Өте жоғары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам коғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды icon

Өте жоғары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам коғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды



НазваниеӨте жоғары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам коғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды
Дата конвертации26.01.2013
Размер81.51 Kb.
ТипДокументы
источник


Білім беру үрдісі субъектілерінің біліктілігін дамыту

Білім беру үрдісі субъектілерін дамытудың шарты ретінде мектептің білім беру ортасын қалыптастыру


Б.М.Раисова

А.Байтұрсынов атындағы

гуманитарлы- эстетикалық дамыта

оқыту бағытындағы № 20 орта мектеп

ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ЖҰМЫСТАР АРҚЫЛЫ

ДАРЫНДЫЛЫҚТЫ ДАМЫТУ


Ертедегі грек философтарынан бастап, барлық педагог – психолог ғалымдар дарындылықтың туа біткен қасиет екенін айта келіп, оны дамытуға, ұштай түсуге оқыту мен тәрбие керектігін сан рет дәлелдеген. Бұл салада Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов сияқты ғалымдардың пікірлері бір арнада тоғысып жатыр. Бұл мәселе дамыған елдерде баяғы заманнан – ақ басталып, лайықты жемісін беріп келе жатқаны баршамызға аян.

Ғалымдардың кейбірі дарындылықты адамның көптеген қабілеттерінің жиынтығы деп санаса, кейбір ғалымдар « қабілеттілік» пен «дарындылық» ұғымдарын тең дәрежеде алып қарастырады[5]. Ағылшын психологі Френсис Гальтон «Таланттың тұқым қуалаушылығы: оның заңдылығы мен шығу тегі» еңбегінде мынадай тұжырым жасайды:

  • Өте жоғары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам коғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды;

  • Өте жоғары қабілеттілігі бар адамдардың тек аз бөлігі ғана қоғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды [7].

Қазақ халқының ұғымында «қабілет» пен «дарындылық» теңесе алмайды. Абай мен Мағжанды «қабілетті ақындар» деп атау қандай жеткіліксіз болса, мектеп оқушысын «дарынды математик» деп атау – көтеріңкі айтылған сөз боп көрінеді. Ендеше біз психолог ғалым В. Крутецкийдің «Егер қабілеттіліктер деген ұғымды жеке психикалық қасиеттер деп түсінсек, онда дарындылық дегенді адамның ерекше қабілеттерінің жиынтығының бірлігі деуге болады» [6] деген тұжырымына қосыламыз.

Дарындылықты дамыту - баланың қабілетін байқау, бақылаудан басталады. Бұл мақсатта оқушы қабілетін зерттеудің педагог ғалымдар айқындаған әдіс – тәсілдері қолданылады. Алайда бала жанын, оның табиғатын түсінбей, жетістікке жету мүмкін емес. Баланың тапсырманы мүлтіксіз орындауы, жаңа сабақты жылдам меңгеруі, шығармашылық, ізденіс жұмыстарына бейімділігі, құштарлығы оны өз ортасынан ерекше етіп көрсетіп тұрады. Оқыту үдерісіндегі қазірде қалыптасып келе жатқан оқушы – оқулық - мұғалім үштаған құрылымы ой еркіндігіне жол ашады [6].

Дарындыларды айқындаудың байқау кезеңін былайша жүйелеуге болады:

  • Дарындылардың ойлау ерекшеліктері;

  • Дарындылардың ішкі сезімі жағынан өзгешеліктері;

  • Дарындылардың физиологиялық және одан тыс сезімдер тұрғысынан ерекшеліктері;

  • Дарынды балалардың әлеуметтік тұрғыдан ерекшеліктері [2].

Дарындылықты анықтау кезеңдерін сыныптар бойынша белгілеуге болады.

Оқушылар арасында қабілеттілікті анықтаудың біралуаны мынадай:

  • Сынып жетекшісімен, мектеп психологімен кеңесе отырып қабілетті оқушылар тізімін жасау;

  • Пән мұғалімі ретінде айрықша өнері, бейімі бар балаларды іріктеу;

  • Жыл сайынғы мектепішілік жарыстарда, олимпиада, байқауларда жеңімпаз оқушыларды бейіміне қарай топтастыру;

  • Білім деңгейінің стандарттық өлшемінің ерекшелігін анықтау (игеру қабілеті) [8].

Дарынды оқушылар кімдер екенін және оларға әсер ететін ортаның қандай болмағын анықтау - мектеп психологімен тығыз байланыста ғана іске асады.

Дарындылармен жұмыс нәтижесі мұғалімнің де зор қабілеттілігіне, дарындылығына және кәсіби шеберлігіне өте – мөте байланысты екенін ешкім де жоққа шығармайды.

Қазіргі жаңашыл технологиялар заманында дарынды оқушылармен жұмысқа кең жол ашылды. Мұғалім оқушының тапқыр ойы мен шығармашылық іс – әрекетіне қолайлы жағдай жасайды. Баланың біліміне ғана емес, абстрактілі ойлау іс – әрекетіне ықпал етіп, тұлғалық қасиеттерін дамытады.

Оқушы білімін шығармашылық деңгейге жеткізуді мақсат ететін Блум токсомониясы осы бағыттағы жұмыстардың өзегі десе болады [6].

Өз тәжірибемдегі оқушылардың мақсатты іс – әрекеттері төмендегі кестеде көрсетілген.

1-кесте. М. Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы бойынша жүргізілетін шығармашылық жұмыстар:


Мақсаттар жүйесі

Оқушылардың іс - ә р е к е т і

Б і л і м

Поэма мазмұны, тарихи негізі, автордың пікірі

Т ү с і н і к

Мазмұнын меңгереді, мәнерлеп оқиды, әңгімелейді

Қ о л д а н у

Жоспар жасайды, тарихи тұлғалар мен кейіпкерлерге салыстырмалы сипаттама жасайды, көркемдік тәсілдерді жинақтайды

А н а л и з

Автордың кейіпкерлер іс – әрекетіне көзқарасын анықтайды, идеялық – көркемдік ерекшілігін талдайды

С и н т е з

Пікірталаста кейіпкерлер іс – әрекетіне деген өз пікірін қорғайды(«Батыр Баян – қылмыскер ме, әлде ел үшін еңіреген ер ме?»; «Ноян –сатқын ба, әлде махаббат құрбаны ма?»).

Эссе, өлең, ауызша модель ( өз таңдауымен): «Баян – елдің жауға шабар барысы, Өлімнен де биік қойған намысын».

Б а ғ а (сыни өзіндік пікір)

Поэма несімен ұнады? Кереғар көзқарас, кемшін суреттеулер бар ма? т. б.


Қазіргі жаңа технология көкжиегі кең: дамыта оқыту технологиясы, модульдік технология , жобалау технологиясы , сын тұрғысынан ойлау.

Сайып келгенде, осы технологиялардың негізінде дамыта оқыту мақсаты жатыр.

Дамыта оқыту сабақтарында оқушының қабілет - дарынын дамыту әдістері іс – тәжірибеде жүйелі түрде жүзеге асып отырады [3].

2 - кесте. Дамыта оқытудың сан түрлі әдіс-тәсілдерінің дарындылықты дамытудағы сәйкес мақсатты жүйесі


^ Дамыта оқытудың әдіс- тәсілдері

Дарындылық қасиеттердің дамуы

Ой қозғау.

Абстракт тудыру.

Оқушының жеке тұлға

ретіндегі өзіндік көзқарасы,

пікірі айқындалады.

Жоба жасау, оны қорғау

Оқушының болжам жасай білу қасиеті, логикасы қалыптасады.

Мәтінге, үзіндіге аннотация немесе

комментарий беру

Теориялық ойлауы, анализ – синтез жасауы

Венн диаграммасы

Модель жасау

Салыстыру

Абстрактілі ойын дамытады

Эссе, толғау, өлең, балама өлең, ертегі, әңгіме, хат т.б жазу ( альтернативтігі)

Шығармашылық қабілеті

Артады

Сюжетке байланысты

Суреттер салу, өлеңдерді әнмен айту, жыр, терме, толғауларды мақаммен

айту, көріністерде рөлде ойнау

Көркемдік – эстетикалық танымы кеңейеді.

Интелектуалдық ішкі мәдениеті баи түседі, өзіндік

«мені » қалыптасады.

Ойын-сабақтар: РАФТ.

Дебат

Оқушының қиялына тіл шеберлігіне, ой кеңістігіне жол ашады.

Зерттеу, ізденіске

Арналған тапсырмалар

Ғылыми деңгейі өсіп,

зерттеушілік қабілеті дамиды.

Мәнерлеп оқу

Жеке тұлға ретіндегі

ақындық- актерлік қасиеттері ашылады.



Дарындылықты дамыту – күрделі құбылыс. Ол оқушының психикалық,эмоциялық және әлеуметтік күйімен тығыз байланысты. Бала жаны тым нәзік. Абайламасаңыз, бірнеше жылдан бері баулып келе жатқан балаңыз күткен нәтижеге жетпей қалуы да мүмкін. Баулудың да сырт көзге көріне бермейтін басқа да байқалмайтын «құпиялары» бар.

Оқушылардың шығармашылығын дамыту сабақты және сабақтан тыс білім алудың негізгі формаларын қамтиды. Сабақтан тыс баулу кезіндегі өз тәжірибемдегі қосымша білім беру көздері мыналар:

Олимпиада, ғылыми қоғам отырысы, оқушылар конференциясы, шығармашылық байқаулар, интеллектуалдық ойын: Брейн-ринг.

3-кесте. Мақсаты, жетістігі, технологиясы жүйеленген шығармашылық жұмыс түрлері

р\с

Жұмыс түрі

мақсаты

жетістік

Технология

1

Ассосация тудыру

Бар білімді еске түсіру

Қызығушылығы оянады

СТО

2

Белгілерін айқындау, ереже жасау

Анализ-синтезге үйрету, ой дамыту

Даяр білімді қабылдамайды; өзі білім жасайды

Дамыта оқыту

3

«Артық білім кітапта»

Өзі жасаған білімді кітаппен салыстыру

Кітап сөзімен қорытады. Бағалайды

Мақсат қою

4





  • 4

Балама өлең, ертегі, әңгіме

Дарындылықты дамыту

«Кәусар бұлақ» қабырға газеті.Байқау, сайыстар

СТО

5

Айтыс,толғау, терме,ән, күй

Саз өнеріне баулу

Қызығушылығы артады

Дамыта оқыту

6

Сюжеттік сурет

Синкретті өнерге баулу

Эстетикалық тәрбие

Іздендіру

7

«Тұңғыш кітап»

Ізденіс-зерттеуге баулу

Кітапша жасайды

Іздендіру

8

модельдеу

Ұшқыр ой – қиялын дамыту

Ойды кескіндеп, немесе ауызша модель жасайды

СТО



Оқушы менеджментін, құзіреттілігін қалыптастыру бірінші кезекке қойылып отырған жаңа ғасырда дарынның көзін ашу – қай кездегіден де маңызды болып отыр [6].

Осы мақсат жолындағы үздіксіз жұмыс нәтижесінде шәкірттерімнің жеткен жетістіктерін былайша жинақтап көрсетуге болады:

Олимпиада – қалалық, обл.- 11 жүлделі орын;

Ғылыми жоба – қала. Обл.- 6 жүлделі орын;

Жас ақындар сайысы - қала - 5;

Шығармалар байқауы-қала, обл., республика- 5;

Мәнерлеп оқу сайысы- қала, обл. республика- 6;

Оқушылар айтысы- қала- 4.

Соңғы 3 жыл ішіндегі ҰБТ көрсеткіші:

^ 2007-2008– 22,6; 2008-2009 – 23,5; 2009-2010 – 23,8-тіл, 25 – әдебиет.

Дарынды баланың рухын көтеріп, ұшқыр ойларына қанат бітіре алсақ, болашақта барлық істі шығармашылықпен, ғылыми ізденіс тұрғысынан шеше алатын білікті маман, кемел қабілет иесін дайындап жатсақ, еліміздің ертеңі нұрлы болмақ.


ӘДЕБИЕТ

  1. Занков Л.В. О начальном обучении. - М., 1963. - 43-47 стр.

  2. Давыдов В.В. Психологическая теория учебной деятельности. - Томск, 1992. - 34 стр.

  3. Рабунский Е.С. Индивидуальный подход в процессе обучения школьников. - 1975.- 90 стр.

  4. Ксензова Г.Ю. Перспективные школьные технологии. - М., 2001. - 45 стр.

  5. Паламарчук В.Ф. Школа учит мыслить. - М., 1987г.- 53 -59 стр.

  6. Бітібаева. Қ.О. Қазіргі кезең әдебиетін тереңдетіп оқыту. – Семей, 2007. – 107-151 б.

  7. Жұмашев Қ. Дарынды балаларды оқыту мәселелері // Қазақстан мектебі. Алматы, 2002, 21- б.

  8. Халыкова А.Ф. Дарынды шәкірттер – ұлт мерейі // Қазақстан мектебі, 2008, 14-18 б.




Похожие:

Өте жоғары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам коғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды iconМемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылаудың аяқталуы туралы есеп «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы»
Еберi, біліктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, біліктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы,...
Өте жоғары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам коғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық...
Өте жоғары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам коғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық...
Өте жоғары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам коғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды iconЖоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын
Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта, техникалық...
Өте жоғары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам коғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды iconЖоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын
Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес әзірленді және азаматтарды жоғары оқу орындарының (бұдан әрі – жоо) магистратурасына,...
Өте жоғары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам коғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды iconКонкурс өткізу туралы хабарлама
Оқу жылында жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы
Өте жоғары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам коғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды iconКесте. Сапа және тиімділік
«Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет...
Өте жоғары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам коғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды icon2013 жылғы I тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 9,0 млн адамды құрады, бұл 2012 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 0,9%-ға көп. Республика экономикасында 8,5 млн
Республика экономикасында 8,5 млн адам жұмыспен қамтылды немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 67,8%. 2012 жылғы I тоқсанмен...
Өте жоғары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам коғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды icon2013 жылғы II тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 9,1 млн адамды құрады, бұл 2012 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 0,7%-ға көп. Республика экономикасында 8,6 млн
Республика экономикасында 8,6 млн адам жұмыспен қамтылды немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 68,1%. 2012 жылғы II тоқсанмен...
Өте жоғары қабілеттілігі болмаса, ешбір адам коғамда жоғары дәрежеге, атаққа, даңққа ие бола алмайды icon2012 жылғы IV тоқсанда 15 және одан жоғары жастағы экономикалық тұрғыдан белсенді халықтың саны 9,0 млн адамды құрады, бұл 2011 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 0,8%-ға көп. Республика экономикасында 8,5 млн
Республика экономикасында 8,5 млн адам жұмыспен қамтылды немесе 15 және одан жоғары жастағы халықтың 67,9%. 2011 жылғы IV тоқсанмен...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы