Білім беру субъектілерінің коммуникативтік қабілеттіліктерін дамыту шарты ретінде қҰзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыру icon

Білім беру субъектілерінің коммуникативтік қабілеттіліктерін дамыту шарты ретінде қҰзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыру



НазваниеБілім беру субъектілерінің коммуникативтік қабілеттіліктерін дамыту шарты ретінде қҰзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыру
Дата конвертации26.01.2013
Размер69.52 Kb.
ТипДокументы
источник

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде оқушының (субъектінің) коммуникативтік қабілетін дамытуға да көп көңіл бөлінуде. Коммуникативті қабілетті дамыту жеке тұлға құзіреттілігін арттыруға ықпал етеді.


Қахарманова Б.С.

«№24 орта мектеп»

Мемлекеттік мекемесі


БІЛІМ БЕРУ СУБЪЕКТІЛЕРІНІҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚАБІЛЕТТІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ ШАРТЫ РЕТІНДЕ ҚҰЗІРЕТТІЛІК ҚАТЫСЫМДЫЛЫҒЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ


Орта білім беру мақсаты – жедел дамып келе жатқан әлем жағдайында, алынған терең білімнің кәсіби дағдыларының негізінде өз бағытын еркін анықтайтын өз мүмкіндіктерін іске асыра алатын, өзін өзі дамыта алатын және өз еркімен дұрыс адамгершілікті – жауапты дербес шешім қабылдай алатын қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру.[2.1.] Осыған байланысты әсіресе қазақ тіліне мемлекеттік тіл ретінде ерекше көңіл бөлінген.

Қазіргі таңда білім беру жүйесінде оқушының (субъектінің) коммуникативтік қабілетін дамытуға да көп көңіл бөлінуде. Коммуникативті қабілетті дамыту жеке тұлға құзіреттілігін арттыруды қажет етеді.

Құзіреттілік жалпы қабілеттілікте байқалатын, оқу үрдісінде және әлеуметтендіруде пайда болатын, өз бетімен, табысты іс-әрекетке қатысуымен білімі және іс-тәжірибесіне негізделген жеке тұлғаның интеграциялық қасиетін қарастырса, онда коммуникативтік құзыреттілік өз ана тілін және басқа тілді білуді қарастырады.

Ал жаңа білім парадигмасына сүйене отырып, дайындық кезінде «білім» парадигмасының орнына «құзіреттілік амалы» келетінін ұмытпаған жөн, ал ол қазақстандық мектеп үшін дәстүрлі болып табылатын жалпы білім беру мақсаттары мен мазмұнын жоққа шығармайды, қайта байытып жаңартады.

Құзіреттілік амалы – білім беру нәтижесіне ден қоятын амал, бұл жерде нәтиже ретінде ақпарат көлемін игеруді емес, адамның алған білімін қолдана, жаңа білім тудыра отырып, түрлі проблемалық ахуалдарда өз бетімен әрекет етуін қарастырады. Құзіреттілік амалыоқу үрдісін практикалық нәтижелерге бағдарлайтын білім берудің әрекеттілік сипатын жүзеге асырушы амал. [1.91.]

Оқушының өз бетімен әрекет етуіне жағдай туғызу үшін, тілдік қарым-қатынас негізінде оқыту- яғни орыс тілді сыныптарда қазақ тілін оқытуда қолданылатын негізгі технология коммуникативтік технология – тілдік қарым-қатынас негізінде оқыту болып табылады.Бұл технология оқушылармен бірлесіп іскерлік байланыстар арқылы жұмыс жасау түріндегі өзара әрекеттесуді көздейді.[ 2.1.]

Қарым–қатынастық құзіреттілікті 12 жылдық білім беру тұжырымдамасы да қарастырады:

1) Әр түрлі әлеуметтік топтарда, қоғамдағы түрлі әлеуметтік рөлдерді орындауда адамдармен қарым-қатынас жасауды және әрекет етуді қамтамасыз ететін ана тілі мен басқа тілдерді меңгеру;

2) Сонымен бірге өмірдің нақты жағдаяттарын шешу үшін қарым-қатынастың алуан түрлі объектілерін қолдана білу;

3) Шет тілдерінде, ұлтаралық тілде, мемлекеттік тіл- қазақ тілінде қарым-қатынас жасау дағдыларын меңгеру. [ 2.1.]

Жоғарыда айтылғандай құзіреттілік-тұлғаның жалпы қабілеттіліктерінің жиынтығы болса, ал коммуникативтік құзіреттілік өз ана тілін және басқа тілді білудегі қабілеттілігін қарастырады. Ол құрамына қарай 5 негізгі бөлікке бөлінеді:

  1. Грамматикалық құзіреттілік;

  2. Социолингвистикалық құзіреттілік;

  3. Дискурсивті құзіреттілік;

  4. Стратегиялық құзіреттілік;

  5. Социомәдениеттік құзіреттілік.[ 2.1.]

Осыған орай өз іс-тәжірибемде осы бағыттарда жұмыс істеп жүрмін:

  1. Грамматикалық құзіреттілік – тіл ережелерін білу.

Грамматикалық ережелерді оқыту мақсатында сабақта сызбаларды, кестелерді, деңгейлік карточкаларды, тестерді және интерактивтік тақтаға арналып жасалған флипчарттарды қолдануды тиімді деп санаймын. Өйткені, оқушылар жаттығулармен жұмыс істей отырып, грамматикалық тапсырмаларды жүйелі түрде орындайды. Мысалы: тыныс белгілерін дұрыс қою, түсіп қалған әріптерді табу, сөйлемдерді дұрыс айту және казақ тілінен орыс тіліне, орыс тілінен қазақ тіліне аударғанда мағынасын дұрыс түсініп, жеткізе алу. Мұндай әдісті қолдану оқушыларға қазақ тілінің грамматикалық құрылымын меңгеруге мүмкіндік береді.

Сабақта сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі ережесіне жиі көңіл аударамын. Бұл оқушылардың сөйлемді дұрыс құра алу біліктіліктерін дамытады.

Менің алға қойған міндетім оқушыларды тек қана сөйлемдерді дұрыс құрып үйрету ғана емес, осы грамматикалық ережелер нормасына сәйкес, диалог және мәтін құрастыруға да үйрету. Сонымен грамматикалық құзіреттілік тұрақты тілдік қатынастың қалыптасуындағы негізгі базалық элементі болып табылады.

  1. ^ Социолингвистикалық құзіреттілік – мәтіндердің шығу және танып білу үрдістерін меңгеру.

Бұл тыңдалым арқылы басқа адамның (мұғалімнің немесе оқушының) тілін ұғу болып табылады.

Сабақта тыңдалым дағдыларын дамыту үшін электрондық оқулықтардағы немесе компьютерге, аудиокассетаға жазылған мәтін, ән, ұйқастырылған өлеңдер және дыбыстарды дұрыс айтуға арналған жаттығуларды қолданамын.

Тыңдалым ауызекі тілдің дамуына мүмкіндік туғызады.[ 3.] Мысалы мен оқушыларға сұрақ қойғанда оны ұғып, дұрыс жауап беруін сұраймын. Мұғалім қазақша сөйлеген кезде, оқушыларда тыңдалым дағдылары қалыптасады. Сондықтан көбінесе мүғалім қазақша сөйлеген кезінде анық, түсінікті сөйлеуі тиіс. Содан кейін оқушылардың бірін-бірі тыңдауына жағдай жасау қажет. Бұл жағдайда тілдік орта қалыптасады.[ 3.] Жаңа тілдік материалды енгізу кезінде балаларға ұғынықты болу үшін, материалды бірнеше рет қайталап түсіндіремін және топтық, жұптық жұмыс түрлерін енгіземін. Мәтінмен жұмыс істеген кезде оқушылардың алдына төмендегідей міндеттер қоямын: тірек сөздерді табу, негізгі ойды табу, сұрақтар қою және жалпы мағынасын түсіну.

  1. ^ Дискурсивті құзіреттілік - айтылымдардың құрылым ережелерін меңгеру.

Оқушылар дұрыс сөйлем құрып, өз ойларын дұрыс жеткізуге үйренеді. Коммуникативтік қатынастың мақсаты ауызекі сөйлеу және жазба тілдерін дамыту .[ 3.] Сабақта топта және жұпта жұмыс істей отырып, оқушылар бір-бірімен еркін және тығыз қатынаста болады. Жұмыстың бұл түрі балалардың қызығушылығын арттырып және қазақ тілін үйренуге ынталандырады. Сабақта оқушылардың белсенділігін арттыру үшін деңгейлік және әртүрлі тапсырмаларды қолданамын. Мысалы:

- Сурет бойынша әңгіме құрастыру;

- Оқушылардың жасаған тұжырымдарын саралау;

- Бір-бірінің қатесін түзету;

- Түйін сөзінің бастапқы әрпін айтып жіберу т.б.

^ 4. Стратегиялық құзіреттілік - әңгімелесуші адаммен байланыс ережелерін білу және қолдану.

Бұл - диалог құру және оны жалғастыру шеберліктері. Бұның өзі бастапқы мәселенің практикалық бөлігі болып табылады. Оқушылар диалогтік тілдерін жұптық жұмыс кезінде жаттықтырады. Диалогтік тілдің оқушылар үшін күнделікті өмірде бір-бірімен қарым-қатынас жасау кезінде маңызы зор екендігін әрбір оқушының санасына жеткізуге тырысамын.

^ 5.Социомәдениеттік құзіреттілік – тілді тасымалдаушы, қолданушы – халық мәдениетін білу.

Қазіргі буын қазақ тілі оқулықтарына халық педагогикасы бойынша тақырыптар енгізілген. Олар: қазақ халқының салт-дәстүрлері, ұлттық ойындар, үлттық тағамдар, ұлттық киімдер және мейрамдар, отбасы тәрбиесінің дәстүрлері және қазақ халқының қонақжайлылығы т.б. Осы тақырыптар бойынша оқушыларды қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерімен таныстырамын. Біздің мектепте соңғы екі жылда «Ата дәстүрін ардақтайық» деген жалпы тақырып бойынша сабақтан тыс уақытта жүргізілетін жұмыстарға бағдарлама жасалған. Бұл сабаққа оқушылар өз еркімен келеді. Мұндағы менің негізгі міндетім: оқушылардың қазақ тіліне деген қызығушылықтарын қолдау және қазақ халқының мәдениеті, тұрмысы, салт-дәстүрлері туралы білімдерін тереңдету.

Қазақ тілін оқытуда коммуникативтік құзіреттіліктермен байланыстырудың ерекше маңызы бар, өйткені мәселе мемлекеттік тілде болып отыр.

Сонымен, оқушылар алған білім, біліктілік және дағдыларын еш қиындықсыз күнделікті өмірде қолдана алады және белгілі бір білім саласындағы өз құзіреттіліктерін анықтауға мүмкіндік алады.

Осы құзіреттіліктерді қолдану оқушының білім сапасын жоғарылатуға септігін тигізеді. Яғни, коммуникативтік оқытудың нәтижесі - оқушының жан-жақты қабілеттілігі, немесе оның нақты тілдік қарым- қатынас жасаудың барлық түріне қатысуға дайындығы.[ 2. 1]

^ Оқушылардың білім, біліктілік және дағдыларын (ЗУН) қалыптастыру сапасын тексеру үшін («Менің елім» модулі бойынша) 8 «А» сыныптың оқу-тәрбие үрдісін алдым.


^ Білім, біліктілік және дағдыларын қалыптастыру мониторингі




Модуль бойынша оқушылардың сөздік қоры -82%, 64% – сөз тіркесін және сөйлемдер құрай алады, 55%- қойылған сұрақты ұғып, дұрыс жауап бере алады, 42% - өз ойларын дұрыс жеткізіп, монолог құра алады және 48% – диалаог құра алады. Бұл модульде оқушылар грамматикалық тақырып «Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерімен» танысып, дұрыс сөйлем құрау дағдыларын дамытты. Ол 39% – құрады.

Осы модуль бойынша білім, біліктілік және дағдыларын (ЗУН) диагностика жасау көрсеткіштері төмендегідей:





- 63% оқушылар ауызекі жақсы сөйлейді, грамматикалық ережелерді қолданып өз беттерімен жұмыс істейді, диалог, монолог құра алады және қорытынды жасай алады.

- 28% – грамматикалық тапсырмаларды үлгі, жадынама бойынша орындайды, жақсы оқитын оқушылар мен мұғалімнің көмегімен қорытынды жасайды.

- 9% – оқушылар мұғалімнің, не жақсы оқитын оқушының көмегін қажет етеді.

Диагностиканың нәтижесі алдағы уақытта нашар меңгерілген тақырыптарды еске ала отырып, жұмысты жоспарлау және білім дағдыларын көтеру негізінде жұмыс істеуге көмегін тигізеді.

Құзіреттілік оқушыларға өзін-өзі, басқаны, қоршаған ортаны- экологияны ұғуға, күнделікті өмірдегі жағдайларды шеше білуге, бірлесіп әрекет етуге, өзара әңгімелесуге, өз ойын жеткізе алуға көмектеседі.[ 3.]

Бүгінгі таңда қазіргі заман мектебінің әрбір мұғалімі оқушылардың коммуникативтік құзіреттіліктерін дамытуда мектеп алдында үлкен жауапкершіліктің тұрғанын ұмытпағандары жөн деп есептеймін. Біз мұғалімдер әрбір оқушының жеке бас ерекшеліктерін ескере отырып оқытуымыз қажет.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Жайтапова А.Ә., Шамина С.А. Әдіскер қызметінің мазмұны білім беруді жаңарту тұрғысынан. – Алматы, 2007. – 120 б.

  2. Паньшина Т. В. Реализация коммуникативного подхода в обучении казахскому языку и литературе в русской школе - У-ка,2004

  3. Пособие для учителей. Ведение в коммуникативную методику обучения языку – Оксфорд-пресс,1997. – 48 л.





Похожие:

Білім беру субъектілерінің коммуникативтік қабілеттіліктерін дамыту шарты ретінде қҰзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыру iconБілім беру субъектілерінің коммуникативтік қабілеттіліктерін дамыту шарты ретінде қҰзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыру мақсаты
Коммуникативті қабілетті дамыту жеке тұлға құзіреттілігін арттыруға ықпал етеді
Білім беру субъектілерінің коммуникативтік қабілеттіліктерін дамыту шарты ретінде қҰзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыру iconБілім беру субъектілерінің тілдік дайындықтарында коммуникативтік қабілеттерін дамыту шарты ретінде коммуникативтік қҰзіреттіліктерін жүзеге асыру мақсаты
Коммуникативті қабілетті дамыту жеке тұлға құзіреттілігін арттыруға ықпал етеді
Білім беру субъектілерінің коммуникативтік қабілеттіліктерін дамыту шарты ретінде қҰзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыру iconБілім беру ‡рдісінде оќушылардыњ танымдыќ Ќызыѓушылыѓын арттыра отырып субъект ретінде дамыту
Мектептіњ білім беру ортасын ќалыптастыру оќыту ‰рдісі субъектілерініњ дамуыныњ алѓы шарты ретінде
Білім беру субъектілерінің коммуникативтік қабілеттіліктерін дамыту шарты ретінде қҰзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыру iconБілім беру үрдісі субьектілердің біліктілігін дамыту
Білім беру үрдісі субьектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру субъектілерінің коммуникативтік қабілеттіліктерін дамыту шарты ретінде қҰзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыру iconБілім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Математика сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық Қабілеттерін дамыту
Білім беру субъектілерінің коммуникативтік қабілеттіліктерін дамыту шарты ретінде қҰзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыру iconОқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту
Оқу үрдесінің субьекттілерін дамыту шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру субъектілерінің коммуникативтік қабілеттіліктерін дамыту шарты ретінде қҰзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыру iconОқыту үрдісінің субьектілерің құзыреттілігін дамыту
Оқу үрдесінің субьекттілерін дамыту шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру субъектілерінің коммуникативтік қабілеттіліктерін дамыту шарты ретінде қҰзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыру iconТарих пәнін оқытуда сыни ойлау жобасы негізінде оқушының шығармашылығын дамыту арқылы қҰзыреттілігін қалыптастыру
Мектептің білім беру ортасын білім беру үрдісі субъектілерінің даму жағдайы негізі ретінде қалыптастыру
Білім беру субъектілерінің коммуникативтік қабілеттіліктерін дамыту шарты ретінде қҰзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыру iconБастауыш сынып оқушыларының ҚҰзыреттілігін қалыптастыруда, сыни тұРҒыдан ойлау жобасының МҮмкіндіктері. Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі
«Білім беру үрдісінің субьектілерін дамыту шарты ретінде қазіргі заман мектебінде білім сапасын жетілдіру.»
Білім беру субъектілерінің коммуникативтік қабілеттіліктерін дамыту шарты ретінде қҰзіреттілік қатысымдылығын жүзеге асыру iconСубъект-аса жоғары белсенділік, біртұтастық, жүйелілік, автономдық деңгейі. Тіл дамыту
АҚпараттық-коммуникативтік технология негізінде бастауыш сынып оқушыларының тіл дамыту сапасын арттыру- субъект ретінде дамуының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы