С. Л. Рубинштейн > К. А. Абульханова Славская > А. В. Брушлинский > В. А. Ленторский Педагогика саласына «субъект» ұғымы 1970 жылдары кірістірілді. Философиялық ұғымда субъект «Істі белсенді атқарушы, жасаушы» ретінде өз icon

С. Л. Рубинштейн > К. А. Абульханова Славская > А. В. Брушлинский > В. А. Ленторский Педагогика саласына «субъект» ұғымы 1970 жылдары кірістірілді. Философиялық ұғымда субъект «Істі белсенді атқарушы, жасаушы» ретінде өз



НазваниеС. Л. Рубинштейн > К. А. Абульханова Славская > А. В. Брушлинский > В. А. Ленторский Педагогика саласына «субъект» ұғымы 1970 жылдары кірістірілді. Философиялық ұғымда субъект «Істі белсенді атқарушы, жасаушы» ретінде өз
Дата конвертации26.01.2013
Размер78.29 Kb.
ТипДокументы
источник

Түйінді сөздер: оқушы субъектілігі,оқушылардың зерттеу дағдылары

Амренова Арай Құлжабековна

«№1 қазақ орта мектебі»ММ

Бастауыш сынып мұғалімі


БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЗЕРТТЕУ ДАҒДЫЛАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ОҚУШЫ СУБЪЕКТІСІН ДАМЫТУДАҒЫ МАҢЫЗЫ.

Аристотель заманынан субъект философиялық түсініктердің негізгісіне жатады. (Р.Декарт, И.Кант, Г.Гегель, К.Маркс. М.С.Каган, В.Н.Сагатовский). Соңғы кездері субъект проблемасы туралы қарастырғандар:

  • С.Л. Рубинштейн

  • К.А. Абульханова – Славская

  • А.В. Брушлинский

  • В.А. Ленторский

Педагогика саласына «субъект» ұғымы 1970 жылдары кірістірілді.Философиялық ұғымда субъект «Істі белсенді атқарушы, жасаушы» ретінде өз әрекетінің негізін өз бетімен таңдай алады деп көрсетілген. Сонымен бірге субъект өз әрекетінің құрылымын біледі. Мақсатынан бастап нәтижеге жету жолдарын меңгеріп, өз әрекетін түзете отырып, нәтижесін бағалайды.Субъект субъектілік және субъективтік қасеттерге ие. Субъектілік – іс-әрекетті білу, басқару қабілеті.

«Субъект» түсінігі адамды білу әрекетінің көзі ретіндегі категория. Бұл категория адамның өзіне, айнала қоршаған ортаға белсенді қарым-қатынасын білдіреді. Оқу әрекетіндегі субъект – осы әрекеттегі саналы өзіндік даму қабілеті жоғары қалыптасқан адам.Адамның субъектілік қасиеті тұлғаның дамуымен,оның өнімді шығармашылық әрекетінен көрінеді.

Субъектінің қасиеттері:белсенділік,рефлексияға қабілеттілік,таңдау бостандығы және оған жауапкершілік,субъектінің бірегейлілігі, басқаны түсіну және қабылдау,өзіндік даму,- деп ғалым Е Н Волкова көрсеткен болса, адам бойындағы осындай қасиеттерді дамыту үшін зерттеуге үйретудің орны ерекше.Себебі,ізденімпаздық, зерттеу белсенділігі – баланың мінез-құлқының табиғи қасиеті.Балаға табиғатынан берілген белсенділік оның зерттеу әрекетінің негізін құрайды. «Зерттеу» түсінігі энциклопедияда «жаңа білімді өңдеу прцесі және таным қызметінің бір түрі болып есептеледі» деп түсіндіріледі.Зерттеу, зерттеу тәртібі, зерттеу қызметі түсінігі туралы ғалымдар А.И.Совенков,Н.Б.Шуманова,Н.И. Дереклеева, У.Б.Жексенбаевалардың еңбектерімен танысу арқылы білуге болады. Сондай-ақ оқушылардың ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру туралы толық мағлұмат береді. Зерттеумен айналысу баланың жеке және шығармашылық қабілеттері мен зерттеу,ойлау дағдыларын дамытады және бала өзі үшін «жаңалық» ашады.Зерттеу әрекеті баланы дамытады және ол шығармашылық арқылы көрініс береді. Зерттеу дағдысын қалыптастыру психологтадың айтуы бойынша адамның субъектілік қасиеттерін дамыту үшін өте маңызды.Баланың ізденушілік белсенділігінң қалыптаспауы кез келген қиындықты жеңе алмауына,мәселені шешудегі дәрменсіздікке әкеледі.Зерттеу жұмысы күнделікті қолданыста көбіне жаңа білімді меңгерту үрдісі, яғни адамның танымдық әрекетінің бірі ретінде түсіндіріледі.Ғылыми зерттеуге үйрету- оқытудың ерекше тәсілі ретінде баланның өзбетімен қоршаған ортаны танып білуіне деген табиғи талпынысы.Зерттеуге үйретудің басты мақсаты – адам өмірінің кез келген саласындағы жаңа тәсілді өзбетімен шығармашылықпен меңгеруіндегі баланың қабілеті мен даярлығы.Зерттеу жұмысында екі нәтижеге қол жетеді. Біріншісі баланың даярлаған еңбегі – баяндамасы,есебі.

екіншісі педагогикалық нәтижесі – ол өзбетіндік,шығармашыл,зерттеу жұмысын жүргізудің тәжірибесін жинақтау болып табылады.

Менің сыныбымда «Зерттеу негіздері» атты арнайы курс оқытылады. Алдымен оқушыларды зерттеуге үйрету үшін сабақ барысындағы зерттеу жұмыстарна баса көңіл бөлемін. Алдымен оқушыларға нені зерттегілері келетіні туралы әңгіме өткізіледі. Сонан соң тақырып таңдауға тапсырма топқа беріледі. Тақырыптың нақты болуына көңіл бөлемін. Мысалы: оқушылар белгілі бір жануарды зерттегісі келсе, оның несі қызықтыратынын біліп тақырып таңдауға үйретіледі. Мысалы: «Қоян» деп таңдаса, «Қоянның пайдасы», «Қоянның терісінен жасалатын киім түрлері», «Шығыс Қазақстанда кездесетін қоян түрлері», «Үй қояндарын асырау», «Қояндардың қысқы тіршілігі» тағы да басқа тақырыпты оқушылар таңдауы мүмкін. Тақырып топқа берілгендіктен барлығы бірігіп,зерттеу жұмысының мақсат,міндеттерін анықтайды. Осыдан кейін зерттеудің өзектілігін, болжамын, кезеңдерін анықтау басталады. Оқушылардың қиналары анық. Сондықтан түсіндіру жұмысы жүргізіледі. Олар:

  • Өзектілігі - заманға қажеттілігі. Үй қояндарын асырауды білудің қазіргі күндері қаншалықты қажеттілігі бар, сол туралы жазады.

  • Болжамын жазған кезде, ол – зерттеу нәтижесін алдын-ала білу болып табылады.Яғни зерттеу соңында қандай қорытындыға келеміз, «Үй қояндарын асырауды» білген кезде қандай өзіміз немесе басқалар үшін жаңалық ашылады. Осыны болжау жасайды.

  • Тақырыпқа қажетті термин сөздермен де танысып,жазып алады. Оқушылар топқа берілген зерттеу тақырыптары бойынша материалдар жинақтап келеді. Келесі сабақта ақпаратпен жұмыс жүргізіледі. Оқушылар топта бірігіп материалдармен танысып, қажеттісін іріктеп алады.Оқушыларға материал іріктелген соң зерттеу жұмысын жазудың реті таныстырылады. Олар:

^ Кіріспе бөлім. Бұл бөлімде тақырып туралы жалпы мәлімет беріледі. Мысалы: үй қояндары туралы мәлімет.

Негізгі бөлім. Бұл бөлімде тақырыпты ашып жазады. Үй қояндарын қалай асырайды және асыраудың тиімді жолдарын көрсетеді.

Қорытынды бөлім.Топтағы оқушылар бірігіп өздерінің қорытындысын жасайды. Үй қояндарын асыраудың пайдасы туралы жазады.

Осы бөлімдерді жазбас бұрын жоспар жасалады. Мұғалім жоспар жасауда және материалдарды іріктеуде көмектеседі. Өйткені іріктеп, қажетті материалдарды таңдау оқушыларға қиындық келтіретіні сөзсіз. Келесі қушылар зерттеу жұмысын жазады. Оны басқа маман адамдарға көрсетіп пікір жазғызуларына да болады. Мысалы фермерге,биология пәнінің мұғаліміне.Жазылған материалды қорғау- ең жауапты кезең. Өйткені бірнеше бетте берілген зерттеу жұмыстарының түйінін көрсету, оған бірнеше оқушының қатысуы. 1-2 сыныптарда 4-5 минут қорғауға берілсе,3-4 сыныптарда 7-10 минут беріледі.Қорғау кезінде тапсырманы бөліп беруге болады.

  • 1-оқушы: Тақырыбын,мақсат,міндеттерін,болжамын,өзектілігін айтады.

  • 2-оқушы: Кіріспе бөлімі.

  • 3-оқушы: Негізгі бөлім.

  • 4-оқушы: Қорытынды бөлім.

  • 5-оқушы: Көрнекіліктерді жасап көрсетеді.

Осылайша, оқушыларды топ бойынша үйреткен соң ғана жекелей тақырып таңдауға, осылайша жұмыс жасау беріледі.

Зерттеу жұмысын ұйымдастыруда мұғалімге арналған нұсқауды есте ұстаған жөн.Мұғалімге нұсқау:

  • Балаға өзбетімен жұмыс істейтіндей мүмкіндік беру.

  • Баланың инициативасын баспау.

  • Баланың қолынан келіп тұрған жұмыста орындап бермеу.

  • Бағалауға асықпау.

Оқушыға көмектесу жолдары:

  • Проблеманы өзбетімен көруге

  • Заттар,құбылыстар арасындағы байланысты байқауға

  • Зерттеу проблемасын өзбетімен шешуге

  • Сараптама жасап,ақпаратты жеткізуге үйрету

  • өзінің көзқарасы мен пікірін қорғауға үйрету.

Осындай жұмыстардың нәтижесінде сынып оқушылары мектепішілік, қалалық «Зерде» ғылыми-практикалық конференцияларына қатысып, өздерінің субъектілік деңгейлерін көрсетуде.Сынып оқушыларының жартысы мектепішілік конференцияға қатысса,5 оқушы қалалық конференцияға қатысып,2-еуі 2-3 орындарды иеленді. Оқушылардың зерттеу жұмыстарын төмендегі кесте арқылы бағалауға болады.


1 кесте Оқушылардың зерттеу жұмыстарын бағалау парағы


Ғылымилығы

Тақырып

тың өзектілігі

Материал

дың маңыздылығы

Зерттеу шеберлігі

Жұмыс құрылымының жүйелілігі

Сөйлеу стилі,көрнекілігі.



















Зерттеу жұмыстарын жүргізу қазіргі заман талабына сай оқушы субъектілігінің дамуына да жағдай туғызады. Оны төмендегі кестеден көруге болады.


2кесте Оқушы субъектілігінің қалыптасуы.


Жұмыс түрлері

Оқушы субъектілігінің көрініс беруі

Оқушы тақырып таңдайды.

Мақсат,міндеттерін анықтайды.

  • таңдау бостандығы және оған жауапкершілік

  • субъектінің бірегейлілігі




Проблеманы анықтап,шешуге талпыныс жасайды

  • рефлексияға қабілеттілік

  • субъектінің бірегейлілі




Материалдар жинақтайды.

  • басқаны түсіну және қабылдау

  • өзіндік даму

  • белсенділік




Ақпарат түрлерін пайдаланады,талдап,қорытынды жасайды

  • рефлексияға қабілеттілік

  • таңдау бостандығы және оған жауапкершілік




Басқа адамдармен қарым-қатынас жасайды.

  • басқаны түсіну және қабылдау




Зерттеу жұмысын жазады.

  • субъектінің бірегейлілігі

  • өзіндік даму




Өз ой-пікірін қорғауға даярланады.

  • белсенділік

  • субъектінің бірегейлілігі




Көрнекіліктерін әзірлейді

  • таңдау бостандығы және оған жауапкершілік




Сұрақтарға жауап береді.

  • рефлексияға қабілеттілік

  • басқаны түсіну және қабылдау




Түрлі аудиторияда сөйлеуге үйренеді,регламент сақтайды.

  • Белсенділік

  • өзіндік даму






ӘДЕБИЕТ

1.12 жылдық білім беру тұжырымдамасы.

2.Бухвалов В.А. Развитие учащихся в процессе творчества и сотрудничества. – М.Центр «Педагогический совет»,2000

3.Емельянова О.В Особенности руководства исследовательскими проектами учащихся./ Педагогический совет.,№4,2006/



Похожие:

С. Л. Рубинштейн > К. А. Абульханова Славская > А. В. Брушлинский > В. А. Ленторский Педагогика саласына «субъект» ұғымы 1970 жылдары кірістірілді. Философиялық ұғымда субъект «Істі белсенді атқарушы, жасаушы» ретінде өз iconТүйінді сөздер:ұзартылған күн тобы,субъект,субъектілік. Жұмағалиева Қ.Қ
Субъект ұғымы ерте қалыптасып, зерттелінген ұғымдардың бірі.№1қазақ орта мектебі субъект туралы төмендегі анықтаманың негізінде жұмыс...
С. Л. Рубинштейн > К. А. Абульханова Славская > А. В. Брушлинский > В. А. Ленторский Педагогика саласына «субъект» ұғымы 1970 жылдары кірістірілді. Философиялық ұғымда субъект «Істі белсенді атқарушы, жасаушы» ретінде өз iconБілім беру ортасын субъектілік басқару. Бәсекеге қабілетті субъект қалыптастыру
ОҚушылардың Өзіндік даму дағдысын жетілдіру негізінде субъект ретінде қалыптастыру
С. Л. Рубинштейн > К. А. Абульханова Славская > А. В. Брушлинский > В. А. Ленторский Педагогика саласына «субъект» ұғымы 1970 жылдары кірістірілді. Философиялық ұғымда субъект «Істі белсенді атқарушы, жасаушы» ретінде өз iconОқушыны субъект ретінде дамыту зерттеу-ізденушілік жұмыстарды
Зерттеу – ізденушілік жұмыстарын ақпараттық – коммуникативтік технология негізінде ұйымдастыру арқылы оқушыны оқушыны субъект ретінде...
С. Л. Рубинштейн > К. А. Абульханова Славская > А. В. Брушлинский > В. А. Ленторский Педагогика саласына «субъект» ұғымы 1970 жылдары кірістірілді. Философиялық ұғымда субъект «Істі белсенді атқарушы, жасаушы» ретінде өз iconСубъект-аса жоғары белсенділік,біртұтастық,жүйелік,автономдық деңгейі. Тіл дамыту
Жеке тұЛҒаны субъект ретінде дамытып,Қалыптастырудағы тіл дамыту,СӨздік қорларын молайту жұмыстары
С. Л. Рубинштейн > К. А. Абульханова Славская > А. В. Брушлинский > В. А. Ленторский Педагогика саласына «субъект» ұғымы 1970 жылдары кірістірілді. Философиялық ұғымда субъект «Істі белсенді атқарушы, жасаушы» ретінде өз iconСубъект-аса жоғары белсенділік, біртұтастық, жүйелілік, автономдық деңгейі. Тіл дамыту
АҚпараттық-коммуникативтік технология негізінде бастауыш сынып оқушыларының тіл дамыту сапасын арттыру- субъект ретінде дамуының...
С. Л. Рубинштейн > К. А. Абульханова Славская > А. В. Брушлинский > В. А. Ленторский Педагогика саласына «субъект» ұғымы 1970 жылдары кірістірілді. Философиялық ұғымда субъект «Істі белсенді атқарушы, жасаушы» ретінде өз iconБастауыш сынып оқушыларын субьект ретінде ана тілі сабағындағы белсенді әдіс – тәсілдерді қалыптастыру. О. Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі. Бастауыш сынып мұғалімі: Ибраева А. Б
Субъект-аса жоғары белсенділік, біртұтастық, жүйелілік, автономдық деңгейі. Оқытудың белсенді әдісі, дидактика заңдары, теориялық...
С. Л. Рубинштейн > К. А. Абульханова Славская > А. В. Брушлинский > В. А. Ленторский Педагогика саласына «субъект» ұғымы 1970 жылдары кірістірілді. Философиялық ұғымда субъект «Істі белсенді атқарушы, жасаушы» ретінде өз iconАқпараттық коммуникативтік технология негізінде зерттеушілік жұмысты ұйымдастыру арқылы белсенді субъект қалыптастыру
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар негізінде зерттеушілік жұмыстарды ұйымдастыру. Білім беру ортасын субъектілік басқару бәсекеге...
С. Л. Рубинштейн > К. А. Абульханова Славская > А. В. Брушлинский > В. А. Ленторский Педагогика саласына «субъект» ұғымы 1970 жылдары кірістірілді. Философиялық ұғымда субъект «Істі белсенді атқарушы, жасаушы» ретінде өз iconСубъект-аса жоғары белсенділік, біртұтастық
Білім беру ортасын субъектілік басқару бәсекеге қабілетті субъект қалыптастыру шарты
С. Л. Рубинштейн > К. А. Абульханова Славская > А. В. Брушлинский > В. А. Ленторский Педагогика саласына «субъект» ұғымы 1970 жылдары кірістірілді. Философиялық ұғымда субъект «Істі белсенді атқарушы, жасаушы» ретінде өз iconБілім беру ‡рдісінде оќушылардыњ танымдыќ Ќызыѓушылыѓын арттыра отырып субъект ретінде дамыту
Мектептіњ білім беру ортасын ќалыптастыру оќыту ‰рдісі субъектілерініњ дамуыныњ алѓы шарты ретінде
С. Л. Рубинштейн > К. А. Абульханова Славская > А. В. Брушлинский > В. А. Ленторский Педагогика саласына «субъект» ұғымы 1970 жылдары кірістірілді. Философиялық ұғымда субъект «Істі белсенді атқарушы, жасаушы» ретінде өз iconПеревод учащегося в субъект образования Репп Г. А., Литвинова О. В
Перевод учащегося в субъект образовательного процесса на основе активизации познавательной деятельности
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы