Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыруды басқару icon

Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыруды басқару



НазваниеАқпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыруды басқару
Дата конвертации26.01.2013
Размер113.99 Kb.
ТипДокументы
источник

Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыруды басқару.

 Есенбаева Г.К., қазақ тілі мұғалімі

М.М. «№31 мектеп-лицей»

М.М. ЖАНПЕЙІСОВАНЫҢ «МОДУЛЬДІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ОҚУШЫНЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ РЕТІНДЕ» ӘДІСТЕМЕСІНЕ АҚПАРАТТЫҚ-ҚАТЫНАСТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ЕНГІЗУ АРҚЫЛЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІН БАСҚАРУ

(« УПРАВЛЕНИЕ УЧЕБНЫМ ПРОЦЕССОМ НА УРОКАХ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА И ЛИТЕРАТУРЫ ЗА СЧЕТ ВНЕДРЕНИЯ В МОДУЛЬНУЮ ТЕХНОЛОГИЮ М.М. ЖАНПЕИСОВОЙ ИНФОРМАЦИОННО- КОММУНИКАТИВНЫХ ТЕХНОЛОГИЙ.»)


Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев білім мен тәрбие сапасын көтеру туралы әркез айтып келеді. Бірақ, бұдан қорытынды жасап, проблеманың себебін іздеп, анықтап, шаралар қолдаудың орнына, тиісті оргындар оқушылардың оқу деңгейін тексереміз, тесті жүргізіп жатырмыз, деп проблеманың салдарымен уақыт өткізуде. Әрине, мәселелердің салдарымен күресіп көзге түсуге болады. Әйтсе де келешегі жоқ іс, тез өшетін ізсіз қалатын жұмыс Қеңес дәуірі кезінде болған. Проблеманы айқындап, оны шешудің орнына ұран тастап науқанға айналдырып, қайшылықтарды жасырумен айналысқан. Нарықты экономикаға сай оқытып, білім сапасын көтеру орнына төмендетіп алғанымыз жасырын емес. Білім сапасының төмендеуі 1980 жылдардан басталып, осы күнге дейін жалғасып келе жатқанын бүгіп қала алмасақ керек.

Енді осы проблемалардан қалай құтылуға болады? Оны анықтап, арылу жолдары қайсы?

Мектептегі білім мен тәрбие беру жүйесінің міндеті оқушылардың жан-жақты танымдылық белсенділігін көтеруге мүмкіндік жасай алатын әр оқушыны жеке тұлға ретінде дамыту керек. Биыл біздің мектебіміз білім көтеру мәселесін қолға алып, білім беру үрдісін басқару мәселесін жүзеге асыруда. Сол себебі түгел білім беру процесін өзгерту мақсатымен жұмыс істеуде. Білім беру үрдісін басқару жүйесінің құрылымы жекетұлғаның қайталанбас даралығының дамуына, шығармашылық бастама алуына бағыт беріп, жағымды орта қалыптастырудан тұрады.Осы бағдарлама бойынша мұғалім өзі-өзіне баға бере білуі және жұмыстың барлық түрін коррекциялық жағдайда ұйымдастыруы дәрежесін анықтай отырып жеке тұлғаға адамдық,азаматтық түрткі жасай білуі қажет. Сол үшін мұғалім мына қағидаларды назарда ұстауы тиіс:

-Білім беру үрдісін басқару ісіндегі белсенділік;

-Сыныптың әр оқушымен ізгі қарым-қатынас орната білу;

-Мұғалімнің жұмысты ұйымдастырудағы жаңашылдығы;

- Мұғалімнің белсенді әрекетке кәсіби және психологиялық даярлығы.

Биылғы мектеп тақырыбы аясында жүргізілген жұмыстар нәтижесінде мектеп жұмысын жандандырудың алғы шарттары белгіленіп, мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер,оқушылар ұжымы арасында өзара ынтымақтастық байланыстың орнатуы мен материалдық-техникалық базаның талапқа сай жабдықталуы жағдайына қол жеткізіледі.Мекттебіміз соңғы үлгідегі информатика, мультимедиа кабинеттерімен жабдықталғандықтан,мұғалімдер компьютер,қашықтықтан оқыту, электрондық оқулықтар арқылы сабақ жүргізуіне мүмкіндік алды.

Білім берудегі жаңалық пен қоғамдағы жаңалық бір ғана мақсатты көздейді, олар даму мен прогрестің қабілетін арттыруы қажет.

Қазіргі білім беру саласындағы басты мәселе-білім беру мазмұнына жаңалық енгізудің тиімді жаңа әдістерін іздетіру және оларды жүзеге асыратын болашақ мамандарды даярлау. Қазіргі педагогиканың негізгі мақсаты- білімді сапалы ету, оқушының толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз қалау. Жалпы білімнің үш міндеті бар, олар-баланың өзіндік жалпы дамуы, жан –жақты дүниетанымын қамтамасыз ету, оны болашақ белгілі бір кәсіпке даярлау.Дәл қазіргі кезде оқытудың кең көлемді қоры жинақталған. Солардың бірі –оқушылардың танымдық әрекеттерін белсендіру. Мұғалім оқыту үрдісін басқаруда оқытудың мотивін, мақсатын, мазмұнын, құралдарын, әдіс-тәсілдерін және қорытындысын жақсы меңгеруі және қолдануы керек. Сонда ғана балалардың өз пәніне деген қызығуын арттыра алады. Қызығу- адам ерекше сезінетін қимылдың нақты себебі.Оқушының танымдық қызығуы танымдық саласына қатысатынан пайда болады. Оқуға, білуге деген қызығу танымдық белсенділіктің қозғаушысы болып табылады. Бұл орайда белгілі ғалым Л.Выгодский былай деген: «Ең алдымен бір әрекетке тарту үшін сен оны қызықтыр, оның бұл әрекетке дайын екенін білу үшін қамқорлық жаса. Осыны іске асыру үшін барлық күшін салатынын және бала өзі қимылдайтынын, ал мұғалім болса тек сол әрекетті басқарып отыруы керек. Оқушылардың таным деңгейі олардың берілген білімге деген қызығуы және білім сапасы мен даму деңгейіне байланысты , ойлау әрекетінің әдістерінің қалыптасуына байланысты.» Сол үшін мұғалім өз білім деңгейін де әрқашан арттыруға тиіс. Ол қазіргі заманға сай мұғалім тәжіреби-эксперименталдық бағдарламаны жасап, негізгі дидактикалық мақсат пен міндеттерін айқындап, өз жұмысын ғылыми түрінде жоспарлап,оқушылардың білім деңгейін көтеруіне басшылық жасау. Осындай бағдарлама жасау кезінде мен өз алдыма мынандай мақсаттар мен міндеттер болуы керектігін тиімдедім:

-оқыту үрдісін жоспарлай білуі;

-оны мақсатты түрде ұйымдастыра алуы;

-жүйелі түрде бақылау мен бағалау үрдісін жүргізіп отыруы;

- оқушыларға берілетін білімдердің мақсаты мен қажетін түсіндіру мен оларды әрекетке бағыттайтын мотивтерді қалыптастыруы;

- оқушылардың жаңа оқу материалын қабылдауына мүмкіншілік жасаумен қатар басшылық етуі;

- оқушылардың берілген білімді толық қабылдауы мен ғылыми ұғымдарды санасына қалыптастыруды басшылыққа алуы;

- берілген білімді тәжірибеде қолдануға және бекітуге басшылық жасауы;

- оқушылардың алған білім бойынша таным –түсінігін есепке алу, тексеру, және бағалау үрдісін іске асыруы. Информация- ақпарат: - адамдар арасындағы бір-біріне берілетін мәлімет;-хабар беру арқылы анықталмағандықтың азаюы;

-кез келген нысан және үрдістің әр түрлілігін кескіндеу және хабарлау.

Ғылыми-тәжірибелік бадарламам бойынша ,биылғы оқу жылынан бастап сабақтың ұйымдастырылуына,өту жолына, түріне, өту кезендеріне жаңа сипаттама жасалды. Оқушының дербес ізденуі, жаңа тақырыпқа сай қосымша әдебиетпен жұмыс істеу жолдары белгіленді. Оқу үрдісінің басқару кезеңі төрт бөлікке бөлініп,оның сипаттамасы анықталды:

-Бірінші кезеңде оқушы өзінің алдағы орындайтын жұмыс нысанымен танысады,мөлшерлейді. Ол үшін жалпы тапсырманы оқулық бойынша жеделдете қарап шығады.Көлемі мен міндетін анықтайды, жоспар жасайды. Қандай логикалық жүйеде орындалу керегін сезінеді. Осы тапсырманы орындауда қажетті заңдылықтар мен ұғымдарды, ережелер мен сыбаларды есіне түсіреді. Бұл даярлық кезең деп аталады.

-Екінші кезеңде жасалған жоспары бойынша түсіну, тақырыпты игеріп оқу, тану мақсатындағы белсенді дербес танымдық әрекетке жұмылады. Грамматикалық ұғымдар мен түсініктерді игереді. Танымдық түсіну, қабылдау үрдісі жүреді: талдау, түсіну, салыстыру, қорыту жасай отырып дербес игеру міндетін атқарады. Тақырыпты материалдық, мазмұндық тұрғыдан өздігінен игереді.

-Үшінші кезеңде оқушы ұғынған оқу материалдарын ішінен айтып шығады. Болмаса жазбаша орындауға болады. Басқару осы кезеңі де аса маңыздысаналады.Қабылдағанын ойша айтып, не жазып отырғанда бұрын мән бермеген, қалып қойған жағдайлар мен ұғымдар анықталады. Барлық білгені талдаудан өтеді.

-Төртінші кезеңде оқушының білім мен дағдысын сырттай бақылау жүзеге асады. Оқушы өзін ойын, түсінігін білдіріп, тақырыптағы негізгі мәселе төңірегінде пікір айтады, талдауға қатысады. Ал екінші жолы- жазбаша жауап қайтару. Ол шығарма, эссе, т. б. Үлгіде болуы мүмкін.

Оқушылардың білім алуын басқау- бүгінгі таңда мектептің алдындағы басты міндеті. Сондықтан жаңа білімді игеру жолдарын, игеру жүйесін білім алушылардың бойында қалыптастыру мұғалімнің жетекші парызы деп санаймын. Сол себеппен біріншіден голосарий құрып жасадым. Білім жүйесіне енген қажетті жаңа терминдермен танысып , голосарийге кігіздім:

Управление-басқару. Жүйенің құрылымын сақтауға және оның қызметін қолдауға , бағдарламасы мен мақсатын іске ұйымдасқан түрде бағытталған іс-әрекет басқару деп аталады. Өмірде екі түрлі басқару кездеседі:стихиялық және саналы . Соңғы кезде кибернетикалық (басқару өнері ) басқару мәселесі басқару теориясынан басты орын ала бастады. Жүйені кибернетикалық басқарусырттан әкелінген және алдын ала жассалған бағдарлама негізінде іске асады.Ал синергетикалық басқару кезінде жүйенің іс-әрекетін бақылау және ондағы үрдістерді реттеу оның ішкі параметрлеріне тікелей тәуелділікте іске асады. Басқарудың барлық түрлері білім беру үрдісін алға жылжушылықтың негізгі факторлары болып табылады.

Ақпараттық технология-қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Информация-ақпарат:1) адамдар арасындағы бір- біріне берілетін мәлімет; 2) кез келген нысан және үрдістің әр түрлілігін кескіндеу және хабарлау.

Обратная связь-кері байланыс. Тірі табиғаттағы, қоғамдағы және техникадағы басқару жүйесін сипаттайтын негізгі ұғым. Басқрылып отырған үрдістің басқару органына жасайтын ықпалын кері байланыс деп атайды.

Самоорганизация- өзкауым. Өзқауым үрдісі кезінде күрделі динамикалық жүйелер пайда болады, дамиды және ұйымдасу қасиеті жетіледі. Өзқауым үрдісі кезінде жүйені құрайтын элементтер арасындағы байланыстар пайда болуы мүмкін. Т.б.

Екінші кезенде оқу үрдісін бусқаруына арналған критерий мен индикаторларды анықтап , бір жүйеге келтірдім:


Рет саны

бөлік

критерийлер

Индикаторлар (Мұғалімнің құзіреттілік даярлығын қалыптастыру көрсеткіштері)

1

Әдіснамалық

коммуникативтік

-ақпараттар көздерінің көбеюі (интернет, баспасөздік ақпарат, байланыс құралдары) есебінен мұғалімнің ақпарат жинауы. - қарым-қатынастытың субъектісі ретінде мұғалімнің еркін белсенділік танытуы, жаңа ақпараттар, білімдер іздеуі. -қарым-қатынастық іс-әрекетіндегі ашықтығы, өзінің мақсатын орындауын- дағы барлық мүмкіндіктерді пайдалануы.

2




Әлеуметтік-қоғамдық тәжірибені меңгеруі

-инновациялық іс-әрекетінің субъект-субъекттілік позицияларын ауыстыра алу қабілеттілігі: -өзін оқушының орнына қоя алуы; -ақпаратты жеткізушіден ақпаратты берушінің рөліне өтуі және т.б. -интелектуалдық деңгейінің артуы үшін философия және басқа ғылымдарда (педагогика, психология) ашылып жатқан жаңалықтардан хабардар болып отыруы. -қоғамда жинақтаған білімін оқушылардың (адамдардың) жеке басын сыйлауда , құрметтеуде пайдалануы.

3

Қазақ тілі пәні бойынша терриялық білімі

Қазақ тілі пәні бойынша теориялық білімі.


-қазақ тілі пәнінің мақсатты жаңа бағыт- тарын жете меңгеруі; -ғылымның негізгі заңдылықтарын меңге- руі; -білім мазмұнын жаңартудағы негізгі бағыт- тарды түсінуі.

4




Қазақ тілі пәні бойынша ғылыми әдістерді меңгеруі

-ғылыми танымның жаңа әдістерімен таныс болуы; -ғылымға қолданысқа енген жаңа әдістерді меңгеруі;

-ғылымға қолданысқа енген жаңа әдістерді өз іс-тәжірибесінде пайдалана алуы.

5




Оқушының қазақ тілі пәні бойынша білім мазмұнына сәйкес білімі

-оқушыны тәрбиелеу, оқыту, дамыту жүйе- сіндегі қазақ тілі пәнәнің рөлін, маңызын оқушының түсіуі; - қазақ тілі пәні бойынша оқушының оқыту- дың міндет – мақсатын ұғуы; - қазақ тілі пәні бойынша оқушының қабыл- дауға, меңгеруге тиісті білім,білік,дағдылар жүйесін білуі; - қазақ тілі пәні бойынша оқу бағдарлама- сы мен жоспарларына қажетті түзетулер енгізе алуы,авторлық бағдармалар ұсына алуы.

6




Қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды оқутудың әдіс-тәсілдер туралы білімі

- қазақ тілі пәні бойынша оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін меңгеруі,оның қажет- тісін өз іс-тәжірибесінде пайдалана алуы; - қазақ тілі пәні бойынша оқытудың иннова- циялық әдіс-тәсілдерін меңгеруі.

7




Ғылымның даму тарихы мен соңғы жетістіктері бойынша және қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды оқыту құраларын білу бойынша білімі.

-қазақ тілі пәні бойынша оқушыларды оқы- ту құраларының жаңартылған түрлерін пайдалану (аудио-видео, компьютерлік,мультимедиялық құралдар); -оқушылардың пәнге деген қызығуын және танымдық белсенділіктерін арттыруда оқы- ту құралдарының рөлі мен маңызын ұғу;

8

Технологиялық бөлік

Педагогикалық технологияның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздері бойынша білімі

- педагогикалық технологияның философия- лық негіздерін меңгеруі; - педагогикалық технологиялардың негіздерін меңгеруі; -инновациялық педагогикалық технологияның ерекшеліктерін ажырата алуы; - инновациялық педагогикалық технология- ның мазмұнын, мағынасын,құрылымын, негізгі ұстанымдарын меңгеруі.

9




Педагогикалық технология тәсілдерін меңгеруі

-инновациялық педагогикалық технология- ның оқушылардың білім дәрежесіне әсерін бағалай алуы; -өз пәні бойынша оқытудың инновациялық технологияларын меңгеруі;

10




Педагогикалық технологияны меңгеруі.

-оқу-тәрбие үрдісінде инновациялық технологияныңрөлі мен маңызын айқын- дай алуы; -инновациялық технологияны оқу-үрдісінде пайдалана алуы; -оқушы іс-әрекетін жоспарлай алуы.


Осы бағдарламыны үш жылда меңгеруін жоспарлаймын. Биылғы оқу жылынан бастап иновациялық тәсілдерін пайдалану жүзеге аса бастадым.

Оқу үрдісін басқару сабақ үстінде мұғалім мен оқушы, оқушы мен оқушы арасында өзара белсенді қарым-қатынастың жоғары деңгейде қалыптасуын талап етеді. Сондықтан оқу үрдісін басқаруына М.М. Жанпейісованың модулдік оқыту әдістемесі көп нәтиже беретінін айқындадым. Ол мынадай артықшылықтарымен ерекшеленеді:

Біріншіден,оқушыларға мұғалім алдын ала дайындалған сабақтыңжүру жоспарын таратын береді. Онда сабақтың әрбір элементінің нақты мақсаты көрсетіледі. Сондықтан оқушы өзінің не істеу керектігін, яғни сабақ соңында нені біліп шығуы керектігі жөнінде мағлумат алады.

Екіншіден,ұжым болып жұмыс істеу дағдысы қалыптасады. Онда оқушы өз пікірінің дұрыстығын дәлелдеп, қателегін мойындап және жолдасының пікірінің дұрыстығын көрсетіп, ұжымдық шешім қабылдауға үйренеді. Ол өз білімін өзі бағалай алады.

Үшіншіден, жеке басының қабілеті мен мүмкіндіктерін ескеріп, үлкен көлемдегі жазба жұмыстарын жасауды жоспарлайды.

Төртіншіден, әр оқушының білім дәрежесіне қарай тапсырманы да түрлі деңгейде алуға болады.

Сонымен бірге модулдік технология оқушының білімін тексеріп бағалауға зор мүмкіндік береді.

Елбасымыз өз халқына жолдауында «Білім беру реформасы- Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі. Бізге экономикалық және қоғамдық қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім беру жүйесі қажет» деп атап көрсетті. Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие және білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс – әрекетінің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгеруі –маңызды мәселе. Бала жанының бағбаны, жас ұрпаққа білім мен тәрбие беретін мұғалім ары таза, әдепті, ой – өрісі кең, жан-жақты білімді, ұстамды, өз ойын шәкіртіне анық, дәл жеткізетін болуы тиіс. Ол үнемі ізденіп,білімін толықтырып отырса, оның өмірлік ұстанымы тұрақты, күш құаты, көңілі әрдайым жоғары, сабақ беру сапасы арта түсіп, еңбегі еленеді. Білім беру жүйесі қоғам мен оның дамуына ықпал жасайды. Ол қоғамдық дамуды тездетуі немесе тежеуі мүмкін. Демек,білім берудегі бетбұрыс қоғамның болашақ дамуының тек салдары болып қалмай, қажетті шарттары болып табылады.

Сонымен, оқу үрдісін басқаруы тек қана техникалық оқу құралдарын сабақ үстінде дамыту немесе компьютерлендіру емес,жоғары нәтижелерге бағытталған біртұтас өзара байланысты әдістер, тәсілдер, мазмұнның жиынтығы деп қарастыруға болады. Мұғалім оқутудың әдіс- тәсілдерін үнемі жетілдеріп отыру, жаңа технологияларды меңгеру тиіс.Бұл міндетті орындамайынша сауатты, жан-жақты білгір маман болу мүмкін емес.


Пайдаланған әдебиет:

  1. К.Ж. Бұзаубақава. Жаңа педагогикалық технология. (Оқулық) Тараз. ТарМУ,2003ж.

  2. Қ. М. Нағымжанова. Инновациялық оқыту жағдайларындағы мұғалім қызметінің психологиялық-педагогикалық негіздері. Өскемен, 1999ж.

3.М.М. Жанпейісова, Модулдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде, Алматы, 2004ж.

4. Қ. Өстеміров, А.Айтбаева, Қазіргі білім беру технологиялары, Алматы, 2006ж.

5.Қ. Ж. Бұзаубақова Жаңа педагогикалық технология, Тараз, Тар.МУ,2003ж.



Похожие:

Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыруды басқару iconАқпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыруды басқару
Дегенмен практикадағы қолданыс барысы әлі мардымсыз екендігін республикалық басылымдардан да, мектептердегі қазақ тілін оқыту тәжірибесінен...
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыруды басқару iconОқушылардың құзыреттілігін, қызығушылығын арттыруда ақпараттық технологияны қолдану арқылы білім сапасын көтеру
Мұғалім қазіргі мектепке шығармашылық ізденіс қабілеті дамыған, жаңа педагогикалық технологияларды жете меңгерген, мамандық шеберлігі...
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыруды басқару iconАҚпараттық – коммуникациялық технологияларды химия пәнінде жаңашыл тұРҒыда қолдану
Бұл дегеніңіз мектеп қабырғасында әр баланың құзырлығы арқылы да аңықталады. Ендеше, білім меңгеру үрдісіндегі негізгі тұлға ұстаздың...
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыруды басқару iconБілім беру үрдісін ақпараттандыру
Білім беру үрдісін ақпараттандыру – Жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын...
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыруды басқару iconОқу-тәрбие үрдісінде ақпараттық технологияны тиімді қолдану жолдары
Азақ тілі пәні бойынша білім беру сапасын жетілдірудегі ақпараттық технологиялардың МҮмкіндігі
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыруды басқару iconЖаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі
ОҚУ Үрдісінде субъектіні қалыптастыруда инновациялық технологияларды қазақ тілі сабағында тиімді қолдану
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыруды басқару iconЖаңа технологиялардың білім сапасын арттырудағы тиімділігі
ОҚУ Үрдісінде субъектіні қалыптастыруда инновациялық технологияларды қазақ тілі сабағында тиімді қолдану
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыруды басқару iconҚ. Бекқожин атындағы №12 жалпы орта білім беру мектебінің химия пәні мұғалімі Жанжаксина Альмира Шайхслямқызы
Саулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Білім үдерісін ақпараттандыру –жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану...
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыруды басқару iconТұрарова З. А
Оқушының зиялы, интеллект ретінде және сезімтал жан болып өсуіне, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы оның шығармашылық қабілеттерінің...
Ақпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыруды басқару iconКабдуалиева А. К
Білім беру үрдісінің субъектісі. Білім беру үрдісі субъектісін дамыту. Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану. Жаңа технологиялар...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы