Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін дамыту шарты ретінде білім сапасын жоғарылату icon

Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін дамыту шарты ретінде білім сапасын жоғарылату



НазваниеБастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін дамыту шарты ретінде білім сапасын жоғарылату
Дата конвертации26.01.2013
Размер86.96 Kb.
ТипДокументы
источник

Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін дамыту шарты ретінде білім сапасын жоғарылату.


Бапаева Динара Даулетжаровна

«О Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі»


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЕСКЕ САҚТАУ ҚАБІЛЕТІН, ОЙЫН АРҚЫЛЫ ЖЕТІЛДІРУ

Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы және Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының қабылдануына байланысты Қазақстан ғылымы мен білім беру жүйесі өзінің жаңа даму кезеңін және жаңару үрдісін басынан кешіруде. Білім берудің ең негізгі, өзекті мәселесі- адамды жан-жақты етіп тұлғаландыру. Сондықтан бүгінгі білім берудің мақсаты мен мазмұны қазіргі заман талабына сай анықталуы керек. Өзге мемлекеттер тәрізді Қазақстан да әлемдік өркениеттер қатарынан лайықты орынды иеленуге ұмтылуы қажет екендігі белгілі. Мұндай биік мұраттардың орындалуында танымдық құзыреттілікті дамытудың атқарар қызметі, қосар үлесі зор. Еліміздегі білім беру бағытының дамуы үшін «Қазақстан Республикасында 2015 ж дейінгі білім беруді дамыту Тұжырымдамасының» негізгі қағидаларында белгіленген.[9]

Әлеуметтік-экономикалық дамудың, оқу тәрбие жұмысының ағарту саласының бастауыш мектеп балаларын тәрбиелеу, білім беруге байланысты шешуін күткен мәселелер тұр. Баланың жеке басын дамыту, психикалық дамуын, даралық ерекшелігін, ішкі потенциалын анықтап жан-жақты зерттеу негізінде оқу тәрбие жұмысын балалардың жақын арадағы дамуына бағыттау. Ал баланың дамуына ықпал жасайтын кезең бастауыш мектеп жасы екендігі анық.

Бастауыш сынып балаларының тәрбиесі, оқуы және дамуы жайлы теория мен тәжірибе еске сақтаудың ерекшеліктері мәселне байланысты. Ал баланың психикалық қасиеттерін, танымдық үрдістерін және психикалық қалып-кейіптерін тұтас қамтитын, балалар психикасының дамуындағы басты көрсеткіш әрі фактор болатын, ерекшелік еске сақтау қабілеті болып табылады.

Бастауыш сынып жасы кезіндегі еске сақтаудың ерекшеліктерінің балалардың ойлау қабілетіне тигізетін ықпалы байланысты Ю.М. Зародина, Б.В. Ломова, Л.Н.Смирнов, Аристотель, Павлов және т.б. ғылыми зерттеулері кеңінен тараған. Сонымен есте сақтау балалардың танымдық үрдістерінің жетілуін қамтамасыз ететін фактор және жағдай болып табылады. Ғылымда балалардың есте сақтауына байланысты шешілмеген мәселелер жеткілікті.

Қазіргі кезде білім беру саласының негізгі мақсаты – тәрбиелі де білімді, өз өзіне сенімді, жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын, өзіндік шешім қабылдай білетін, жауапкершілігі мен тұлға қалыптастыру.

Осы мақсатты жүзеге асыру баланың білім игеру кезінде өзіндік іс әрекеттері мен ізденуін белсендіріп, есте сақтау қабілеті ойын арқылы шешілмек.

Біз өзіміздің педогогикалық тәжірибе экспериментальдық жұмыс бағдарламасына қалалық білім беру бөлімінің, мектептің және бастауыш сынып бірлестігінің өзекті тақырыбымен байланыстыра отырып таңдап алдық.

^ Зерттеу жұмысымыздың тақырыбы: «Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілетін, ойын арқылы жетілдіру».

Зерттеу мақсаты: Ойын арқылы оқушының еске сақтау қабілетін жоғары деңгейге арттыру нәтижесінде оқушының субьектілік белсенділігін арттыру.

^ Зерттеу міндеттері:

1.Баланың еске сақтауын анықтау және ойын арқылы, қалыптастыру көздері жайлы мағлұмат жинау.

2. Жаңа өзекті тақырыпқа зерттеу бағдарламасын құру, теориялық кезеңнің жұмысын айқындау бағдарламасын құрып, бекіту.

3. Есте сақтау мүмкіндіктерін анықтау.

5. Баланың есте сақтауындағы даралық ерекшеліктерін басшылыққа ала отырып, жоғары нәтижеге жету.

^ Зерттеу обьектісі: 2«г» сыныбы

Зерттеу пәні: Есте сақтаудың дара ерекшеліктері,ойындардың тиімділігі.

Зерттеу болжамы:

Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілетінің ерекшелігіне көңіл аудара отырып, ойын түрлеріне дұрыс таңдалған жағдайда. Ойындар арқылы оқушының еске сақтау қабілетін жоғары деңгейге арттыру нәтижесіне жете отырып оқушының субьектілік белсенділігін арттыруға болар еді.

^ Зерттеу әдістері: Эксперимент барысында есте сақтауды зерттеуге бақылау, байқау әдістері қолданылды.

Бақылау – зерттелінушінің танымдық белсенділіктерін анықтау.

Салыстыру - баланың еске сақтау қабілетінің ұқсастығы мен айырмашылығын нақты жағдайға байланысты айқындау.

Өлшеу - сандық көрсеткіштерді пайдалана отырып, еске сақтау белсенділігінің жетілуін қадағалау.

Эксперимент – күнделікті жағдайда баланың еске сақтау қабілетінің дара ерекшеліктеріне араласу арқылы, ойын ойнату. Жағдайлар тудыру арқылы, еске сақтауын жетілдіру және туындаған қайшылықтарды зерттеу.

^ Кездесетін қарама-қайшылықтар

  • психологиялық диагностика жүргізу үшін теориялық білімнің төменділігінің, диагностикалық формализмнің зерттеу нәтижелерінің нақтылығына кедергі келтіруі;

  • зерттеу нысанасы ретінде ата-аналарды қарастырудағы қайшылықтар;

  • қажетті ақпараттың жеткіліксіздігі;

  • Ойын процесінде құралдардың жетіспеуінен болатын қайшылықтар;

II- кезең Зерттеушінің сынақ тәжірибесі (2009-2012 оқу жылы)

  • Еске сақтауын анықтау, диагностика қорытындыларының мониторингін жасау;

  • Ш Қ О Өскемен қаласындағы О.Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейінің бастауыш сынып оқушыларына өткізілетін естің дара ерекшеліктерін анықтай отырып оның ойын арқылы жетілдіруге байланысты проблеманың шешілу жолдарын зерттеу.

^ Эксерименттік кезеңде төмендегі әрекеттер басшылыққа алынып отырды:


Р№

Зерттеуші

Зерттелінуші

Істелінетін дамытушылық жұмыстар

Күтілетін нәтиже

  1. 1


1

Денсаулығын зерттеу

Күн тәртібін сақтау. Тамақтану ережесін білу. Сауықтыру жаттығулар жасау

Баланың денсаулығына, жүйке жүйесіне нұқсан келмейтіндей етіп оның қуанышына айналдыратындай сабақты ұйымдастыру.

Медбикемен байланысқан жүйелі жұмыстар жүргізу

  1. 2


2

Әлеуметтік жағдайын зерттеу

Баланың ата-анасы, ата-тегі қайдан шыққан, әлеуметтік ортасы қандай? Деген сұрақтарға нақты жауап алу.

«Қамқорлық» айлығында өткізілген шаралар легіне баланы кіргізу.

Топтың ата-анадлар комитеті, мектеп, қалалық білім беру бөлімі тарапынан жағдайлар жасау.

  1. 3

3

Психолого-педогоикалық зерттеу

Зейін, қабылдау, ойлау, есте сақтау қабілеттерін зерттеу

Әр баланың мүмкіндік деңгейі мен қабілетіне байланысты жеке жұмыстар жүргізу.

Баланың дербес ерекшеліктерін анықтау

  1. 4

4

Эксперименттік зерттеу

Әр оқушының табиғи есте сақтау қабілеттерін зерттеу.

Әр баланың мүмкіндік деңгейіне байланысты жекелей жұмыс жүргізу.

Баланың дербес ерекшеліктерін анықтау

  1. 5

5

Ойын іс-әрекеті

Балаларды ойынға өз қызығушылығымен ынтасымен қалыптастыру.

Баланың белсенділігі мен қызушылығын арттыратын ізденушілк, шығармашылық деңгейдегі тасырмалар беру.

Баланың сабаққа ынтасы артады, зейін қоя тыңдайды қабылдауы жеңілдейді, білімді толық игереді.

  1. 6


6

Ата-анамен жұмыс

Оқушының дамуына екі жақ тарапынан әсер ету.

Мектептен тыс тәрбиелік шараларға оқушы мен ата-ананы жұмылдыра кірістіру.

Оқуға жауапкершілікпен қарауға, оқудың қоғамдық мәнділігін ұғына білу, мектеп өмірінің талаптары мен ережелеріне бағыну.

  1. 7

7

Өзін-өзі бағалауға үйрету.

Әрбір бала өз іс-әрекетін, көрі тани білу

Өзгені бағалата отырып, топтың лидерін анықтау

Өзінің көргенін байқағанын ойын тұжырымда бағалай білу.



2009-2010 оқу жылы бойынша тәжірибе эксперименталдық жұмыс бойынша бірінші кезең жүзеге асырылды. Мұнда теорианы оқып үйрену барысында өз жоспарымыз жүзеге асырылды. Мұнда қазіргі 2«г» сыныбының оқушылары қатысты.

Зерттеу жұмысымыздың басында бірінші кезекте оқушылардың еске сақтау қабілеті тексерілді. Мұнда математика, ана тілі пәндерімен байланыстырылып еске сақтау деңгейі анықталды.

Олар:

1 Еске сақтау қабілетін анықтау.(сандарды еске сақтау)

2 Еске сақтау қабілетін анықтау (сөздерді еске сақтау)

Сандарды еске сақтау бойынша. Бір таңбалы 6 санды еске сақтау керектігі анықталды.

Сонымен зерттеліп отырған мәселенің практика жүзінде шешілуі.

ШҚО Өскемен қаласындағы О.Бөкей атындағы № 44 мектеп-лицейінің 2«г» сыныбынан 25 оқушы қатысқан, еске сақтау қабілетіне байланысты тәжірибе жүргізілді.

Мұның нәтижесін төмендегі (№1 кестедегі) мониторингтен көруге болады.

Кесте №1


Бірінші рет алынған тәжірибе жұмысының нәтижесін шығарып алған соң еске сақтауға байланысты жұмыстар ойындар түрінде жүзеге асырылды.

Олар:

  1. математикалық диктант

  2. Қимыл-қозғалыс ойындары

  3. Суреттегі затты еске сақта

  4. Еске сақтау нүктелерін орналастыр

  5. Аталған сөздерді еске сақта

  6. Қысқаша көру арқылы еске сақта

Кейіннен бастауыш сынып оқушыларының еске сақтауының деңгейін қайтадан тексердік. Сонда байқалғаны оқушылардың есте сақтау қабілетінің алға қарай жылжуын төмендегі (№2 кестедегі) мониторингтен көруге болады.

Кесте №2


Атап айтатындай сынып бойынша ғылыми жұмыспен айналысуға қызығушылық танытып өздерінің ізденулері және ата-ана көмегімен «Компьютердің баланың еске сақтауына тигізетін пайдасы» атты және «Шығыс Қазақстан бойынша жоғалып бара жатқан қос мекенділер» атты тақырыпта оқушылар ғылыми жобаларын жазып жатыр. Мұндай әрекеттерден баланың есте сақтауына оқып жазып жатқан жұмыстарының тигізер ықалы өте зор. Мектеп ішілік олимпиадалардан алынып жатқан орындардың да осы зерттеушілік жұмысымызға тікелей байланысты екендігінен.

Қорытындылай келе:

  1. Есті дамытуға болады және керек.

  2. Есте сақтау қабілетін қайта қалпына келтіріп, дамыту үшін әр түрлі тәсілдерді, қозғалыс ойындарын қолдануға болады.

Біз өз жұмысымызда көптеген ойын түрлерін пайдаланы көрдік. Соның ішінде балаларға қызықты және өзіміздің жұмыс жасауымызға тиімді деп мына ойын түрлерін атап айтуға болады. Олар:

  1. Қимыл қозғалыс ойындары (Дене шынықтыру, сергіту сәттерінде, үзіліс кездерінде жүзеге асады)

  2. Еске сақтау нүктелерін орналастыр (Карточка түрінде орындалады)

  3. Суреттегі затты еске сақта (Барлық сабақ арасында қолданылады)

Аталған жұмысымызда кемшіліктер де кездесіп отырды. Бұл кемшіліктерді біз оқушының денсаулығына, әлеуметтік жағдайына, ата-ана, пән мұғалімдерімен бірлесе отырып жасасақ оқушының еске сақтау қабілетін жоғары деңгейге арттыру нәтижесіне жеткізуіміз мүмкін.

Келесі кезекте өзіме нақты кездесіп отырған кемшіліктермен жұмыс жасау керектігін жоспарлдауды ұйғардым. Бүгінгі таңда эксеримент жұмысынан тиімді деген ойын түрлерін жинақтай отырып кішігірім кітапша жасауды қолға алып отырмын.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Адлер А. Практика и теория индивидуальной психологии. М.Дайджест, 1995.

  2. «Қазақстан 2030» Білім туралы заң

  3. Берн Э. Игры, в которые играют люди. Психология человеческих взаимоотношений; Люди, которые играют в игры. Психология человеческой судьбы. – СПб. Лениздат,1992.

  4. Митина Л.М. Психология профессионального развития учителя. М., 1998.208 б.

  5. Сластенин В.А., Подымова Л.С. Педагогика: инновационная деятельность. – М.,1997.

  6. Слободников В.И., Исаев Е.И., Основы психологической антропологии. Психология развития человека. М.: Школьная пресса, 2000.

  7. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии – СПб.: Питер.Ком.,1999.

  8. Таубаева Ш. Исследовательская культура учителя: от теории к практике.–Алматы, 2001.

  9. Б.В. Ломова., Ю.М.Забродина., «Человеческая память и процесс обучеия». «Прогресс». 1979.

  10. А.Н.Смирнов., «Проблемы психологий памяти». Москва.«Просвещение» 19967






Похожие:

Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін дамыту шарты ретінде білім сапасын жоғарылату iconБілім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Математика сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық Қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін дамыту шарты ретінде білім сапасын жоғарылату iconБастауыш сынып оқушыларының ҚҰзыреттілігін қалыптастыруда, сыни тұРҒыдан ойлау жобасының МҮмкіндіктері. Зерттеу тақырыбының көкейтестілігі
«Білім беру үрдісінің субьектілерін дамыту шарты ретінде қазіргі заман мектебінде білім сапасын жетілдіру.»
Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін дамыту шарты ретінде білім сапасын жоғарылату iconСубъект-аса жоғары белсенділік, біртұтастық, жүйелілік, автономдық деңгейі. Тіл дамыту
АҚпараттық-коммуникативтік технология негізінде бастауыш сынып оқушыларының тіл дамыту сапасын арттыру- субъект ретінде дамуының...
Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін дамыту шарты ретінде білім сапасын жоғарылату iconСмагулова Н. С
Білім беру сапасын жетілдірудегі негізгі қадамдардың бірі-бастауыш сынып оқушыларын кітап оқуға қызықтырудың қазіргі мектептегі білім...
Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін дамыту шарты ретінде білім сапасын жоғарылату iconЛогикалық ойлау қабілетін арттырудың субъектіні дамытудағы ролі
АҚпараттық коммуникативтік технология негізінде бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілеттерін дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін дамыту шарты ретінде білім сапасын жоғарылату iconБілім беру субъектілерінің тілдік дайындықтарында коммуникативтік қабілеттерін дамыту шарты ретінде коммуникативтік қҰзіреттіліктерін жүзеге асыру мақсаты
Коммуникативті қабілетті дамыту жеке тұлға құзіреттілігін арттыруға ықпал етеді
Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін дамыту шарты ретінде білім сапасын жоғарылату iconБілім негізі бастауыш сыныптан
Олимпиада математика, қазақ тілі, орыс тілі пәндерін қамтыды. Олимпиаданың басты мақсаты – бастауыш сынып оқушыларының пәнге деген...
Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін дамыту шарты ретінде білім сапасын жоғарылату iconРазвитие субъектности участников образовательного процесса. Білім жүйесіндегі субъектінің құзырлылығын қалыптастыру
Азақ тілі сабағында бастауыш сынып оқушыларының коммуникативтік қҰзырлылығын дамыту
Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін дамыту шарты ретінде білім сапасын жоғарылату iconАзаматтық және патриоттық білім беру мектебі шарттарында педпгогтар мен оқушыларда субъективтілікті дамыту
Дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, бастауыш сынып оқушыларының танымдық ҚҰзіреттілігін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының еске сақтау қабілеттерін дамыту шарты ретінде білім сапасын жоғарылату iconХіv аймақТЫҚ Ғылыми – практикалық конференцияның ережесі «Қазіргі заманғы менеджердің кәсіби құзырлығын дамыту білім сапасын көтерудің шарты»
«Қазіргі заманғы менеджердің кәсіби құзырлығын дамыту білім сапасын көтерудің шарты»
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы