Білім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру icon

Білім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру



НазваниеБілім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Дата конвертации26.01.2013
Размер54.82 Kb.
ТипДокументы
источник

Білім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру

Білім беру жүйесіне жаңаша қарау, білімнің сапасы мен тиімділігін қалыптастыру – заман талабы


Куйкалакова Ш.К.

«№ 29 орта мектеп»

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ БІЛІМ САПАСЫН КӨТЕРУДЕГІ ӘСЕРІ


Қазіргі уақыт талабы мұғалімнен әр түрлі әдісті, ізденісті, жаңа идеяларды жан – жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, оны күнделікті іс - әрекетінде жүйелі түрде қалыптастыруды қажет етеді.

Сонымен бірге, оқушылардың белсенділігін, жеке – дара жұмыс істеуін ынталандыру, жеке көзқарастарының қалыптасуын, дамуын, оқу еңбегінің нәтижесі тиімді болуын талап етеді. Яғни, әр оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, оның табиғи қабілеттерін анықтау,өздік танымдық іс - әрекетіне бағыттау, оның субьектілік қызметін жетілдіру, соған негіздеп оқыту - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осы мәселені өтеуден тақырыптың өзектілігі туындайды. Бүгінгі күндегі Қазақстанда бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңестігіне кіру мақсатында білімнің жаңа жүйесі құрылуын ескерсек, көтеріліп отырған мәселенің өзектілігі нақтылана түспек. Сондықтан оқу – тәрбие үрдісіндегі негізгі мақсат – білімнің сапасы мен тиімділігін қалыптастыра отырып, әрбір жеке тұлғаның білім стандартын меңгеруіне, есте сақтау дағдыларының қалыптасуына, өз бетімен жетілуіне, дамуына үлкен жауапкершілігімен қарау.

Қазақстан Республикасының 12 жылдық білім беруді дамыту тұжырымдамасында педагогикалық мамандарды дайындау мен білім сапасына қатысты нақты мақсат – міндеттер мен принциптер көрсетілген. Бұл құжатта: «Қазір педагогикалық қауымдастықтың алдында білім берудің жаңа моделін құруды, сынақтан өткізу мен енгізудің ауқымды міндеті тұр» / ҚР 2015 – жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы»/ [1] , - деп көрсетілген. Осындай маңызды міндетті іске асыратын технологиялардың бірі «Деңгейлік саралау технологиясы» (авторы профессор Ж.А. Қараев) болып табылады.

Бұл технологияның ерекшеліктерін түсіну үшін дәстүрлі оқу үрдісімен салыстыру кестесін ұсынамын:

1 – кесте.

Дәстүрлі оқу үрдісінде

Деңгейлеп оқытуда

1.Оқу – тәрбие үрдісінде басыңқы рөл мұғалімде.

2.Мұғалім оқушыға дайын ақпаратты береді, оқушы тек тыңдап, ақпаратты қабылдап отырады (дәріс, сұрақ – жауап, жаттығулар,т.б).

3.Оқушылар жеке – жеке өз алдына жұмыс істейді.

4.Оқушы білімін мұғалім бағалайды.

1.Белсенді қызметті оқушы атқарады, ол өзі оқиды.

2.Оқушы өзі ізденіп, өзі оқып, өзі үйренеді. Сабақта проблемалық оқыту іске асырылады (жағдаятты шешу, балаға ой тастау, т.б).

3.Жұмыс индивидуалды және топтық формада өткізіледі.

4. Оқушылар өз жетістіктері мен еңбегінің нәтижелерін бағалауға қатысады.


Сонымен, деңгейлеп оқыту жүйесінде әрбір оқушы белгілі нәтижеге жету үшін өз шамасына қарай әрекет етеді, бұл әрбір жеке оқушының жауапкершілігін көтеруге көмектеседі, нәтижесінде оқу үлгерімінің жақсаруына себеп болады. Мұнда әр оқушы міндетті бірінші репродуктивтік деңгейдің тапсырмаларын орындаудан бастап, өз қабілетіне қарай, өз билігіне жетеді және соған ұмтылады. Осылайша деңгейлік тапсырмалармен жұмыс істеу ҚР білім беру стандартының талаптарын орындап қана қоймайды, сонымен бірге оқушы білімін шыңдап эвристикалық, шығармашылық жұмыс істеуіне мүмкіндік тудырып, оқушының жалпы дамуына түрткі болады.

Сонымен деңгейлік саралау технологиясының тиімділігі:

  • оқушылардың сабаққа деген белсенділігін арттырады;

  • жеке – дара жұмыс жүргізуге ынталандырады;

  • жеке көзқарастары қалыптасып, дамиды;

  • оқу еңбегінің нәтижесі тиімді болады;

  • сынып оқушылары толық бағаланады және әр оқушы өзінің алатын бағасын біліп отырады;

  • оқушының қызметі көптеген тұлғалық қасиеттеріне қарай бағаланады (интелектуалды дамуы, тіл мәдениеті, дербестігі, бастамашылдығы, жауапкершілігі, т.б.);

  • оқушылар арасында психологиялық жағдайлар қалыптасады;

  • оқулықтағы тапсырмалар осы технологияға негізделіп берілген.

Қазіргі уақытта көптеген ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары негізінде әр оқушыға бейімделу жағдайын жасау идеясы бар, ол білім алып қана қоймай, оны өмірде қолдана білетін, көпшілікпен араласа алатын, ішкі мәдениеті, ойлау және сезіну қабілеті бар адам дайындау. Мұндағы мақсат – оқушының өзіне қажетті білімді өзі тауып үйренуі, оқу, кәсіптік, тұрмыс мәселесін кез келген жағдайда шешіп, іс - әрекет жасай алуға үйрету. Білім беру саласын ізгілендіру жағдайында оқу процесін және оқушылардың оқу іс - әрекетін басқарудың өзін - өзі ұйымдастыру және өзін - өзі дамыту түрлері өзекті болып табылады. Оқушы мен мұғалім қоршаған ортамен өзара әрекеттесе отырып, өзін - өзі танып, дамытуына жағдай жасайтын ашық жүйе болуы тиіс.

Сондай – ақ, осы үлгідегі технологияларды қолданудың негізінде жүргізіліп жатқан жұмыстардың бірі ретінде оқу – тәрбие үрдісіндегі білім сапасының мониторингін айтуға болады. Мұнда білім сапасы нәтижесін талдауды оқушылардың білім – іскерлік бағдыларын жақсартуға бағытталған әрекеттердің барлық түрлері бірлікте көрсетілген. Ол:

  1. оқушы үлгерімінің есебі

  2. білімдегі олқылықтарды жою бойынша жұмыс

  3. білім жоғары, орта, төмен деңгейдегі оқушылармен жекелеген жұмыстар

  4. білім – іскерлік дағдыларының әлсіздігі

  5. бағдарламаны игерудегі қиындық көрген тақырып бойынша жұмыс

  6. оқушыларды ҰБТ – ға дайындайтын жекелей білімдік бағдарламасы оқушылардың білім, біліктік дағдылардың кейбір олқылықтарын жөндеу және жою мүмкіндіктерін туғызады:

2 - кесте

Қазақ тілі пәні бойынша 11 – сынып оқушысы Б. Романның жекелей білім парағы.

Мақсаты: оқушының ҰБТ – ға дайындау барысындағы білім, білік, дағдыларының олқылықтарын жөндеу.





Жұмыстың мақсаты

Жұмыстың түрі

Мерзімі

Қолданылатын оқулықтар

Нәтижесі

1.

Лексика.Синонимдер. Омонимдер. Антонимдер.Мақалдар, мәтелдер. Фразеологизмдер.

1.Ережелерді жаттау.

2.Тест сұрақтарының жауаптарын жаттау.

3. Фразеологизмдер.

Қаңтар

1.Т.М. Артыкова «Опорные схемы по каз. языку», 8 – 9 б.

2.С.Дюсебаев «Казахский язык», 11 сынып, 14,18,21,22,25, 26 – б.




2.

Жалғаулардың түрі. Көптік жалғаулар. Тәуелдік жалғау. Септік жалғаулар. Жіктәк жалғаулар.

1.Көптік жалғаудың кестесі.

2.Тәуелді түрде жіктеу.

3.Жіктеу жалғау түрінде жіктеу.

4.Тәуелді зат есімнің септелуі.

5.Зат есімнің септелуі.

6.Жіктік жалғаулары.

Ақпан

1.Т.М. Артыкова «Опорные схемы по каз. языку», 11 – 12 б.

2.10 – 11 сыныптың оқулықтары.(грамматикалық анықтама)

3.С.Дюсебаев «Казахский язык», 11 сынып, 35 – б, № 7,42- б, ереже, 57 – б. ереже





Қорытындылай келе, жаңа технологиялардың әдіс – тәсілдерін тиімді пайдалану оқушылардың жеке басының дамуына, оқу шеберлігін қалыптасуына, өздік және өзара бақылаудың, өзінің оқу қабілетін бағалаудың дағдыларын жетілдіруге көмек береді. Бұл оқушылардың білімді меңгерудегі алға жылжуын қамтамасыз етеді және білім сапасын арттырудың басты негізі болып табылады.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Баспасөз материалдары

  2. Кабдикова Ж.У, Есимханова Р. Оқытудың үш өлшемді әдістемелік жүйесі. 2008, №2, 7 – 11 б.

  3. ҚР 2015 – ж дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы.

  4. Қараев Ж.А., Кабдикова Ж. У. Педагогикалық жүйені технологиялық тұрғыдан жаңартудың өзекті мәселелері // Оқыту тәрбиелеу технологиясы. 2007, №5, 6 – 9б., 2007, №4, 4 – 6б., 2008, №3, 6 – 9б.



Похожие:

Білім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру iconСақалбаева Ж. Б
Білім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру. Қазақ тілі сабағындағы халық...
Білім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру iconБілім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
ОҚушылардың СӨйлеу тілін қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстары арқылы дамыту жолдары
Білім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру iconПрименение информационных технологий
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру iconБілім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Математика сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық Қабілеттерін дамыту
Білім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру iconҰлттық бірыңҒай тестке даярлаудағы мектептің ЖҰмыс жүйесі
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудағы шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру iconӨте жоғары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам коғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру iconОҚушыны ойлауғА Үйрету
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудағы шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру iconБілім беру үрдісі субьектілердің біліктілігін дамыту
Білім беру үрдісі субьектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру iconТарих пәнін оқытуда сыни ойлау жобасы негізінде оқушының шығармашылығын дамыту арқылы қҰзыреттілігін қалыптастыру
Мектептің білім беру ортасын білім беру үрдісі субъектілерінің даму жағдайы негізі ретінде қалыптастыру
Білім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру iconОқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту
Оқу үрдесінің субьекттілерін дамыту шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы