ОҚушыны ойлауғА Үйрету icon

ОҚушыны ойлауғА Үйрету



НазваниеОҚушыны ойлауғА Үйрету
Дата конвертации26.01.2013
Размер70.39 Kb.
ТипДокументы
источник

Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудағы шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру.


Қайназарова.И.М.

«№16 орта мектеп»ММ


ОҚУШЫНЫ ОЙЛАУҒА ҮЙРЕТУ.

Қазіргі заманғы педагогикалық ой-тұжырымдарда гуманизм идеялпры еркін білім беру,оқушының жеке тұлғалық күшін дамыту,оның шығармашы- лық мүмкіндігінің дамуы басты рөл атқарып отыр.Олай болса,қазіргі ұстаз- дар қауымының алдындағы үлкен мақсат :өмірдің барлық саласында белсен- ді, шығармашылық іс-әрекетіне қабілеттіеркін және жан-жақты тұлға тәрбие- тәрбиелеу.Өмірдегі сан алуан қиындықтарды шеше білу тек шығармашыл адамның қолынан келеді.Шығармашыл тұлға бойында батылдық,еркіндік, ұшқырлық,сезімталдық сияқты қасиеттермен қатар ерекше ой-қызметі, қайшылықтарды түсіну,заңдылықтарды анықтау,шығармашылыққа деген құштарлық болу керек.

Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту үшін бірнеше шарт орын-далуы тиіс.Олар:

-Шығармашылық қабілетін дамытуды ерте жолға алу;

-Жүйелі түрде шығармашылықәрекет жағдайында болуы;

-Ойлау мүмкіндігінің ең жоғары деңгейіне жетуі;

-Шығармашылық іс-әрекетіне жағдай тудыру;

Оқушының шығармашылық іс-әрекетіне жағдай тудыру дегеніміз-оқушы-ны ойлай білуге үйрету екені сөзсіз.Мектеп табалдырығын жаңа аттаған бүл-діршіннен шығармашылық іс-әрекетті талап етпес бұрын, оны соған үйрет-кен жөн.

Оқушының шығармашылығына бағыт-бағдар беруде ең алғаш білім мазмұ-нына енгізген М.Жұмабаев болатын.Ол балалардың ойларын дамыту туралы «Ойлау жанның өте бір терең қиын ісі»-деп ата көрсете келеіп,мұғалім бала-ныңойлап үйренуіне көп күш жұмсау керектігін ескертеді.

Ойлап үйрену туралы айтқанда оқушың зейінін,есін,қиялын,интелектісін дамыту туралы айтқанымыз жөн болар.Себебі осы қабілеттерін дамыта оты-рып ,ойлау қабілетін жоғарғы деңгейге көтеруге болады.Ол қандай дәрежеде дамығанын арнаулы сынау тапсырмалары арқылы анықтап алып,содан кейін оның қорытындысына сапалық талдау жасай отырып,осы қабілеттерді жат-тықтыру және дамыту жұмысына кірісуге болады.

Бірінші сыныпта сауат ашу пәнінің басты мақсаты-оқу және жазу дағдылары қалыптасқан, алғашқы тілдік мағлұматтарды, сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгерген, байланыстырып сөйлей алатын; ана тілін сүйетін, адамгершілік, Отансүйгіштік сезімдері қалыптасқан, шығармашылыққа бейім жеке тұлғаның қалыптасу мен дамуына мүмкіндік жасау.

Әліпе кезеңі: оқу және жазу дағдыларын қалыптастыру; байланыстырып сөйлеу тілін дамыту.

Әліппеден кейінгі кезең: оқу және жазу дағдыларын жетілдіру, байланыстырып сөйлеу тілін дамыту, алғашқы грамматикалық мағлұматтарды меңгерту болып табылады.

Алайда сауат ашу кезеңінен кейін төмендегідей қиыншылықтарға кездесетініміз бәрімізге мәлім.

Жазба жұмыстарында :

-көшіріп жазу кезінде әріп тастау,сөйлемнің соңғы сөздерін немесе сөздің соңғы буынын тастап кету,өзіндік жұмыстардың 3 деңгейлік тапсырмаларын шала орындауы;

Ауызша берілетін жұмыстарда:

-мәтіннің мазмұнын өз сөзімен айтып беруге қиналуы;

-өлең жаттауға ынталарының болмауы;

-берілген тапсырмаларды орындамауы.

Осы байқалған олқылықтарды жөндеу үшін ,оқушылардың зейінін,есте сақтауын,ойлауын,өзінің іс-әрекетінің бақылауын,жүйелеуін зерттеуге арналған жұмыс түрлерін жоспарладым.


Диагностикалау Қорытындылау Жаттығу жұмыстары Қорытындылау,

мониторинг . мониторинг.


Жеке оқушымен

Сыныппен жұмыс Шағын топпен жұмыс

Жұмыс

Оқушылардың зейінін бақылау ,дамыту үшін «Эльконинннің графиктік диктантын» қолдандым.

а.Графиктік диктанттар бастауыш сыныптарда баланың қолын жаттықтырып, ойлау қабілеттерін дамыту үшін ,кеңістік туралы ұғым беру,есептеу дағдылаларын дамытады.

Сонымен диктант соңында сұрақтар беріп ,тереңдетіп алсақ,онда бөлшек кестелік көбейту,көбейту заңдары,амалдардың орындалу тәртібі сияқты түсініктер мен заңдылықтарды нақтылауға болады.

Диктант оқушылардың сөйлеу дағдыларын,заттардың орналасу ретін білу,ойлау дағдыларын дамытып қана қоймайды,ол баланың математикалық сөздік қорын дамытады,математикалық терминдерді дұрыс қолдануды үйретеді.Сондай-ақ баланың фигураларды жазықтықта дұрыс орналастыруға,яғни мектепте өтілетін геометрия,сызу сабақтарын жеңіл түсінуге ұғынуға көмектеседі,оқушының шығармашылық қабілеті дамиды.

Әр цифрмен танысқан сайынграфикалық диктант жүйелі түрде жүргізіледі.


Бірінші диктантта фигура тек жоғары,төмен нұсқауларынан тұрады.Екінші диктантта да шамалы өзгерістер болады.Осылай әр өткізген сайын өзгеріп,күрделенеді.

ә.Оқушының зейінін жаттықтыруға және дамытуға арналған келесі «Шытырман»тапсырмасы.

Бұл суреттерде : Ағашта нан өсіп тұрады,иттің үйшігінде торғай тұрады,ба-нан жерде өседі.т.б.

Бұл суреттерден бала қателіктерді тауып айту керек.

б.Келесі тапсырманың түрі ол Шульте кестесі.Бұл тапсырманың мақсаты:оқушының зейінін тұрақтандыру.

1.Цифрларды өсу ретімен атау.

2.Кему ретімен атау.1-2 сыныпүшін.


5

14

12

23

2

16

25

7

24

13

11

3

20

4

18

8

10

19

22

1

21

15

9

17

6
3.Тақ және жұп сандарды өсу ретімен атау.

3-4 сыныптар үшін.

4.Топтасып жұмыс істеу.Цифрларды кезектесіп атау.
в.Сондай-ақ «Баспалдақ» ойыны да балалардың зейінін тұрақтандыруға бағытталған.1,2,3,4,5 цифрларын оқушыларға таратып беремін.Тақтадағы қалташаларда құстардың орындары өзгертіліп қойылады.Оқушылар өздеріндегі цифрлар бойынша құстардың суреттегі ретімен өз орындарына тұра қалады.

г.Оқушыларға өлең оқып,өлеңде «қораз»сөзі неше рет, «тауық»сөзі неше рет айтылғанын санап отырады.

Қораз

Ақ қораз-ау,ақ қораз,

Сауысқандай сақ қораз.

Таң атқанша шақыр да,

Тауықтарды бақ ,қораз.

Есте сақтау қабілеті бірнеше түрде болады:

а.Есту арқылы. ә.Көру арқылы. б.Іс-әрекет

Есте сақтау қабілетін дамыту үшін ,таңбалар қатары беріліп есте сақтауы сұралады.Әр таңбаны өз орнына қою керек.


/


+


-


*















5


8


2


6


4


3


2


1




к

а

п

ә

м

ұ

ғ

Оқушының әр жұмысы қорытындыланып отырады.

ә.Есте сақтау қабілетін дамыту үшін «10 сөз»деп аталатын тестік жұмыстар беріледі.

Оқушыға бір,екі буынды бұрыннан таныс сөздер оқылады.Содан соң ойында қалған сөздерді жазу ұсынылады.

Мысалы:Су,от,ара,үй,ине,аға,бас,от,ара,ну.

Бес рет оқылғанда оқушы он сөзді есіне сақтап жазса,бұл өте жақсы нәтиже болады.

Есте сақтау қабілетін ары қарай дамыту үшін осы тапсырмаларды түрлен-іріп,күрделендіріп беру керек.

Сонымен жоғарыдағыдай тапсырмаларды орындау

-оқушының психо-физиологиялық ерекшеліктерін бақылау,оның деңгейін анықтауға мүмкіндік береді;

-Оқушының осы қабілеттерін дамыту және жаттықтыру жұмыстарының нәтижесінде деңгейлері көтеріледі;

-осы тапсырмаларды пәндерге бейімдеп қолданып,оқушының пәнге қызығушылығын арттыруға болады;

-оқушының білім сапасы артты;

-оқушылардың логикалық ойлауы,шығармашылық іс-әрекетке қабілеті артты;

-осы жұмыстармен ата-аналарды таныстырып,оларға ақыл-кеңес беруге болады;

-оқушының ерекше қабілеттілігін ерте айқындауға мүмкіндік береді

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

1.Бастауыш сыныпта оқыту.№3 ,2009 ж.

2.Жұмабаев М.Педагогика.А.,1992 ж.

3.Досмаханова Ә.,Абдуллаева Б.,Оқушылардың танымдықжәне ақыл-ой белсенділігін арттыру.//Қазақстан мектебі,№1,2003 ж.

4.Бижанова С.Оқыта үйрету ойындары //21 ғасыр мектебі.-2003ж,№3,4.//





Похожие:

ОҚушыны ойлауғА Үйрету iconОқушыны субъект ретінде дамыту зерттеу-ізденушілік жұмыстарды
Зерттеу – ізденушілік жұмыстарын ақпараттық – коммуникативтік технология негізінде ұйымдастыру арқылы оқушыны оқушыны субъект ретінде...
ОҚушыны ойлауғА Үйрету iconСабақтың тақырыбы: Қазақ тіліне тән дыбыстарды ойын,сұлбалар, дыбысталу жаттығулары арқылы таза анық дыбыстауға үйрету. Сабақтың мақсаты
Балаларға үйретілетін ерекше дыбыстарды жекелей және сөз ішінде дұрыс атауға үйрету
ОҚушыны ойлауғА Үйрету iconТөтенше жағдайлар саласында хабардар ету, бiлімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету
Андарды оқытып-үйрету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Қазақстан Республикасы...
ОҚушыны ойлауғА Үйрету iconБ. А. Камзина «№10 мектеп гимназия»ММ
ОҚушыны жеке тұЛҒа ретінде қалыптастыруда тілдің грамматикасын коммуникативтік бағытта оқыту жолдары
ОҚушыны ойлауғА Үйрету iconТақырыптың өзектілігі
«ОҚушыны шығармашылық ЖҰмыстар арқылы өзіндік дамуының жеке тұЛҒа ретінде жан-жақты қалыптасуына жағдай туғызу»
ОҚушыны ойлауғА Үйрету iconЗерттеу нысаны: 9 «Б» сыныбының оқу – тәрбие үрдісі. Зерттеу пәні
Оқушыны өзін-өзі дамыту дағдыларын қалыптастырудың субъектіні жетілдірудегі ролі
ОҚушыны ойлауғА Үйрету iconБиоинформатика және синергетика технологиясы. Сапа көрсеткіші
...
ОҚушыны ойлауғА Үйрету iconЖаңа білім беру жағдайында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыта отырып, жеке тұлғаны қалыптастыру
Тарих пәні арқылы оқушыны субъект ретінде өз бетімен жұмыс жасау дағдысы негізінде жеке тұЛҒаны қалыптастыру
ОҚушыны ойлауғА Үйрету icon82 жалпы білім беру орта мектебі Тақырыбы Ата-анамен жұмыс Орындаған: Абугалиева С. Н
Тәрбие саласында ата-анамен жағымды қарым-қатынасты реттеуде ұстаз небір қиыншылықтарға тап болып жатады. Қазіргі жаңа педагогикалық...
ОҚушыны ойлауғА Үйрету iconТақырыбы: Жүзден жүйрік. Мақсаты
Міндеті: Оқушыларды шапшаңдыққа,адамгершілікке тәрбиелей отырып,бір-біріне достық қолын созуға,саналыққа үйрету
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы