|
Субъект-аса жоғары белсенділік, біртұтастық, жүйелілік, автономдық деңгейі. Тіл дамыту-оқушының тілін ұштау, сөйлеу мәдениеті мен жазба тілі. Тіл дамыту сапасының субъектіге әсері. Сембинова А.Б «Оралқан Бөкей атындағы №44 қазақ орта мектеп-лицейі» мемлекеттік мекеме ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛ БАЙЛЫҒЫ МЕН СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ СУБЪЕКТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ Тіл қаруы –сөз, сөз қаруы-ой. Ақылды ой, алғыр сөз адамның ең жоғары қасиеттері. Ғ.Мұстафин «Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында»: «Қазақстан қоғамындағы өзекті мәселелердің бірі- өзгермелі әлеуметтік және экономикалық жағдайда өмір сүруге дайын ғана емес, айналасындағы шынайы өмірге белсенді қатынасын байқатып, оны жақсартуға ықпал ете алатын, бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты жеке тұлғаға қойылатын мынадай талаптар алдыңғы орынға шығады: креативтілік, белсенділік, әлеуметтік жауапкершілік, ой-өрісінің кеңдігі, танымдық әрекетке қызығушылығының сауаттылығы» деп айқын көрсетілген. Бүгінгі күннің өзекті мәселесі адам ресурстарын арттырудың ұстанымдарын, шығармашылық ойлауды қалыптастырудың теориясын басшылықққа ала отырып әлемдік бәсекелестікке лайықты жаңа тұлғаны субъект ретінде тәрбиелеу болып отыр. «Субъектілік» ұғымының мазмұны оқытудың жүйесіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдына өсіп келе жатқан жеке тұлғаны субъект ретінде жан-жақты дамыту мәселесін қойып отыр. Қазіргі оқушы:
Осындай жеке тұлғаны субъект ретінде дамытып, қалыптастыру керек. Ғалым А.В.Брушлинскийдің ұйғарымы бойынша, «Субъект-аса жоғары белсенділік,біртұтастық,автономдық деңгейіне жеткен адам. Адам субъект болып дүниеге келмейді, субъект болып дамып жетіледі. Оның субъект ретінде дамуының алғы шарты іс-әрекет,қарым-қатынас, тіршілік барысы болып табылады». «Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырудың алғы шарты - өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, коммуникативті құзіретті, адамдармен өзара әрекет пен қарым қатынас тәсілдерін білетін, тілі дамыған жеке тұлғаны субъект ретінде дамыту және қалыптастыру»,-деп 12-жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасында көрсетілген. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту: тілін ұштау, сөйлеу мәдениетін және жазба тілін дамытумен қатар ой-өрісін, дүниетанымын қалыптастыру. «Тілі дамымаған адамның ойы да дамымайды» деген халқымыз.Мектеп психологымен бірлесе отырып алынған диагностикалық жұмыстар мен сауалнамалар қорытындысы бойынша бірінші сыныпқа келген оқушыларда мына проблемалар анықталды: 1.Тілдері нашар дамыған, сөздік қорлары аз, өз ойларын еркін жеткізе алмайды; 2.Орыс тілді балалар. Сондықтан да мен 2008-2013 жылдар аралығына ойын технологиясы негізінде «Қазақ тілі сабағында оқушылардың тіл байлығы мен сөздік қорын дамыту арқылы субъект қалыптастыру» деген өзекті тақырып алдым. ^ 2 сынып; оқу-тәрбие үрдісі Зерттеу пәні:тіл дамыту, субъект-субъектілік қарым-қатынас. Болжам:Егер білім беру ортасында субъект-субъектілік қарым-қатынас педагогикалық, психологиялық тұрғыда қолайлы ықпал ететін ахуал болса, тілі дамыған бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастырады.Мұғалім алдындағы балаға субъект ретінде қарап, оның ой белсенділігін, саналы әрекет белсенділігін күнделікті дамыта білуі керек. Сонда ғана тілі дамыған, өзіндік ой-тұжырымы, ұстанымы бар, өмір қағидаларына бейімделген субъект қалыптасады деп ойлаймын. ^ Оқушыларды өз ана тілінде таза сөйлеуге баулу, сөздік қорын, сөйлеу тілдерін дамыту. Зерттеу міндеті: Әр түрлі әдебиетті зерттеу барысында сөйлеу деген ұғымға анықтама беру. Сөйлеу мәдениетін дамытуға байланысты ғалымдардың ой – пікірімен танысу. Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуға байланысты педагог ғалымдардың іс – тәжірибесімен танысу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға арналған нәтижелі әдіс – тәсілдерді меңгеру. Күтілетін нәтиже:
Субъектілік мәдениетті игеруді тек қана адам баласы қажетсінеді. Сондықтан адамзат тарихының қай кезінде болмасын субъектілік мәселесі әрқашан өзекті. Бұл субъектілікті ұстану аса күрделі процесс екендігін көрсетеді. Расында да, әрбір адамның ішкі жан дүниесі космос тәрізді шексіз, шетсіз, сарқылмайтын тылсым құбылыс. Демек, адам қоршаған ақиқатты тануға қабілетті болып, дүниеге әуесқойлығы сарқылғанша, оның субъектілік позицияға деген ұмтылысы да көкейкесті болып қала береді. Субъект психологиясының алғашқы ілімдері С.Л.Рубинштейн, Д.Н.Узнадзе, Б.Г.Ананьев еңбектерінен бастау алады. Б.Г.Ананьев «субъект» ұғымын адамның тұлғалық, индивидтік, даралық негіздері, субъектілік қасиеттер жиынтығынан тұрады деп түсіндіреді. Б.Г.Ананьевтің пайымдауынша, субъект – тұлғаның өзін-өзі ұйымдастыруы, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі құру ерекшеліктері, іс-әрекетті жүзеге асыру үшін ішкі және сыртқы ахуалдарды үйлестіру тәсілі, іс-әрекеттің объектілік және субъектілік мақсаттары мен міндеттеріне орай барлық психикалық процестерді, қасиеттерді, кейіпті байланыстыру орталығы. Қазіргі кезде жеке тұлға өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсендіруге дайын, бәскеге қабілетті және құзіретті ,білімді, жан-жақты болу үшін алдымен оның тілін дамыту керек. Адам мәдениетіндегі өте күрделі көрсеткіштердің бірі-оның тілі болып табылады. Тіл дамытудың негізгі көрсеткіштері:
Тіл дамытудың негізгі көрсеткіштерін жүзеге асыру үшін, оқудың алғашқы аптасында мына мәселелерді анықтап алдым:
Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу барысында мынадай қиындықтар кездесті: 1. Сөздік қоры тапшы бала сөйлегенде көңілінде сайрап тұрған ойын дәл білдіруге қажетті сөз таба алмай, сасқалақтап қиналып қалады.Баланың сөздік қоры біршама мол болғанымен, ол актив емес пассив болып есептеледі,яғни бала көптеген сөзді біліп, ұғына тұра, оны дер кезінде пайдаланып, үнемі қажетіне жарата алмайды. 2. Оқушылар арасында дыбыстарды бұзып айтушылық, «Р» орнына «Л»/ ротацизм/, «С» орнына «Ш» /сигматизм/; 3. Ойларын шашыратып, байланыссыз айту. 4. Сөзді қабылдауда мұғалімнің нені істеу керек екені жайлы айтқанын аяғына дейін тыңдамай, қолма-қол іске кірісетіні жиі кездеседі. Тіл дамытудағы кездескен кедергілерді жүзеге асыруда, ең алдымен мектеп логопеді-мен бірлесе отырып, дыбысты дұрыс айтпайтын оқушылармен жеке жұмыстар жүргізіп, дыбыстық жаттығуларды жүйелі орындатып отырдық. Соның нәтижесінде 10 баланың төртеуінің тілі түзеліп, дыбыстарды дұрыс айта алатын дәрежеге жетті. Оқушының сөйлеу тілін дамытуда ата-аналардың да көмегі зор.Сондықтан баласымен сөйлесуде ата-аналардың тіл шеберлігінің болуы, бала тіліне үлкен ілтипатпен қараулары жайында ата-аналармен ағартушылық жұмыстар жүргіздім. «Ата-аналардың тіл мәдениеті» атты дөңгелек үстел өткіздім..Аз да болса баланың тілін дамыту жайында білімдерін толықтырды деп ойлаймын. Әдістемелік отырыста «Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту жолдары» атты баяндама оқып, әріптестермен ой бөлістім. Оқушылардың тілін дамытуға арналған «Дидактикалық материалдар» жинағын, «Қазақ тілі пәнінен тестер» атты электронды оқулық жазамын. «Ойын технологиясын» терең оқып, меңгеріп, субъектіні дамытуда қолданғым келеді. Зерттеудің дайындық кезеңі болғандықтан оқушының тілін субъект ретінде дамытуда жүргізілген жұмыс әлі де болса аз. Алдағы уақытта оқушы субъектілігінің критерийлері мен көрсеткіштерін анықтау және құруды,өзара әрекет етудің жаңа технологиясын іздестіру, зерттеуді, тіл дамытудың жұмысының педагогика іс-тәжрибе банкісін құруды даму бағдарламасына жоспарлап отырмын. Қорыта айтқанда, «Сөз- ойдың айнасы» деп Ғабиден Мұстафин айтқандай тіл дамыту сабақтарын ойын технологиясы негізінде шығармашылықпен жүргізіп, тілден сырлы сазды табайық.Оқушыны субъект ретінде қалыптастыруда тілді дамытып оқытуды өне бойы өмір серік етіп алғанымыз жөн. ІІІ.Қорытынды бөлім. Сыныптан алынған ауызша дағдыларының деңгейлік көрсеткіші мынандай қорытындыға әкелді. 2.Кесте «Ауызша дағдыларының деңгейлік көрсеткіші»
Эксперимент аяғында алынған сөздік қорларының салыстырмалы моиторингін мына кестеден көруге болады. 3 кесте «Сөздік қорларының салыстырмалы мониторингі» ![]() Басы Соңы Эксперименттің басында сөздік қорларының дамуы 41%, ал соңында 57% көрсеткішті көрсетті. Ана тілі пәні бойынша өткізілген мектепішілік ашық сабақтарда оқушылардың сөйлеу мәдениеттілігі жоғары екендігін, өз ойларын нақты айтып делелдей білетіндіктерін, шығармашылық қабілеттері мол екендіктерін көрсете алдым. Зерттеу соңында сынып оқушыларынан «Ана тілі сабағы не үшін ұнайды» сауалнамасының қорытындысы: 4 кесте «Ана тілі сабағы не үшін ұнайды? Сауалнамасының қорытындысы»
Ал ана тілі пәні мен үшін ең бірінші пән яғни «өте ұнайды» деп 58%, мен үшін екінші тұрған деп «ұнайды» деген 42% көрсетті. Сонымен қатар зерттеу барысында оқущылар үшін ана тілі пәні өте ерекше, құнды, қазіргі заманымызға сай пәндердің бірі екенін дәлелдеуге тырыстым, әрине аз уақыт ішінде барлық мәселелерді шеше алған жоқпын, бірақта тиянақты білім беру нәтижесінде, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану барысында оқушылардың сөздік қорлары 57% дейін өсті. Әрбір оқушы жарық жұлдыз болып жанатынына олар үнемі жұлдыз болып жанып, өз ана тілінің жанашыры болатынына, ана тілінде таза сөйлеп тақылдайтынына, сөздік қоры мол, бәсекеге қабілеті бар,өз тілінің кемеңгері бола алатындарына сенімім мол. Осы оқушыларымның жұлдыз болып жануы үшін ұстаздық ауыр да қиын еңбек жолындағы ұстаздық қағидам: «Ұстаздық еткен жалықпас, Үйретуден балаға» ӘДЕБИЕТТЕР 1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы, 2007 2. Қазақстан Республикасындағы 12-жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы, 2006. 3. Абулханова К.А.О субъекте психической деятельности.-М. 1973. 4. Ананьев Б.Г. Человек как предмет познания.-СПб.:Питер,2001 5. Брушлинский А.В. Субъект: мышление, учение, воображение.-М.-Воронеж,1996. 6. Истратова О.Н., Эксакусто Т.В. Справочник психолога начальной школы. –Ростов н/Д: «Феникс», 2004, 141-143 б. 7. Гоноболин Ф.Н. Психология.-Алматы, «Мектеп»,1976, 37,63,71 б. 8. Молдабеков Қ. Бастауыш сыныпта тіл дамыту. Алматы, Республикалық баспа кабинеті,1993. 9. Абдурахманова Г. Коммуникациялық технологиялардың дидактикалық мүмкіндіктері. «Қазақстан мектебі», Алматы,2006 , №3 ,17-19 б. 10. Ахметов С. Бастауыш сыныпта білім берудің тиімділігін арттырудың жолдары. Алматы, «Рауан»,1994, 56-57 б. |
![]() | Субъект-аса жоғары белсенділік, біртұтастық, жүйелілік, автономдық деңгейі. Тіл дамыту АҚпараттық-коммуникативтік технология негізінде бастауыш сынып оқушыларының тіл дамыту сапасын арттыру- субъект ретінде дамуының... | ![]() | Субъект-аса жоғары белсенділік,біртұтастық,жүйелік,автономдық деңгейі. Тіл дамыту Жеке тұЛҒаны субъект ретінде дамытып,Қалыптастырудағы тіл дамыту,СӨздік қорларын молайту жұмыстары |
![]() | Бастауыш сынып оқушыларын субьект ретінде ана тілі сабағындағы белсенді әдіс – тәсілдерді қалыптастыру. О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі. Бастауыш сынып мұғалімі: Ибраева А. Б Субъект-аса жоғары белсенділік, біртұтастық, жүйелілік, автономдық деңгейі. Оқытудың белсенді әдісі, дидактика заңдары, теориялық... | ![]() | Субъект-аса жоғары белсенділік, біртұтастық Білім беру ортасын субъектілік басқару бәсекеге қабілетті субъект қалыптастыру шарты |
![]() | Мақсаты:қазақ әдебиеті сабағында тіл дамыту жұмыстарын жүргізе отырып, ауызекі сөйлеу тілдерін, сөздік қорларын, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ауызша сөйлеу білуге дағдыландыру Міндеттері Тіл дамыту жұмыстары арқылы оқушы қасиеттерінің ашылуына,өз күшіне сене білуіне, қалыптасуына мүмкіндік туғызу | ![]() | Оқушыны субъект ретінде дамыту зерттеу-ізденушілік жұмыстарды Зерттеу – ізденушілік жұмыстарын ақпараттық – коммуникативтік технология негізінде ұйымдастыру арқылы оқушыны оқушыны субъект ретінде... |
![]() | Оқу процесіндегі субъектілердің құзіреттілігін дамыту Тіл құзіреттілігін дамытудағы тіл мәдениетінің маңыздылығы. Тәжірибедегі кездескен мәселелер мен теориялық зерттеулер | ![]() | «Тіл – достық құралы» Өткен сейсенбіде аудандық мәдениет үйінде дәстүрлі «Тіл – достық құралы» «Тіл – достық құралы» фестивалы өтті. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен өткен фестивалға мектеп оқушылары,... |
![]() | Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті, облыстық тілдерді дамыту басқармаларының 2012 жылдың і-ші жартыжылдығында тіл заңнамасының орындалуына жүргізетін тексеру жоспары Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті, облыстық тілдерді дамыту басқармаларының 2012 жылдың і-ші жартыжылдығында тіл... | ![]() | Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті мен облыстық тілдерді дамыту басқармаларының 2012 жылдың ІІ жартыжылдығында тіл заңнамасының орындалуына жүргізетін тексеру жоспары Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті мен облыстық тілдерді дамыту басқармаларының 2012 жылдың ІІ жартыжылдығында... |