Субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы сабақ сапасын жетілдіру icon

Субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы сабақ сапасын жетілдіру



НазваниеСубъектілік қарым-қатынас орнату арқылы сабақ сапасын жетілдіру
Дата конвертации26.01.2013
Размер57.42 Kb.
ТипДокументы
источник

Субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы - сабақ сапасын жетілдіру.


Кинолбаева Р.С.

«№ 15 орта мектебі» ММ

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА БЕЛСЕНДІ ЖҰМЫС ФОРМАЛАРЫ

АРҚЫЛЫ МОДУЛЬДІК ТЕХНОЛОГИЯ НЕГІЗІНДЕ СУБЪЕКТІЛЕРДІҢ

ӘРЕКЕТІН ДАМЫТУ


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген. Қазіргі уақыттағы оқу-тәрбие үрдісінің ерекшелігі баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқу технологияларын ұтымды қолданысқа алуы.

Білім алу-адамзат әрекетінің ең маңызды бір түрі. Ол білім мен тәрбиенің негізін қалайды. Білім алуда адамның ішкі мүмкіндігі мен қабілетінің дамуы, қалыптасу үрдісі байқалады. Қабілет, бір жағынан, адамның білім, дағды, іскерлікті қалыптастырудағы саналы әрекетінің нәтижесі болса, екінші жағынан, адамның табиғи-генетикалық ерекшелігімен тікелей байланысты. Осыған орай, қазіргі білім беру парадигмасында білім алушыға тұлғалық-әрекеттік тұрғыдан қарауға үлкен мән беріп отыр. Өйткені, әрекет дегеніміз-саналы мақсатқа тәуелді үрдіс. Демек, мақсатқа жетудің басты жалпы білім беруші мен білім алушының бірлескен іс-әрекеті болып табылады. Осыған орай оқытуды екі жақты әрекетке, субъект-субъектілік, диалогтық қарым-қатынасқа құру мәселесі шешімін табуда.

Қазіргі уақытта орыс тілді аудиториясында қазақ тілін оқытудың тиімділігі жоғары түрлі оқыту технологиялары қолданылады. «Педагогикалық технология- оқушы мен оқытушыға қолайлы жағдайда оқу үрдісін жоспарлау, ұйымдастыру, өткізудің жіне оқушы мен оқытушының бірлескен педагогикалық әрекеттерінің әрбір жеке бөлшегіне дейін ойластырылған моделі» ( В.М.Монахов).

Осы тұрғыдан келгенде, модулдік технологияның өзіне тән ерекшеліктерін атап айтуға болады: оқытудың мақсатының, соған сәйкес нәтижесінің айқындылығы, өзіне тән құрылымы, бостандығы, осы құрылымға орай оқу материалдары бөліктерге бөлініп берілетіндегі, оқытушы кеңесші, бағыттаушы қызмет атқаратындығы, мұғалім мен білім алушының арасында субъект-субъектілік қарым-қатынастың болатындығы, білім алушыларға өз бетімен толықтыруға толық мүмкіндік жасалатындығы.

Модуль дегеніміз-тұтас жүйенің бір бөлшегі, пәннің негізгі заңдылықтарын ашатын ұғымдардың бір-біріне байланысты элементтердің жиынтығы.

Модульдік технология дегеніміз-білім алушының ішкі мүмкіншілігіне, қабілетіне қарай өз бетімен ізденуіне, әрекет етуіне лайықталған дидактикалық құрылым, адамның өзін-өзі дамуының амалы, жолы.

Модульдік оқытудың құрылымы:

  1. Оқу модулінің кіріспе бөлімі

  2. Оқу модулінің сөйлесу бөлімі

  3. Сөйлесу бөлімін құру қағидалары

  4. Оқу модулінің қорытынды бақылау бөлімі

Мен өз іс-тәжірибемде М.М.Жанпеиісованың «Модульдік технологиясын» қолданамын. Себебі, білім беру саласында жиі көтеріліп жүрген мәселелердің бірі-оқушыларды өзін-өзі басқаруға үйрету.

Осы мақсатты алға қойып, өз тәжірибеме оқытуды жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру мақсатында әрбір сабағымды түрлендіріп өткізу әдістерін енгіздім. Оқушы санасына білімді жүйелі түрде меңгеруіне және оқушының қабілет деңгейлерін дамытуда осы технологияның маңызы ерекше екендігі мәлім.

Олай дейтінім,жаңа технология әдістері оқушылардың шығармашы-

лық қабілеттерін арттырып, өз бетімен жұмыс істеуге, қорытындылар жасауға,жүйелі білім алуға жетелейді.Өйткені,модульдік оқыту технологиясында оқытудың әр түрлі белсенді формаларын(топтық,жеке топтық,жұптық,пікірталастар,диспуттар)қолдануға мол мүмкіндіктер бар.

Осы модульдің тиімділігі,мұнда оқушы білімді жеке-жеке тараулар бойынша емес,біртұтас тақырып түрінде жүйеленген білім алады.Өзін-өзі дамытуға, бірін-бірі оқытуға,кітаппен жұмыс істеуге үйренеді,қосымша әдебиетпен білім алуға, баулу арқылы дарынды балалармен жүйелі жұмыс істеуге мүмкіндік туады. Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшілігі ол оқытудың белсенді формаларын қолдану арқылы оқу материалына бірнеше рет қайта оралып,жұмыс істеуге болады.

Оқытуды модульдік технологиясы арқылы жүзеге асырған кезде тарау-

ға оқу бағдарламасы бойынша берілген сағат саны өзгермейді.

Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде ойындарды кеңінен қолданамын сөйлесу бөлімінің 1,2,3 сабақтарында «Қарлы кесек» ойынында оқушылар тақырыпты көру,оқу, сөйлесу арқылы менгеріп, 3,4,5 сабақтарында «Брейн- ринг» ойыны арқылы тақырыпты қай деңгейде меңгергенін анықтаймын. Ол үшін оқушылар деңгейлі тапсырмалар орындайды.

Жаңа тақырыпты оқыту барысында модульдің кіріспе бөлімінен бастаймын. Мысалы, 9- сынып бағдарламасында «Тұңғыш ғалымдар» атты модульдің құрылымымен, мақсатымен таныстырамын. Сонан соң сөйлесу бөлімінде сыныпты негізінен 6 оқушыдан шағын топтарға бөлу арқылы олардың өзара белсенді әрекеттенуіне ықпал жасаймын. Сөйлесу бөлімінде тыңдау, жазу, көру, айту мүмкіндіктері ескерілген.

Оқытуда әр түрлі белсенді жұмыс формаларын қолдану оқытудың міндетті шарты болып табылады. Сөйлесу бөлімінде білік пен дағдыны қалыптастыру, кейіннен алынған білімді талдау, жинақтау және бағалау мақсатындағы оқытудың белсенді формалары қолданылады.

Оқу модулінің қорытынды бөлімі- бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқыту, түрлі ғылыми еңбек көздерін пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білігі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.

Оқу пәнінің ерекшелігіне орай оқу білімін бақылаудың түрлері ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, шығарма немесе диктант қолданылады, бұл оқу модулінің қорытынды бөлімінде іске асырылады.

Оқушылардың тақырып немесе тарау бойынша алған білім, білігін, дағдысын бағалауда олардың оқу модулінің қорытынды бөлімінде алған бағалары қойылады.

Егер сөйлесу бөлімінде оқушыларға үш деңгейлік («жеңілдетілген стандарт», «стандартты», «стандарттан жоғары») тапсырмалар ұсынылса, қорытынды бөлімде барлық оқушыларға мемлекеттік білім стандартына сай бірдей тапсырмалар беріледі.

Зерттеушілік сипаттағы тапсырмалар бөлек есептеледі. Олар баяндама, реферат түрінде болуы мүмкін.

Тоқсандық қорытынды баға әрбір оқу модулінің бағалары нәтижесінде қойылады.

Егер оқушы қандай да бір себептермен оқу модулінің сөйлесу бөліміндегі сабақтарда болмаған болса, оған осы сабақтарда қолданылған барлық деңгейдегі тапсырмалар жеке беріледі. Оны бала үйінде, сабақтан тыс уақытта орындауы тиіс. Тапсырмаларды орындаған оқушыға өзін-өзі тексеру үшін мұғалімнің өзіне, не болмаса осы сынып оқушыларының ішінен кеңесші оқушының тексеруне болады. Тек содан кейін ғана қорытынды бөлімнің тапсырмалары беріледі, орындалуын мұғалім өзі бақылайды.

Өз тәжірибемде модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде келесі белсенді формаларды қолданамын: «Қарлы кесек», «Брейн-ринг» оқыта үйрену ойындары, пікірталастық және рөлдік оқыта үйрету ойындары, жеке- топтық жұмыс формасын, өзара оқыту, оқыта үйрену ойындарын қолданамын.

Әсіресе, қазақ тілін оқыту барысында тиімді, нәтижелі топтық жұмыс формасын жиі қолданамын. Себебі, топтық жұмыс оқушы мен оқушы, оқушы мен мұғалім араларындағы білім алу, білім беру әрекеттері үлкен орын алатынын көруге болады. Оқушылармен топтық жұмыс жүргізу алдында оларды қабілетіне, қызығушылығына, икеміне, біліміне қарай лайықтаймын, тексеру мен бағалаудың әдідік, жариялылық талаптарын орындау, ұстаз бен шәкірт ынтымақтастығы арқылы оқушының белсенді ойлауына, белсенді сөйлеуіне, шығармашылығына қол жеткізу.

Қазақ тілі сабағында белсенді жұмыс формалары арқылы модульдік технология негізінде субъектердің әрекеттері құзырлық арқылы да дамиды. Олар:коммуникативтік (үш тілді меңгеру:

Орыс, қазақ, ағылшын), ақпараттық құзырлық (компьютерлік сауаттылық), мәселені шешу және өзін-өзі басқару (нәтижелілік, тиімділілік).

Қорыта келгенде, қазақ тілін оқыту барысында алға қойған мақсатқа жетудің тиімділілігін қамтамасыз ететін оқытудың әдіс, құралдардың өзара байланысы жатыр, соған байланысты қажетті мазмұнды, тиімді әдістер мен құралдарды бағдарлама мен қойылған педагогикалық міндетке сәйкес білу мұғалімнің педагогикалық шеберлігіне байланысты.


ӘДЕБИЕТТЕР


1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы\\ Қазақстан мектебі, №2, 2004, 8-б.

2. Н.Ә.Назарбаев \\ «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан»(Қазақстан халқына Жолдауы).28.02.2007.

3. «Бала құқығын қорғау конвенциясы»\\ 29-бап, 7 бет

4. Педагогическая энциклопедия. \\ М: Советская энциклопедия,1966,т.3,с 419.

5. Жексенбаева У.Б.Организация научно – исследовательской деятельности школьников. \\ «РАДиАЛ».Алматы,2006,с 7.

6. Фаберман Б.Л.Передовые педогогические технологии \\Т.Фан, 2000,с.130..

7. ГриценкоВ.Ю.,Довгялло А.М., Савельева А.Я. Компьютерная технология обучения\\ Словарь-справочник, «Наука думка», 1992.



Похожие:

Субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы сабақ сапасын жетілдіру iconСубъектілік қарым-қатынас орнату арқылы сабақ сапасын жетілдіру
Білім беру процесінің субъектілік даму шарты ретінде жаратылыстану циклы пәндерінен сабақ беру сапасын жетілдіру
Субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы сабақ сапасын жетілдіру iconСубъектілік қарым-қатынас орнату арқылы сабақ сапасын жетілдіру
Білім беру процесінің субъектілік даму шарты ретінде қазақ тілі пәнінен сабақ беру сапасын жетілдіру
Субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы сабақ сапасын жетілдіру iconСубъектілік қарым-қатынас орнату арқылы сабақ сапасын жетілдіру
ОҚушылардың математика сабағына танымдық Қызығушылықтарын дамыту және білім беру сапасын жетілдіру үшін өз бетімен жұмыс істеуді...
Субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы сабақ сапасын жетілдіру iconТақырыптың өзектілігі
Субъект-субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру
Субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы сабақ сапасын жетілдіру iconБілім беру ортасын субъектілік басқару. Субъектілік қарым- қатынас негізінде
Технология пәнін оқытуда шығармашылық ЕҢбек дағдыларын қалыптастыруды субъектілік басқару
Субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы сабақ сапасын жетілдіру iconБілім беру үрдісінде cубьект-субьектілік қарым-қатынас орнату арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту

Субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы сабақ сапасын жетілдіру iconСубьект-субьектілік қарым- қатынас орнату оқушылардың зерттеу-ізденушілік, шығармашылық
Субьект- субьектілік қарым- қатынас негізінде бастауыш сынып оқушыларының зерттеу-ізденушілік, шығармашылық Қабілеттерін дамыту
Субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы сабақ сапасын жетілдіру iconСубьект-субьектілік қарым- қатынас орнату оқушылардың зерттеу-ізденушілік, бәсекелестік
Субьект- субьектілік қарым- қатынас негізінде оқушылардың зерттеу- ізденушілік, БӘсекелестік қабілеттерін дамыту
Субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы сабақ сапасын жетілдіру iconСубъектінің оқу үрдісінде құзіреттілікті дамыту жағдайын біліктілік тұрғыдан ендіру басқармасы
Азақ тілін оқытуда субъектілік қатынас жағдайындағы білім беру үрдісі субъектісінің коммуникативтік қҰзыреттілігін жетілдіру
Субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы сабақ сапасын жетілдіру iconКушамбаева Жамал Малгаждарқызы №43 орта мектеп- гимназиясы
Азіргі кездегі технологияларды пайдаланып, ОҚушылармен қарым-қатынас негізінде физика пәнінен білім сапасын арттыру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы