Назарбаева М. К «А. Байтұрсынов атындағы №20 мектеп» мм icon

Назарбаева М. К «А. Байтұрсынов атындағы №20 мектеп» мм



НазваниеНазарбаева М. К «А. Байтұрсынов атындағы №20 мектеп» мм
Дата конвертации26.01.2013
Размер70.74 Kb.
ТипДокументы
источник

Назарбаева М.К

« А. Байтұрсынов атындағы №20 мектеп» ММ

БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ СӨЗДІК ҚОРЫН ДАМЫТУДЫҢ ЖОЛДАРЫ

Ана тілі пәні арқылы оқушылардың сөйлеу мәдениетін дамыту.

Оқушыларды өз ана тілінде таза сөйлеуге баулу, сөздік қорын, сөйлеу тілдерін дамыту. Әр түрлі әдебиетті зерттеу барысында сөйлеу деген ұғымға анықтама беру. Сөйлеу мәдениетін дамытуға байланысты ғалымдардың ой-пікірімен танысу. Оқушылардың сөйлеу дағдысын дамытуға байланысты педагог ғалымдардың іс-тәжірибесімен танысу. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыруға арналған нәтижелі әдіс-тәсілдерді іріктеп белгілеу.Қазіргі егеменді еліміз кемелденген заманда жас ұрпақ терең сапалы білімді болуы және өз ана тілдерінде таза сөйлеулері қажет.

Мектепте оқу – тәрбие үрдісін дұрыс ұйымдастырудың бірден-бір жолы сапалы білім берумен қатар, сол білімді алуға оқушылардың қызығушылығын ояту, өз ана тілдерінде таза сөйлеуге баулу. Бүгінгі мектеп қабырғасында жүрген оқушылар еліміздің ертеңі, ұлтымыздың болашағы екені даусыз. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңына сәйкес «Әр баланың жеке қабілетіне қарай интеллектуалдық дамуын, жеке тұлғаның дарындылығын, талантын, қабілетін дамыту» сияқты өзекті мәселе енгізіліп отырғаны белгілі. Қазіргі басты міндеттердің бірі – жеке тұлғаны қазіргі өмірге тез бейімделіп кетуіне көмектесетін біліммен, икемділікпен қамтамасыз ету өз ана тілінде дұрыс, таза сөйлеуге машықтандыру. Сондықтан әр шәкіртін өз ана тілін сыйлауға, құрметтеуге, мақтан тұтуға, таза сөйлеуге үйрету, ойына өзгеріс енгізіп, сапасына сілкініс туғызу, біздерге, яғни ұстаздар қауымына байланысты.

1. Тақырыптың ғылыми-теориялық негізі.

Қазіргі таңда өз ана тілінде таза сөйлеу - әрбір адамның ұлттық мақтанышы, жан азығы. Өз тілін, өз ата-бабасын, өз топырағын менсінбеген ұрпақтан жақсы азамат шығады деп айтуға болмайды. Сондықтан мемлекетіміздің даму барысында ана тілінде таза, мәдениетті, дұрыс сөйлейтін ұландарды тәрбиелеудің ролі орасан зор. Бірқатар ғалымдардың сөйлеу мәдениетін дамыту жөніндегі пікірлеріне сүйенетін болсақ, тіл білімінің атасы А. Байтұрсынов «Қандай сәулетті сарайлар болсын қандай сымбатты кескінді суреттер болсын, қандай әдемі ән болсын- сөзбен сөйлеп, суреттеп, көрсетуге болады.. Бұл өзге өнердің қолынан келмейді. Ал басқа өнердің бәрінің де Алтынсарин: «Сөйлеу мәдениетін дамыту – оқушының мектеп қабырғасына келгендегі сөз қорын одан ары дамыту, байыту» десе, психолог Н.Жинкин

« Сөйлеу – интелектінің даму каналы», деп тұжырымдайды. К.Д. Ушинскийдің ізбасары, белгілі әдіскер Н.Ф. Бунаков «Бастауыш мектептің негізгі пәні деп, шынын айтқанда ана тілін есептеу керек» деп көрсеткен екен. әдіскер – ғалым С.Рахметовада ана тілі пәні арқылы оқушылардың сөздік мәдениетін дамытудың негізгі үш бағытын көрсеткен. Олар:

  1. Оқушылардың сөздік қорын дамыту (жаңа сөздер үйрету, мақал – мәтел, жаңылтпаш, жұмбақ).

  2. Сөз тіркесі, сөйлемдермен жұмыс.

  3. Байланыстырып сөйлеуге үйрету, ауызша, жазбаша әңгіме, мәнерлеп оқу, мазмұндама, шығарма жазу.

Тіпті тарихи деректерге сүйенсек ежелге патша сарайларында да балаларды оқытқанда ең алдымен сөз өнеріне баулыған екен. Ондағы мақсат өз ұлтының тілін білетін, құрметтейтін тұлға қалыптастыру болған. Ана тілін оқытуда ғалымдардың А. Байұрсынов, Ы.Алтынсарин, Ф.Бунаков,С. Рахметова, Н.И. Жинкин ойлары біздің көңілімізге, ойымызға сай келетін секілді. Осы ғалымдардың пікірлеріне сүйеніп жеке тұлға дайындауда ана тілі пәнінің маңызы зор екенін атауға болады. Ғалымдардың пікірлері сараптай келе мынадай мақсаттарды көздеуді ұйғардым:

  1. Ана тілі пәні арқалы оқушыларды өз тілінде таза сөйлеуге үйрету.

  2. Олардың сөздік қорын, ауызша және жазбаша сөйлеу тілін дамыту.

  3. Сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, шығармашылық пен еңбектенуге баулу.

4.Тақырып бойынша зерттеу, практиклық жұмыстар.

Алдыға қойған мақсаттарды жүзеге асыру үшін ең алдымен байқау сыныбына 4 «Ә» сыныбын және экспиремент алды сыныбына 4 «М» сыныптарын белгілеп, осы сыныптардан арнай тексеру, бақылау жұмыстарын мектеп психологы арқылы жүргіздім. Ең алдымен екі сыныптың да жыл басында ауызша дағдыларының деңгейлік көрсеткіштері тексерілді. Ол мынадай қорытындыны байқатты:


1 кесте «Жыл басындағы ауызша дағдыларының деңгейлік көрсеткіші»





4 «М» сыныбы (Экспиремент)

4 «Ә» сыныбы (Байқау)

Мәнерлеп оқулары

36%

35%

Өз ойларын жеткізулері

33%

30%

Әдеби тілде сөйлеулері

25%

23%

Мәтінмен жұмыс істеулері

38%

35%


Өз ана тілі сабақтарында осы ауысша деңгейлік көрсеткіштерді жоғарғы сапаға жеткізу үшін Тәй – Тәй бағдарламасының әдістерін пайдаланып жұмыс істеп келемін.

Тәй – Тәй бағдарламасының басқа технологиялардан еркшелігі:

  1. Таңертеңгі жиын өткізу.

  2. Орталықтарға бөлініп жұмыс істеу.

  3. Кіріктірілген сабақтар жүргізу.

  4. Тақырыптық оқыту.

Оқушыларды сабаққа деген қызығушылығын артырса, екіншіден өздігінен сөйлеуге, ойын айтуға, қорытынды жасай білуге, еркін сөйлеуге жетелейтініне көзім жетті. Әрбір ана тілі сабағында оқушыларды шығармашылықпен жұмыс істеуге, қызығушылықпен қатысуға бағыттаймын. Оларды 1 – ші сыныптан бастап ойларын айта білулеріне, бірін – бірі тыңдауларына байланыстырап сөйлеулеріне ерекше назар аудардым. Сабақ барысында оқушылардың сөйлеген сөздерінде жиі кездесетін кемшіліктерді байқадым. Олар:

  1. Ойларын анық жеткізе алмаулары.

  2. Мәтінді мазмұндағанда бір деректі айтпай, басқаға ауысып кету.

  3. Байланыстырып сөйлей алмаулары.

Оқушының жіберген кемшіліктерін ескере отырып өзіме мына жайларды ескердім:

  1. Тапсырманы бала ұғымына сәйкес түсінікті болуы, себебі баланың түсінбей қалған сөзі топастықтың алғашқы бастамасы.

  2. Тапсырманың тәрбиелік мәніне көңіл бөлу.

  3. Тапсырма бала қызығушылығын оятатындай деңгейде болу.

Егер бала қызықса, білгенімді айтам деп талпынса, сөйлеуге деген қажеттілігі артатынын байқадым, ал мәтіндермен жұмыс істеген кезде мәтінге байланысты нақты сұрақтар қоюға, түсініксіз сөздермен жұмыс жасауға, аяқталмаған ойды жалғастырып айтуға үнемі көңіл бөліп отырдым. әр оқушының өлеңді немесе мәтінді дауыс ырғағын сақтай отырып мәнерлі оқу арқылы, әдеби шығармалар арқылы ана тілінің байлығын, адамның жан дүниесін тебірентетін құдіретті күшін эмоциялық қасиетін байқай білуге машықтаймын. Сонымен қатар 4-сыныптар арасында мәнерлеп оқу үйірмесін жүргізіп келемін. Жүйелі түрде істелінген жұмыстардың нәтижесінде екі бастапқы сыныптан қайтадан сауалнамалар, тестер алынды.

Екі сыныптан да алынған ауызша дағдыларының деңгейлік көрсеткіші мынадай қорытындыға әкелді.


2 кесте «Ауызша дағдыларының деңгейлік көрсеткіші»





4 «М» сыныбы (Экспиремент)

4 «Ә» сыныбы (Байқау)

Мәнерлеп оқулары

45%

40%

Өз ойларын жеткізулері

50%

34%

Әдеби тілде сөйлеулері

38%

31%

Мәтінмен жұмыс істеулері

53%

41%


Экспиермент аяғында алынған сөздік қорларының салыстырмалы мониторингін мына кестеден көруге болады.


3 кесте «Сөздік қорларының салыстырмалы мониторингі»





Экспиременталды сыныбында сөздік қорларының дамуы 57 %, ал байқау сыныбында 41% көрсеткішті көрсетті. Ана тілі пәні бойынша өткізілген мектепшілік, қалалық сабақтарда оқушылардың сөйлеу мәдениеттілігі жоғары екендгін, өз ойларын нақты айтып дәлелдей білетіндіктерін, шығармашылық қабілеттері мол екндігін көрсете алдым.

Зерттеу соңында сынып оқушыларынан «Ана тілі сабағы не үшін ұнайды?» сауалнамасының қорытындысы:


4 кесте «Ана тілі сабағы не үшін ұнайды?» сауалнамасының қорытындысы





Өте ұнайды

Ұнйды

Шығармашылықпен жұмыс істеу үшін

47%

53%

Мәнерлеп оқу үшін

67%

33%

Мәтінді мазмұндау үшін

56%

44%

Ана тілінде таза сөйлеу үшін

87%

13%

Ғылыми сөздерді пайдалану үшін

54%

46%



Ал ана тілі пәні мен үшін ең бірінші пән яғни «өте ұнайды» деп 68%, мен үшін екінші тұрған деп «ұнайды» деген 32% көрсетті. Сонымен қатар зерттеу барысында оқушылар үшін ана тілі пәні өте ерекше, құнды, қазіргі заманымызға сай пәндердің бірі екенін дәлелдеуге тырыстым. Әрине аз уақыт ішінде барлық мәслелерді шеше алған жоқпын, бірақта тиянақты білім беру нәтижесінде, тиімді әдіс тәсілдерді қолдану барысында оқушылардың сөздік қорлары 57% дейін өсті. Әрбір оқушы жарық жұлдыз болып жанатынына олар үнемі жұлдыз болып жанып, өз ана тілінің жанашыры болатынына, ана тілінде таза сөйлеп тақылдайтынына, сөздік қоры мол, бәсекеге қабілеті бар, өз тілінің кемеңгері бола алатындарына сенімім мол. Осы оқушыларымның жұлдыз болып жануы үшін ұстаздық ауыр да қиын еңбек жолындағы ұстаздық қағидам:

«Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға»

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Рахметова С. Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытудың ғылыми - әдістемелік негіздері: п.ғ.д. дисс. – Алматы, 1994-291 б.

  2. Егенбаева Б.Қ. Ана тілі сабағында жеке тұлғаның рухани – адамгершілігін дамыта оқыту әдістемесі. Алматы, 2002 – 25 б.

  3. Қалижарова Н. Сауат ашуға арналған дидактикалық материал. Өскемен, 2001-75 б.

  4. Қазақстан мектебі 2008 № 8,18-22 бет

  5. Бастауыш мектебі 2010 №3 12-14 бет



Похожие:

Назарбаева М. К «А. Байтұрсынов атындағы №20 мектеп» мм iconЗайсан ауданы әкімінің атына ұсыныс-пікір жинайтын ілінген жәшіктектердің орналасқан жерлері туралы ақпарат Зайсан қаласы бойынша, орналасқан жері
Боқажанов көшесі 64 үй, М. Дәуленов атындағы орта мектеп – Ноғайбай көшесі 1 үй, пошта үйі – Жанкелдин көшесі 37 үй, Зайсан қала...
Назарбаева М. К «А. Байтұрсынов атындағы №20 мектеп» мм iconАудан және қала ауылдық округтерінің әкімдерінің атына түскен ұсыныс-пікір жинайтын жәшіктектердің орналасқан жерлері туралы ақпарат Зайсан қаласы бойынша, орналасқан жері
Боқажанов көшесі 64 үй, М. Дәуленов атындағы орта мектеп – Ноғайбай көшесі 1 үй, пошта үйі – Жанкелдин көшесі 37 үй, Зайсан қала...
Назарбаева М. К «А. Байтұрсынов атындағы №20 мектеп» мм iconКелісім шарт №1 «Мукарама атындағы орта мектеп»
«Мукарама атындағы орта мектеп» мм ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарын мемлекеттік сатып алу туралы
Назарбаева М. К «А. Байтұрсынов атындағы №20 мектеп» мм iconКонкурсқа қатысуға жiберу туралы хаттама «Амангелды атындағы орта мектебі мм»
«Амангелды атындағы орта мектебі мм» «Мектеп ғимаратының ағымдағы жөндеу жұмыстарын» жөндеуден өткізуге мемлекеттік сатып алу ашық...
Назарбаева М. К «А. Байтұрсынов атындағы №20 мектеп» мм iconКонкурсқА Қатысуға жіберу туралы хаттама мукарама атындағы орта мектебі мм «ШҚО, Зайсан ауданы, Дайыр ауылы, мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге»
Мукарама атындағы орта мектебі мм «ШҚО, Зайсан ауданы, Дайыр ауылы, мектеп ғимаратын күрделі жөндеуден өткізуге» мемлекеттік сатып...
Назарбаева М. К «А. Байтұрсынов атындағы №20 мектеп» мм iconМектеп сайтына қош келдіңіздер!
Мектепте 5-інші сыныпқа дейін білім алады. 4 сыныптан кейін оқушылар н-николаевка Н. Баймуратов атындағы мектепте білімдерін жалғастырады....
Назарбаева М. К «А. Байтұрсынов атындағы №20 мектеп» мм icon1 сайлау округі орталығы «Оралхан Бөкей атындағы №44 мектеп-гимназиясы», (Қаныш Сәтпаев атындағы даңғыл, 8/3). №2 сайлау учаскесі орталығы «Назарбаев Зияткерлік мектептері»
...
Назарбаева М. К «А. Байтұрсынов атындағы №20 мектеп» мм iconАстана қаласы әкімінің 2014 жылғы
Орталығы Ақан Құрманов атындағы №17 мектеп-гимназия, Қабанбай батыр данғылы, №9/1
Назарбаева М. К «А. Байтұрсынов атындағы №20 мектеп» мм iconС. Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының 2013-2014 оқу жылындағы ұлттық бірыңғай тестіге дайындық жұмыстары туралы а қ п а р
С. Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясының 2013-2014 оқу жылындағы ұлттық бірыңғай тестіге дайындық жұмыстары туралы
Назарбаева М. К «А. Байтұрсынов атындағы №20 мектеп» мм iconФото № №6 каб
Жол картасы бойынша, М. Әуезов атындағы мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстары кезіндегі фотосуреттер
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы