Модульдік оқыту технологиясын пайдаланып оқушылардың танымдық қабілетін дамыту icon

Модульдік оқыту технологиясын пайдаланып оқушылардың танымдық қабілетін дамыту



НазваниеМодульдік оқыту технологиясын пайдаланып оқушылардың танымдық қабілетін дамыту
Дата конвертации26.01.2013
Размер90.37 Kb.
ТипДокументы
источник


Ны5ызбаева Г.Ж.

Өскемен қаласы Қ.Нұрғалиев атындағы

№43 мектеп- гимназиясы


Модульдік оқыту технологиясын пайдаланып оқушылардың танымдық қабілетін дамыту


Білім беру жүйесі - әр елдің даму болашағын айқындайтын, әлемдік өркениетке жетудің негізгі бағыттарын көрсететін біртұтас құрылым.

Қазіргі таңдағы егеменді еліміздің болашағы дарынды, білімді, ізденімпаз жастарға байланысты. Осыған орай бүгінгі күн мектеп алдында тұрған басты міндет - өзіндік айтар ой-пікірі бар, жоғары сапалы, белсенді азамат тәрбиелеп шығару. Қоғамдағы түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесінің алдына жаңа адамды қалыптастыру, дамыту мақсаттарын қойып отыр. Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, ой-пікірінің дербестігі мен еркіндігін кеңейту, олардың өз бетімен білім алуға деген ынтасын арттыру, оны өз тәжірибелерінде жаңа жағдайларға байланысты қолдана алу, яғни біліктіліктерін қалыптастыру және дамыту болып табылады. Педагогикалық үрдістің тиімділігінің артуына мүмкіндік беретін білім беру мен тәрбие бірлігін сақтай отырып, оқушыға берілетін білімнің үйлесімділігімен қатар, әрбір жеке тұлғаның ерекшелігін ескере отырып, білімділігіне сәйкес бағдар беру, танымдық ізденімпаздығын дамытудағы оқытудың прогрессивтік қадамының бірі – модульдік оқыту.

Мақсаты: Модульдік оқыту технологиясын қолдана отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын, таным-белсенділігін арттыру.

Міндеттері:

- модульдік оқыту технологиясының білім сапасына әсері;

- қоршаған ортадағы жүріп жатқан құбылыстарды химиялық таным-түсініктер арқылы ойлай білуге үйрету, химиялық тілді дамыту;

- оқыту барысында қоршаған орта, тірі табиғат туралы қызығушылық тудыру;

- химиялық білім-біліктерді және химия ғылымының жетістіктерін күнделікті өмірде пайдалануды насихаттау.

^ Оқу материалдарын меңгеру деңгейіне қойылатын талаптар:

  • Ғылым негіздерін, маңызды деректер, ұғымдар, химиялық заңдар мен теориялар және химиялық символиканы зерделеу;

  • Химиялық құбылыстарды бақылауға және түсіндіруге біліктілігін дамыту;

  • Заттар мен лабораториялық құрал-жабдықтарды пайдалана білу, қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, қарапайым тәжірибелерді жасау білігін қалыптастыру;

  • Химияның қоғамдағы маңызын, адамзат алдында тұрған сан-салалы ауқымды мәселелерді шешудегі ізгілікті рөлінің артуын ашып көрсету;

  • Оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру.

^ Диагностикалық құралдар: бақылау; тест; жобалар жасау; реферат жасау; талдау; сауалнама; болжам жасау; тәжірибе жинақтау.

Күтілетін нәтиже:

- келешекте оқушылардың кесіби білім алуына алдын ала даярлықтан өтеді;

- қосымша материалдармен танысуға мүмкіндік алады;

- адам, қоршаған орта туралы дүниетанымдық көзқарастары дами түседі.

Болжамы: Модульдік оқыту технологиясы тиімді ұйымдастырылса, онда оқушылардың білімге деген қажеттіліктері, қызығушылығы мен қабілеттілігі, түрлі модульдік оқуды таңдау құзыреттілігі жоғарғы деңгейде қалыптастырылады.

^ Модульдік оқыту – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді. Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы. Басқаша айтқанда, адамның өзіндік дамуының шамасы. Жалпы «модуль» сөзі «оқытудың мазмұны мен технологиясын» білдіреді. «Модуль мазмұны» өзіндік мағына беретін оқу материалының көлемі ретінде ұсынылады.

Модуль – оқу мазмұны мен технологияны біріктіріп тұрған мақсатты функционалды байланыстырушы.

Оқу модулі, негізінен, үш құрылымды бөліктен: кіріспе, сөйлесу бөлімі және қорытынды бөлімнен тұрады.

Әр оқу модулінде сағат саны әртүрлі болады. бұл оқу бағдарламасы бойынша сол тақырыпқа, тақырыптар тобына немесе тарауға бөлінген сағат санына байланысты. Зерттеулер нәтижесі 7-12 сағаттан тұратын оқу модулінің неғұрлым тиімді екенін көрсетті.

Оқу модулінің өзгешілігі – жалпы сағат санына қарамастан, кіріспе және қорытынды бөлімдерге 1-2 сағат беріледі. Барлық қалған уақыт сөйлесу бөлімінің меншігінде болады.

^ Кіріспе бөлімінде мұғалім оқушыларды оқу модулінің жалпы құрылымымен, оның мақсат-міндеттерімен таныстырады. Содан соң мұғалім осы оқу модулінің барлық уақытына есептелген оқу материалын қысқаша (10-20 минут ішінде) сызба, кесте және т.б. белгілік үлгілерге сүйене отырып түсіндіреді.

Оқушылардың оқу материалын қайта жаңғырту деңгейін, қарапайым білік пен дағдыларды және білімін іс жүзінде бірнеше рет қайта қолдануы сөйлесу бөлімі сабақтарында жүзеге асырылады.

Сөйлесу бөлімінде танымдық процесс сыныпты 2-6 адамнан шағын топтарға бөлу арқылы, негізінен, оқушылардың өзара әрекет етуіне құрылған. Оқушылар қандай да бір деңгейдегі тапсырмаларды өздері таңдайды. Тапсырмаларды қарапайымнан кұрделіге қарай кезең-кезеңімен орындау міндетті емес. Оқушы тапсырманы өзінің орындау мүмкіндігіне қарай таңдауға ерікті.

Оқу модулінің сөйлесу бөлімінің тағы бір ерекшелігі бар. Зерттеу көрсеткеніндей, оқытудың белсенді және ойын формаларын кеңінен қолдану оқушылардың оқу материалына бірнеше мәрте 13-тен 24 ретке дейін қайта оралып,ғ жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.

Оқу бөлімінің қорытынды бөлімі – бақылау. Егер сөйлесу бөлімінің барлық сабақтарында оқушылардың бір-біріне көмегі, бірін-бірі оқытуы, түрлі ғылыми көздерді пайдалануы құпталынып келсе, енді қорытынды бөлімде оқушы өзінің сөйлесу бөлімінде алған білімін, білгі мен дағдыларын ешкімнің көмегінсіз көрсетуі тиіс.

Оқушы білімін бақылаудың формалары ретінде тестілік тапсырмалар, бақылау жұмыстары, сынақ, зертханалық жұмыстар немесе эксперименттік есептер оқу пәнінің ерекшелігіне орай, оқу модулінің қорытынды бөлімінде беріледі.

Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология. Модульдік оқыту технологиясын 9 г сыныбында екінші жыл пайдаланып келемін. «Металдар» тарауын мынадай модульге бөлдім.

3 тарау. Металдар 1 модуль (7 сағат)

Бөлімі

Сағат

саны

Сабақтың мазмұны

Уақыты

Кіріспе

1

1) § 28 «Металдардың адам өміріндегі маңызы»;

2) § 29 «Металдардың периодтық жүйедегі орны»;

3) Әр оқушыға жеке-жеке тапсырма

45мин

2

1) § 30 «Металдардың физикалық қасиеттері»;

2) § 31 «Металдардың химиялық қасиеттері»;

3) Әр оқушыға жеке-жеке тапсырма

45 мин

3

1) § 32 «Металдардың жемірілуі, күресу шаралары»;

2) § 33 «Табиғаттағы металдар»;

3) § 34 «Металдардың қосылыстары»;

4) Әр оқушыға жеке-жеке тапсырма

45 мин

Сөйлесу

4

«Қарлы кесек» ойыны

45 мин

5

«Бақытты сәт» ойыны

45 мин

Қорытынды

6

Тест

45 мин

7

Бақылау жұмысы

45 мин


Бұл білім сапасын, танымдық деңгейін арттыруда тиімді. Модульдік оқытуда эксперимент ретінде 9 г сыныбы, байқау сыныбы ретінде 9 м сыныбын алдым. Осы екі сыныптарды салыстырғанды мониторингтен көруге болады: тоқсандық бағалары мен тоқсандық бақылаулары.

9 г сыныбының І тоқсанның білім сапасы 92%, ІІ тоқсанның білім сапасы – 95%. Ал. 9 м сыныбының І тоқсандағы білім сапасы – 89%, ІІ тоқсаны – 82%. 9 г сыныбының тоқсандық тест қорытындысы – 85%, ІІ тоқсан бойынша– 83%. Ал. 9 м сыныбының тоқсандық тест қорытындысы – 81%, ІІ тоқсан бойынша – 68%.







Модульдік оқытудың сөйлесу бөлімінде оқушылар көбінесе топтарға бөлініп,өтілген материалды қайта жаңғыртып, терминдерді, негізгі ұғым-ережелерді біледі.

Енді аталған педагогикалық технология бойынша сабақтың өту барысын қарастырайық.

І кезең (5-7 минут)

1) Ұйымдастыру кезеңі

2) Үй жұмысын тексеру

Мақсаты: өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды аяқтау дәрежесін тексеру (өткен тақырып бойынша деңгейлік тапсырмаларды аяқтап келу дәрежесі тексеріліп, тиісті ұпай саны өткен сабақтың соңында жиған ұпайына қосылады. Бұл әрекетті орындау механизмі төмендегі «Тақырыптық жоспар» кестесіндегі соңғы бағанда келтірілген): Үздік оқушылар өз дәптерлері бойынша басқа оқушыларды тексереді. Мұғалім әрбір оқушының үйде орындаған тапсырмалар үшін жинаған және қорытынды ұпайын «ашық журналға» жазады, тиісті бағаға айналдырып, сынып журналына қояды.

3) Өткенді пысықтау. Мысалы, 9 сыныптың химия пәнінен «Көміртек» тарауын қайталау бойынша өткізілген сабақ жоспарын қарастырайық.

-Ұйымдастыру кезеңі

-Деңгейлік тапсырма

-Тест бойынша жұмыс

-Логикалық тапсырмалар

-Семантикалық карта

-Үйге тапсырма

-Бағалау

Модульдік оқытуда интерактивті тақтаны пайдалану өте тиімді. Өйткені, қажетті сызбаларды, электронды оқулықты, зертханалық тәжірибелерді керек болған жағдайларда пайдалануға мүмкіндік береді.

Оқушылар модульдік оқыту технологиясымен өткен сабақатар туралы ой-пікірлерін былай дейді:

-МОТ берген сабақтар маған өте ұнайды, әсіресе, сөйлесу сабақтары;

-сыныпта бір-бірімізбен пікір алмасу ұнайды, әртүрлі ойындармен өте қызықты өтеді;

-әр тақырыпты сөйлесу сабақтарында бірнеше рет талдаймыз, осындай сабақтан жақсы түсінемін.

9 г сыныбында МОТ 2 жыл жүргізіліп отырғандықтан, мектеп психологы оқушылардың мотивациясын анықтап, сауалнама жүргізді. Оның нәтижесі төмендегідей.




Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі: 1) қысқаша сызбалар арқылы түсіндірілуі; 2) оқушылардың әрбір сабақта іс-әрекетін бағалау үшін диалогтық қарым-қатынас негізінде танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру, 3) барлық тақырыптар бойынша тест, сынақ жүргізу.

Оқушыларға: 1) өз ойларын толқы жеткізе алмауы; 2) материалды мұғалімнің жеңілдетіп түсіндіруін қалауы; 3) нақты фактілерге мән бермеуі; 4) білімді жинақтауға мән бермеуі.

Атқарылған іс-шаралар:

  • Бірлестік отырысында іс-тәжірибе алмасу, талдау, пікірлесу

  • Облыстық білім жетілдіру институтында баяндама (ІІІ орын, жинақ)

  • Гуманитарлық колледжде “Ақпараттық технологияларды сабақта пайдалану” (алғыс хат, жинақ)

  • Ғылыми жоба, оны жазу ерекшеліктері (ШҚО ресурсты орталығы, журнал)

  • Модульдік оқытуды пайдалану; Азот қышқылы (http://www.myxatai2006.narod.ru/ - информатик мұғалімдерге және олардың ұжымдастарына арналған сайт беті)

  • Модульдік оқыту технологиясының тиімділігі (ШҚО педагогика жаршысы № 4 (31) 2009)

  • Оқушыны ғылыми-теориялық конференцияға дайындау (Білім берудегі инновациялар ғылыми-әдістемелік журналы сәуір 2010 жыл)

  • Технологияларды пайдалана отырып оқушылардың шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту (02.02.2010 жылы қалалық семинар)

  • Ғылыми жоба қалалық (ІІ орын)

  • Олимпиада қалалық (І, ІІІ орын)

  • “Биохаус” сайысы қалалық (ІІІ орын)

  • ІІ президенттік олимпиаданың облыстық кезеңінде жақсы көрсеткіштерге жеткені үшін (сертификат, грамота)

  • “Химиялық калейдоскоп” сайысы қалалық (алғыс хат)

  • “Педагогикалық ассорти” сайысы қалалық (ІІ орын, алғыс хат)

  • “Туризм біздің өмірде” қалалық фотоконкурс (І орын, алғыс хат)


Мұхитов Әділет, Ержанова Назым, Ахмадиева Жанерке қалалық ҒТК-дан жүлделі орындар иеленуде.


Модульдік оқыту технологиясы бойынша мынадай құжаттар әзірлеп, сабаққа пайдаландым:

  • Модульдік оқыту технологиясы бойынша 9 сыныпқа күнтізбелік жоспар;

  • 8 сыныптарға арналған тесттік тапсырмалар жинағы;

  • Химия пәнінде пайдаланылатын жұмбақтар.

  • Олимпиадалық есептер жинағын құрастырудамын.

Қорыта келгенде, жаңа педагогикалық технологияларды химия сабағында өтілген тақырыптарға сәйкестендіре, сабақтастыра отырып, жақсы нәтижелерге жеттім.

Оған дәлел – біріншіден, оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артты.

Екіншіден, әр оқушы өзіне тән қарқынмен, өз білімінің деңгейінде жұмыс жүргізе отырып, сабақта қойылған мақсатқа жету үшін қажетті қабілеттерін, білік – дағдыларын қалыптастырды.

Сондай-ақ, оқушылар өз шығармашылық қабілеттерін ұштаумен бірге, өткен жылдарға қарағанда олимпиада жетістіктерін де жоғары дәрежеде көрсете білді.

Сөз соңында бүгінгі күн талабына сай нақты, терең білім беруде жаңа технологиялар бірден-бір ұстаз сүйенер тұтқа дегім келеді.

ӘДЕБИЕТТЕР


1. Назарбаев Н.Ә. «Қазақстан – 2030» Жолдау

2. Қазақстан Республикасының Білім Заңы

3. Жанпейісова М.М. Модульдік оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретінде // Алматы, 2006, -4,5 бет

4. Қазақ ұлттық энциклопедиясы ,Алматы // -241 б

5. Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері. // Алматы, 2005-233 б.

6. Кәсіби даму мектебі // Алматы, Верена 2007,93-97 б.

7. Құдайбергенева К. С. Құзырлылық табиғаты – тұлғаның өздік дамуында. Алматы // 2006-86 б.

8. Құдайбергенева К.С. Инновациялық тәжірибе орталығы- педагогикалық технология көзі. Алматы // 2001-75 б.

9. Білімдегі жаңалықтар // 2007. №4 26-28 б.

10. Биология, география, химия 2002 ж. № 4, 5

11. Химия мектепте 2003 ж. № 4

12. Педагогический мир. Педагогикалық әдіс тәсілдердің инновациялық технологиясы. 2008 ж.май





Похожие:

Модульдік оқыту технологиясын пайдаланып оқушылардың танымдық қабілетін дамыту iconМухаметолдина Н. С
...
Модульдік оқыту технологиясын пайдаланып оқушылардың танымдық қабілетін дамыту iconОқу үрдісі субьектісінің танымдық құзіреттілігін дамыту. Оразбаева Арайлым Мауткалиевна
Азақ тілі мен әдебиеті сабақтарында оқушылардың танымдық ҚҰзіреттіліктерін дамыту
Модульдік оқыту технологиясын пайдаланып оқушылардың танымдық қабілетін дамыту iconАзаматтық және патриоттық білім беру мектебі шарттарында педпгогтар мен оқушыларда субъективтілікті дамыту
Дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, бастауыш сынып оқушыларының танымдық ҚҰзіреттілігін қалыптастыру
Модульдік оқыту технологиясын пайдаланып оқушылардың танымдық қабілетін дамыту iconҚазақ тілі сабақтарында даралап – саралап оқыту арқылы оқушылардың білім сапасын көтеру Орынбасар Айтпайқызы Нұрлықаимова
Бұл технология бойынша оқушылардың білімді өздігінен саналы түрде меңгеруіне ерекше мән берілген. Оқушыларға тек білім берумен шектелмей,...
Модульдік оқыту технологиясын пайдаланып оқушылардың танымдық қабілетін дамыту iconТүйінді сөздер: оқушылардың субъектілігін дамыту, модульдік оқыту технологиясы
Баланы оқытудың мақсаты-оны әрі қарай мұғалімнің көмегінсіз-ақ дамуға қабілетті ету. Э. Хаббард
Модульдік оқыту технологиясын пайдаланып оқушылардың танымдық қабілетін дамыту iconОқу үрдісі субъектісінің құзіреттілігін дамыту
Азақ тілі сабағында оқушылардың ОҚу-танымдық ҚҰзіреттіліктерін қалыптастыра отырып, танымдық белсенділіктерін арттыру
Модульдік оқыту технологиясын пайдаланып оқушылардың танымдық қабілетін дамыту iconБастауыш сынып оқушыларының ойлау қабілетін арттыру
Оқытудың жаңа технологияларын қолдана отырып,оқушылардың логикалық ойлау қабілетін және ой-өрісін дамыту
Модульдік оқыту технологиясын пайдаланып оқушылардың танымдық қабілетін дамыту iconАзаматтық және әскери-патриоттық білім беру жағдайында оқушылар мен педагоктардың субьективтілігін дамыту
Азақ тілі сабақтарында м. М. Жанпейісованың модульдік технологиясын қолдану арқылы тілдік коммуникатитік қҰзіреттілікті дамыту
Модульдік оқыту технологиясын пайдаланып оқушылардың танымдық қабілетін дамыту icon«ОҚушылардың білім деңгейін, Қабілетін анықтай отырып, танымдық ҚҰзреттілігін қалыптастырудағы топтық ЖҰмыстың орны»
Беру мақсаты мен мазмұны қазіргі заман талабына сай анықталуы керек. Өзге мемлекеттер тәрізді Қазақстан да әлемдік өркениеттер қатарынан...
Модульдік оқыту технологиясын пайдаланып оқушылардың танымдық қабілетін дамыту iconТілдік қатынас
Азақ тілі сабақтарында м. М. Жанпейісованың модульдік технологиясын қолдану арқылы тілдік коммуникатитік қҰзіреттілікті дамыту
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы