Тақырыптың өзектілігі icon

Тақырыптың өзектілігі



НазваниеТақырыптың өзектілігі
Дата конвертации26.01.2013
Размер50.78 Kb.
ТипДокументы
источник

Оқушылардың шығармашылығын мектеп жағдайында дамыта отырып, қалыптастыру.


Рахимова Бағдат Түсіпбайқызы

ММ «Меновное орта мектебі»


«ОҚУШЫНЫ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ ӨЗІНДІК ДАМУЫНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒА РЕТІНДЕ ЖАН-ЖАҚТЫ ҚАЛЫПТАСУЫНА ЖАҒДАЙ ТУҒЫЗУ»

Тақырыптың өзектілігі:

Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - делінсе, басым міндеттерінің бірі ретінде – «жеке адамның шығармашылық, рухани және дене мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интелектіні байыту», - деп көрсеткен. [1]

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде елімізде білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясымен оқу-тәрбие жұмысында нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, шәкірттердің шығармашылық қабілетін дамытуды, іс-әрекетті жаңаша ұйымдастыруды талап етеді.

Бастауыш мектептің негізгі міндеті – жеке тұлғаны дамытып, оның алғашқы қалыптасуын қамтамасыз ету, білімге деген сенімін нығайту, іскерлігі мен дүниетанымын қалыптастыру, оқуға деген қызығушылығын оятып, ынтасын арттырумен бірге біліктілігін ұштап, жан-жақты дамуын қамтамасыз ету болып табылады. [3]

^ Зерттеу пәні: Бастауыш сынып оқу үрдісі.

Зерттеудің нысаны: Оқушының шығармашылық қабілетін тану.

Зерттеудің мақсаты: Оқушының өзіндік дамуын жетілдіре отырып, шығармашықты қалыптастыру, ізденімпаздыққа баулу.

^ Зерттеудің міндеті: Шығармашылық дамуының көрсеткіштерін, деңгейлерін анықтау.

Зерттеудің ғылыми болжамы:

Шығармашылық жұмыстар жүргізу арқылы оқу пәніне деген қызығушылығын дамыта отырып, оқушы әлемдегі өзгерістер мен жаңалықты қабылдай алатын,шығармашылық таныммен тікелей байланыс жасай алатын, өзінің жеке ойлау мүмкіншілігі бар дара тұлғаға айналдыру.Ал мұғалімнің негізгі мақсаты осы қажеттіліктерді тұлғаның санасына жеткізе алуында.

Оқушының еркін сөйлеуіне, пікір таластыруына, достарының ойын тыңдауға, проблеманы шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты шешуге әртүрлі бағыттарда жұмыс істеуге тура келеді. Ол үшін мұғалімнің өзі шығармашыл , ізденімпаз, жаңалықты тез қабылдай білетін,өмір ауқымынан қалмаған болуы қажет.Сонда ғана оқушы мен мұғалім арасында тығыз байланыс, ерекше қарым-қатынас және де өзара ынтымақтастық болады. .[2]

Білімді толық игеру үшін оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, еркін сөйлеуіне, өз ойын ашық және толық айтуға үйрету, ой-өрісін кеңейту- оқытудың ең басты мақсаты. Әрбір оқушыны өз мүмкіндігіне қарай білім, дағды алатындай етіп оқытуымыз дұрыс.



Жаңа технологиялар оқушылардың шығармашылық қабілетін, дүниетанымын, таным белсенділігін дамытуға бағытталған. Жаңашыл ұстаздар оқушылардың көкірек көзін ашатын, зердесіне зеректік, біліміне біліктілік қосатын оқу-әдістемелік технологиялар ұсынды.

Өз сабақтарымда педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай туғызуға тырысамын. Барлық инновациялық технологияны меңгеріп, оны сабаққа барлығын бірдей қолдану мүмкін емес, сондықтан дұрыс нәтиже беретін технологияны білім деңгейіне қарай өзгертіп, жаңартып пайдаланатын болса, сабақтың нәтижелігі тиімді болмақ.

Сабақтарымда Ш.А Амонашвилидің – білім беруді ізгілендіру технологиясы, Ж.Қараевтың оқытуды дербестендіру мен дифференциалау, ақпаратандыру,ынтымақтастандыру технологияларын немесе элементтерін қолдануға тырысамын. Осы технологиялардың ішінде ынтымақтастандыру технологиясын пайдалануда мына бағыттардың жүзеге асуына жағдай туғызуға тырыстым:

  • педагогикалық талап етуден гөрі педагогикалық қарым – қатынасқа көшу;

  • балаға ізгілік – жеке тұлғалық тұрғысынан қарау;

  • оқыту мен тәрбиенің бірлігі.

  • білім сапасының өсуі:



Өз іс-тәжірибемде шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыруды бірнеше кезеңдерге бөліп жүргізудің тиімді деп есептеймін. Ең бірінші шығармашылық жұмыстың мақсаты мен міндетін айқындап, ажырата білуге үйретемін,сонан соң оқушы берілген тақырып бойынша ақпарат жинап, іздену жұмыстарын жүргізеді, болжам жасайды, осы аралықта оқушының таным-белсенділігі дамиды, білімі тереңдейді, көзқарасы кеңейеді. Екінші кезеңде белгілі пән бойынша оқушы нақты зерттеу жұмысын жүргізе бастайды, онда оқушы өзіне керекті материалдарды сұрыптап алады. Мысалы, интернет арқылы немесе кітапханадан т. б. Үшінші кезеңде оқушы өздігінен шағын жұмыстар жүргізе бастайды, яғни шығармашылық іс-әрекеті кеңейеді. Оқушы газетке материал дайындау, шағын баяндама жасау, видио роликтер дайындау, слайдтар жасау, реферат жазу т.б. Ал соңғы кезеңде оқушы нақты мәліметтер дайындап, өз тақырыбын теориялық жағынан қорғауға дайындала бастайды. [5]

Сабақта мақал-мәтелдерді бала шығармашылығын дамытатындай етіп пайдалана білудің де маңызы зор. Мақал-мәтелдердің мазмұны оқушының жасына, сабақтың мазмұнына сай болғаны дұрыс. «Тамшы тама берсе - дария болады» деген мақалдың мәніне байланысты , судың тамшыдан құралатынын түсіндіре келіп, судың тіршіліктегі алатын орны мен оны ұқыпты пайдалану қажеттілігін біледі.Осындай тақырыпты кеңінен талдау арқылы, оқушылар ғылыми жұмыстар жүргізе бастады және де оның үлкен нәтижесі болады. «Су тіршілік- көзі» тақырыбы бойынша оқушым Қалиасқаров Әлішердің ғылыми шығармашылық зерттеу жобасы қала бойынша екінші орын алды.

Ал сабақтарда жаңылтпаштардың қолданудың маңызы баланың тілін жаттықтыру, сөздік қорын молайту. Осылардың ішінде көп жұмыс істейтініміз мәтінмен жұмыс істеу екенін бәрімізге белгілі. Мәтіндерді сабақтың тақырыбына байланысты пән аралық байланысқа «Батыр -ұстаз» тақырыбында Марқакөлдің тумасы, халық мұғалімі, батыр- ұстаз Құмаш Нұрғалиев туралы,Зайсан қаласындағы Мұхтар Әуезов атындағы мектептің ұстазы Қасенова Қатыш апай туралы тамаша деректер берілді. Осы тақырыптардан мәліметтер алған соң, оқушылар сыныптан тыс уақыттарында жаңа деректер жинап, зерттеу жүргізе бастады, фотоальбом, слайдтар дайындады,мұғаліммен бірге істеген жұмыстарына қорытынды жасады. Осындай нәтижелі жұмыстардан кейін биылғы оқу жылында төртінші сынып оқушысы Саянова Жанерке «Ең ұзын және ең қысқа сөздер» деген тақырыпты қорғап,қала бойынша ғылыми жобадан бірінші орын алды.

Мұндай шығармашылық жұмыстар өз тәжірибемде үлкен жетістіктер беріп отыр.Осы оқу жылында оқушыларым қалалық ғылыми конференцияда жүлделі орындарға ие болып, қалалық пән олимпиадаларында командалық бірінші орын және де жеке оқушыларым биік межеден көрінді.

Сөзімді қорыта келе:

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегін кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, - деп Абай айтқандай осындай тілекті әріптестеріме тілеймін.

Шығармашылық қабілет көпшілік баланың табиғатында болуы мүмкін. Менің міндетім – балаға оның бойында жасырынып жатқан мүмкіндіктерін таба білу.

ӘДЕБИЕТТЕР:

  1. Қазақстан Республикасының жаңа формация мұғаліміне үздіксіз білім беру Концепциясының жобасында (Астана) 2005

  2. «Шығармашыл тұлға қалыптастыру» Б. Шағатаева,Қ.т мен әдебиеті- 2007ж

  3. «Бастауыш сыныптарда білім берудің тиімділігін арттыру жолдары» А. «Рауан» 1994ж

  4. М.Жұмабаев Педагогика.- А. «Ана тілі» 1992ж.

  5. Журналдар мен газет материалдары пайдаланылды.

  6. «Бастауыш мектеп»- 2003 ж.



Похожие:

Тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі
Субъект-субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру
Тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі
Жұмыстың мақсаты: Оқушыларды өз ана тілінде таза сөйлеуге баулу, сөздік қорын, сөйлеу тілдерін дамыту
Тақырыптың өзектілігі iconОҚушылардың субъектілігін қалыптастырудағЫ Ұлттық спорт ойындарының РӨлі тақырыптың өзектілігі
Білім беру ортасын субъектілік басқару бәсекеге қаблетті жеке тұлға қалыптастыру шарты
Тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі: Сабақта жаңа технологияларды қолдану арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру. Жұмыстың мақсаты
Жұмыстың мақсаты: Шығармашылықпен жұмыс істей отырып, заман талабына сай іскер, жан-жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі...
Тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі
Ххi ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы, ғылымды әр қырынан меңгеру...
Тақырыптың өзектілігі iconТақырыптың өзектілігі
Оқу техникасы артқан сайын, есте сақтау қабілеті де, ақыл-ой еңбегіне ынталығы да арта түседі. Мәтінді әрі жылдам, әрі дұрыс, әрі...
Тақырыптың өзектілігі iconЗерттеу жүмысының өзектілігі
Аралас мектеп жағдайында білім беру ортасы арқылы оқу тәрбие үрдісіне қатысушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру
Тақырыптың өзектілігі iconАқпараттық технологияларды қолдану арқылы білім сапасын арттыруды басқару
Дегенмен практикадағы қолданыс барысы әлі мардымсыз екендігін республикалық басылымдардан да, мектептердегі қазақ тілін оқыту тәжірибесінен...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы