|
Түйінді сөздер: СТО технологиясы,ақпараттық технология,оқушы субъектісі Сақанова Жанар Мұратқызы «№ 1 қазақ орта мектебі»ММ Технология пәні мұғалімі ОҚУШЫНЫҢ СУБЪЕКТ РЕТІНДЕ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ СТО ЖӘНЕ АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИСЫНЫҢ МАҢЫЗЫ. Бүгінгі таңдағы келешек ұрпаққа білім берудің мақсаттары мен мәні, мазмұны мен түрлері, түбірімен жан-жақты қайта ойластырылып, жаңа сапаға жету міндеті көзделуде. Бұл туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында да былай деп атап көрсетілген: Қоғамдағы қазіргі кездегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарлар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Жалпы педагогикада оқыту үрдісіндегі – халыққа білім беру ісін жетілдіру мемлекет саясатының өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан да оқыту үрдісі мына мәселелерді қамтуы керек: - табиғат, қоғам, техника, мәдениет, адам жайындағы білім қалыптастыру; - адамды жан – жақты дамыту; - жастарды өмірге, еңбекке мамандық таңдауға даярлау. Уақыт талабында мектеп түлегі жалпы білім беретін орта мектептерде қазіргі инновациялық өзгерістерге бейім, ізденуге бағдарланған және ізденіс жұмыстарын шығармашылықпен жүргізе алуды талап етеді. Сондықтан да оқыту үрдісін көлемді инновациялық оқыту технологиялары арқылы қалыптасуды қажет етеді. Бұған қосымша дүние жүзілік талап оқушыларды еңбекке оқыту жағдайында да интеграциялық білім беру жұмысын жүргізу болып отыр. Қоғамдағы адам өмірінің, ойының ерекше жоғары дәрежеде дамуына жағдай туғызатын - оның еңбек етуі. Олай болса Қазақстан Республикасында жалпы білім беру мектептердегі оқушылар жалпы білім алуымен бірге белгілі дәрежеде кәсіби іскерлік және дағдымен қарулануы тиіс. Бұл жалпы білім беру мектептеріндегі «Технология» пәнінің оқыту үрдісін жетілдіруді қалыптастырудың педагогикалық мәселелерімен қатар, қоғам талаптарына сәйкес оқыту үрдісінің дамуын инновациялық әдіс - тәсілдері мен ұйымдастыру формаларын орынды пайдалануды талап етеді. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіндегі өзгерістер олардың жалпы бағыттары мен ұстанымдарына байланысты болып отыр. Сондықтан да, оқушының бойындағы негізгі құзыреттілік көздерін дамытып, субъект ретінде дамуына жол көрсететін де мұғалім болмақ. Адамның субъектілік қасиеттерін дамыту туралы қағидалар өте көп. Бірақ нақтылы жоспар, басшылық жасай отырып қана субъектілікті дамытуда нәтижеге жетуге болады. Субъектілік ұғымының мазмұны оқытуды басқару жүйесімен оқыту жүйесіне жаңа көзқараспен қарауды талап етеді. «Субъект» (латынша:Subjeetum – бастауыш) деген мағынаны білдіреді. Субъектілік қарым-қатынас пен іс-әрекет барысында ғана танылады және дамып, жетіледі. Жеке тұлғаның өзіне деген құнды және ортаға қатысты рухани-адамгершілік қатынастарын анықтайтын қасиеттер – белсенділік, дербестік, еңбекқорлық, жауапкершілік және т.с.с. субъектілік ұстанымының негізгі қағидалары болып табылады. Осы қасиеттерге сүйене отырып субъектілікті дамытуға болады. Қазақстан Республикаcының «Білім туралы» заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалылық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелерінің мүғалімдеріне өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процестерді кез-келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік бере Технология пәні мұғалімінің жұмыс кезеңдерін төмендегідей жіктеуге болады. 1 кезең Мұғалімдердің теориялық білімін жетілдіру, технология пәні мұғалімдерінің уақыт талабындағы жеке тұлға тәрбиелеуге бағытталған даярлығын жетілдіру мақсатында әдістемелік оқу құралын технология сабақтарында пайдалану. 2 кезең Оқушылардағы білім, білік, дағды қалыптастыру, оқушылардың жоғарыда аталған әдістемелік оқу құралы негізінде киімді құрастыру және моделдеудің әдіс тәсілдері арқылы теориялық білім, білік, дағдыларын жетілдіру. 3 кезең Оқушылардың шығармашылыққа ізденісі, оқушылардың шығармашылыққа ізденісін жаңа технологияны қолдану арқылы ұлттық бұйым элементтерін киімге қиыстыру жолдарын іздеу, тақырып табу мақсатында кіріспе сайыс –сабақ өткізу. 4 кезең Оқушылардың өз бетінше жұмысы. Оқушылардың таңдаған немесе ұсынылған тақырып бойынша жұмыстары, ізденушілік-зерттеу, конструкторлық, технологиялық, қорытынды кезеңдері бойынша орындалатын іс-әрекеттерінің нәтижесін беру, оқушы- субъект-субъект қатынасын дамыту. Технология пәнін оқытуда жаңа технологиялардың тиімді әдісін жетілдіру барысында есте сақтауға негізделген ақыл ойын дамытатын оқуға көшу, мұғалім мен оқушының тең субъектіге түсіп, ынтымақтастықта болуын қажет етеді. Осы мақсатқа жету үшін өзімнің ұстаздық іс-тәжірибемде білім берудегі озық технологиялардың бірі «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясын » және ақпараттық технологияның мүмкіндіктерін қолданамын. Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы стратегияларды пайдалануда оқушының ізденушілік, зерттеушілік әрекетін ұйымдастыруға жол ашылады. Сын тұрғысынан ойлау дегеніміз-мұғалімнің бағыттауымен оқушының өз бетінше білімді меңгеруі, ізденуі, шығармашылыққа бағыт алуы. Оның тікелей осы пәнге оңтайлы бірнеше стратегиялары бар: тірек-сызба, ой қозғау, топтастыру, Венн диаграммасы,эссе жазу, ортақ жоба қорғау, автор орындығы т.б. Сонымен қатар ақпараттық технологияны сабақ үрдісінде қолдану өз нәтижесін беруде. Мысалы, «Белдемше, оның түрлері. Белдемшені тігу үшін өлшем алу» сабағында интерактивті тақтаның көмегімен белдемше түрлері, оны қалай тігу керектігі туралы терең ақпарат беруге болады.
Сонымен қатар технологиялық картамен жұмыс та өте тиімді.
Қосымша-1
Қосымша-2 Нәтижесі: Бұл тақырып бойынша:
Білімдерін тест тапсырмалары арқылы бекітті. Құрақ құрау, оның түрлері және қолданылуы атты сабақта негізгі мақсат : Оқушыларға құрақтың тарихынан, оның түрлерінен және қолданылуынан мағлұмат беру. Нарықтық экономикаға байланысты матаны үнемдеу, қалдық ұсақ матаны дұрыс пайдаланып іске асыруды үйрету болды. Осының негізінде оқушыны субъект ретінде дамыту үшін шығармашылықпен жұмыс істеуге бағытталған әрекет таңдалып алынды. «Автор орындығы» стратегиясы арқылы 1) Жүн мен жібек матаның айырмашылығы 2) Жүн және жібек матадан тігілген киімді қалай күту керек? 3) Физика-механикалық қасиеті. 4) Технологиялық қасиеттері. 5) Матаның экологиялық әсері. 6) Жан-жануардан алынатын талшықтар туралы не білеміз? деген сауалдарға жауап ала отырып, оқушының сабаққа деген қызығушылығын оятамыз. 3-сурет Жұлдызша құрағын тігу жолдары Жаңа технологияның тиімді әдіс- тәсілдерін пайдалана отырып, жеке тұлғаға бағытталған шығармашылық жұмыс түрлерін үйретіп, оқушыны соған бейімдеу- оқушының тұлға екенін аңғартуымен бірге субъект ретінде де көрсетпек. Шығармашылық қызығушылықты қалыптастыру - субъект-субъектілік бағдардың шығармашылық әрекетінің ерекше түрі, ол бір жағынан “өзіндік” процестердің “өзін-өзі тану, өзін-өзі айқындау, өзін-өзі басқару, өзін-өзі таныту” қарқынын күшейту мен тиімділігін арттыруға, екінші жағынан, педагог олардың шешімін табу барысында субъектілік бағыт ұстанатындай, тұрақты түрде күрделеніп отыратын проблемалық шығармашылық міндеттердегі қарама-қайшылықтарды шешуге бағытталады. Жоғарыда аталған технологияларды өз сабағымда тиімді пайдалана отырып, теориялық зерттеулеріміз бен тәжірибелік жұмыстарды сабақтастыра зерделеу шығармашылық қызығушылықты шартты түрде 3 топқа бөліп қарастыруға болатындығын көрсетті: ^ – оқушының белгілі бір мақсатына байланысты, пәндік, болашақ мамандығына байланысты міндеттері мен жоспарына сәйкес шығармашылық іс-әрекетке ынтасы мен тұрақты қызығушылығы; ^ – оқушы шығармашылық іс-әрекетте өзекті мәселені шешуге ұмтылысы және жүргізіліп жатқан жұмыстың ағымында ғана қызығып, жолдастарымен бірлесе отырып жұмыс істеуі; ^ – оқушының шығармашылық іс-әрекетке тұрақты қызығушылығы мен ынтасы, жаңашылдыққа ұмтылу, жаңа мақсаттарға сәйкес, жаңа нәтижеге жету, білімді құндылық бағдар ретінде тануы. Қорыта келе, бұрынғы білім беру парадигмасы мен жаңа парадигманы салыстырып қарайтын болсақ төмендегідей болады. кесте- 3 Білім беру парадигмаларының сипаттамалары
ӘДЕБИЕТ
|