Шығармашылық икемділік-бәсекеге қабілетті субьекті дамуының шарты icon

Шығармашылық икемділік-бәсекеге қабілетті субьекті дамуының шарты



НазваниеШығармашылық икемділік-бәсекеге қабілетті субьекті дамуының шарты
Дата конвертации26.01.2013
Размер85.19 Kb.
ТипДокументы
источник

Шығармашылық икемділік-бәсекеге қабілетті субьекті дамуының шарты.


Сисанова Г.Қ.

Мемлекеттік мекеме

«О.Бөкей атындағы №44 мектеп-лицейі»


ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ИКЕМДІЛІКТЕРІН ДАМЫТУ АРҚЫЛЫ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІ СУБЪЕКТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ


«Қазақстан -2030» стратегиясы күн өткен сайын айқын бедерленіп, өмір шындығына айналуда. Осы құнды құжатта көрсетілген саяси және экономикалық алғышарттар біртіндеп орындалуда. «Қазақстан -2030» стратегияларындағы негізгі бағыттардың бірі ретіндегі білімі мен білігі жағынан шет елдегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу қажеттігі баса айтылған. Бүгінгі таңда өзіміз тәлім- тәрбие беріп отырған бүлдіршіндер ертеңгі күні тек білімді маман ғана емес, Отанын жанындай сүйетін, ұлттың тарихы мен мәдениетін қастерлейтін, рухани кемелденген азамат болып өсіп жетілуі қажет. Осы орайда жаңа білім беру стандартындағы білім компоненттерінің базалық, тұлғалық болып жетілуі тұлғаға бағытталған білім парадигмасындағы үлкен қадам.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында “Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу” деп, білім жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа тәжірибеге, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.

Оқушының ойлау, шығармашылық қабілеті арқылы өз ой-пікірін бүгінгі өмірмен байланыстыра отырып дәлелдеуде, әр түрлі жағдаяттарда салыстыру, баға беруде біліктілігі жетіспей жатады. Оқушының дүниетанымын кеңейтіп, жеке қабілеттерін көрсете білу, оны дамытуға толық мүмкіндік туғызуы, қабілетіне қарай шығармашылық жұмыспен шұғылдануға машықтандыру, оқушы бойындағы қасиетіне қарай ізденуге жол көрсету, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту мәселенің өзектілігі болып табылады.

^ Зерттеу пәні: Шығармашылық икеміділк, субъектілік белсенділік.

Зерттеу нысаны: 7 сынып, оқу-тәрбие үрдісі.

Зерттеу мақсаты: Оқушының шығармашылық қабілетін дамыту арқылы субъектілік белсендігін арттыру.

^ Зерттеу мііндеттері:

- Қ.О.Бітібаеваның технологиясын іс-тәжірибеде қолдану арқылы шығармашылық белсенділікті арттыру;

- Ақпараттық технологияны, интернет жүйесін пайдалану арқылы оқушы белсенділігін арттыруға жағдай жасау;

- Озат ұстаздар іс-тәжірибелерін оқып, үйрену;

- Тұлға дүниетанымын кеңейтіп, рухани дамуына бағыт-бағдар беру;

- Оқушыны түрлі шығармашылық байқауларға қатыстыру нәтижесінде субъектілік белсенділігін арттыру.

Қазақстан Республикасының “Білім туралы” заңында “Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім мен тәрбие алу үшін қажетті жағдайлар жасау” делінген.

Шығармашылық дегеніміз – адамның белсенділігі мен дербестігінің және қиял-ойын іске асырудың жоғарғы формасы. Шығармашылық актіні сипаттаушы маңызды ой-тұжырымның бірізділігі негізінде логикалық жүйенің және интуициялық сезімнің, асқақ ойлаудың ерекше тәсілдерінің іске асуы болып табылады. Бұл туралы неміс мұғалімдерінің мұғалімі атанған А.Дистервег: “оқыту барысында оқушының, ізденімпаздығы мен шығармашылығын дамыту – оның ақыл-ой қабілетін қалыптастырудың аса маңызды құралдарының бірі”, - деп көрсеткен болатын.[1].

Адамның ақыл-ой өзгешеліктерін, оның жеке қасиеттерін көрсететін кез-келген адам бойынан табылатын логикалық бірізділік логикалық жүйеге негізделген шығармашылық шабыт қабілет деп аталады. Жалпы ақыл-ойдың тереңдігі, ауқымдылығы мен түпкіліктігі, оқу материалын түсініп-білуі мен есте сақтай алуы зейінділік пен бақылағыштығы, зеректік пен тапқырлығы, оптималды түрдегі ақыл-ой әрекетінде көрінетін оқушының өзіндік өзгешеліктері қабілеттік болып табылады.

Жас дарынды тәрбиелеуде және оны ғылыми ізденіске жетектеуде ұстазға үлкен жауапкершілік жүктеп, үздіксіз шығармашылық ізденіске бастайды. Жас дарынды шығармашылық жұмысқа тәрбиелеу, қабілетін ашу, санасында жылт еткен шоқты үрлеп, үлкен жалынға айналдыру – ұстаз міндеті. Оқытылатын пәндер бойынша дарындылық байқатқан оқушылардың шығармашылық икемділіктерін дамыту өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын мұғалімнен педагогикалық-психологиялық ізденісті талап етеді.

Тұлғаның сабақ барысында өсуі мен қалыптасуын бақылау мақсатындағы басты талап – баланың қабілеті туралы ақпаратты алдын ала білу. Сондықтан да сауалнама жүргізілді. Оқушылардың пәнге деген бейіні мен ықылас деңгейін анықтайтын сауалнама төмендегідей болады:

Әрбір иә жауабы үшін – 5, кейде иә, кейде жоқ жауабына – 3, жоқ жауабы үшін – 0.





Сауалнама мазмұны

Ұпай

Ескерту

1

Әдебиет сенің ең сүйікті сабақтарының қатарына ене ме ?







2

Сен өзің бұл пәннің білгірімін деп есептейсің бе?







3

Қажетіңді пәннен таба аласын ба ?







4

Пәннен терең білім алғың келе ме ?







5

Оқулықтағы тапсырма, өлең саған ұнай ма ?







6

Ешкімнің көмегінсіз әдебиетті қызыға оқисың ба ?







7

Таңдаған мамандығының пәнмен байланысы бар ма ?







8

Газетке мақала беруге талпынып көрдің бе ?







9

Пән бойынша байқауларға (олимпиада) қатыстың ба ?







10

Әдеби кітапты көп оқисың ба?







Жалпы ұпай




40-50 ұпай жинаған баланы тіл мен әдебиетке берілген тілші мен әдебиетші болуды армандайтын бала деп тануға болады. Бұл оқушылар шығармашылықпен жұмыс істеуді талап ететіндер.

35-20 ұпай жинаған оқушыға жөн сілтеп, бейінін бұру қажет. Алға ұмтылуға көмектесетін тапсырма беріледі.

19-0 ұпай жинағандардың ынтасы төмен. Олармен қызығушылықты оятатындай тренинг ойындар, деңгейлік тапсырмалар жүргізілді. Сонымен, баланы пәнге деген бейіні, өзіндік ерекшеліктері туралы мәлімет бар. Осыған сүйене отырып, сабақта тұлға дамуын бақылауға алуға болады. Мәселен, есте сақтауы мен көркем сөйлеуін тексеру мақсатында мынандай сауалнама алынды:

1. Көркем шығарманы оқудан алған пікірлерін ортаға салу деңгейі;

2. Автордың тамаша сөз қолданыстарын тауып, оны өз сөздік қорына енгізу деңгейі;

3. Кез-келген мәтінге цитата мен тақырып таңдауды үйрену деңгейі;

Анықтау кезінде төмендегідей нәтиже көрсетті:

2008-2009 оқу жылы 2009-2010 оқу жылы




Бұл қорытынды оқушыларды қызықтырып, сабаққа жаңалық енгізіп отырудың қажеттілігін көрсетеді. Әдебиет сабағы - сөз өнері.

Көркем шығармамен таныспаған, оны есінде сақтамаған, сазын тұтынбаған жас көркемдік дегенді дұрыс ұғына алмай өседі. Олай болса, оқушыны кітаппен таныстырып, кейіпкермен табыстыру қажет. Бұл “оқушы әдебиеттанымдылық” деген үштікпен жұмыс жүргізуді көздейді. Сонда оқушы оқиды, оқығанын түсіндіреді, талдайды, өзіндік қорытынды жасайды. Көркем шығарманы, әдебиетті оқу процесін бақылап, бағыт беремін. Көп оқудың пайдасы туралы сынып сағаты, ата-аналармен жұмыс жүргіземін.

Оқушылардың тілін дамытуға қызмет ететін жаттығулар жүйесінде мазмұндаманың рөлі зор. Мазмұндама белгілі бір тақырапқа ғана жазылып қоймай, ойды бастап, ары қарай әр оқушы өз сөздерімен жалғастырудың маңызы көп. Шығармашылық тұлға қалыптасуына үйірмелер де мол әсер етеді.

Әдеби үйірме:

Сыныптан тыс оқуға тиісті ақын-жазушылар шығармаларымен оқушыларды кең таныстыру

Әдеби шығармашылық қабілеттерін ұштап отыру (драмалық шығармалардан үзінді оқу, әр түрлі қойылымдарға қатысу)

Сабақтың тартымды өтіп, баланың қызығушылығы тууына пәнаралық байланыстың болуы да зор септігін тигізеді.

6-сыныптың қазақ тілі сабағында есімдік тақырыбын өткенде “Әдебиет және есімдік” деп жеке тапсырма бергенде оқушылар асқан қызығушылықпен орындап келді. Тапсырма төмендегідей болады:

1. Абайдың қай өлеңі есімдіктен басталады ? “Жаз”, “Қыс”, “Көктем”

2. Аттары ілік жалғаулы жіктеу есімдіктерінен басталатын қандай шығармалары бар ? “Апамның астауы”, “Менің атым Қожа”

3. Аттары есімдіктен басталатын қандай шығармалар білесіңдер? “Өзім туралы”, “Сен сұлу”, “Мен кім?”

Мұғалім мен оқушы арасындағы байланысты төмендегі кестеден көруге болады.

Мұғалім

Байланыс

Оқушы

Ізденуші, зерттеуші, қуат беруші, жігерлендіруші, жаңа туынды шығарушы

Шығармашылық ынтымақтастық

Орындаушы, өздігінен білім алушы, ізденуші, зерттеуші, шығармалықпен жұмыс жасаушы


Әдіс-тәсіл – білімдендіру жүйесін нәтижеге жеткізетін негізгі құрал. Ол оқушы мен оқытушыны өзара ықпалдастыққа түсіріп, оқушыны қызыға, қажетсіне әрекеттендіреді.

Білім берудің жаңа ізгілік бағыттары , философиясы, мазмұны, міндеті, әдіс- тәсілдері дарынды тұлғаның дүниені тұтас қабылдауына мүмкіндік береді. Білім беру ортасын жеке тұлғаның дарындылығын дамытатын жағдайда құру өте маңызды. Тұлғаны дамытуға бағытталған жаңашыл жобалар мен Қ.О. Бітібаеваның технологиясын пайдалана отырып, оқушылардың құндылықтары мен ұстанымдарын қалыптастыруда жүйелі еңбектеніп келемін.

Нәтижесінде қала, облыс, республика көлеміндегі интеллектуалдық сайыс, олимпиада, ғылыми жоба қорғауда өздерін дәлелдей білді. Облыстық пән олимпиадасында I орын, Республикалық «сол ұлы жылдарға тағзым етейік» сайыста II орын алып, 30% грант ұтып алды. ҰБТ қорытындысы бойынша соңғы үш жылда жоғары жетістік көрсетіп, әдебиет пәнін таңдаған екі оқушы грант иегерлері болды. Мәнерлеп оқу сайыстарының сараптамалары бойынша 2007-2008 оқу жылында оқушылар саны жетеу болса, 2009-2010 оқу жылында 10-11, 2010-2011 оқу жылында 15-20-ға жеткен жетістіктері де дәлел болады.

Я.А.Коменский: “мұғалім - мәңгі нұрдың қызметшісі, ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз лаулаған жалын иесі”, - деп ұстаз еңбегіне ерекше баға берген. Олай болса, шығармашыл дарынды тұлға тәрбиелеуде ерінбей еңбектенген ұстаз – нағыз ұстаз.

Жас дарын терең ойлай білетін, ойлағанын есте сақтай алатын, қиялы ұшқыр, тұрақты мінезді адам болып тәрбиеленсе, оның көтерілер биіктігі шарықтай бермек.

Дарынды елдің болашағы – баға жетпес қазына.


ӘДЕБИЕТ

1. «Білім туралы заң», «Қазақстан – 2030» стратегиясы

2. Хрестоматия по истории педагогики. Т2 Учпедгиз 1940С.363.

3. Білім №3 Алматы – 2008

4. Қазақстан мұғалімі №2 2010

5. Қ.Бітібаева Әдебиетті оқыту әдістемесі Алматы – 1997

6. К.Құдайбергенева Құзырлылық табиғаты – тұлғаның өздік дамуында

7. Қазақ тілі мен әдебиеті №9 2004

8. С.Құрманғалиева Қазақ тілін тереңдетіп оқыту Алматы – 1995

9. Н.Уалиев Сөз мәдениеті Алматы – 1984







Похожие:

Шығармашылық икемділік-бәсекеге қабілетті субьекті дамуының шарты iconБәсекеге қабілетті субъекті қалыптастырудағы логикалық тапсырмалардың тиімділігі
Ххi ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы, ғылымды әр қырынан меңгеру...
Шығармашылық икемділік-бәсекеге қабілетті субьекті дамуының шарты iconТақырыптың өзектілігі
Ххi ғасырда әлемдік өркениет төрінен орын алуы үшін, Қазақстанның жан-жақты дамуының бірден-бір жолы, ғылымды әр қырынан меңгеру...
Шығармашылық икемділік-бәсекеге қабілетті субьекті дамуының шарты iconДағдарыстан кейін қалпына келтіру Бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды жақсарту)
Бұл Бағдарламаның мақсаты бәсекеге қабілетті кәсіпорындардың төлем қабілетін қалпына келтіру болып табылады
Шығармашылық икемділік-бәсекеге қабілетті субьекті дамуының шарты iconСубъект-аса жоғары белсенділік, біртұтастық
Білім беру ортасын субъектілік басқару бәсекеге қабілетті субъект қалыптастыру шарты
Шығармашылық икемділік-бәсекеге қабілетті субьекті дамуының шарты iconБілім беру ортасын субьектілік басқару бәсекеге қабілетті субьектілік шығармашыл
Субьект- субьектілік қарым- қатынас негізінде оқушылардың шығармашылық Қабілеттерін дамыту
Шығармашылық икемділік-бәсекеге қабілетті субьекті дамуының шарты iconДағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі – Бағдарлама)
Шығармашылық икемділік-бәсекеге қабілетті субьекті дамуының шарты iconДағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру)
Дағдарыстан кейін қалпына келтіру бағдарламасы (бәсекеге қабілетті кәсіпорындарды сауықтыру) (бұдан әрі – Бағдарлама)
Шығармашылық икемділік-бәсекеге қабілетті субьекті дамуының шарты iconI бөлім. Мазмұны және іске асырылуы. Миссия – сапалы, бәсекеге қабілетті, нәтижеге бағытталған, «бүкіл өмір бойы баршаға білім беру»
Миссия – сапалы, бәсекеге қабілетті, нәтижеге бағытталған, «бүкіл өмір бойы баршаға білім беру» принципіне негізделген мемлекеттік...
Шығармашылық икемділік-бәсекеге қабілетті субьекті дамуының шарты iconБесқарағай ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2007 жылғы 1 тоқсандық қорытынды есебі
Ауданның атқарушы органдары қызметтерінің өткен жыл ішіндегі басымдық бағыттары халықтарға Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан...
Шығармашылық икемділік-бәсекеге қабілетті субьекті дамуының шарты iconТақырыптың өзектілігі
Субъект-субъектілік қарым-қатынас орнату арқылы бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы