Түйінді сөздер: оқушы құзыреттілігі, түйінді құзыреттіліктер,портфолио icon

Түйінді сөздер: оқушы құзыреттілігі, түйінді құзыреттіліктер,портфолио



НазваниеТүйінді сөздер: оқушы құзыреттілігі, түйінді құзыреттіліктер,портфолио
Дата конвертации26.01.2013
Размер76.04 Kb.
ТипДокументы
источник

Түйінді сөздер: оқушы құзыреттілігі, түйінді құзыреттіліктер,портфолио.

Алханова Майра Бейсенбіқызы

«№1 қазақ орта мектебі»ММ

Бастауыш сынып мұғалімі

ОҚУШЫ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ПОРТФОЛИОНЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ.


Қазақстан Республикасы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында жалпы орта білім берудің ұлттық деңгейдегі басты мақсаты – еліміздің әлеуметтік, экономикалық және саяси өміріне белсенді қатысуға дайын, құзыретті тұлғаның қалыптасуына ықпал ету деп анық көрсетілген.

Әлемдік тәжірибе мен ұлттық практикаға сүйеніп жасалған бұл ресми құжатта әрбір оқушының жас ерекшеліктерін ескере отырып, білімнің мазмұнын меңгеруге бағытталған үш түрлі құзыреттіліктер жиынтығын игеруі мақсат етілген, олар: өзіндік менеджментке жататын өмірде кездесетін проблеманың шешімін табу құзыреттілігі; ақпараттық құзыреттілік; білімді игерумен бірге жүретін қарым-қатынастық, коммуникативтік құзыреттілік.

Дамыған елдердің оқу жүйесінде кеңінен қолданыла бастаған «құзыреттілік», «құзырет» терминдері жаңа білім стандарты ұстанған басты бағыт ретінде біздің еліміздің білім беру жүйесіне ене бастады Құзыреттілік теориясы Г.В.Вайлер, Ю.В.Койнов, Я.И.Лефстед, Н.В.Матяш, В.В. Сериков, Дж.Равен, Р.Уайт, В.Чинапах және т.б. еңбектерінде негізделген. Білім беруді ұйымдастыруға құзыреттілік тұрғыдан келуді жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін меңгеру туралы мәселелер М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер, В.В.Давыдов және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Елбасы Н.Ә. Назарбаев “Еліміздің бәсекелестік қабілеті бірінші кезекте оның білімдік деңгейімен айқындалады” деп және “Білім беру реформасы – Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі” деп педагогтар қауымына үлкен міндет жүктеп отыр.Білім алушылардың түйінді құзыреттіліктерді игеруі олардың нәтижелі түрде әлеуметтендірілуінің, яғни әлеуметтік рөлдерді, нормаларды және құндылықтарды игерулерінің алғы шарттарын жасайды

 Білім беру мазмұны әрбір білім алушының Стандартпен айқындалған мынадай түйінді құзыреттіліктер түріндегі білім беру нәтижелеріне қол жеткізуіне бағытталған:

- проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі;

- ақпараттық құзыреттілік;

- коммуникативтік құзыреттілік.

Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі:

- түрлі жағдайларда проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға;

- өз іс-әрекетіне мақсат қоя алуға, оны іске асыруға қажетті жағдайларды анықтауға, оған жету үдерістерін жоспарлы түрде ұйымдастыруға (яғни, атқарылатын міндетке барабар технологияларды әзірлеуге);

- өзін-өзі бағалауға және өзінің іс- әрекеті мен оның нәтижелеріне баға беруге;

- түрлі жағдайларда өзі үшін қызмет және мінез-құлық нормаларын таңдауына;

- қойылған міндетке сәйкес технологияларды таңдауына мүмкіндік береді.

Ақпараттық құзыреттілік:

- сыни тұрғыдан ұғынылған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;

- өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, мақсатқа жету үшін танымдық қызметті жоспарлауға және жүзеге асыруға;

- ақпараттарды өз бетімен табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түрлендіруге және тасымалдауға, оның ішінде қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға;

- логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, жалпылау, құрылымдау, тікелей және жанама дәлелдеу, аналогия бойынша дәлелдеу, моделдеу, ойша эксперименттеу, материалдарды жүйелеу) қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге;

- өзінің оқу қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.

Коммуникативтік құзыреттілік:

- нақты өмір жағдайында өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;

- коммуникативтік міндеттерді шешуге сәйкес келетін стильдер мен жанрларды таңдауға және қолдануға;

- әдептілік нормаларына сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;

- нәтижелі өзара іс-әрекетті, оның ішінде басқа мәдениет өкілдерімен, түрлі көзқарас және әртүрлі бағыттағы адамдармен сұхбат жүргізе отырып, шиеленіскен ахуалдарды шешуді жүзеге асыруға;

- жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі көзқарастағы адамдар тобында қатынас (коммуникация) құруға мүмкіндік береді.

Білім беру деңгейінің регламенттелген осы МЖБС-на сәйкес келетін түйінді құзыреттіліктерді меңгерудің үш деңгейі көрсетіледі.

Білім алушы білім берудің әрбір деңгейін аяқтау кезеңінде негізгі құзыреттіліктерді құрайтын берілген қызмет түрлерінің көрсетілген ең аз көлемін игергенін көрсете білуі тиіс.

Жоғарыда көрсетілген оқушылардың түйінді құзыреттіліктерін дамытуда портфолионың ролі ерекше.

Портфолио – оқушылар жетістігінің коллекциясы, сондай-ақ

оқушының жеке жетістігін жинақтау және бағалау тәсілі.
Американдық және еуропалық білім беруде портфолио «оқушы жұмысының жетістігі мен озықтығын көрсететін коллекция» ретінде анықталады. Портфолионы мектепте пайдалану идеясы өткен ғасырдың 80- жылдары АҚШ-та пайда болды. 90- жылдары негізгі мектептің барлық оқушылары үшін ұсынылды. Бұл әдістеме оқушылардың қызығушылық аясын анықтауға, олардың өз бейініне сәйкес мектептің жоғарғы сатысында сауатты түрде таңдау жасауға мүмкіндік береді.
Портфолионың қолданыстағы бағалау жүйесінен басты айырмашылығы неде? Бағалаудың 5 балдық дәстүрлі жүйесі мен тестілеу негізінен, білімдегі кемшіліктерді анықтаса, портфолио оқушының үйірме, олимпиада, жарыс, шығармашылық конкурстар, сабақтардағы жетістіктерін көрсетумен қатар олардың түйінді құзыреттіліктерінің дамуын да қамтамасыз етеді. Портфолионың негізгі мақсаты: оқушының білім алу процесі бойынша есебін ұсыну, оның оқудағы жетістігін бақылау, маңызды білім нәтижесін көру, оқушы жетістігін сапалық және сандық жағынан бағалау болып табылады. Мазмұны бойынша портфолионы 3 моделге де бөледі. Олар:
Құжаттар портфолиосы - сертификатталған жеке білім жетістіктерінің портфелі. Оған жататындар: диплом, грамота, оқушының мектепте және одан тыс белсенділігі мен табысын растайтын басқа да ресми құжаттар.
^ Жұмыс және жоба портфолиосы.
Оқушының әр түрлі шығармашылық және жобалық жұмыстарының жинағы, сондай-ақ оның оқу және шығармашылық белсенділігінің негізгі түрі мен бағыттарының сипаттамасы: ғылыми конференция, конкурстарға қатысуы, факультатив өтуі, спорт пен өнердегі жетістіктері т.б.
Портфолионың осы түрін оқушы жұмысының, суретінің, бейне жазбасының қосымшасы берілетін шығармашылық кітапша ретінде рәсімдеуге болады.
^ Пікірлер портфолиос- оған мұғалімдер, сыныптастар, сондай-ақ өзінің жұмысы мен оның нәтижесі туралы оқушының жазбаша талдауы енгізіледі. Ол қорытынды, пікірлеме, пікір, резюме, ұсыныс хат пакеті түрінде болуы мүмкін.

Портфолио кең білімдік контекісінде оқушының жеке жетістіктерін ақпараттық қамтамасыздандыруға, сонымен қатар оның қызығушылықтарын, қабілеттіліктерін, мәдени тәжірибесінің спектрін құжаттық түрде көрсетуге мүмкіндік береді. Сондықтан мектебімізде жоғарыда көрсетілген түрлердің бірлескен түрін пайдаланамыз. Оқушының құзыреттіліктерін дамыту үшін оқушының портфолиосында оның жетістігі,жасап жатқан жобалары мен зерттеу жұмыстары, білімі мен біліктілігін, жалпы қабілет,бейімін көтеру мен көрсетуге бағытталған жұмыстары да, басқа адамдардың да пікірі болуға тиісті. Портфолио дәстүрлі бақылау-бағалау құралдарын толықтырады, емтихандарды және оқушының білім алу іс-әрекетін бағалаудың тиімді түрі болып табылады. Портфолиоға кіріктірілген жетістіктердің сонымен қатар, портфолионың тұтас бағасы, ол сапалық және сандық болып табылады. Портфолионы енгізу оқушылардың білімдік белсенділігін, өз мүмкіндіктері мен мақсаттарын түсіну деңгейін арттыруға бағытталады. Сол арқылы жоғары сынып оқушыларының әрі қарай білім алуының бағыттары мен түрлерін таңдауда жауапкершілігін нақтылай түседі.Портфолионы жүргізуде оқушылар өздері туралы мәліметтерді беру арқылы өзін-өзі тануға,өзінің жағымды жақтарын білуге үйренеді.Білім сапасына мониторинг жасау арқылы білімі мен біліктілігіндегі жетістіктерді өзі бақылауға мүмкіндік алады. Оқушы өзінің ғылыми, шығармашылық, жобалау жұмыстарын жинақтау арқылы ақпаратпен жұмыс істеуге,оның қажеттісін іріктеуге,талдауға бейімделеді. Бақылау жұмысы ,тест тағы басқа өзінің еңбектерінің жемісін жинақтау арқылы өз біліміндегі олқылықтарды өзі білуге, оны жоюға жұмыс істеу арқылы проблемасын анықтауға, оны шеше білу дағдысы қалыптасады. Сыныптан, мектептен тыс мекемелермен байланысын көрсету арқылы басқа адамдармен қарым-қатынасын, коммуникативтік құзыреттіліктерінің қалыптасу жағдайын көрсетеді. Жетістіктерін жинақтау арқылы өзінің бейімділігі мен бәсекеге қабілеттіліктерін байқатады. Дегенмен портфолиомен жұмыс бір реттік акция түрінде жүргізіліп қалса, оның оқушы құзыреттілігін дамытуда маңызы болмай, альбом немесе әдемі күнделік сияқты ғана роль атқаруы мүмкін. Сондықтан портфолиомен жұмысты жүйелі жүргізіп, оқушыны да үйрету қажет.Сабақ барысында оқушыларға берілген жекелей тапсырмалар, өздері орындаған тест тапсырмалары мен бақылау жұмыстары портфолиоға салынып отырады. Сонымен бірге зерттеу материалдары да портфолиода тұрғаны дұрыс.Оқушыларым барлық материалдарды портфолиоға жинақтап отырады. Әрбір бақылау жұмысынан соң білім сапасының мониторингісі толтырылады.Жыл соңында портфолионың презентациясы өткізіледі. Презентацияға әр оқушы өзінің мақсатын айтып, оған жету үшін жыл барысындағы білім сапасының, басқа жетістіктерін айтады.Жыл басында болған проблемаларын анықтап оны шешу жолдарын көрсетеді. Алдағы басқа да проблемеларын білу арқылы жаңа оқу жылына мақсат та қояды. Басқа сынып оқушылары сұрақтар қойып оқушы туралы біледі. Презентация соңынан «Үздік портфолио »анықталып, номинациялар беріледі.Олар:

  • «Ең үздік»

  • «Шығармашылық»,

  • «Зерттеушілік»

  • «Жетістіктер»

  • «Бәсекеге қабілетті»

  • «Жеңіске деген бағыттылық»

  • «Болашақ үміт».

Оқушылар портфолионы жүйелі жүргізу,қорғау арқылы проблеманы шешуге,ақпараттардың қажеттісін жинақтауға,оны қорғау үшін сөйлеп даярланады. Осылайша олардың түйінді құзыреттіліктері дамиды.

Жүйелі жүргізілген Портфолио басты педагогикалық міндеттерді шешуге көмектеседі:

  • оқушылардың жоғары оқу ынтасын қолдауға;

  • олардың белсенділігін және өзіндік жұмыс істеуін (қолпаштауға) мадақтауға, білім алу және өзіндік білім алу мүмкіндіктерін кеңейтуге;

  • оқушылардың кері байланыстық және бағалаушылық іс-әрекетіндегі дағдыларын дамытуға;

  • оқуға деген біліктілікті қалыптастыру – мақсат қою, жоспарлау және өзінің оқу-әрекетін ұйымдастыру;

  • оқушыларға білім беруді даралауға;

  • оңтайлы әлеуметтендіру үшін қосымша алғы шарттар мен мүмкіндіктерді белгілеуге.



ӘДЕБИЕТ:



  1. Психолого-педагогические стратегии развития субъектности современного подростка. (Интернет, Магистрская работа, 2004)

  2. Субъект – субъектные отношения в детском коллективе. (Н.Л Шальнева, Интернет)

  3. Бастауыш мектептегі портфолио (Әдістемелік нұсқаулық, Астана, 2006)



Похожие:

Түйінді сөздер: оқушы құзыреттілігі, түйінді құзыреттіліктер,портфолио iconТүйінді сөздер: 12 жылдық білім берудегі ойын технологиясы, оқушы құзыреттілігі
Ойын технологиясын қолдану оқушылардың сабақҚа деген қЫЗҒушылығын тілін зейінін дамыту қҰралы
Түйінді сөздер: оқушы құзыреттілігі, түйінді құзыреттіліктер,портфолио iconКисметова Л.Қ. №1 қазақ орта мектебі
Түйінді сөздер: құзырет, проблемаларды шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктер, дамыта оқыту технологиясы
Түйінді сөздер: оқушы құзыреттілігі, түйінді құзыреттіліктер,портфолио iconТүйінді сөздер: дамыта оқыту технологиясы, оқушы субъектісі, субъектінің компоненттері

Түйінді сөздер: оқушы құзыреттілігі, түйінді құзыреттіліктер,портфолио iconТүйінді сөздер: оқушы портфолиосы,оқушы субъектілігі. Дарыбаева Р.Қ
Мұғалім міндетті түрде ықпал объектісін ғана көріп қоймай, жасаған ықпалының нәтижесін де көргені абзал. Н. К. Сергеев тоқталған...
Түйінді сөздер: оқушы құзыреттілігі, түйінді құзыреттіліктер,портфолио iconЖиенбаева Дана Болатбекқызы
Түйінді сөздер: Құзыреттілік, Проблемалардың шешімін табу құзыреттілігі, Ақпараттық құзыреттілік, Коммуникативтік құзыреттілік, «Merits»...
Түйінді сөздер: оқушы құзыреттілігі, түйінді құзыреттіліктер,портфолио iconТүйінді сөздер: оқушының ақпараттық құзыреттілігі, сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Тарих сабағында оқушылардың АҚпараттық ҚҰзыреттілігін дамытудағЫ Қосымша материалдарды пайдалану жолдары
Түйінді сөздер: оқушы құзыреттілігі, түйінді құзыреттіліктер,портфолио iconТүйінді сөздер: сто технологиясы,ақпараттық технология,оқушы субъектісі
ОҚушының субъект ретінде қалыптасуындағы сто және ақпараттық технологисының маңызы
Түйінді сөздер: оқушы құзыреттілігі, түйінді құзыреттіліктер,портфолио iconВ. В. Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз ақыл ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай,қорытындылай алу дағдысы» дейді. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұста
Түйінді сөздер: Дамыта оқыту технологиясы, құзыреттілік,проблеманы шешу,ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктер
Түйінді сөздер: оқушы құзыреттілігі, түйінді құзыреттіліктер,портфолио iconТүйінді сөздер: оқушының коммуникативтік құзыреттілігі, сын тұрғысынан ойлау технологиясы
ОҚушының коммуникативтік қҰзыреттілігін қалыптастырудағы сын тұРҒысынан ойлау технологиясының маңызы
Түйінді сөздер: оқушы құзыреттілігі, түйінді құзыреттіліктер,портфолио iconТүйінді сөздер: Сыни тұрғыдан ойлау және жазу жобасы, оқушының негізгі құзыреттілігі, коммуникативтік құзыреттілік
Згеріске толы бүгінгі жауапты кезеңде замана көшінен қалмай уақыт талабына сай ертеңгі болашақ ұрпақты білімді етіп тәрбиелеу ұстаздарға...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы