|
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудағы шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру. Ауганбаева Г.Б «№ 16 орта мектеп» ММ ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТКЕ ДАЯРЛАУДАҒЫ МЕКТЕПТІҢ ЖҰМЫС ЖҮЙЕСІ. Ұлттық бірыңғай тестілеу – орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беру ұйымдарына түсу емтихандарымен біріккен, жалпы орта білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі. (ҚР-ның «Білім туралы» заңынан) Оқушылардың ҰБТ тестілеуді табысты тапсыруларына жағдай жасау – педагогика ұжымының маңызды міндеттерінің бірі. Алдына қойылған мақсаттарға, нәтижелерге қол жеткізу үшін жүйелі даярлық жұмысын жүргізіп, оны кезең сайын неше сияқты графиктерде , диаграммаларда, кестелерде көрсету арқылы байқап – қадағалап, бақылап отыру қажет және қорытындысын шығарып отыру қажет.Бұл бағыттағы жұмыс кезекті тамыз педкеңесінде өткен ҰБТ нәтижелерін талдаудан кейін –ақ басталады. ҰБТ – ға даярлаудағы барлық ұйымдастыру іс –шараларының негізінде мынадай 4 принцип жатыр:
Барлық білім беру үрдісіне қатысушылардың ортақ ұстанымда болуларының маңызы зор: мұғалімдер, оқушылар, ата –аналардың – қорытынды аттестаттау мен мектеп бітірушілердің ҰБТ тапсыруға даярлығына, қалай дегенмен дәл осы оңды қоғамдық пікір күш – жігерді ақтайды, көңіл ренжісінен босатады, психологиялық теңдестікті қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайда ең басты нәрсе емтиханға дайындалудың технологияларын және әкімшілік пен педагогикалық ұжым қызметінің алгоритімін жасап шығару болып қалады. ^ бұл жұмысқа бүкіл мүдделі тараптарды жұмылдырады: бірлескен қызметтің кешенді жүйесі ҰБТ – ны нәтижелі тапсыруды қамтамасыз етудің нысанаға алынуына көмектеседі, әлбетте, балалардың табыстары мұғалімдермен ата –аналардың қалай қоюына және көңіл – күйлеріне тікелей байланысты екені мәлім. Сондықтан,ата –аналармен жұмыс екі бағыт бойынша құрылады:
Жыл көлемінде мектепте ҰБТ –ға арнай 5 методикалық кеңес өтеді.Міндетті түрде ата –аналардың төрайымының қатысуымен. Байқау тесттердің мониторингінің қорытындысына арнай тоқсан сайын ата –аналар жиналысы өтеді, жыл көлемінде 2 рет «Ашық есік» күндерінде Жоғары оқу орындарына ата –аналардың қатысуын қадағалаймыз. ^ оның білімді тексерудің жаңа түріне кәсіптік даярлығына, мұғалімнің оқушылардың бойында табысқа қол жетуді қалыптастыруға ықпал етуіне, берік білім мен ептілікке үйренгеніне байланысты. Пән мұғалімдері мен сынып жетекшілері ҰБТ – ға дайындалу барысында бітіруші түлектерді психологиялық қолдау жөніндегі семинар - практикумдарына қатысады, бұл өз кезеңінде мұғалімдердің өздерінің қобалжушылық деңгейін басып, оларды шығармашылық белсенділікке ынталандырады. ^ оқушының табысқа деген өз ұмтылысы.Барлығы оқушының білімін, қабілеттерін болжамдаудан, қобалжушылық деңгейінің зерделеуден, оқуға деген ынтасын талдаудан басталады. Осының негізінде оқушыға көрсетілетін психологиялық –педогогикалық көмектің бағдарламасы әзірленеді, оның емтихандарда табысқа қол жеткізуіне жұмыстың қандай түрлері,әдістері, амалдары көмектесетіні белгіленеді.Мектеп бітіруші оқу үрдісінде сынамалық байқаудан өту арқылы өзінің ҰБТ –ға даярлығын әрдайым бағалап отырады. Тестілеу білімді аттестаттау түрі ретінде жауаптар таңдауы ғана емес, сондай – ақ түсіндіруді, емтихан тапсырушының өз бағасын ұсынады. Әр деңгейлі тапсырмалар (базалық және жоғарылатылған деңгей) әрбір оқушының білімін объективті бағалауға кепілдік береді. ^ Бұл бағдарламаның мақсаты 9-11 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттау мен МАБ – ға сапалы даярлануына оңтайлы жағдай жасау болып табылады. ^
Бағдарлама әдістемелік кеңесінің жұмысын ұйымдастыру арқылы жүзеге асырылады. ^ 2008оқу жылында 55 оқушы бітірді, оның 55 – де ҰБТ-ға қатысты. Ол 100 % 2009 оқу жылында 53 оқушы бітірді, оның 52 –сі ҰБТ тапсыруға қатысты, Ол 100% болып есептеледі. 2010 оқу жылы 52оқушы бітірді оның 52 сі де ҰБТ тапсырды, ол 100% болып анықталды. Биылғы оқу жылында 80 оқушы 3 сынып болып ҰБТ тапсыруға дайындалудамыз. ҰБТ тапсырудағы түлектеріміздің ортақ балл көрсеткіші: (Кесте-1)
ҰБТ тапсырудағы түлектеріміздің бағаларының көрсеткіші: (Кесте-2)
^ (Кесте-3)
Әр жыл сайын ҰБТ –ға дайындаудағы мектебіміздегі байқау тестілеулердің өтілуі: 2008 жылы – жыл көлемінде мектепте 9 –рет байқау сынағы өткізілді. 2009 жылы – жыл көлемінде мектепте 12 – рет байқау сынағы өткізілді. 2010 жылы – жыл көлемінде 27 рет байқау сынағы өткізілді, оның 8 –і ШҚМУ- да өтті. ҰБТ –ға дайындалуда жоғарғы нәтижелерге жету үшін ұстаздардың да кәсіби деңгейлері талапқа сай болуы керек, сондықтан әр түрлі мониторингтардың қорытындысы бойынша м,г, сыныптарына жоғары деңгейлі іс –тәжірибесі мол ұстаздар жұмыс атқарады.
Оқушыларды жан –жақты ҰБТ –ға дайындаудың негізгі қоры мектептегі әр жылдардағы тест жинақтары. 2007 жылғы, 2008 жылғы. 2009 жылғы, 2010 жылғы тест кітапшалары, олар мектептің оқу ісінің меңгерушісінде сақталады және апта сайын оқушылардан байқау сынақтары алынып отырады. Қол жеткізген жетістіктер үлкен еңбекпен, талаппен, ізденіспен және мақсатқа жетудегі жоспарлы, жүйелі жұмыстардан болатындығын байқадық. |
![]() | Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұлттық бірыңҒай тестілеуге даярлаудағы кездесетін кедергілер мен одан шығудың тиімді жолдары Тауда үлкен септігін тигізуде. Дегенмен осы Ұбт қалай жүргізілуде,жекелеген пәндерден даярлаудағы кездесетін кемшіліктер мен олқылықтарды... | ![]() | Түйінді сөздер:ҰБТ,Ұбт-де кездесетін кедергілер,қазақ тілі мен әдебиеті Азақ тілі мен әдебиеті пәнінен ұлттық бірыңҒай тестілеуге даярлаудағы кездесетін кедергілер мен одан шығудың тиімді жолдары |
![]() | Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін енгізудің 2011 жылғы қорытындысы Елбасының тапсырмасына сәйкес Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін (бұдан әрі – БҰДЖ) енгізу жалғасуда | ![]() | Ұлттық бірыңғай тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі Осы нұсқаулық ұлттық бірыңғай тестілеуді (бұдан әрі ҰБТ) ұйымдастыру және өткізу бойынша төмендегі тұлғалардың іс-әрекеті мен негізгі... |
![]() | Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары Жалпы ережелер Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және ағымдағы жылғы жалпы орта білім... | ![]() | Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары Жалпы ережелер Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және ағымдағы жылғы жалпы орта білім... |
![]() | Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары Жалпы ережелер Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және ағымдағы жылғы жалпы орта білім... | ![]() | Ұлттық бірыңғай тестілеуді өткізу қағидалары Жалпы ережелер Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және ағымдағы жылғы жалпы орта білім... |
![]() | Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасы Кіріспе Осы Қазақстан Республикасының бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесін құру тұжырымдамасы (бұдан әрі – Тұжырымдама) Мемлекет Басшысының... | ![]() | Бюджеттiк бағдарламаның әкiмшiсi «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары... |