Білім беру үрдісі субьектілердің біліктілігін дамыту icon

Білім беру үрдісі субьектілердің біліктілігін дамыту



НазваниеБілім беру үрдісі субьектілердің біліктілігін дамыту
Дата конвертации26.01.2013
Размер84.45 Kb.
ТипДокументы
источник



Білім беру үрдісі субьектілердің біліктілігін дамыту

Білім беру үрдісі субьектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру

Зейнелхан Гүлжазира

№3 Көпбейінді мектеп-гимназиясы

ОҚЫТУ ҮРДІСІНДЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Білім беруді ақпараттандандыру процесі пән мұғалімдеріне, әдіскерлерге, білім мекемелерін басқарушыларға жаңа ақпараттық технологияны өз қызметтеріне жан-жақты пайдалану саласына үлкен талап қояды. Ақпараттық технология бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр. Білім беруді ақпараттандыру, білім салаларының барлық қызметіне ақпараттық технологияны енгізу және ұлттық модельді қалыптастыру қазақстандық білім беруді сапалы деңгейге көтерудің алғы шарты. Сондықтан білім беруді ақпараттандыру жағдайында педагог мамандардың біліктілігін арттыру процесі қазіргі заман міндеті. Оқу үрдісінде ғылыми-зерттеу және басқару қызіметінде ЖАТ-ді енгізу, дамыту және жүргізудің кешені іс-шараларын жақсарту, әлемдік білім кеңестігіне толығымен ену, білім беру жүйесін халықаралық деңгейге көтеруде білім беру үрдісінде АТ-дың жетістіктерін енгізу қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады. Оқыту үрдісінде АТ –ны кең көлемде енгізу педагогикалық еңбектің тиімділігін жоғарлатып, әдістемелік тәсілдерді қолданудың артуына алып келеді. Сондықтан оқушының танымдық іс-әрекеттерін күшейтіп, өздік жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктерін арттыру мақсатында дыбыстық, графикалық, видео, мультимедиа, электрондық оқулық, интернет, гипермәтіндік элементерімен қашықтықтан оқытудың мүмкіндіктерін тиімді пайдалану. Ақпараттық –технология электрондық есептеуіш техникасымен жұмыс істеуге, оқу барысында компьютерді пайдалануға, модельдеуге, электрондық оқулықтарды, интерактивті тақтаны қолдануға, интернетте жұмыс істеуге, компьютерлік оқыту бағдарламаларына негізделеді.Ақпараттық технологиялардың келешек ұрпақтың жан - жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол. Ақпараттық біліктілікті қалыптастыру мектептің материалдық - техникалық базасына; ақпараттық қоғам саясатының мақсаты мен міндеттеріне; оқушылардың ақпараттық мәдениетін қалыптастыру жүйесіне; Оқушылардың жас ерекшеліктері мен меңгеру қабілеттеріне, педагог мамандардың информатикадан білім деңгейлерінің сапасы мен шеберліктеріне, оқу - тәрбие бағытының ақпараттық қоғам бағытымен өзара байланысына тәуелді. Заман ағымына қарай ақпараттық технологияларды қолдану айтарлықтай нәтижелер беруде. Кез келген сабақта электрондық оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды. қазіргі қоғамның ақпараттануымен байланысты пайда болатын әлеуметтік тапсырысты өткізу. Оқытудың ақпараттық технологиясы – бұл ақпаратпен жұмыс жасау үшін арнайы тәсілдер, педагогикалық технологиялар, бағдарламалық және техникалық құралдар, олар ( электрондық оқулықтар, интерактивті тақталар, аудио және видеоқұралдар, компьютерлер, кейс технологиясы, слайд леция, тесттік бағдарлама, интранет, интернет бағдарламасы және телекоммуникациялық желілер ) [5] Электрондық оқулық - бұл дидактикалық әдiс-тәсiлдер мен ақпараттық технологияны қолдануға негiзделген түбегейлi жүйе. Электронды оқулықпен оқыту, оқытушының оқушымен жеке жұмыс iстегенiндей болады. Дәстүрлi оқытуда кейбiр оқушылар түсiнбей қалған материалды оқытушыдан қайталап сұрай беруге кейде қысылады, сол себептi жаңа тақырыпты дұрыс қабылдай алмауына әкеп соғады. Ал электронды оқулықпен жеке жұмыс iстеуiнiң арқасында сол тақырыпты бiрнеше қайталап оқуына, тыңдауына, тiптi түсiнбеген сөздi бөлiп анықтама бөлiмiнен қарауға, сол сөздiң түсiндiрмесiн бiлуiне, оның грамматикалық жасалу жолдарын бiлуiне көптен-көп көмегiн тигiзедi. Электронды оқулықтар оқушының бiлiм сапасын бақылау жүйесiн өзгертуге мүмкiндiк жасайды. Дәстүрлi оқытуда әр оқушы оқытушы тарапынан бақылау өте жиi болмай қалуы да кездеседi, ал электронды оқулықтың көмегiмен оқыту үрдiсiнiң әр тарапын бақылай алады. Тiптi кейде тапсырманың дұрыс орындалуын ғана қадағалап қоймай, қате орындаған жағдайда оқулықтың тарауына, керектi тақырыбына немесе қажет ақпараттық сiлтемелер берiп отырады. Бұл оқушы үшiн, бiрiншiден үлкен көмек, жеңiлдiктер туғызса, екiншiден, сол материалды автоматты түрде бақылап, әдiл бағасын беруге, оқушыға қажетiне қарай кеңес беруге, сол жайында барынша мәлiмет алуға мүмкiндiк жасайды. Сонымен қатар оқушы грамматикалық анықтамаларды оқи отырып бiлiмiн тереңдете алады. Мiне, осындай мүмкiндiктердiң барлығы оқудың мотивациясын күшейтедi, оқушылардың тiлге деген қызығушылығын арттырады, оқуға деген белсендiлiгiн арттырады, оқытудың дәстүрлi ұйымдастыру формасынан шығып, оқытуды даралауды күшейтуге көп көмегiн тигiзедi. Электронды оқулықта берiлген мәтiндiк материалдар белгiлi бiр қатынас жағдаяттарында қолданылатын сөйлемдердi құрайды. Сұхбаттар көлемi жағынан шағын және жеңiл жатталады. Сұхбаттық жағдайлар қазақ тiлiнде бiр-бiрiне сұрақтар қойып және жауап қайтара алуға үйретедi. Сонымен қатар берiлген тақырып төңiрегiндегi сөйлемдер мен әңгiмелердi микрофонның көмегiмен компьютерге басып, өздерi тыңдап, өзiн-өзi тексеруге, дұрыс сөйлеуге көмектеседi. Мысалға, электронды оқулықты сабақты түсіндіру барысында электрондық оқулықтың тиімділігі аса зор болды:

1. осы тақырып бойынша оқушы тыңдайды, оқиды, тест, бақылау сұрақтарына жауап береді..

2. жаңа физикалық терминдерді түсініп,теориялық білімін практика жүзінде қолдануға негіз қаланады.

3. берiлген тақырып көлемiнде түрлi демонцрациялық зертханалық жұмыстарды жасайды. Бұл оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады [6].

Электронды оқулықтар оқушылардың

- бiлiм тереңдетуге; деңгейiн жоғарлатуға;
- ауызекi тiлде сөйлей бiлу дағдыларын қалыптастыруға;
- өз бетiнше iздену қабiлетiн қалыптастыруға;
- ойларын дамытуға;
- студенттер немесе оқушылардың сөздiк қорының молаюына;
- тiлдi үйренуге деген ынтасы мен сол пәнге деген қызығушылығының артуына;
- сабақта өзiн еркiн ұстап, өз мүмкiншiлiгiн кеңiнен пайдалана алуына;
- өз iсiне талдау жасай алуға көптен-көп көмегiн тигiзедi.[3]

Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Әрі осы ақпараттық құралдарды қолданудың негізгі қолы компьютерді оқу үрдісінде жақсы пайдалану. Ол үшін төмендегі ЭО құрлымдық сызбасын қарастырайық.





1-сурет ЭО –ты оқуыту үрдісіндегі құрлымдық сызбасы

Оның құраушы элементтері мұғалім, оқушы, дидактикалық материалдар мен дербес компьютер. (1-сурет ) Осы элементтердің барлығы да бір-біріне өзара әсер ететін ақпараттар ағынымен байланысқан. Осы құрылымда алғашқы маңызды аспект ролін мұғалім мен оқушының компьютерлік сауаттылығын қамтамасыз етуі, яғни олардың компьютермен және оның сыртқы құрылымдарымен жұмыс істей білу деңгейлері, компьютердің жалпы қызмет ету принциптерін түсінуі, осы жүйенің жалпы мүмкіндіктерін ұғынуы саналады.

Оқушылар электронды оқулықтан оқығанын, көргенін елестете отырып тақырыпқа берілген тест сұрақтарын шешеді. Ал электронды оқулықта тест сұрақтары күрделенген тест және жеңілдетілген тест түрінде болады. Қорыта

1. қарастырылып отырған тақырыптың мағынасын терең түсінеді; айтқанда қортындылау сабақта қолдану барысында оқушылар:

2. оқушы жұмысты орындау барысында ғылыми зерттеу жұмысына тартылады, оның бойында зерттеушілік қабілет пен ынта қалыптаса бастайды.

Электрондық оқулықты пайдаланудың тиімді және тиімсіз жақтары:

Тимді жақтары:

- ҰБТ-ге даярлаудағы тиімділігі жоғары

- оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалын іздеп отырмайды.

- оқушы оқулықты қажет етпей-ақ кезкелген тарау негіздерінен кез келген мәліметті алып, оқып үйренуіне болады.

- тақырыптың үлкен, қиын бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар, клиптер, аудиохабарларды пайдаланады.

- таңдап алған хабарды көшіруге мүмкіндік бар.

- бағдарламаны меңгеруге арналған тест сұрақтармен қамтамасыз етілген.

- көрнекілік құралдарға деген мұқтаждықты азайтады.

- мұғалім әр оқушымен дербес жеке жұмыс жүргізуіне мүмкіндік туғызады.

- оқушының ой өрісін, дүниетанымын кеңейтуге, тану үрдісіне ықпал етеді.

- зерттеушілік қабілеті бар тұлға қалыптасады.

Тиімсіз жақтары:

- психология-педагогикалық талаптардың жоқтығы.

- пән аралық байланыстың аздығы.

- көрнекілік материалдарда бірыңғай таңдау.

- оқып үйренудегі мамандық бойынша бағыты ескерілмеген.

- материалды толық қамтуы немесе оқулықтарды толық аудару.

- оқушының жеке ерекшелігі, денсаулық жағдайы ескерілмеген.

- берілген материалдағы санитарлық-гигиеналық нормалардың сақталмауы.

- компьютердің графикалық мүмкіншілігінің қолданылуының нашарлығы және әлсіздігі.

- оқушының тіл мәдениетінің төмендеуі «тірі» қарым-қатынасқа түсе алмауы.

Жоғарыда айтылған тиімсіз жақтарды болдырмау үшін төмендегідей ұсыныс жасауға болады:

  1. Компьютерді сабақтың белгілі бір кезеңдерінде ғана пайдалану;

  2. Компьютерді пайдалану уақытын сақтау;

  3. Компьютерді пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтау;

  4. Дәстүрлі және электронды оқытуды біріктіру арқылы жүргізу. Себебі электронды оқыту – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу т.б. бағдарламалар жиынтығы. .[4]

1.2

2-кесте Мультимедиа технологияларды сабақтың әр кезеңінде қолдану барысының әдісі:

абақ кезеңдері

Ұйымдастыру-шылық

Мазмұны cабақтаң тақырыбы мен мақсатын көрсету

мақсаты

Оқушыларды сабақ барысында жұмыс істеуге дайындау

Жақсы нәтиже алу шарты :

Мұғалім мен оқушылардың көңіл күйі, сыныптың іскерлік жағдайға тез аусыуы, құрылғылардың дайындығын қамтамасысз ету.

Үй

Тапсырмасын

тексеру

Оқушыларға қиындық туғызатын тапсырмалардың дұрыс шешімін көрсету, білімді тексеруге арналған сұрақтар теория бойынша тестілік тексеру.

Үйге берілген тапсырма бойынша оқушылардың білім деңгейін анықтау

Үй тапсырмасын орындауын анықтау; Жекелеген оқушы-лардың үй тапсырмасын орындамау себептерін анықтау

Жаңа ұғымды және іс-әрекеттер амалдарын қалыптастыру

Негізгі ұғымдар, сызбалар кесте сурет, анимация, жаңа материалдың ерекшеліктерін көрсететін видеофрагме-нттер

Жаңа оқу материалын демонстрациялау

Оқушылардың ойлау іс-әрекеттерін белсенді ететін әр түрлі әдістерді қолдану, оларды іздеу жұмыстарын кірістіру, оқуды өздігінен ұйымдасты-ру,жаңа білімді жүйелеу

Білімдерін қолдану дағдыларын қалыптастыру

Шығармашылық ойлау қабылетті қажет ететін сұрақтармен тапсырмалар, қиындық туғанда дұрыс жауапты көрсете білу

Жаттығу тапсырмаларын орындау

Білімді бекітуде түрлі әдістерді қолдану, оқушының жауабы бойынша мұғалімнің сыныптан толықтыруды, түзетуді, мәселеге басқа қырынан қарауды талап етуі.

Білімді бақылау және есепке алу

Қиындығы әр деңгейлі тапсырмалар, білімді тексеруде стандартты емес жағдайларды қолдану

Бақылауды және өздігінен бақылауды ұйымдастыру

Білімді бақылаудың және өздігінен бақылаудың әр түрлі әдістерін қолдану, оқушылардың жұмысын жетістіктерін және кемшіліктерін көрсету.

^ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1. Н.Ә. Назарбаев

«Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан » (Ел президентінің халыққа жолдауы)

Астана -2007 ж.

2. «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында ». Ел президентінің халыққа жолдауы , Астана – 2006 ж.

3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2010 жылға дейін дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.

4. Ж. Садыбекова

«Оқу –тәрби үрдісінде ақпараттық –коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі» .«Информатика негіздері» журналы №4-2008 ж (4-5 бет)

5. М. Ғалымжанова

«Ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы білім беру деңгейін көтеру» .«Информатика негіздері» журналы №3-200







Похожие:

Білім беру үрдісі субьектілердің біліктілігін дамыту iconБілім беру үрдісі субьектілерінің біліктілігін дамыту Гарифуллина Гульмира Мубаракқызы
Білім беру саласындағы оқу тәрбие үдерісінің сапасын көтеруде психологиялық тренингтің Әсері
Білім беру үрдісі субьектілердің біліктілігін дамыту iconКабдуалиева А. К
Білім беру үрдісінің субъектісі. Білім беру үрдісі субъектісін дамыту. Білім беру үрдісінде жаңа технологияларды қолдану. Жаңа технологиялар...
Білім беру үрдісі субьектілердің біліктілігін дамыту iconАса маңызды өзекті мәселе. Білім үрдісінің негізгі мақсаты
Білім беру үрдісінің субъектісі. Білім беру үрдісі субъектісін дамыту шартының алғашқы баспалдағы кәсібилік. Білім беру үрдісінің...
Білім беру үрдісі субьектілердің біліктілігін дамыту iconКабдуалиева А. К
Білім беру үрдісінің субъектісі. Білім беру үрдісі субъектісін дамыту. Блім беру үрдісінде инновациялық технологияларды қолдану
Білім беру үрдісі субьектілердің біліктілігін дамыту iconБілім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Математика сабақтарында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық Қабілеттерін дамыту
Білім беру үрдісі субьектілердің біліктілігін дамыту iconТарих пәнін оқытуда сыни ойлау жобасы негізінде оқушының шығармашылығын дамыту арқылы қҰзыреттілігін қалыптастыру
Мектептің білім беру ортасын білім беру үрдісі субъектілерінің даму жағдайы негізі ретінде қалыптастыру
Білім беру үрдісі субьектілердің біліктілігін дамыту iconБілім беру үрдісі субъектілерінің құзыреттіліктерін қалыптастыру
...
Білім беру үрдісі субьектілердің біліктілігін дамыту iconОҚушыны ойлауғА Үйрету
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудағы шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру үрдісі субьектілердің біліктілігін дамыту iconПрименение информационных технологий
Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру
Білім беру үрдісі субьектілердің біліктілігін дамыту iconСубъектінің оқу үрдісінде құзіреттілікті дамыту жағдайын біліктілік тұрғыдан ендіру басқармасы
Азақ тілін оқытуда субъектілік қатынас жағдайындағы білім беру үрдісі субъектісінің коммуникативтік қҰзыреттілігін жетілдіру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы