Тұлғаның жан-жақты мәдениеттілігін қалыптастыруда оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін дамыту. «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз» icon

Тұлғаның жан-жақты мәдениеттілігін қалыптастыруда оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін дамыту. «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз»



НазваниеТұлғаның жан-жақты мәдениеттілігін қалыптастыруда оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін дамыту. «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз»
Дата конвертации26.01.2013
Размер69.48 Kb.
ТипДокументы
источник

Оқушылардың қатысымдық құзыреттілікті оқытудың маңызы.

Қарым-қатынасты топпен жұмыс арқылы қалыптастыру.


Уромбаева.М.А.

«№36 орта мектебі» мемлекеттік мекемесі


Тұлғаның жан-жақты мәдениеттілігін қалыптастыруда оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін дамыту.


«Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде

сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз».

(ҚР Президенті Н.Назарбаевтың

Қазақстан халқына Жолдауынан)


Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында мектеп қабырғасында оқушыларға нәтижеге бағытталған білім беру арқылы олардың тұлғалық ерекшеліктері мен қасиеттері ашылатын, шығармашылық ойлау, өз бетінше шешім қабылдау қабілетін қалыптастыру тұрғысындағы мемлекеттік саясаттың басты ұстанымдары айқындалған. Қазіргі таңда білім беру саласында тұлғаның дамуына қатысымдық құзыреттілікке баса назар аударылып отыр. Оқушылардың өздерін қоршаған ортада басқа адамдармен, топпен қарым-қатынас орнатуға, жалпы нәтижеге қол жеткізуде өзіндік пікірін білдіруге, басқа ұлт өкілдерімен қарым-қатынас диалогына түсе алуына мүмкіндік беретін қатысымдық құзыреттілік негізінен тіл мен әдебиет сабақтарын оқыту үрдісінде қалыптасады.[6]

Тұлғаның тірек құзырлылықтарының бірі ретінде танылып отырған қатысымдық құзыреттілікті қалыптастыру оның тілдік білімін тереңдетумен қатар сөйлеу біліктілігін де жетілдіреді.

«Коммуникативтік құзыреттілік» (латынның «соmpetere» -қол жеткізу, сәйкес келу, сөзінен шыққан) –оқушылар және қоғам үшін күнделікті оқуда, қатысымдық міндеттердің тіл арқылы шеше білу қабілеттілігі; қатысымдық мақсатты іске асыруда оқушының тіл және сөз құралдарын пайдалана алуы. Егер оқушы сол тілде сөйлеушілермен тікелей немесе аралық қарым-қатынас барысында сол тілдің нормалары мен мәдени дәстүріне сәйкес өзара түсінісе алса, қатысымдық құзыреттілікті меңгергені.[4]


Өзектілігі:

Барлық оқушыны білім деңгейі қандай болса да сабақта олардың ерекшелігін ескере отырып жан- жақты жұмыс жасауымыз қажет. Ол дегеніміз- оқушыны ойланту , өз ойын дәлелдету, тиянақты жауап беруге тырыстыру. Бұл мақсаттағы ең тиімді әдіс- топпен оқыту әдісі болып табылады Әрбір ұстаз әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып жұмыс жасағанда ғана жетістікке қолы жетеді. Қазіргі күнде өз сабағыма арқау етіп жүрген әдістің бірі- топпен оқыту әдісі.

^ Психологиялық ұстаным бойынша:

Қазақ тілін топпен оқыту үшін оқушылардың жас ерекшеліктерін мен жеке ерекшелігін, зейінін, ойлау және қабылдау қасиеттерін жақсы білу керек. Әр оқушының қазақ тілін қабылдауы мен ойлауында жеке басына тән толып жатқан ерекшеліктері болады. Сол үшін де сабақ сайын қай оқушының нені білмейтінін, оған көмектесу үшін не істеу керектігін жүйелі түрде есепке алып отырған дұрыс болады.[3] Сонда әр оқушыға жекелеп, иә болмаса топтап қандай тапсырма беру керек, кіммен қандай жұмыс жүргізу қажет екендігін шатастырмай білесің. Әсіресе осындай мақсатты жұмыс жасаудың орыс тілді ортадағы қазақ тілінен білімі төмен балаларға берері мол. Орыс тілді оқушының жіберген қатесін есепке ала отырып және оның себебін анықтап, сол қатені қайталамау үшін, соған сәйкес қосымша жұмыс ұйымдастырудың мәні зор. Жалпы, топпен оқытуда кітаппен, тақтамен, көмек құралдармен жұмыстың ауызша, жазбаша түрлері алма-кезек.[1]

Қатысымдық құзыреттілік - екінші тілді үйренуші оқушыларға тілдің заңдылықтарын жаттанды үйретпей, сол тілді тілдік және қатысымдық тәсілдерді орынды қолданумен байланыстыру.Оқушылардың қазақша қатысымдық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі тілдің қатысымдық және когнитивтік салаларының өзара ортақ бағыттары мен ұстанымдарынан туындаған жаңа бағыт. Екінші тілді үйренуде сөз мағынасын қабылдауда, пайымдауда, түсінуде танымдық ерекшеліктерін ескеру, олардың түрлі өмірлік ситуацияларда өз ойын, пікірін жеткізу, қатысымдық міндеттерді шешу, қатысымдық мақсатты іске асыруда тілдің заңдылықтары мен нормаларын орынды пайдалана білу дағдыларын қалыптастыру мәселелері алдыңғы орынға шығады. Ғалым Ф.Ш. Оразбаева «коммуникация» термині туралы былай тұжырымдайды: «коммуникация» сөзінің негізгі мазмұны жалпы қарым-қатынас, араласу, хабарласу, байланыс деген сияқты мағыналарды білдіре келіп, адамдардың тіл арқылы сөйлесу процесін, тілдесу ерекшеліктерін, тілдік әлеуметтік мәні мен қоғамдық қызметін, адамдар арасындағы қарым-қатынасты, өзара түсінушілікті көрсетеді. [2]

Осыдан барып, «комуникабельді» -тез тіл табысады, түсінуге бейім, «комуникабельдік»-түсінушілік т.б. деген сөздер пайда бола бастады.

Ғалым «коммуникация» сөзін «қатысым» деп танып, қазақ тілін оқыту әдістемесінде жаңадан «тілдік қатынас», «тілдік қарым-қатынас», «тілдесім».

Қатысымдық - бұл тұлғалық мәні бар тіл арқылы ой- пікір бөлісу,ақпараттармен алмасу.Тұлғалық мәні бар ақпараттармен алмасудан басқа,тілдік қарым-қатынас сезімдер мен эмоциялардың алмасуын да қарастырады.Қатысымдық тәртіп көбінесе баланың елестету деңгейіне,оның әлеуметтік ортасының бағытына, қарым-қатынастың жолы мен әр түрлі жолдарын игеруге байланысты.

Кез- келген пәнді оқыту жүйесінің алғашқы сатысы белгілі бір қиындықтар «жазылым» және т.б.терминдерді енгізді. [2]

Тілді оқыту жүйесінде қатысымдық құзыреттілік туралы мәселені арнайы қарастырған тілші- әдіскер Е.И.Пассовтың пікірі бойынша қатысымдық құзыреттіліктің негізгі мақсаты- сөйлесім әрекетінің түрлерін ( айтылым, жазылым, тыңдалым, оқылым, тілдесім) меңгерте білу.туғызатыны белгілі.[3] Бұл қиындықтар қатысым әдісіне де қатысты. Тәжірибенің көрсетуі бойынша қазақ тілін үйренуші басқа ұлт өкілдерінің алғашқы кездегі қарқыны, тілді меңгерсем деген ынтасы өте жоғары болады (бұл қасиет екінші немесе шет тілін үйренушілердің көбісіне тән). Дегенмен, іс жүзінде, өкінішке орай, ойдағыдай нәтиже шыға бермейді.Үйренушінің тілдесім әрекетіне тілегі бір сарынды жаттығу жұмыстарының салдарынан бірте- бірте кеміп, кейде тіпті мүлдем жойылып та кететін мысалдар аз емес.

Қатысым әдісінің негізгі мақсаты- тіл үйренушілерді бірінщі сабақтан бастап сөйлесім әрекетіне баулу. . Қазақ тілі сабақтарында бастауыш топтарда « Дүкенде», « Асханада», « Кітапханада», « Дәрігерде» секілді және басқа да тұрмыстық тақырыптардағы мәтіндер пайдаланылады. Дегенмен, бұл тақырыптар төңірегіндегі дәстүрлі жұмыс түрлері ойдағыдай нәтиже көрсетпей отыр. Өйткені кез- келген қазақ тілін үйренуші адамның, тілдесімге деген ынтасы, тілегі белгілі бір себепші жағдайларға байланысты оянады. Қазақ тілінде сөйлеуге үйретудің алғашқы қадамы диалог түрінде сөйлеуге үйретуден басталады. Сабақты ұйымдастыру кезеңіндегі: Бүгін сабақта кім жоқ? Кім кезекші? Бүгін қай күн? сияқты үйреншікті сұрақтар оқытудың барлық кезеңінде тоқтатылмағаны жөн. Оқытушы мен оқушы арасындағы осындай диалогтар қарапайым көрінгенімен, олардың да тілдесім әрекетіне қосатын үлесі көп. Өйткені мұндай диалогтар күннен күнге қайталанып отырып, оқытушы мен оқушының қазақша тілдесуінің негізін қалайды. Оның үстіне мұндай жаттығу жұмыстары оқушыларды сөздерді дұрыс айтуға үйретеді, әрі грамматикалық заңдылықтарды меңгеруге көмектеседі.[4]

Мен өз тәжірибемде қатысымдық құзыреттіліктің бір түрі топпен жұмысты жиі қолданамын.



Мысалы, тәртінші сыныпта «Достық» тақырыбын алсақ, оқушыларды 2 топқа бөлемін. Әр топқа атау беріледі. 1- топ «Достар» 2 -топ «Тапқырлар».

Берілетін тапсырмалар топтағы оқушылардың өзіндік ерекшелігіне,сабаққа деген ынтасына,үлгеріміне, сай келуі тиіс. Айта кететін болсам, оқушылардың топпен бірлесіп жұмыс жасауларын нығайту мақсатында мынадай тапсырма беремін. Әр топқа сөйлемдері дұрыс орналаспаған мәтін беріледі, топ мүшелері ақылдаса отырып, мәтінді құрастырады. Дұрыс сөлей білу дағдысын қалыптастыру үшін топтағы оқушылар бір-бір сөйлемнен мәтінді оқып шығады. Топпен жұмыс барысындағы жазу дағдысын қалыптастыру мақсатында, оқушыларға мәтін ішінен жуан буынды сөздерді бір бағанға, жіңішке буынды сөздерді бір бағанға жазулары керек. Қазақ тілі пәнін өзге ұлт өкілдеріне оқытқанда бірден-бюір тиімді әдіс – сұхбаттасу. Топпен жұмыс жасау барысында өзара сөйлесу жолын да қолданамын. Ол үшін әр топ өз ішінде «Достық» тақырыбында сөйлесу құрастырады. Бұл жерде жұптық жұмыс түрін де көре аламыз. Топ арасынан бір –бір жұп шығып өз сұхбатын оқиды. Оқушылардың ойлау, жан-жақты мәдениеттілігін қалыптасыру мақсатында ақпараттық технологияны пайдалана отырып жұмыс жасаймыз.

Мысалы, алдыңғы сабақта өтілген мақалды аяқтаулары тиіс. Мақалдың бір бөлігі тақтада жазулы тұрады. Екінші бөлігін қараңғы перденің астынан тауып орнына қоюлары керек.

Топпен жұмыс барысындағы қорытындыны мына кесте арқылы бағалаймын:

Оқушының аты-жөні

Сөйлеу дағдысы

Жазу үлгісі

Іздемпаздылығы

Жарков И

3

4

4

Зубенко Н

4

4

5


Міне, топпен жұмыс барысында тұлғаның көпшілік алдында сөйлеу дағдысын жазу үлгісін қазақ тілінде дұрыс сөйлеуін, іздемпаздылығын ойлау қабілетін көреміз.

Төрт жыл арасындағы оқушылардың топпен жұмыс жасауларының деңгейін мына диаграмма арқылы байқаймыз.




Қорыта айтқанда, біз мектепте өз шәкірттеріміздің бойында жоғарғы дәрежелі білім, біліктілік пен дағдыны қалыптастыруды қамтамасыз етеміз. Оқушыларымыздың өмірлік жағдаяттарда өздерінің алған білім, біліктілік, дағдыларды дұрыс қолдана алуына жағдай жасау- біздің ұстаздық міндетіміз.

Демек, қазақ тілін оқыту барысында өзіндік ой-толғамын жеткізе алатын, кез келген адаммен тілдік қарым- қатынасқа түсе алатын, коммуникабельді, іскер азамат тәрбиелеп шығару арқылы қатысымдық құзіреттіліктерін дамыту жолында атқарар еңбектері әлі де алда .


ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. // «Қазақ тілін үйренейік» №3, 2008 жыл, 3 бет

  2. Ф.Ш. Оразбаева, «Тілдік қатынас теориясы және әдістемесі», 2005, 272 бет

  3. Ә. Әлметова, «Сөйлеу әрекеттері түрлеріне оқыту», А. Арыс, 2007

  4. //«12-жылдық білім беру журналы», №8, 2006, 4 бет

5.М. Жұмабаев «Педагогика» А. «Рауан», 102 бет.

6. М..И. Нүсіпбекова, // «Қарлығаш» бағдарламасы «Арман - ПВ»,2007,4,19 бет.



Похожие:

Тұлғаның жан-жақты мәдениеттілігін қалыптастыруда оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін дамыту. «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз» iconҚазақ Әдебиеті сабағында тұЛҒаның жан-жақты мәдениеттілігін қалыптастыруда арнайы дифференциалды тәсілдің РӨлі мақсаты
Мақсаты:қазақ әдебиеті сабағында оқушыларды жекелеп оқытудың педагогикалық негіздерін айқындау және оны іске асырудың әдістемелік...
Тұлғаның жан-жақты мәдениеттілігін қалыптастыруда оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін дамыту. «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз» iconТарих сабағында жоба технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың ҚҰзыреттілігін қалыптастыру
Бүгінгі ғаламдану кезеңінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігінің даму тенденциясынан ажыратып...
Тұлғаның жан-жақты мәдениеттілігін қалыптастыруда оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін дамыту. «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз» iconҚұзыретті тұлға қалыптастыру жолдары Білім беру үрдісінде субъектілердің құзыреттілігін дамыту
Зыретті тұЛҒА Қалыптастыруда оқушылардың жеке бес ерекшеліктерін ескере отырып, ОҚу-ойлау қабілеттерін жетілдіру
Тұлғаның жан-жақты мәдениеттілігін қалыптастыруда оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін дамыту. «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз» iconТезаурус: Эксперимент
Білім беру үрдесінде субъектінің коммуникативтік қҰзыреттілігін және жан-жақты дамыған тұЛҒаны қалыптастыру
Тұлғаның жан-жақты мәдениеттілігін қалыптастыруда оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін дамыту. «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз» iconГуманитарлық-эстетикалық бағыттағы пәндер арқылы оқушылардың түйінді құзыреттілігін қалыптастыру. «Білімің болса дағы ұшан-теңіз, пайдасы жоқ халқыңа қызмет етпей»
Оқу-үрдісінде субъектілерді жан-жақты дамыту жағдайында құзыреттілік әдісін іске асыру
Тұлғаның жан-жақты мәдениеттілігін қалыптастыруда оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін дамыту. «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз» iconБастауыш сынып оқушыларының ҚҰзыреттілігін қалыптастыруда, сыни тұРҒыдан ойлау жобасының МҮмкіндіктері. Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі
«Білім беру үрдісінің субьектілерін дамыту шарты ретінде қазіргі заман мектебінде білім сапасын жетілдіру.»
Тұлғаның жан-жақты мәдениеттілігін қалыптастыруда оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін дамыту. «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз» iconЭксперимент – (Experiment – латын сөзі; сынама, тәжірибе) Коммуникативтік құзыреттілік
Білім беру үрдесінде субъектінің коммуникативтік қҰзыреттілігін және жан-жақты дамыған тұЛҒаны қалыптастыру
Тұлғаның жан-жақты мәдениеттілігін қалыптастыруда оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін дамыту. «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз» iconДүниежүзілік стандарттар күні
Исо халықаралық стандарттау ұйымына кіретін барлық елдер мен бүкіл әлемдік ғылымиөтехникалық қоғам Дүниежүзілік стандарттар күнін...
Тұлғаның жан-жақты мәдениеттілігін қалыптастыруда оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін дамыту. «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз» icon«ОҚушылардың білім беру үрдісінің субъектісі ретінде дамытуда модульдік технологияның МҮмкіншілігі»
Игі істер дәлел бола алады. Осының бәрі ХХІ ғасыр табалдырығынан аттаған жас ұрпақты ұлттық құндылықтарды, ұлттық мәдениетті танитын,...
Тұлғаның жан-жақты мәдениеттілігін қалыптастыруда оқушылардың қатысымдық құзыреттілігін дамыту. «Біз бүкіл елімізде әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін жолға қоюға тиістіміз» iconI бөлім. Мазмұны және іске асырылуы. Миссия – сапалы, бәсекеге қабілетті, нәтижеге бағытталған, «бүкіл өмір бойы баршаға білім беру»
Миссия – сапалы, бәсекеге қабілетті, нәтижеге бағытталған, «бүкіл өмір бойы баршаға білім беру» принципіне негізделген мемлекеттік...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы