Тұрқанова Нұргүл Табаракқызы icon

Тұрқанова Нұргүл Табаракқызы



НазваниеТұрқанова Нұргүл Табаракқызы
Дата конвертации26.01.2013
Размер84.93 Kb.
ТипДокументы
источник

Білім берудің жаңа технологиялары. Білім берудің жаңа технологияларын оқу үрдісіне енгізу. Білім беру технологияларын оқу үрдісіне енгізудің тиімділігі.

Тұрқанова Нұргүл Табаракқызы

ММ «№ 20 орта мектеп»

БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ОҚУ ҮРДІСІНЕ ЕНГІЗУДІҢ ТИІМДІЛІГІ

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті-ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау керек» деп атап көрсетілген. Сонымен қатар Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауында «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі» деп атап көрсетуі педагогикалық үрдістің сапасын үнемі арттырып отыруды талап ететіндігін көрсетеді. Демек,заман талабына сай бәсекеге қабілетті жас ұрпақты тәрбиелеуде, оқушыларға қажетті білімді меңгертудің тиімді жолдарын, әдіс-тәсілдерін талмай іздеу-әр ұстаздың міндеті. Әрбір педагог өз жұмыс тәсілі мен формасын,өз педагогикалық технологиясын таңдай отырып, білім алушылардың білімін жетілдіру бағытында жұмыс істеуі керек.Осыған байланысты әр түрлі әдістерді қолданудың қажеттігі туындайды.

Қазіргі кезеңде республикамызда білім берудің жаңа жүйесі жасалып,әлемдік білім беру кеңістігіне енуге ұмтылыс бар. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып

отыр: білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып,жаңа көзқарас,жаңаша қарым-қатынас пайда болды[1].

Қазіргі ақпараттық қоғам барлық типті оқу орындарының,оның ішінде жалпы орта білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындары алдына мынадай міндеттер қойып отыр:

-қажетті білімді өз бетінше ала отырып пайда болған алуан түрлі мәселелерді шешу үшін оларды тәжірибеде біліктілікпен пайдалануға, өзгеріп отырған өмір жағдайларына оңай бейімделуге;

-дербес сыни тұрғыда ойлай білуге,білім беру барысында кездескен өзекті мәселелрді көре білуге,білім беру барысында кездескен өзекті мәселелерді көре білуге және жаңа технологияларды пайдалана отырып оларды шешудің тиімді жолдарын табуға,өзінің алған білімдерін қоршаған ортада қай жерде, қалай пайдалануға болатынын саналы түрде түсіне білуге;

-әр түрлі әлеуметтік топтарда коммуникабелді,тез тіл табыса алатындай болуға,кез келген жанжалды жағдайлардан біліктілікпен шыға алуға;

-өз адамгершілік қасиеттерін,интеллектісін,мәдени деңгейін дамыту бойынша өз бетінше жұмыс жасауға қабілетті бітірушілерді дайындау.

Мұның өзі еліміздегі білім беру жүйесінің бұрынғы қалпында қала алмайтындығын,оның әлемдік тәжірибелерді негізге ала отырып даму қажеттігін көрсетеді.

Қазіргі жағдайда еліміздің білім беру жүйелерінде жаңа адамды қалыптастыру бағытында сан алуан жұмыстар жүргізілуде. Оның ең бастыларының бірі де бірегейі-білім мазмұнын ұлттық негізде жетілдіре отырып білім мен тәрбиені ұлттық рухта әлемдік жүйеге жақындастыру. Сондықтан оқу-ағарту саласының оқу үрдісіне жаңа технологияларды кең көлемде енгізу талап етіледі.

Қазақ мектебінің басты мақсаты-жас ұрпақтың терең білім алып,ой-өрісін өсіріп,шығармашылықпен жұмыс істей алуына жағдай туғызу, сөйтіп әрбір оқушының өзін-өзі дамытуына, өз мүддесі мен қызығуын қанағаттандыруына ынталандыру,бойындағы қабілетіне сай білімін ұштауына ықпал жасау.

Оқу үрдісінің өзін технологияландыруды «0қытуды технологияландыру» немесе «педагогикалық технология» деп атайды. Осы екінші мәселе бала оқыту үрдісінің жалпы заңдылықтарына сүйеніп,оның бірыңғай тиімді жүйесін құру, оқу және оқыту қызметтерін толық қамтамасыз ету жағдайларына байланысты педагогикалық зерттеу нысанасына айналып отыр.

Ғалым Г.Хайруллин «Педагогикалық технология-педагогикалық үрдісті ұйымдастыру мен жүзеге асырудың жобасы» деген пікір айтады.

Оқытудың педагогикалық жаңа технологияларының барлығы дерлік оқушының өз бетінше білім алуын ұйымдастыруға бағытталған. Педагогикалық технологияларды тиімді қолдану адамның қайталанбайтындығын қолдаумен бірге тұлғаның дамуын алдын ала байқауға және болжауға бағытталуы тиіс.

Айтылған мәселелер бойынша оқытудың мазмұнына,мұғалімнің іс-әрекетіне, оқушының даму деңгейіне, оқушының оқу әрекетіне, т.б. ерекше назар аударылған. Қазіргі уақытта білім мазмұнын жаңарту мен сапасын жаңа деңгейге көтеру мақсатында оқытудың педагогикалық технологиялары арқылы оқыту әдістерінің 50-ге жуық үлгілері ұсынылып,мектеп тәжірибесіне енгізіле бастады[2]

Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан,олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі-теориялық негізде орындалуы, екіншісі-тәжірибемен жүзеге келуі.

Бүгінгі таңда таңда қазақстандық ғалымдарымыз Ш.Қаланова, Ж.Қараев, Ж.Кобдикова. Ш.Таубаева, Қ.Қабдықайыров, С.Лактионов, М.М.Жанпейісова, Ә.Жүнісбек, Қ.Нағымжанова, С.Көшімбетова және т.б. ғалымдарымыздың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан-жақты қарастырылды. Технологиялардың көп түрлілігі оны жүйеге келтіруді және топтастыруды талап етеді. Бұл мәселелерді А.Савельев, В.Безрукова, Г.Ксензова, Г.Селевко, В.Юдин және басқалар қарастырған.

Жоғарыда келтірілген ғалымдарымыздың еңбектерімен таныса отырып,оқытудың жаңа технологияларын бағыттарына қарай жіктеп, төмендегідей топтастыруға болады.

1 кесте «Жаңа технологиялар»




Бағыттары

Түрлері

Авторлары

1

Педагогикалық үрдісте жеке тұлғаның бағыты негізіндегі технология

Педагогикалық қарым-қатынас

Ы.Алтынсарин

Ізгілікті-тұлғалық технологиясы

Ш.Амонашвили

Әдебиетті адам қалыптастыру пәні ретінде оқыту

Е.Ильина

2

Оқушылардың іс-әрекетін белсендіру және қарқындату негізіндегі технология

Тірек белгілері негізінде оқыту

В.Шаталов

Ойын арқылы оқыту технологиясы

В.Коваленко

Проблемалық оқыту технологиясы

М.Махмутов,

А.Матюшкин,

В.Оконь

Коммуникативтік қарым-қатынас

Е.Пассов

3

Оқу үрдісін тиімді ұйымдастыру және басқару

Деңгейлеп-саралап оқыту

Ж.Қараев,

Г.Селевко

Компьютерлік оқыту

Қ.Ағанина,

М.Жүсібалиева

Бағдарламалап оқыту

В.Беспалько

4

Жеке пәндік технология

Сауаттылыққа ерте тәрбиелеу

А.Кушнир

Сатылай талдап оқыту

Н.Оразақынова

Өздігінен дамыту технологиясы

М.Монтессори

5

Табиғи байқағыштық

Табиғи байқағыштық арқылы сауаттылыққа тәрбиелеу

А.Кушнир

Өзіндік дамыту

Т.Семеко

6

Дамыта оқыту

Дамыта оқыту жүйесі

Л.Выготский.

В.Заньков.

Д.Эльконин.

В.Репин

Жеке тұлға бағытындағы дамыта оқыту

И.Якиманская

Оқыту технологиясы оқу мазмұнын өңдеуге,көлемі мен мақсатын тұжырымдауға арналған әдістер мен құралдардың жиынтығы болса, екінші жағынан, оқытушының оқыту үрдісінде қажетті ақпараттық,техникалық құралдары пайдаланып, оқушыға оң әсер ету әдістерін зерттейді. Демек,оқыту технологиясы-педагогикалық әрекеттерді ғылыми-әдістемелік, іс-тәжірибелік негізде нәтижелі болатындай етіп,жоспарлы түрде ұйымдастыру.

Білім беру тәсілдерін инновациялық технологиялар негізінде жетілдіру, оқыту мен тәрбиелеу ісін ізгілендіру,ұлттық ерекшеліктерді ескере отырып даралап,саралап оқыту арқылы оқушыны дамытуда білім,білік,дағдыны жетілдіруге негізделген білім беру педагогикада адамның өзін тануын және тұлғаның психикалық,физикалық саулығын қамтамасыз ету мәселелерін алға шығарып отыр. Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту-бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Оқытудың бұл формасы алдына нақты және бағдарланған мақсат қояды. Сондай мақсаттарының бірі-оқу үрдісінің өнімділігін арттыратын оқушының ақыл-ой емелдіктерін,өз жетістіктерін сезінетіндей жайлы жағдай тудыру. «Интерактивтік оқыту»1990 жылдары интернет желісінің дамуымен байланысты пайда болды. Осыған орай,көптеген ғалымдардың түсіндіруінше,интерактивті оқыту компьютер және интернет желісін пайдалану арқылы оқыту дегенге саяды.

Оқушының қай ортада болсын өзіндік әрекеттерді ұйымдастырып, оны басқарушы бола алатындай дәрежеге жеткізу үшін білім мазмұнын даму тенденциялары мен оқу үрдісін инновациялық технологиялар негізінде ұйымдастырып, сабақтың түрлері мен әдіс-тәсілдерін білімділік ұстанымы тұрғысында жетілдіру қажет.

«Инновациялық технологиялар» тіркесі бүгінгі күні педагогикада, оқу-тәрбие үрдісінде ең жиі қолданылатын ұғым болып отыр. Белгілі ғалым М.Поташник «Инновация – оқу бағдарламасын меңгертуде мұғалімнің оқытудың жаңа әдістемелері мен технологияларын тиімді игеруі» деген анықтама берсе, Н.Талызина «Инновациялық технологияларды қолданудағы негізгі міндет: сабақ үрдісінде белгіленген мақсатқа жетуде ең тиімді әдістерді таңдай білу» деп анықтайды.

Ұстаз үшін ең басты мәселе – оқыту әдісін дұрыс таңдау.

Педагогикалық технологиялардың түсініктемелері мен алуан түрлі анықтамаларын талдай отырып, барлық технологиялардың айрықша ерекшеліктері туралы төмендегідей қорытынды жасауға болады:

  • оқытудың микромақсаттарының, мақсаттарының айқын, нақтылы анықталуы;

  • нәтижелердің жетістігіне бағытталуы;

  • тәрбиелеу мен оқыту субъектілерінің іс-әрекеттерінің әрбір кезеңдері бойынша қадамдық құрылымының анықталуы;

  • мониторинг, аралық және соңғы нәтижелерді бағалау;

  • тәжірибенің қайталануы мен алмасуы [3].

Барлық жастағы оқушыларға кез-келген мазмұнға сыни тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға «Сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясының пайдасы өзім сабақ жүргізетін сыныптарда оңды нәтиже беруде. «Сын тұрғысынан ойлау – сынау емес, шыңдалған ойлау». Бағдарлама қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Қызығушылықты ояту бұрынғы білетін мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Мағынаны тану – жаңа ақпаратпен танысады. Ой толғаныс – осы кезеңде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Толғануды тиімді пайдалануға «Бес жолды өлең», «Венн диаграммасы», «Еркін жазу» стратегиялары қолданылады. Осы технологияны қолданған «Адам – табиғат перзенті» тақырыбында: «Ой шақыру – Табиғат деген не? топтау әдісі пайдаланылады.

Сурет 1 «Табиғат»




Ой толғаныс: «Өлі және тірі табиғатты» Венн диаграммасы арқылы салыстыру.

Сурет 2 «Өлі және тірі табиғат»



Осы келтірілген мысалдар оқушылардың білім сапасының артуына зор ықпалы бар.

2009-2010 оқу жылындағы 4 «А» сынып оқушыларының білім сапасының көрсеткіші:

І т

57%

ІІ т

63%

ІІІ т

77%

ІV т

82%





Әдебиеттер


  1. «Қазақстан мектебі» // 2010 жыл.

  2. Мұғалім // Интернет сайтынан, 2010 жыл.

  3. В.С.Кукушкин. Педагогикалық технологиялар. Алматы.2002.



Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы