Зерттеу мақсаты icon

Зерттеу мақсаты



НазваниеЗерттеу мақсаты
Дата конвертации26.01.2013
Размер59.5 Kb.
ТипДокументы
источник

Аралас мектеп жағдайында білім беру ортасы арқылы оқу тәрбие үрдісіне қатысушылардың құзіреттіліктерін қалыптастыру.


Рамазанова Риза Тусипкановна

«№27 орта мектебі » М.М.

ОҚУШЫЛАРҒА ЭТНОПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ.


Зерттеу мақсаты: Оқушыларға этнопедагогикалық тәрбие бере отырып, халық өнегесін үйрету, баланың бойында адамгершілік қасиетін қалыптастыруға бағытталған теориялық материалдар жинақтау, практикалық әдіс-тәсілдердің тиімділігін тексеру.

Зерттеу міндеттері: Жоғарыда көрсетілген зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді шешуіміз қажет:

  • салт-дәстүрлерді саралап жинақтау;

  • әдет-ғұрыпты саралап жинақтау;

  • оқушылардың бойына әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіре отырып, ұлт жанды азамат тәрбиелеудің тиімді жолдарын белгілеу.

Зерттеу болжамы: Егер оқушыларға этнопедагогикалық тәрбие дұрыс жеткізілсе, мынадай жетістіктерге жетуге болады:

  • жас ұрпақтың ибалы да ізетті;

  • иманды да көргенді;

  • зерделі де парасатты болуы.

Зерттеу әдістері:

  • педагогикалық әдістерді талдау;

  • озық іс-тәжірибелермен танысып, зерттеу, талдау;

  • педагогикалық эксперимент нәтижелерін ғылыми тұрғыдан қорытындылау.

Ұрпақ тәрбиесіндегі ежелден қалыптасқан халқымыздың жақсы дәстүрлері мен тағлымдарын оқып үйреніп, өнеге тұтпай тұрып, балаларды ізгілік пен парасаттылыққа баулу мүмкін емес. Себебі, Л.Н.Толстой айтқандай: «Өткенді жақсы білмейінше, келешекке сапар шегу айсыз қараңғыда сүрлеу соқпақ іздеп адасумен пара-пар». Халық қазынасынан алынған жәдігерліктердің қай-қайсысын алып қарасаңызда, көтерген мәселесі бала жанына ізгілік дәнін егу. Себебі, бала өмірдің жалғасы, әулеттің жалғасы. Сондықтан халық «Бала бауыр етінен жаралған», «Балалы үй – базар, баласыз үй – қу мазар» деген. Кезінде ұрпақ тәрбиесі, ел тағдыры жөнінде елеулі еңбектер жазып, аталық ақыл айтқан ғалым-профессор Б.Кенжебаев: «Бала – біздің болашағымыз. Болашағына немқұрайлы қарайтын халықтан ештеңе күтуге болмас еді. Қазақта: «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» - деген дана мәтел бар. Балапан қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата да қыран болуы керек»–деп отбасы тәрбиесіне ерекше тоқталған. Себебі, отбасы бала үшін – алтын бесік. Бала тәрбиесі мен оның барлық адамгершілік қасиеттерінің қалыптасуы негізінен отбасында жүзеге асады. Олай болса, балаға өз шаңырағы, өз табалдырығында дұрыс тәрбие берілуі – тәрбиенің ең басты шарты.

Біздер, мұғалімдер, өмір шындығынан тыс өмір сүре алмаймыз. Оқушылардың білімге қызығуы, ой еңбегіне қалыптасуы үшін оқушы – мұғалім – ата-ана болып бірлесіп, халықтық педагогикаға сүйене отырып, жұмыс істеу қажет.

Осы жұмысқа кірісер алдында ата-аналар арасында «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны ілер» тақырыбында сауалнама жүргіздім. Сауалнаманың мазмұны төмендегідей:







Осы диаграммаға қарасақ, ата-аналардың барлығы халықтық педагогикаға мән бермейтінін көреміз.

Ата-аналардың ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыптан білері, түсінері аз болса, онда бастауыш сынып оқушыларынан қандай нәтиже күтуге болады? Осыған орай алдыма мынадай мақсат қойдым: дамыта оқыту технологиясын қолдана отырып, сабақта және тәрбие жұмыстарында оқушыларға этнопедагогикалық тәрбие беру, және құзіреттіліктерін қалыптастыру.

Әр оқушы өзінің күнделікті оқу барысында:

  1. Өз еңбегінің жемісін көре білуі;

  2. Сол оқуы арқылы алға басып, есейіп өсетінін байқауы;

  3. Ой-өрісінің дамығанын сезінуі керек.

Әр оқушының қол жеткен табыстары мен кемшіліктерін біліп, өзін өзі бағалай білуіне мүмкіндік жасаймын.

Педагогикалық іс өте нәзік, қасиетті іс. Ол әрбір тәрбиелеуші ұстаздан өте сезімталдықты, балаға деген шексіз сүйіспеншілікті, бала жанын бірден танитын қырағылықты талап етеді. Халық педагогикасы ата-бабаларымыздың тәрбиеге қатысты ғасырлар қойнауынан сараланып жеткен іс-тәжірибелерінің жиынтығы. Сонымен қатар, халық педагогикасы дегеніміз – ол қазақ поэзиясының бөлінбес бірбөлшегі іспетті қанатты сөздер, мақал-мәтелдер, шешендіксөздер, айтыстар, ертегілер, аңыздар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар. Ол – жан сезімімізді толқытып, ойымызға ой қосатын, қиялымызға қанат бітіретін халқымыздың рухани байлығы мен болмысы – сұлу әндері мен сыршыл күйлері, ұлттық ойындары, осы кезге дейін тәлім-тәрбиелік қадір-қасиетін жоймаған салт-дәстүрі, әдет-ғұрыптары, адалдыққа, тазалыққа, әділдік пен мейірімділікке баулитын ырым-тиымдары.

Орыс педагогы К.Д.Ушинский: «Мақал-мәтелдер – балалардың тәрбиесі мен адамның жеке басының қалыптасуындағы сан ғасырлық тәжірибені қорытындылаушы нағыз, нағыз халық педагогикасы» деп жазды.

Қазақ халқының тәлімдік тиімді құралдарының бірі – ертегі, қисса. Оларда халықтың тыныс-тіршілігі, әдеп-ғұрыптары мен дәстүрлері, бақыт жолындағы күресі, адамдардың өзара қарым-қатынастары менмінез-құлықтары, өз халқына, Отанға, туып-өскен жерге, оның табиғатына сүйіспеншілігі бейнеленген. Қазақ ауыз әдебиетінде айрықша орын алатын мақал-мәтелдер – адамның бүкіл тыныс-тіршілігінен, әдеет-ғұрпынан, түсінік-болмысынан туындаған байлаулы ой түйіндері.

Сан ғасырлар бойы халқымыздың санасына сіңіп, екшеліп, сараланып жеткен бай дәстүрлерінің бірі – ырымдары. Жақсылық нышандарына жоралғы, жамандыққа тыйым ретінде айтылатын ырымдар халқымыздың баладан бастап үлкенге дейін ұлағаттылыққа тәрбиелеудегі бай тәжірибесінен түйінделген қағида ұлы тәлімгеріміз А.Байтұрсынов [«Ырым етсең – адал ет, жамандықтан аман ет»] деп тегін айтпаған. Күні бүгінге дейін осы ырым-тыйымдар тәрбиелік мәнін жойған жоқ.

«Көне болмай – жаңа болмас, бала болмай – дана болмас» дегендей, халықтың рухани бай қазынасының бірі, бірден-бір тәрбие құралы – ұлттық ойындары.

Күнделікті өтетін әрбір сабақта ұлттық педагогика элементтерін пайдаланып отырамын.

Мысал үшін «дүниетану» сабағында «Жануарлар» тақырыбын өткенде халықтық педагогика негізінде жұмбақтар, мақал-мәтелдер арқылы балалардың ой-өрісін дамытып, сөздік қорларын байытамыз. Ұлттық тәрбие бере отырып, еңбекті, табиғатты сүйе білуге және төрт түлік малға, табиғатқа байланысты ырымдар мен тыйым сөздерді де пайдаланамыз.

Ал батыр атамыз Б.Момышұлы ұрпақ тәрбиесіндегі ұлттық аспап – домбыраның мәніне былай баға берген: [«Домбыра – қазақтың қасиетті дүниесі. Өзің тарта алмасаң да қадірлей біл. Себебі баланың бойына халықтың рухани байлығын сіңіру домбырадан басталады»].

Міне, осындай қасиетті сөзді басшылыққа ала отырып, «Қазақ тілі» сабағында «Түбір мен қосымша» тақырыптарын өткен кезде ұлттық аспап – домбыра және домбырашы сөздерін салыстыра отырып талдау. Домбыраның ұлттық аспап екенін және ерекшелігін түсіндіру.

Сонымен қатар, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыпты тәрбие сағаттарында да қолданып жүрмін.

Сыныпта өткізілген шаңырақ сайысы: «Әкем, шешем және мен», аналар мерекесіне орай өткізілген «Анам және мен», «Қыздарға әсемдік жарасады» атты қыз сыны байқауларында осы ұлттық салт-дәстүрге байланысты сайыстар кіргізіп отырдым. Ұлыстың Ұлы күніне арналған «Наурызым – асыл айым» атты бағдарламада аналарымыз «Бесікке салу», «Тұсау кесер» дәстүрлерін көрсетсе, балаларымыз жеті аталарын саралап айтып, қазақтың ұлттық ойындарын ойнайды. Сабақта, тәрбие жұмысында күнделікті халықтық педагогиканы басшылыққа алып отыру нәтижесінде, «оқушы – ұстаз – ата-ана» ынтымақтастығының арқасында оқушылармен жүргізілген «Ұлттық салт-дәстүрлерін білеміз бе?» сауалнамасының нәтижесі мынадай болды:








Сонымен, сөзімді қорытындылай келе К.Д.Ушинскийдің: [«Халықтық тәрбиенің тәжірибесінен тыс жерде педагогика да жоқ, педагог та жоқ»] деген сөзімен аяқтағым келеді.

[1] – История педагогики. Москва «Просвещение» 1981г. стр. 172-185

[2] – З.Ахметова «Шуақты күндер». Алматы «Жалын» 1982ж. 151 бет.

[3] – К.Д.Ушинский «Ақыл кені». 33 бет.


ӘДЕБИЕТТЕР

  1. А.Шашақова «Халық тәлімі – тәрбие бастауы». Алматы. «Рауан» 1994ж.

  2. Әдеп әліппесі.

  3. С.Қалиев, М.Оразаев, М.Смаилова «Қазақ халқының салт-дәстүрлері».

  4. Республикалық педагогикалық журнал «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» №5 №6

  5. А.Құралұлы «Ұлттық дүниетаным». 2 сынып. «Өнер» 2002 жыл.

  6. Ақыл кені.



Похожие:

Зерттеу мақсаты iconЗерттеу мақсаты
Зерттеу міндеттері: жоғарыда көрсетілген зерттеу мақсатын жүзеге асыру үшін төмендегідей міндеттерді шешуіміз керек деп таптық
Зерттеу мақсаты iconЗерттеу нысаны: 9 «Б» сыныбының оқу – тәрбие үрдісі. Зерттеу пәні
Оқушыны өзін-өзі дамыту дағдыларын қалыптастырудың субъектіні жетілдірудегі ролі
Зерттеу мақсаты iconМектеп жасына дейінгі балалардың психофизиологиялық ерекшеліктері
Зерттеу мақсаты мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайындығын қалыптастыру үшін танымдылық процесстерін дамыту
Зерттеу мақсаты iconЭкономикалық тұрғыдан белсенді және жұмыспен қамтылған халық
Республикасында халыққа іріктемелі зерттеу жүргізілуде. Бұл зерттеудің мақсаты еңбек рыногында болып жатқан беталысты және үдерістегі...
Зерттеу мақсаты iconЗерттеу нысаны. Қазақ тілінің фонетикасын орыс мектебінің 2-сынып оқушыларының қатысымдық құзіреттіліктерін дамыту процесі, фонетиканы қатысымдық тұрғыдан меңгертудің ұтымды әдістері. Зерттеу пәні
Бастауыш сыныпта субъектінің Қатысымдық ҚҰзыреттіліктерін дамытудың тиімді жолдары
Зерттеу мақсаты iconТереңдетіп оқыту бағдарламасының негізгі мақсаты
Бағдарлама Ы. Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, жалпы орта білім беру ғылыми –зерттеу институты даярлаған «Орыс, ұйғыр,...
Зерттеу мақсаты iconТақырыбы : «Менің құлыншағым». Мақсаты
Мақсаты : Балаларға құмшекердің қасиеттерін айтуға, одан түйін шығарып, қорытындылауға үйрету
Зерттеу мақсаты iconТақырыбы: Математика патшалығына саяхат. Мақсаты
Мақсаты: Балалардың сурет салу тәсілімен геометриялық пішін туралы білімдерін жинақтау және бекіту
Зерттеу мақсаты iconТақырыбы: Су патшалығына саяхат. Мақсаты
Мақсаты: Балаларды судын құрамымен жане касиеттерІмен таныстыру және адамның өмірінде қандай рөльді атқаратынын түсіндіру
Зерттеу мақсаты iconЖоғары оқу орындары профессорлық-оқытушылар құрамының, ғылыми-зерттеу институттары қызметкерлерінің назарына Қырғызстан Республикасының журналисі Хелимская Регина Израилевна Қырғызстанның МҚК архивын зерттеу негізінде «Тайна Чон-Таша»
А израилевна Қырғызстанның МҚК архивын зерттеу негізінде «Тайна Чон-Таша» кітабын шығарды. Кітапта сталин тоталитарлық режим қылмыстарының...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы