқаны да оқытады

өзінің тырысу, іздену қабілеттері дамиды, белсенділігі, өзіне деген сенімділігі артады.

Тіл үйрету мақсатын алға қоя отырып сабақтарда коммуникативтік технологияға басты назар аударып, соны қолдануға тырысамын. Сабақта тілдік қатынасты үш жолмен қалыптастырамын:

Жұптық. Мұнда оқушылар екі-екіден жұпқа бөлініп, әр жұп жеке жұмыс істеп, олардың сыңарлары бір бірімен ауысып отырады. Жұптық қалыппен тілді үйретудің ерекшелігі : ол диалог арқылы жүзеге асады да, тілдік қарым-қатынастың ауызша түрін дамытуға себебін тигізеді

Топтық . Оқушыларды топтарға бөліп сабақ өткізу оқушылар арасындағы қарым-қатынастарды жақсартады, дұрыс сөйлей білуге жағдай жасайды, оқушылардың білімін жетілдіреді, топтар арасында оқушы өзінің жеке дара қасиетін көрсетуіне мүмкіндік алады.

Тіл үйренудің ұжымдық қалпы дегеніміз- үйренушінің бүкіл топтағы адамдардың әрқайсысымен жеке сұхбаттасуы арқылы олардың екеуінің бір-бірін үйретуі оқытуы,адамдардың бірінен –екіншісінің үйренуі, пікір алмасуы және әр жұп сынарларының ауысып отыруы нәтижесінде бүкіл ұжым мүшелері түгел қамтылып : әрі жұптық, әрі топтық тілдік қатынастың жүзеге асуы.

Оқушылардың ойлау коммуникативті қабілеттерін дамыту үшін ситуативтік жаттығулар қолданамын. Мысалы: Сынапқа жаңа оқушы келді. Мектебің, сыныбың туралы әңгімеле, пікір алмас.

^ Инициативтік жаттығулар: Оқушылар сұрақтары. Мысалы «Дүкенде» тақырыбы бойынша. Оқушы тақтаға шығып сынаптағы оқушыларға сұрақтар қояды.

  • Дүкенде кім жұмыс істейді?

  • Дүкенде қандай азық-түліктер сатады?

Сұхбат Тілші «Қала» тақырыбы бойынша Өскемен қаласының жас тұрғындарымен сұхбат жүргізеді:

-Сәлемет пе. Сенің атың кім?

-Сен қайда тұрасың?

- Өскемен қаласы қандай?

Мұнда жекелеп оқыту , жұппен, топпен ,ұжымдық оқыту барысында ұстаз бен шәкірт , шәкірт пен шәкірт арасында достық, қарымқатынастық туады

Екі жақтың да жауапкершілігі артады да және жан-жақты дайындықты талап етеді . Осының барысында оқушының өзін-өзі сынау, өз жетістігіне қуану және өзгенің жетістіктерін көруге мүмкіндігі пайда болады

Сабақтың әр деңгейінде оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын жоғарлатамын және танымдылық қызметін әр түрлі әдіс-тәсілдермен жандандырамын

Интерактивті әдістер. Ғалым Левадский интеракцияны қарымқатынас жасау үрдісінің синонимі ретінде сипаттайды. Бұл әдіс әсіре сұхбат құруда оқушылардың белсенділігін арттырады. Себебі бұл әдіс оқушылардың бойында төмендегідей әдет дағдыларды қалыптастырады;

  • оқушы өзін,-өзі еркін , батыл сезінеді

  • -үйреніп жатқан тілге деген қызығушылығы артады

  • оқушылар топ болып, жұп болып әрекет етуге үйренеді

  • білімі төмен оқушылар озат окушылардан кей жерлерде көмек алады

  • озат оқушылар өз сыныптастарына қамқорлықпен қарауға үйренеді

Тірек сызбаларды қолдану.Оқушылардың сөйлеу, жазу, қабілеттерін дамытуда тірек сызбалардың берері мол;

-сыныптағы оқушыларды түгел камтиды

- сөйлем құрастыруға, сұрақ қойып, оған жауап беруге көмектеседі

-әңгіме құрастырып, оны әңгімелеп беруге үйретеді және есіне сақтауға ықпал тигізеді

- оқушыны пәнге қызықтырады, ынтасын арттырады

-оқушылар қиын тақырыпты жеңіл меңгереді

- үлгерімі төмен оқушылардың белсенділігін артады

Оқушыларда танымдылық қызығушылығының себебін- таңқалдырушылықты тудыру үшін келесі әдістерін қолданамын:

1.табысты жағдай туғызу (барлық оқушылар орындай-алатын тапсырмаларды орындау арқылы, алдынғы білімдеріне сүйене отырып).

2.оң эмоционалды көңіл-күй тудыру (сабақта ынтымақтастық пен сенімдіктің мейірімді жағдайын қалыптастыру).

3. Рефлексия (өз іс әрекетін және басқалардың іс әрекетін бағалау, іс әрекет нәтижесін бағалау, көп нұсқалы жауаптарды талап ететін сұрақтар).

4. сабақтың ерекше басталуы (әзіл-сықақ минуттарын өткізу, жарыс және ойын түрлері арқылы, музыкалық фрагментерді қолдану арқылы).

Оқушыларды оқуда мақсатты құруға үйрету ,оқудың мақсатын сезіну және оларды жүзеге асыру үшін қолданамын:

  1. Оқу қызметінің аяқталмауы және тоқтатылуы (келесі қызметтің мақсатын өз бетінше анықтау, білімнің тапшылық жағдайын құру арқылы).

  2. Таңдау мүмкіндігін ұсыну (үй жұмысын іріктеу арқылы, деңгейлік тапсырмалар арқылы, сабақта бірігіп іс-әрекетті жоспарлау, тапсырмаларды маңыздылық деңгейі бойынша түрлендіру).

  3. Қатеге қөңіл аудару (келесі қызметтерді анықтау мен қателерді табу «қатені ұста» әдісі, арқылы, қатеге көңіл аудару).

4 Тәжірибелік бағыты (оқитын материалдың маңыздылығын анықтау, оқу материалын нақты өмірлік жағдаймен сәйкестеу арқылы).

Ұлы педагог В А Сухомлинский « Ойынсыз , музыкасыз, ертегісіз шығармашылықсыз, толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» дегендей , мен сабақ барысында әр түрлі ойын элементерін пайдаланамын

Бала ойнап отырып бірнеше сөзді өзінің сөздік қорына жинап отырады.

Ойынның шарты бойынша берілген сөйлемге әр оқушы бір сөзден қосып, толықтырып отыруы керек. . Бірақ сөйлемнің мағынасы өзгермеу керек. Сөйлемге сөз қосып, толықтыра алмаған оқушы жеңіледі. Мысалы:

Менде кітап бар

Менде жақсы кітап бар

Менде қалың, жақсы кітап бар

Менде қызық,қалын, жақсы кітап бар

Қазақ тілін үйренуде рөлдік ойындарды да жиі қолданамын, себебі мұнда барлық балаларға бірдей рөл тиімді де, бір-бірімен міндетті түрде қарым-қатынасқа түсіп, сөйлеседі. Оқушылар белсенді жұмыс істеп, бір-біріне жәрдем беріп, жұмыстарын мұқият тыңдап, өздерін және бір-бірін бағалайды, ал мұғалім тек бағыттаушы болады. Мысалы «Асхана», «Дүкенде», «Мектепте» деген тақырыптарда «Телефон» ойын- диалогын жаңа сабақты қорыту,үй тапсырмасын және сөздікті тексеру үшін өткіземін.

Былтырғы оқу жылының көрсеткіштерін биылғы І жарты жылдықтың қорытындыларын салыстырма түрінде былайша көрсетуге болады



Жазу

Диалог

Монолог

Оқу дағдысы

Аудирование

2008-2009

30%

40%

40%

48%

54%

2009-2010 (І жарты жылдық)

50 %

70%

76%

62%

86%

Динамика

20%

30%

36%

14%

32%

1 кесте Оқушылардың білім сапасынан мониторингі

Оқушылардың үлгерім сапасы байқалды, жалпы дамуда алға жылжу бар

Сонымен қорытындылай келе , оқу үрдісінде қолданып келе жатқан тиімді әдіс-тәсілдер, оқушылардың білім сапасын едәуір арттыруға және білім стандарты бекіткен оқу материалын барлық оқушылардың қажетті дәрежеде меңгеруін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді

Егерде де қазақ тілі пәнінің оқыту үрдісіне субъектілік еңгізілсе, оқушылардың жеке қабілеттері жоғары дамиды, өйткені;

  • танымдық мотивтары кең қалыптасады

  • оқу пәні бойынша оқушылардың білім сапасы жақсарады

  • өзін-өзі бағалау және өзін-өзі іске асыру жоғарылайды

ӘДЕБИЕТ


  1. Ерназарова З.Ш. Саналы коммуникативті оқыту әдісі. «Қазақ тілі: әдістеме» 2007, № 4, 20-23 б.

  2. Қасбаева Г.С. Мемлекеттік тілді коммуникативтік бағытта оқыту жолдары «Қазақ тілі Қазақстан мектебінде» 2008, № 5, 17-22 б.

3. Ожогов Р.О Түсіндірме сөздігі

4. Қазақстан Республикасының 2015 тұжырымдамасы

5. «Әдіскер-методист». №1-20086 № 3-2006



Похожие:

Рахимова Л. Т iconПротокол №14 о допуске к участию в конкурсе по государственной закупке работ «Разработка псд на средний и капитальный ремонты улиц, дорог и тротуаров города Павлодара»
Информация о привлечении экспертов, представленных ими заключений по соответствию предложенных в заявке на участие в конкурсе работ...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы