Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру icon

Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру



НазваниеБілім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Дата конвертации26.01.2013
Размер61.39 Kb.
ТипДокументы
источник

Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру.

Қайсанова Қ.Қ

«№16 орта мектеп» ММ


МАТЕМАТИКА САБАҚТАРЫНДА БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ.

Егемен еліміздің тірегі-білімді ұрпағы.Ал білім бастауы,негізінен, бас-тауыш мектепте берілетіні анық.Өйткені,бастауыш мектепте әртүрлі пәндер оқытылып,баланың тұлғасы қалыптасады.

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2030 жылға жасаған жоспарында өскелең ұрпақты сауатты етіп шығару көзделген.Мектеп өмірі балаларға жаңа әлемді ашып береді.Бұл тұрғыда бастауыш мектептің негізгі міндеттері-баланың же-ке басының алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету,оқуға деген ықыласын, іскерлігін қалыптастыру.Бүгінгі күні мемлекетіміздің өркениетке жету жо-лындағы өр талабына тұғыр боларлықтай ұрпақ оқыту, тәрбиелеу ісін жаңа сапалық өзгерістер деңгейіне көтеруді талап етіп отыр. Мектеп құрылымын-да болып жатқан өзгерістер, білім беру мақсаттарының алмасуы, оның дамы-тушылық сипаттарының бекітілуі, көпнұсқалық оқытуға көшу сияқты мәсе-лелер орындаушылардан шығармашылық бастамалық, жұмыстың жоғары са-пасын және кәсібилікті талап етеді.

Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұм-тылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігі-нен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойын-дағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшін ны-ғайтып, өмірден өз орнын табуға көмектеседі. Өйткені адам туынды ғана емес жаратушы да.Бұл үлкен жауапкершілік артатын күрделі мақсат. Оны шешу үшін ең алдымен оқыту мазмұны жаңартылып, әдіс-тәсілдің озығы өмірге келуі, олар әрбір азаматтың жеке басының қасиеттерін, қабілеттерін дамытып, шығармашылығын, талантын ұштайтындай болып ұйымдастыры-луы қажет. Сонда ғана мектептерден өз өміріне өзгеріс енгізе алатын, өз бе-тінше өмір сүру жолдарын таңдай алатын азаматтар тәрбиеленіп шығады.

Баланы бастауыш сыныптардан бастап шығармашылық ойлауға, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға, практикалық әрекеттерге дайын болуға әкелу-дің жолдарын көрсету керек. Шығармашылық — бүкіл тірішіліктің көзі. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Бұған бүкілхалықтық, жалпы және жеке адамның шығармашылығы арқылы келдік. Әр жаңа ұрпақ өзіне дейінгі ұрпақтың қол жеткен жетістікте-рін меңгеріп қана қоймай, өз іс-әрекетінде сол жетістіктерді жаңа жағдайға бейімдей, жетілдіре отырып, барлық салада таңғажайып табыстарға қол жет-кізеді.Ал бүгінгі күрделі әлеуметтік-экономикалық жаңарулар тұсында шы-ғармашылық қабілеттер басты нысана болып, керісінше, оқушыда шығарма-шылық қабілеттің болмауы үлкен проблема саналып, ойландыруы тиісті деп

ойлаймыз. Себебі өмірдегі сан алуан қиыншылықтарды шешу тек шығарма-шыл адамдар ғана қолынан келеді. Тек шығармашылық қана қандай түрде, қандай деңгейде болмасын адамға өмірдің мәнін түсінуге, бақытын сезінуге мүмкіндік әпереді. Мұндай күрделі мәселені шешуде үздіксіз білім беру ісі-нің алғашқы сатылары болып саналатын бастауыш мектептің орны ерекше.

Қабілеттердің бірдей емес екендігін сыныпта отырған оқушылардың әрқайсысының әр пәнге және әр деңгейде қабілетті болатындығымен дәлел-деуге болады. Бірі есепке жүйрік болса, екіншісі тілге бай, ал енді біреулері сурет салғанды тәуір көреді.Мәселен: математикалық қабілеті басым бала-ларда ойлау операциялары тез, дәл болады.

Алдымен,бастауыш сынып оқушыларының /6-9жас/ жас ерекшелігі қандай дәркежеде соған назар аударып көрелік.

Бүл жас- ой қызметіне ерекше ынтамен ұмтылып тұратын кезең; Алғырлығы шапшаңдығы,сезімталдығы басым кезең.Ештеңеніжасырып, іркіп қалмайды,ішіне сақтап тұра алмайдынені болса да ашық, еркін айтады.

-төменгі сынып оқушылары небір дүниені қиялында құрастыра алғаны-мен,олардың қиялы тұрақтап,бір образды сюжетті ұстап тұра алмайды.Ой –қиял тұрақсыз болғандықтан ,оны әлдебір тапсырма төңірегінде тұрақтанды-ру өте қиын.Ал педагогтың мінднті:баланың қиялын,ойын белгілі мақсатқа бағыттай білу.

-төменгі сынып оқушылары шығармашылыққа өте белсенділік көрсетке-німен,оны тек ойын ретінде қабылдайды.Сондықтан тапсырмалар ойын үлгі-сінде берілуі керек.

-төменгі сынып оқушылары бастаған істі аяғына дейін жеткізуге шыдам-сыз.Сондықтан да педагогтың міндеті-баланы үздіксіз фантазия элементтерін емес,көлемі шағын,тапсырмалар берген жөн.

-бастауыш сынып оқушыларында өзіндік сын мүлдем жоқтың қасы деп айт-сақ та болады.Мұндай жағдайларда педагогтың көреген көзі, асқан шеберлі-гі,педагогикалық технологияны дұрыс және тиімді пайдалана алудың үлкен мәні бар.Сондықтан мен өз іс тәжірибемде Ж Қараевтың «Деңгейдеп сара-лау» технологиясынқолданып жүрмін.

.Деңгейлеп оқытудың мақсаты: 1.Оқушының жас ерекшеліктерін ескеру.2.Олардың қабілет деңгейін анықтай отырып, өз бетімен жұмыс жасауға үйрету, ойлау қабілеттерін арттыра түсу, даму мониторингін құрып, оқушының дамуын қадағалай отырып, ата-анасымен байланысты нығайту арқылы әр оқушы стандарт көлемінде тиянақты білім алып шығуына көңіл бөлу.Қабілетті оқушылардың даму деңгейін шығармашылыққа ұштастыру.Төрт деңгейде тапсырма беремін. Ж.Қараевтың «Деңгейлеп саралау» технологиясын қолданудың тиімді жақтары:

1.Оқушы өз бетімен жұмыс істеуге дағдыланады.

2.Жеке дара қабілеттері айқындалады.

3.Оқушы нақты өз деңгейінде бағаланады.

4.Даму мониторингі айқын көрініп отырады.

5.Сабаққа қызығушылығы оянады.

6.Іштей бір бірінен қалмауға тырысады.

7.Тапсырманың күрделену деңгейіне сәйкес оқушының ойлау қабілеті артады.

8.Сынып оқушылары толық бағаланады. Әр оқушы алатын бағасын біліп отырады. (I деңгей – «3», II деңгей – «4», III деңгей – «5»).

9.Бір сабақта бірнеше тапсырма орындайды.

Мұғалімге қиындығы – үлгеру керек.

Бірінші сыныптан бастап математиканы, ана тілі, қазақ тілі, дүниетану пәндерінен деңгейлеп тапсырмалар беріп оқушыларды қалыптастыруды көздедім. Деңгейлік тапсырмалар оқулықтағы жаттығуларға қосымша 1,2,3,4 деңгейде беріледі.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту төрт деңгейді көздейді:

Бірінші, міндетті деңгей тапсырмалары:

  • шығарманы қабылдауға, түсінуге, ұғынуға бағытталады.

  • жаттап алуға лайықты келеді.

Екінші, алгоритмдік деңгейдегі тапсырмаларға оқып отырған шығарманы реттеуге және жүйелеуге берілген сұрақтар жатады.

Үшінші, эвристикалық деңгейдің тапсырмалары оқушы пәннен алған білімдерін тиісті жерде қолдана алуға бағыттайды.

Төртінші, шығармашылық тапсырмалары оқушыны өзіндік әрекет жасауға бағыттайды. Бала шығармашылықпен айналысады.

Жауынбай Қараевтың «Деңгейлеп саралап оқыту» технологиясының мақсаты - өз бетімен дами алатын, әр түрлі өмірдің қиындықтарына төзе білетін, белсенді, білімді оқушы тәрбиелеу.

Бұл технологияда дамыта оқыту технологиясын жүзеге асырады. Оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін дамытып, білім сапасының артуына көмектеседі.

Бұл технологияны әсіресе матаматика сабақтарында қолдану өте тиімді.Бір жағынан оқушы ойын ретінде қабылдаса,екіншіден төртінші деңгейге жетуге талпыныс жасайды,үшіншіден матаматикаға ерекше қабілетті балалар алдыға суырылып шығып,оларды олимпиадаға дайындауға мүмкіндік туады.1деңгейлі тапсымаларда оқушыларға жеңіл тапсырмалар ұсынылады.

1.Амалдарды орында.

38+40 70-60 43+8 75-32

76-30 63+7 96-8 42+36

2.Салыстыр.

40+20*70-30 36+15*42+36

3.Әр қатардағы сандарды кему ретімен жаз.

98,89,78,87,64,46,52,25.

23,32,48,84,19,91,61,16.

2 деңгей.1 тапсыма Есептеп шығар.

Шеберханада 60 домбыра және одан 16-сы кем қобыз жасалды.Шеберханада барлығы неше аспап жасалды?

2.Геометриялық фигураның периметрін тап.




2см

4см

3 деңгей.Тест тапсырмалары.

1.1ондық 5 бірлік және 5 бірліктің қосындысын тап.

А.1 ондық.

В.2 ондық.

С.41 ондық 5бірлік

2.60 пен 7 сандарының айырмасын тап.

А.67

В.53

С.43

3.Салыстыр.

28 сағ*1 тәулік 4 апта

А.+

В.═

С.≥

4.Мәні х═29 болатын теңдеуді тап.

А. Х-42═29

В.83-х═ 54

С.х+39═56

5.Берілген сандар қатарынан ең үлкен санды анықта.

62,47,89,98,53,77,51,99.

4 деңгей.Шығармашылық деңгей деп атасақ та болады.

1.Есептер.а.Бір кг мақта ауыр ма ,әлде бір кг қорғасын ауыр ма? Себебін түсіндір.

2.Екі әке ,екі бала театрға үш билет сатып алды.Театрға наша адам билет сатып алды?/Атасы,әкесі,немересі./

3.26-ны алты 2 арқылы жазу керек./26═2*22:2+2*2/

4.Үш төрттік цифрмен бір амалды қолданып ,40 санын қалай жазуға болады?/44-4═40/

5.5,4,3,2,1 цифрларын қатар жазып,оларды 85 санын шығаратындай етіп қос және азайту амалдарын 2 жерде пайдаланып тап.

54+32-1═85

6. 5 таяқшаның көмегімен 3 төртбұрыш құрастыр.

7.Қорада тауықтар мен қояндар бар.Олардың бастарының саны 35,аяқтары-

ның саны 94.Қорада неше тауық ,неше қоян бар?

Осындай деңгейлік тапсырмаларды орындата отырып,оқушылардың қабі-леттеріне сай,қызығушылығын тудыратын,қабілеттерінің толық ашылыуына ықпал етеміз.Оқушының төменгі деңгейден жоғарғы деңгейге жетуіне жағ-дай жасап, бағыттай аламыз.


Пайдаланылған әдебиеттер.

1.Ұстаздық шығармашылық.Б.А.Тұрғынбаева.-Алматы,2007 ж.

2.Бастауыш білім журналы,2007,№5.

3.Математика және физика журналы,№62006ж.



Похожие:

Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру iconПрименение информационных технологий
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру iconБілім беру үрдісі субьектілердің біліктілігін дамыту
Білім беру үрдісі субьектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру iconҰлттық бірыңҒай тестке даярлаудағы мектептің ЖҰмыс жүйесі
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудағы шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру iconӨте жоғары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам коғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру iconОҚушыны ойлауғА Үйрету
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудағы шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру iconБілім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру жүйесіне жаңаша қарау, білімнің сапасы мен тиімділігін қалыптастыру – заман талабы
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру iconСақалбаева Ж. Б
Білім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру. Қазақ тілі сабағындағы халық...
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру iconБілім беру үрдісінің субъектілерін дамытудың жағдайы ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
ОҚушылардың СӨйлеу тілін қазақ тілі сабақтарында тіл дамыту жұмыстары арқылы дамыту жолдары
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру iconТарих пәнін оқытуда сыни ойлау жобасы негізінде оқушының шығармашылығын дамыту арқылы қҰзыреттілігін қалыптастыру
Мектептің білім беру ортасын білім беру үрдісі субъектілерінің даму жағдайы негізі ретінде қалыптастыру
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру iconБілім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Рыз. Сүю үшін – білу парыз. Қасиетін ұғу – парыз. Күзетінде тұру –парыз,- деп ақын М.Әлімбаев айтқандай, таза табиғат біздің ырыс-құтымыз,...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы