Субьект-субьектілік қарым- қатынас орнату оқушылардың зерттеу-ізденушілік, шығармашылық icon

Субьект-субьектілік қарым- қатынас орнату оқушылардың зерттеу-ізденушілік, шығармашылық



НазваниеСубьект-субьектілік қарым- қатынас орнату оқушылардың зерттеу-ізденушілік, шығармашылық
Дата конвертации26.01.2013
Размер86.71 Kb.
ТипДокументы
источник




Субьект-субьектілік қарым- қатынас орнату

оқушылардың зерттеу-ізденушілік, шығармашылық

қабілеттерін дамыту

Канагатова А.А.

Мемлекеттік мекеме

«№ 15 орта мектебі»

СУБЬЕКТ- СУБЬЕКТІЛІК ҚАРЫМ- ҚАТЫНАС НЕГІЗІНДЕ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ-ІЗДЕНУШІЛІК, ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ


Тақырыптың өзектілігі:

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының негізгі міндеттерінің бірі баланың интеллектулдық және шығармашылық қабілеттерін дамытуды міндеттесе, Қзақстан Республикасының дарынды балаларды анықтап, оларға қолдау көрсетіп дамыту концепциясы шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталған білім беру кеңістігін туғызуды талап етеді. Соған сәйкес Қазақстан Республикасының білім саласындағы нормативті-құқықтық құжаттары адамның шығармашылығын дамытуды басым бағыттардың бірі ретінде қарастырады. Сондықтан жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігін, шығармашылық қабілетін, шығармашылық ойлауын әрбір адамның жаңа білімді игеруіне, интеллектісі мен ойлау қызметінің артуына қажетті ықпал ретінде дамыту өзекті мәселелердің біріне айналып отыр.

Қазіргі уақыттың негізгі талаптарының бірі – білімді әлемнің бүтіндей бейнесін қабылдай алатын, шығармашылық таныммен тікелей қатынас жасайтын жаңаша, тәуелсіз ойлай алатын шығармашыл адамға айналдыру. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі сол қоғамдағы жеке адамның шығармашылық мүмкіншілігіне байланысты.

Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары – баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіріп, шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеп дамыту болып табылады.

Шығармашылық қабілетті тәрбиелеудің алғы шарттарына мына нәрселерді жатқызуға болады:

  • Шығармашылық қабілет деңгейін анықтау. (Топтау, бақылау, қалыптастыру)

  • Қызығушылық және шығармашылық пен таным белсенділігін арттыру.

  • Оқушы мүмкіншілігіне (потенциалына) сай шығармашылық тапсырмаларды әдістемелік тұрғыда жүйелі түрде орындату.

  • Шығармашылық қабілетті тәрбиелеу барысында кездесетін қиындықтар мен қарама – қайшылықтары есепке алып зерттеу.

  • Оқушының шығармашылық қабілеттерін тәрбиелеуді кезең бойынша сатылап дамыту.

  • Шығарамашылық қабілеттерді тәрбиелеу үрдісін тәжірибе негізінде жинақтау, зерттеліп отырған мәселенің өсу динамикасын бақылау.

  • Мұғалім өз ісіне ізденімпаздықпен қарап, сабақты шығармашылықпен өткізу.[1]

Осы мәселелер өз шешімін тапса, жан-жақты дамыған, шығармашыл жеке тұлғаны тәрбиелеу ісі өз мақсатына жетеді.

Жеке тұлғалықтың мәні оның қажеттілігі мен қызығушылығын қанағаттандыруға, баланың өзіне ғана тән тұлғалық сапаларын , өзіндік даму траекциясын анықтау, педагог пен оқушы арасындағы және субьекті мен субьекті арасындағы өзіндік қарым –қатынасты қалыптастыру- бүгінгі күннің талабы болып отыр.

Баланың өмірлік тәжірибесі қоршаған ортасына, жанұясына және мұғалімдеріне байланысты. Қабілетттер тек іс-әрекетте анықталады.

Оқушыларға жеке пәннен тек білім беріп қана қою жеткіліксіз, оларды сабақ үстінде де, сыныптан тыс жұмыстарды да ғылымилыққа, өз беттерінше ізденуге, шығармашылыққа баулу - біздің, яғни, ұстаздар алдында тұрған негізгі міндет деп ойлаймын:

  • Оқушыларды мұғалімге тәуелділіктен арылтып, шығармашылық жұмыстарға араластыру;

  • Ұжымдық қарым-қатынас негізінде ортақ шешім табуға баулу;

  • жеке тұлғаға бағытталған өсу парадигмасын құру:

  • әрбір оқушыны шығармашылық белсенділікке баулу:

  • тұлғаның дүниетанымын кеңейтіп, рухани дамуына жағдай жасау;

  • дарынды тұлға ретінде «Мен» деген пікірін қалыптастыру.

«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр ұялата алады» деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай мұғалімнің ізденісі, жан-жақтылығы, құзіреттілігі арқылы айқындалады. Құзіреттіліктің мазмұны –жеке кәсіптілік, интегралдық сипаттама ретінде анықталады.[2]

Шығармашылық – бүкіл тіршілік көзі. Ал бүгінгідей күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңартулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен мәселе саналып, оның ойландыруы тиіс деп білеміз. Мұндай күрделі мәселені шешуде әр сабақтың міндеті деп білеміз. «Шығармашылық» сөзінің төркіні «шығу», «ойлап табу» дегенге келіп саяды. Көрнекті психолог Л.Выготский шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал Я.Пономарев оны даму ұғымымен қатар қояды. Соңғы жылдары шығармашылық сөзімен жаңалық, бастамашылық, белсенділік ұғымдары астарлас қолданылып жүр.

Дүниенің тұтқасы, туған жердің түлетушісі- оның адамы. Қоғамды ілгері бастыртатын, тарих дөңгелегін айналдырушы - дарынды адамдар.

Ұстаз жас жеткіншектің жан-жақты дамуына, оның бойында жасырын жатқан шығармашылық қабілетті ашу және белсенді әрекетке келтіру жолында тынымсыз ізденіс жолында болу керек.

Мектеп қабырғасында оқытылатын пәндер бойынша дарындылық танытқан оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын мұғалімнен педагогикалық- психологиялық көріністі талап етеді. [3]

Д.Ж. Рензули бойынша дарындылық дегеніміз- үш байланыстың үйлесімділігі; жоғарғы интелектілік , креативтілік және нәтижеге жетудегі дарындылық. Осы үш қасиеттің біреуі болмаса, адам дарынды ретінде қалыптаспайды. Интеллектіліктің жетіспеушілігінен адам жақсы нәтижеге жете алмайды. Нәтижеге жетем деген ынтасы болмаса нәтиже де алмайды. Ал қабілет нашар болса, ондай адам тек орындаушылық қасиетпен шектеледі. Бала өз қалауымен бастаған ісін жетілдіре дамыта ұйымдастырса, ол- шығармашылық, яғни, дарынды баламен жұмыс істеуге алдымен нәтижеге жетуге ынтасын қалыптастыру, шығармашылықпен жұмыс істеуге жету өте маңызды. Кесте 1. Дарынды баламен жұмыс


Дарынды балаларды зерттеу



Баланың іс-әрекетін комплексті бағалау

Тест әдістерін, тренингтер пайдалану

Баланың қазіргі дамуын

ескере отырып,

дарындылық белгілерін бағалау


Баланы зерттеуге эксперименттерді пайдалану

Баланың зерттеу бағытын белгілеу

Оқушылардың шығармашылық дербестігін қалыптастыруда сыныптан тыс жұмыстардың маңызы зор. Бұл мәселе педагогикалық әдебиеттерде қарастырылған. Олар сыныптан тыс жұмыс мектептегі бай рухани өмірді қалыптастыруға, оқу пәндері бойынша білімдерін тереңдетуге, оны іс жүзінде қолдануға, оқу пәндерінің тәрбиелік мүмкіндіктерін толық пайдалануға, дүниеге ғылыми көзқарасын оқу пәндеріне танымдық қызығуын қалыптастырып дамытуға байланысты қарастырады.

Сыныптан тыс жұмыстардың маңызды ерекшелігі – оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерін жетілдіру. Мұндай ерекшелік мынадай жағдайда байқалады.

  • оқушылардың іс-әрекетте нәтижеге жетуге сенімділігін қалыптастырады.

  • шығармашылық ой-өрісін кеңейтеді

  • өзіндік жұмыс істеу дағдысын жетілдіреді

  • дүниетанымның интелектуалдық, эмоционалдық, еріктік бөліктерін қалыптастырады.[4]

Оқушылардың пәнге деген ықыласы артып, қызыға бастаса, онда пәнді меңгеруге деген құштарлық тереңдей түседі. Қазіргі кезеңде сабақтың мазмұны мен оны түсінудің негізгі әдістері оқушылардың өз беттерінше танымдық іс-әрекеттерін дамытатындай , әрбір нақты материалды жүйелі меңгеретіндей етіліп құрылған жөн. Осы мәселелердің бәрі оқушылардың жасы мен жеке басының ерекшеліктерін білуді қажет етеді. Сыни тұрғыдан ойлау стратегиясының оқушыларды еркін сөйлеуге, сөз ұшқырлығын ұштауға, өз ойын қысылмай жеткізе білуге мол әсері бар. Сабақтарымда көзімнің жеткені:

  • шәкірттеріме еркін ойлауға мүмкіндік беріледі;

  • ақыл-ойы дамиды; шығармашылық белсенділігі артады;

  • топтық іс- әрекетке тәрбиелейді;

  • тіл байлығы жетіледі; жан- жақты жетіледі; өз ойын жеткізеді.

Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінде оқушы шығармашылығын дамытудың тағы бір қажеттілігі қоғам талабынан туындайды. Қазіргі кезеңде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңқылықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті, өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді.

Оқушылардың шығармашылығын дамытудың негізгі жолы - оқушыны өздігінен іздендіру. Осындай мақсатта ұйымдастырылған тәрбие сағатымның тақырыбы «Болашақта мен өмір сүргім келетін әлем» деп аталады.

Болашақ туралы сын тұрғысынан ойлануға және топтасып берілген жобаны қорғай білуге үйретуді мақсат тұтқан сабаққа А3 форматы, фломастерлер сияқты керекті жабдықтар қолданылды. Сабақ кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады. Сабақтың негізгі бөлімінде оқушылар 3 топқа бөлінеді және олар әр топтағы оқушыларға алдын ала дайындалып қойылған сюжетті суреттер бойынша эссе жазу тапсырылады.

Топтағы оқушылар алдындағы фломастер, форматтарды алып, бәрі бірге тақырып бойынша жобаны қорғауға дайындалу жүктеледі,

Оқушылар жоба қорғауды ойластыру кезінде жадағай еліктеуден гөрі жаңашыл ізденіске ұмтылуына жол нұсқап, шығармашылық қабілетттерінің жақсырақ болуына көбірек ықпал еткен абзал.

Сабақ әр топтың өзі жасаған жобаларын қорғаумен және оны бірнеше белгілермен түсіндірумен аяқталады.

Осы сабақ өте қызықты өтті. Өйткені оқушылар өз қиялдарына ерік беріп, дүниетанымдарын кеңейтті. Бір- бірінің жарнамаларын көре отырып, пікірлерін ортаға салды.

Мектебімізде оқушылардың шығармашылық белсенділіктерін дамыту үшін көптеген мүмкіндіктер бар. Сондай жұмыстардың бірі- ғылыми жоба.

Ғылыми материалды жинақтау- күрделі үрдіс, себебі, ақпараттық ағын көп және қозғалмалы.Осы кезеңде оқушылардың кітапханада жұмыс істеу дағдысы, библиография құру, көп ақпараттан қажетті материалды табу біліктілігі қалыптасады. Бұдан басқа әдебиетті оқу барысында:

  • әр түрлі көзқарас, болжау, пікірлер бар екенін білді;

  • кітап арқылы қызықты жеке тұлғалармен танысты;

  • Ауызша және жазбаша сөздік қорлары қалыптасты;

  • Ғылыми ой пікірлер пайда болды.

Ғылыми жоба барысында өзімнің оқушыларыммен төмендегідей сұрақтарға жауап іздеп көрдік.

Кесте 2. Ғылыми жоба туралы ой.

Ғылыми жобаға не үшін келдім?

Ғылыми жоба не берді?

Дана:

-танымымды кеңейту;

-көбірек тәжірибе жинақтау;

-жоғары деңгейде білімімді көтеру үшін.


  • көп жаңа білім жинақтап, ең бірінші байлық – денсаулық екенін зерттеп, білдім

  • Ойымды қысылмай айта алам

Томирис

- Мен өз еркіммен келдім.Бірақ көп уақыт пен материалдар, зерттеулер қиындық туғызды.Бірақ алдыма қойған мақсаттың арқасында өз тақырыбымда аша білдім.

Үйрендім:

-білімді іздеп табуды;

-материалды іріктеуге, талдауға;


2009-2010 оқу жылында оқушыларыммен өз проблемалық тақырыбым төңірегінде жұмыстар атақара жүріп төмендегідей жетістіктерге жеткенімді де айта кеткім келеді:

- Ғылыми «Зерде» жобасы бойынша 3К2-сынып оқушысы Бауыржанова Дана қалалық сайыстан 2-орын. Тақырыбы: «Денсаулығымды сақтау арқылы өзіме көмектесемін».

- Тағы осы жобаға қатысқан 3 К2 сынып оқушысы Тоқтарбекова Томирис қалалық сайыста 3 орын алды. Тақырыбы: «Сөз әдебі»

- ДО бойынша қалалық және облыстық олимпиадаларда оқушыларым (математика, дүниетану, қазақ тілі пәндерінен) жүлделі орындарға ие болды.

Бала оқу үрдісінде субьектіге айнала отырып, қабілеті мен қажеттілігіне байланысты қарқынмен дамуға мүмкіндік алады. Біз оқыту мен тәрбиелеу ісін ұйымдастырушы ғана емеспіз, балаға серік, дос, сырлас, кеңесші қызметін де атқарамыз. Соның нәтижесінде, жеке тұлғаның өзіндік пікірі, қоршаған ортасына құрметпен қарау көзқарасы қалыптасып, таным қабілеті ашылатынына толықтай көзім жетті.

Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың пәндік білімін дамытып қана қоймайды, оларды жан - жақты тәрбиелеудің де міндеттерін шешеді. Әрбір оқушы өзінің еріктілігімен қатар өз бетінше жеке дара жұмыс істейтінін де, ұжым алдындағы жауапкершілігін де жақсы сезіну керек.

Әр түрлі формада жүргізілген жұмыстар арқылы ғана оқушылар өздерінің танымдық және шығармашылық сұраныстарын қанағаттандыра алады, мектеп олимпиадалары мен байқауларға , көркемөнер және техникалық көрмелерге белсене араласады, бұл мектеп ішіндегі оқушылардың арасынан дарында балалардың шығуына ықпал етеді.

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. Атыманова Қ. Ж. Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытудын педагогикалық шарттары мен іс-әрекет бағыттары.

  2. Шығармашылық дербестікті қалыптастыру.Қазақстан мектебі №10,2007-31 б.

  3. Кәсіби даму мектебі. Алматы: Верена, 2007.-93-96, 126 б.

  4. Қантарбаева Г. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

  5. Қоянбаев .Педагогика. Алматы: Мектеп, 2000.-110 б.

  6. Қойшыбаев Е. Жеке тұлғаның руханилығын дамыту // Қазақстан мектебі, №8, 1963. Б. 90-91 б.



Похожие:

Субьект-субьектілік қарым- қатынас орнату оқушылардың зерттеу-ізденушілік, шығармашылық iconСубьект-субьектілік қарым- қатынас орнату оқушылардың зерттеу-ізденушілік, бәсекелестік
Субьект- субьектілік қарым- қатынас негізінде оқушылардың зерттеу- ізденушілік, БӘсекелестік қабілеттерін дамыту
Субьект-субьектілік қарым- қатынас орнату оқушылардың зерттеу-ізденушілік, шығармашылық iconБілім беру ортасын субьектілік басқару бәсекеге қабілетті субьектілік шығармашыл
Субьект- субьектілік қарым- қатынас негізінде оқушылардың шығармашылық Қабілеттерін дамыту
Субьект-субьектілік қарым- қатынас орнату оқушылардың зерттеу-ізденушілік, шығармашылық iconСубьект субьектілік қарым қатынас негізінде оқушылардың шығармашылық, бәсекелестік қабілеттерін дамыту

Субьект-субьектілік қарым- қатынас орнату оқушылардың зерттеу-ізденушілік, шығармашылық iconБілім беру үрдісінде cубьект-субьектілік қарым-қатынас орнату арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту

Субьект-субьектілік қарым- қатынас орнату оқушылардың зерттеу-ізденушілік, шығармашылық iconСубьект субьектілік қарым- қатынас негізінде оқушы белсенділігін арттыру. Ойын технологиясының тиімділігі
Субьект – субьектілік қарым- қатынас негізінде оқушы белсенділігін арттыру. Ойын технологиясының тиімділігі
Субьект-субьектілік қарым- қатынас орнату оқушылардың зерттеу-ізденушілік, шығармашылық iconСубъектілік қарым-қатынас орнату арқылы сабақ сапасын жетілдіру
ОҚушылардың математика сабағына танымдық Қызығушылықтарын дамыту және білім беру сапасын жетілдіру үшін өз бетімен жұмыс істеуді...
Субьект-субьектілік қарым- қатынас орнату оқушылардың зерттеу-ізденушілік, шығармашылық iconКапитанова Жайнагүл Ачековна
Мақсаты: Оқушылардың арасында жағымды қарым-қатынас орнату, бір-бірін сыйлауға, адал дос болуға және қоршаған ортамен дос болуға...
Субьект-субьектілік қарым- қатынас орнату оқушылардың зерттеу-ізденушілік, шығармашылық iconСубъект субъектілік қарым қатынас негізінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту
Республикасының 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік білім дамыту бағдарламасында “Бастауыш мектеп бағдарламасы оқушының жеке...
Субьект-субьектілік қарым- қатынас орнату оқушылардың зерттеу-ізденушілік, шығармашылық iconТақырыптың өзектілігі
Субъект-субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру
Субьект-субьектілік қарым- қатынас орнату оқушылардың зерттеу-ізденушілік, шығармашылық iconКостубаева Г. М
Модульдік технология оқушыларды дамытуға, қарым – қатынас жасауға, ойын, танымдық және шығармашылық қажеттіліктерін қанағаттандыруға...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы