Кабдуалиева А. К icon

Кабдуалиева А. К



НазваниеКабдуалиева А. К
Дата конвертации26.01.2013
Размер82.79 Kb.
ТипДокументы
источник

Білім беру үрдісінің субъектісі. Білім беру үрдісі субъектісін дамыту. Блім беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану.


Кабдуалиева А.К.

ММ «№20 орта мектебі»

БІЛІМ БЕРУ ҮРДІСІ СУБЪЕКТІСІН ДАМЫТУДА ИННОВАЦИЯЛЫҚ
ТӘСІЛДЕРДІ ҚАЛДАНУ.


Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған Жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп,жетіліп,кемелденеді,біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар қазақ,орыс,ағылшын тілдерін еркін меңгереді,олар бейбіт,абат,жылдам өркендету үстіндегі,күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз елінің патриоты» деп көрсетілгендей жас мемлекетіміздің болашағы бүгінгі мекткп оқушылары. Оларға бірдей талап қойып,олардың табиғи қабілеттерін,нақты мүмкіндіктерін анықтап,соған негіздеп оқыту-бүгінгі күннің өзекті мәселесі.

Қазіргі заман талабына сай ұрпақтарымызды парасатты да, білікті, мәдениетті де білімді етіп тәрбиелеп,олардың дүниетанымын адамзаттық днңгейде дамытамыз десек, бойында ұлттық және азаматтық намысы бар ұрпақ өсіргіміз келетін болсақ,онда білім берудің түрлері мен әдістерін жаңартуымыз керек.

Сан алуан әрекет арқылы ақыл-ойды ұштау,жетілдіру,жеке тұлғаның өзіндік идеясын,көзқарасын,сенімділігін,жауапкершілігін біртіндеп дамыту жолдарын іздестіру-бүгінгі қажеттілік.

Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр.

Жаңа технологияны жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі,шығармашылық ізденісі,өз мамандығына деген сүіспеншілігі,алдындағы шәкірттерін бағалауы орын алады.

Білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше,са- уатты,жан-жақты маман болу мүмкін емес.

Оқу-тәрбие үрдісін білім беру тұрғысынан ұйымдастыруда жаңа технологиялар мен озат тәжірибелерге сүйене отырып тұлғаға бағдарланған білім беруде әлеуметтік-тұлғалық білімділікті өзектендіру арқылы оқу үрдісін өзгертуді зерттеу-педагогика ғылымында туындап отырған қазіргі негізгі міндеттердің бірі.

Бәсекегк қабілетті білім кеңістігін құруға бағытталған қазақстандық білім беру реформасының басты мақсаттарының бірі-инновациялық технологиларға сүйене отырып,оқушының бойында шығармашылық ойлауды,бастамашылдықты дамытуға мүмкіндік жасау,тұлғаның үйлесімді дамуына қолайлы жағдай туғызу-ең негізгі міндеттер деп айқындалған.

Инновациялық технологияларды қолдана отырып оқыту-бұл таным әрекетін ұйымдастырудың арнаулы формасы. Оқытудың бұл формасы алдына нақты және бағдарланған мақсат қояды. Сондай мақсаттарының бірі-оқу үрдісінің өнімділігін арттыратын оқушының ақыл-ой кемелдіктерін,өз жетістіктерін сезінетіндей жайлы жағдай тудыру.

Инновация-латыншадан аударғанда «жаңа», «жаңарту», «жаңалық» дегенді білдіреді екен. Яғни,С.Ожегов сөздігіне сүйенсек,инновация бірінші рет шыққан,жасалған,жуық арада пайда болған,бұрынғының орнын басатын,алғаш ашылған,бұрыннан таныс емес енгізілген жаңалық болып шығады.

Қолдану ерекшелігі мен орнына байланысты жаңалық енгізудің бірнеше түрлері ажыратылады.

1.Технологиялық инновациялар-өнімдерді,өндірістің жаңа технологияларын дайындаудың жаңа тәсілі. Бұл жаңалықтар білім беру саласында оқытуда қолданылатын әртүрлі технологиялық құралдар мен жабдықтарға байланысты. Дидактикалық тұрғыдан алғанда, ақпараттық ортаға ену және бағдарламалық қамсыздандыру жаңа мүмкіндіктерге жол ашты.

2.Әдістемелік инновациялар-сабақ беру мен білім алу,тәрбиелеу және оқыту әдістемесі,оқыту және оқу саласындағы инновациялар. Олар білім беру саласында ең көп таралған,жаратылыстану ғылымилық және гуманитарлық пәндерді оқытуды мектепке дейінгі тәрбиеден бастап жоғары білімге дейін оқыту үрдісін,мамандарды дайындауды қамтиды.

3.Ұйымдастырушылық инновациялар-еңбекті ұйымдастырудың жаңа формалары мен әдістерін орнықтыруға қатынасы бар.

Ал білім беру технологияны пайдалану міндетті деңгейдегі білімді қаыптастыра отырып,мүмкіндік деңгейге жеткізеді.

Болашақ жастардың білімділігі мен біліктілігін қамтамасыз етудің ең биік шыңы-білім сапасын арттыру.


^ Білім сапасын арттыру сатылары:


Білім беру Мұғалім

Білім беру үрдісі Мұғалімнің кәсібилігі

Білім беру үрдісінің субъектісі Білім сапасы

Білім беру үрдісінің субъектісін дамыту шарты Білім сапасын арттыру


Білім үрдісінің қажетті деңгейін қамтамасыз ету,оны жан-жақты зерттеу және әлемдік деңгейге көтеру-басты міндет болып қала береді. Өйткені егеменді елдің ертеңгі білім үрдісі-білімнің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз,үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамынан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді. Осыған байланысты білім беру үрдісінің халықаралық стандартын енгізу-аса маңызды мәселе.

^ Білім үрдісінің негізгі мақсаты-біздің отандық білім беру үрдісінің әлемдік талап бәсекеге қабілетті бола алатынына жағдай жасау болып табылады.

Қазіргі қоғамда жүріп жатқан әлеуметтік терең өзгерістер білім беруді дамытудың жаңа жолдарын,яғни педагогика ғылымының парадигмасы мен әдістемесін өзгертуді талап етеді. Бұрынғы әдетке айналған білім үрдісінде оқушы белсенділігін көрсетуі тиіс,оны оқытпайды,өздігінен оқуы керек,яғни оқушыға субъект ретінде қарау керек.

Субъект-таным объектісі ретінде сыртқы әлемге төтеп бере алатын ізденімпаз,іскер,мақсаткер адам.

Оқушының қай ортада болсын өзіндік әрекеттерді ұйымдастырып,оны басқарушы бола алатындай дәрежеге жеткізу үшін білім мазмұнын даму тенденциялары мен оқу үрдісін инновациялық технологиялар негізінде ұйымдастырып,сабақтың түрлері мен әдіс-тәсілдерін білімділік ұстанымы тұрғысынан да жетілдіру қажет.

^ Ал білім беру үрдісінің субъектісі-білім үрдісі баланың дамуына,тұтас тұлға болып қалыптасуына,қоғамдық өмірдің белсенді субъектісі болуына мүмкіндік ұсынуы тиіс. Білім беру субъектісінің өзара әрекетін үйлестіруді қамтамасыз етудегі және білім беру үрдісінің қорытындысының және сапасының артуының маңызды аспектісі әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдану болып табылады.

^ Ал әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, «Бала объект те,мақсат та нәтиже де емес,ол үрдіске қатысушы,қоғамның,мектептің,ата-ананың,өзінің даму үрдісінің өзара іс-әрекетіне қатысушы» баланың субъектілік ұстанымы,оның қалай болу керек деген белсенділігі өте қажет. Ендеше,осы белсенділікті тудырушы?-әрине мұғалім.

Тіл білімінің атасы А.Байтұрсынов: «Ең әуелі мектепке керегі-білімді,педагогика әдістемесіне хабары мол,оқыта білетін мұғалім»- деген болатын.

Сабақтың қызықты өтуі мұғалімнің үнемі іздену,ұтымды әдіс-тәсілдерді қолдану,оқыту әдістемесін жаңартып отыруына байланысты.Қазіргі таңда мұғалімдер инновациялық интерактивтік әдістемелерін сабақ барысында пайдалана отырып,сабақтың сапалы әрі қызықты өтуіне ықпал етеді.

Қазіргі таңдаұрпақтың білімі мен тәрбиесіне ерекше көңіл аудара отырып,сапалы білім беру бұрынғыдан да күшейіп отыр.Өйткені қазіргі бүлдіршін балалар-егеменді еліміздің болашағы.

Қазіргі таңда ұстаздар алдындағы міндет-жеке тұлғаның дамуына жағдай туғызу,мектептен шыққан шәкіртті өміргежан-жақты даярланған азамат етіп шығару.

Жаңа технологияларды меңгеру мұғалімнің зияткерлік,кәсіптік,адамгершілік,рухани,азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді,өзін-өзі дамытып,оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Ұстаз-мектеп өмірінің айнасы. Мектеп рухани қазына орталығы[1].

Бүгінгі таңда мектептің оқу үрдісін жетілдіру үшін инновациялық білім беру тәсілдерін пайдаланудың тиімділігін өмірдің өзі дәлелдеп отыр.

Білім беру үрдісі субъектісін дамыту бұл-кәсібилік. Қоғамның дамуы мен қарыштап дамуы оның азаматтарының барлық саладағы кәсібилігіне байланысты. Осы мәселені терең зерттеген А.К.Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің төмендегідей психолгиялық критерийлерін анықтаған[2].


Критерийлер:

Объективті Нәтижелі Шығармашылық Объективті

Кәсібиліктің бірден келе салмайтындығы белгілі,оны әр мұғалім ерте ме кеш пе меңгеруі тиіс.

Білім беру үрдісінің субъектісін дамыту-білім сапасын арттыру. Ендеше оқушының білім сапасын арттыруда күнделікті өткізілетін сабақтың қызықты,мазмұнды,жаңа талаптарға сай жүргізілуінің маңызы өте зор[4].

Жаңа мазмұнға жаңа әдістер жүйесі қажет. Мұғалімнің басты талабы-сабақтың сапасын арттыра отырып,сабақ түрлері мен әдістерін танымдылық,білімділік деңгейге жеткізу.Осы мақсатта сабақ өту әдістерін толықтырып,әр уақытта ізденісте болады.

ҚҚорыта келгенде,білім беру үрдісінің субъектісін бамыту-оқушының білім сапасын арттыру болғандықтан,сабақ жүргізетін кез-келгке мұғалім сабақ өткізудің ең тиімді,ең қызықты,ең қажетті,ең тартымды,ең өзекті үрдісін таңдап алу қажет. Мұндай үрдіс оқушының білім сапасын арттырып қана қоймайды,оның білімге деген біліктілігін арттырып, ізденімпаздылық пен шығармашылыққа деген іскерлік пен дағдыларын қалыптастырады,білім кеңістігіне жол ашады.

Қазіргі уақыт талабына сай мен де өз сабақтарымды жаңаша ұйымдастырып,өзіндік тың ізденіске талпынып отырамын.Сабақ өткізу барысында оқушыларды халық педагогикасы негізінде тәрбиелеп,оқушылардың сабаққа қызығуын арттырып,сабақ беру әдісінің түрлерін пайдаланып келемін. Мен қолданатын сабақтың жаңа түрлері де сабақтың мазмұнына,мақсатына,жүру барысына қарай дамытпалы саяхат, аукцион, ұжымдық сынақ, ертегі, панорамалық, интерактивті сабақтар, интелектуалды ойын, тест әдісімен өткізіп келемін.

Инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануда мұғалім сабақты дайын күйінде бағалайды.

Әдіскер С.Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсетеді:

-дамыта оқыту технологиясы оқу-тәрбие үрдісінде

«Оқушы-субъект, мұғалім-объект» тұрғысынан қарастырып,оқушыны ұдайы шығармашылық ізденіске бағыттайды.

Қазіргі таңдағы кез-келген мұғалім өз ісінің хас шебері.Сабағымда мен көбінде дамыта оқыту технологиясынқолданамын. Дамыта оқыту технологиясы оқушының оқу,білім алу процесінде жан-жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды. Даму дегенде оқушының ойлауы,табандылығы,зейіні,оқу дағдысы мен іскелігі тағы басқа дақабілеттерін дамытуды айтамыз.

Дамта оқыту идеясы бойынша өтілетін сабақтар қысқаша айтқанда,мынадай схема бойынша өтілуі мүмкін.

Ой тастау іздену,ойлау, ой жинақтау, нәтиже, тексеру

ой қозғау, іс-әрекет қорытындылау



Өз тәжірбиемде,осы технологияны қолданып, «Суды қорғау» тақырыбында:

Ой толғаныс «Сусыз тіршілік жоқ» Вен диаграммасы арқылы салыстыру.

Табиғаттағы айналым. Жер асты сулары,шипалы сулар

су көл

Мұхит Теңіз

Су күйі мұз Тұщы су өзен

бу жер суы Ащы еріген тұ-

зы көп



Осы келтірілген ген мысалда оқушының білім сапасының артуына зор ықпалы бар.

2009-2010 оқу жылындағы 4 «к»сынып оқушыларының білім сапасының көрсеткіші.

I тоқсан – 45%

II тоқсан – 52%

III тоқсан – 60%

IV тоқсан – 72%

Білім берудің қазіргі жаңа құрылымымен оқуөідістемелік мазмұныгың өзгеруі-мұғалімнің өз кәсіби шеберліктерін шыңдауды,жаңартуды талап етеді. Ел президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазіргі заманда жастарға ақпаратты техникамен» байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажжет деп атап көрсеткендей инновациялық әдіс-тәсілдерді кеңінен қолдану жаңа білім берудің бір шарты.

ӘДІЕБИЕТ

1.В.С.Кукушкин. Педагогикалық технологиялар. Алматы. 2002.

2.Мқғалім//Интернет сайтынан, 2010жыл.

3.Б.Тұрғынбаева. Мұғалімнің шығармашылық әлеуетін біліктілікті арттыру

Жағдайында дамыту; теория және тәжірбие. Алматы. 2005.



Похожие:

Кабдуалиева А. К iconКабдуалиева А. К
Бастауыш мектепте жеке тұлғаның эстетикалық талғамын қалыптастыра отырып шығармашылық қабілеттерін арттыруда қолданылатын психологиялық-педагогикалық...
Кабдуалиева А. К iconКабдуалиева А. К
Білім беру үрдісінің субъектісі. Білім беру үрдісі субъектісін дамыту. Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану. Жаңа технологиялар...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы