Бәсекеге қабілетті субъекті қалыптастырудағы логикалық тапсырмалардың тиімділігі icon

Бәсекеге қабілетті субъекті қалыптастырудағы логикалық тапсырмалардың тиімділігі



НазваниеБәсекеге қабілетті субъекті қалыптастырудағы логикалық тапсырмалардың тиімділігі
Дата конвертации26.01.2013
Размер69.09 Kb.
ТипДокументы
источник

Бәсекеге қабілетті субъекті қалыптастырудағы

логикалық тапсырмалардың тиімділігі


Жайсанбаева Р. А.

Мемлекеттік мекеме

«Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп- лицейі»


ОҚУШЫНЫНЫҢ ЛОГИКАЛЫҚ ОЙЛАУЫН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ

СУБЪЕКТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

ХХI ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы, ғылымды әр қырынан меңгеру қажет болып отырғаны белгілі. Елбасымыз Қазақстан халқына «Бәсекеге қабілетті халық үшін», «бәсекеге қабілетті экономика үшін» - деген жолдауында:

«Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдың бірі» -деген. [2,1]

«Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында»: «Қазақстан қоғамындағы өзекті мәселелердің бірі- өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, танымдық әрекетке қызығушылығының сауаттылығы» деп айқын көрсетілген.[1,3] Бүгінгі күннің өзекті мәселесі адам ресурстарын арттырудың ұстанымдарын, шығармашылық ойлауды қалыптастырудың теориясын басшылықққа ала отырып әлемдік бәсекелестікке лайықты жаңа тұлғаны субъект ретінде тәрбиелеу болып отыр. «Субъектілік» ұғымының мазмұны оқытудың жүйесіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына өсіп келе жатқан жеке тұлғаны субъект ретінде жан-жақты дамыту мәселесін қойып отыр. Бастауыш сынып – оқушының логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептелгендіктен менің алып отырған тақырыбым өзекті деп ойлаймын.

^ Зерттеу нысаны: 2-сынып оқу- тәрбие үрдісі.

Зерттеу пәні: Логикалық ойлау қабілеті. Оқушының субъект ретінде дамуы.   

Зерттеу мақсаты: Оқушының білімді игеру кезінде логикалық ойлау қабілетін дамыту, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, жан- жақты жеке тұлға, субъект қалыптастыру.

. Зерттеудің міндеттері:

  1. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін зерттеу;

  2. Логикалық ойлау қабілеттерін дамытудың әдіс-тәсілдерін жетілдіру;

  3. Логикалық тапсырмалардың оқу-тәрбие үрдісінде тиімділігін арттыру.

Болжам: Мұғалім алдындағы балаға субъект ретінде қарап, оның ой белсенділігін, саналы әрекет белсенділігін күнделікті дамыта білуі керек. Нәтижесінде:

  • интеллектуалды дамыған, логикалық қиялы ұшқыр, жылдам пікірлесе алатын оқушы қалыптасады;

  • ынтасы, қызығушылығы артады;

  • тапқыр, бар тапсырманың бірнеше түрлі жолдарын таба алады;

  • түрлі жағдайлардағы қарама- қарсылықты тауып, оларды шеше алады.

Психолог – ғалымдар: Н.Н. Поспелов, Ю.А.Петров, А.Н.Леонтьев, «логикалық ойлау» ұғымына нақты анықтама берген. Олардың пікірінше «логикалық ойлау»  дегеніміз- логика заңдылықтарын пайдалана отырып ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі. Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту жөнінде А.В.Запорожец, Л.Н.Венгер, И.С. Якиманская еңбектері жарық көрді. Жоғарыдағы авторлардың  пікірлерінше «Логикалық ойлауды дамыту» дегеніміз:

  • барлық логикалық ойлау операцияларын(талдау, жинақтау, салыстыру, жалпылау, саралау) арнайы жүйелі түрде қалыптастыру;

  • ойлау белсенділігін, өз беттілігін дамыту.

   «Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны –  логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», - деп көрсетті К.Д.Ушинский.[3,18]

Логикалық ойлаудың көрсеткіштері:

1. Қойылған сұраққа ойланып жауап берулері.

2. Тың идеяны қабылдай алуы.

3. Өз қабілетін көрсете білулері.

4. Жаңа бір нәрсені ашуы.

Ойлаудың негізгі көрсеткіштерін жүзеге асыру үшін, оқудың алғашқы айында алдыма келген оқушылардың логикалық ойлау операцияларының деңгейін анықтау үшін Э. Ф. Замбацявич құраған тестін қолдандым. Бұл 4 субтестіден тұрады. Әрбір субтестіде дұрыс жауаптардың саны есептеледі. Барлығының ұпайларын есептей келе, оқушының логикалық ойлау қабілеттерінің жалпы көрсеткішін анықтадым. Диагностика бойынша жұмыстың қорытындысы төменгідей болды: жоғары деңгей -7 оқушы, орта деңгей- 14 оқушы, төменгі деңгей- 4 оқушы.

Оқушылардың ойлауын дамытып, дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйретудің жолы логикалық тапсырмалар орындату. Осындай тапсырмалар, әдетте, тосын, болжауға келмейтін және қарапайым болады. Оқушылар мұндай есептерді зор ықыласпен шығарады және өздігінен анализ жасауға үйреніп, өз жұмыстарының қорытындыларын жалпылауға, салыстыруға дағдылана бастайды.

Мен оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда мынандай талаптарды басшылыққа алдым:

  • Сабаққа оқушыларды түгелдей қамту;

  • Жеке дара қасиеттерін ескере білу;

  • Іс-әрекетке қызықтыра білу.

Құрылған тапсырмалар мазмұны жағынан бір- біріне ұқсамайды. Бұл оқушының ой- өрісін дамытып қана қоймай, оны байқағыштыққа, шапшаңдыққа, ойын дәлелдеуге де үйретіп, әрі оны жалықтырмайды. Әр сабақ сайын тапсырмаларды қиындатамын, көлемі көбейген сайын тапсырмаларды орындау жылдамдығы да артады. Берілген тапсырмалардың міндеті- оқушының ой- өрісін, тілі мен сөйлеуін үш бағытта дамыту:

1. логикалық;

2. жаңалық ашу;

3. шығармашылық.

Сабақта тапсырмалардың мынадай түрлерін өз тәжірибемде пайдаланып жүрмін:

1. Ми қозғау жаттығулары.

2. Ойлау сәті.

3. Психикалық механизмдерді жаттықтыру.

4. Көңілді үзіліс.

5. Логикалық тапсырмалар.

Әр тапсырманың өзіндік қызметі мен нәтижесі оқушының қабілетін қалыптастыра отырып, дамытуға үлес қосары сөзсіз. Сондықтан олардың нәтижесін төменгі кестеден көруге болады:





Тапсырмалар

Нәтижесі

1.

Ми қозғау жаттығулары

Ми жұмысы және көру жүйесі жақсарады. Шығармашылық жұмыстардың көрсеткіштері артады.

2.

Ойлау сәті

Оқушылардың пайдалы эмоционалдық негізі қалыптасады, танымдық мүмкіндіктерін дамытуға көмектеседі.

3.

Психикалық механизмдерді жаттықтыру

Есте сақтау қабілетін дамытып, зейінін тұрақтандырады. Қызығушылығын арттырып, байқағыштыққа баулиды.

4.

Көңілді үзіліс

Баланың қозғалыс икемін дамытады және бір мезетте бірнеше тапсырманы орындауға үйретеді.

5.

Логикалық тапсырмалар

Ізденімпаз болуға, тың шешім қабылдай білуге дағдыланады. Өзіңе деген сенімділік қасиетін арттырады.


Өткен оқу жылы мен былтырғы оқу жылының қорытындыларын салыстырғанда оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерінің деңгейінің өскенін, кейбір оқушылардың жағдайлары өте жақсы көтерілгені байқалды.




Көрсеткіш

2009-2010ж

2010-2011 ж

1.

Жоғары деңгей

28%

52%

2.

Орта деңгей

56%

48%

3.

Төмен деңгей

16%

-





Осы жұмыстардың нәтижесінде бірнеше оқушыларым мектепішілік олимпиадаға қатысып, жүлделі орындарға ие болды. Облыстық «Дарын» орталығынан келген «Малахит» конкурсынан 2 оқушы ІІ-орынды, 2 оқушы ІІІ-орынды алды. Қала мектептерінің арасында өткен ақыл-ой шығармашылық олимпиадасынан 1 оқушым жүлделі І орынды жеңіп алды.

Баланың шығармашылық шеберлігін бірден дамыту мүмкін емес. Сол себептен логикалық тапсырмаларды жүргізу кезінде оқушылардың бойында мынандай өзгерістер байқалды:

- қорқыныш пен қате жасап қоямын-ау деген мазасыз ойлар төмендеді;

- тұрақтылық пен сенімділіктері дами түсті;

- білім сапасы бұрынғыдан да жақсарды;

- бағдарлама материалын оңай, терең игере бастады, оқуда да жақсы жетістіктерге жетті.





Сондықтан да оқушының логикалық ойлау қабілетін дамытамын деп алдыма мынандай жоспар құрдым: 1. Оқушының субъектілік тәжірибесін ашуға мүмкіндік беру, әр түрлі тәсілдерді пайдалану. 2. Логикалық есептерді шығаруда қажетті білім-білік дағдысын қалыптастыру. 3.Оқушыны тапқырлыққа, іскерлікке жетелеуге арналған дидактикалық тапсырмаларды орындату, жинақтау. 4.Логикалық есептер жинағын жасау.


Өзімнің тәжірибемді жинақтап, әдістемелік құрал дайындап, келешекте қалалық, облыстық деңгейге ұсынсам деген ойдамын.

^ ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

1. Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, 2006. 2. Назарбаев.Н.Ә, »Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті халық үшін » Президенттің Қазақстан халқына жолдауы.. 3. Сейдахметова А. Даярлық сынып оқушыларының логикалық ойларын дамыту жолдары. // Бастауыш мектеп, 2000.  №8,9. 4.Жарықбаев Қ. Психология. – Алматы,  2002.  – 415 бет. 5.Оспанов Т. Қ. Қызықты математика. – Алматы:2000. 6. Жексембаева У. Б. Оқушылардың логикалық ойлауы- сапа нәтижесі. –Алматы: Санат, 2002. 7. Аманова Г. К. Логикалық тапсырмалар жинағы.- Өскемен, 2007. 8. Ильина Т.А. Педагогика. – Алматы, 1977 – 454 бет. 9. Жүнісова Г. Логикалық есептер. //Бастауыш білім.- 2004.- №2.-Б.29-30 10. Шегебаева Б. Бала логикасын дамыту. //Отбасы және балабақша.-2008-№4.-Б.6-8.



Похожие:

Бәсекеге қабілетті субъекті қалыптастырудағы логикалық тапсырмалардың тиімділігі iconШығармашылық икемділік-бәсекеге қабілетті субьекті дамуының шарты
ОҚушылардың шығармашылық икемділіктерін дамыту арқылы бәсекеге қабілетті субъект қалыптастыру
Бәсекеге қабілетті субъекті қалыптастырудағы логикалық тапсырмалардың тиімділігі iconДағдарыстан кейін қалпына келтіру Бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды жақсарту)
Бұл Бағдарламаның мақсаты бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың төлем қабілетін қалпына келтіру болып табылады
Бәсекеге қабілетті субъекті қалыптастырудағы логикалық тапсырмалардың тиімділігі iconТақырыптың өзектілігі
Ххi ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы, ғылымды әр қырынан меңгеру...
Бәсекеге қабілетті субъекті қалыптастырудағы логикалық тапсырмалардың тиімділігі iconДамыта оқытудың тиімділігі
Дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, ОҚушылардың субъекті ретінде білім сапасын арттыру
Бәсекеге қабілетті субъекті қалыптастырудағы логикалық тапсырмалардың тиімділігі iconДағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі – Бағдарлама)
Бәсекеге қабілетті субъекті қалыптастырудағы логикалық тапсырмалардың тиімділігі iconДағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі – Бағдарлама)
Бәсекеге қабілетті субъекті қалыптастырудағы логикалық тапсырмалардың тиімділігі iconI бөлім. Мазмұны және іске асырылуы. Миссия – сапалы, бәсекеге қабілетті, нәтижеге бағытталған, «бүкіл өмір бойы баршаға білім беру»
Миссия – сапалы, бәсекеге қабілетті, нәтижеге бағытталған, «бүкіл өмір бойы баршаға білім беру» принципіне негізделген мемлекеттік...
Бәсекеге қабілетті субъекті қалыптастырудағы логикалық тапсырмалардың тиімділігі iconТақырыптың өзектілігі
Субъект-субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру
Бәсекеге қабілетті субъекті қалыптастырудағы логикалық тапсырмалардың тиімділігі iconОҚушылардың субъектілігін қалыптастырудағЫ Ұлттық спорт ойындарының РӨлі тақырыптың өзектілігі
Білім беру ортасын субъектілік басқару бәсекеге қаблетті жеке тұлға қалыптастыру шарты
Бәсекеге қабілетті субъекті қалыптастырудағы логикалық тапсырмалардың тиімділігі iconСубъект-аса жоғары белсенділік, біртұтастық
Білім беру ортасын субъектілік басқару бәсекеге қабілетті субъект қалыптастыру шарты
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы