Оқу үрдісінде мұғалім мен оқушының құзырлылығы мен құзіреттілігін қалыптастыру icon

Оқу үрдісінде мұғалім мен оқушының құзырлылығы мен құзіреттілігін қалыптастыру



НазваниеОқу үрдісінде мұғалім мен оқушының құзырлылығы мен құзіреттілігін қалыптастыру
Дата конвертации26.01.2013
Размер87.12 Kb.
ТипДокументы
источник

Оқу үрдісінде мұғалім мен оқушының құзырлылығы мен құзіреттілігін қалыптастыру


Торгаева Жулдыз Кыдырбеккызы

«Ново-Явленка орта мектебі» ММ


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ПӘНІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ


XXI ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім болып табылатындығы мойындалды. Оған ғасырлар тоғысындағы білімді халықаралық деңгейде дамытудың бағыттарына арналған реформалардың қарқынды дамуы дәлел.

Әлемдік білім беру кеңістігіне ену мақсатындағы 12 жылдық білім беру стандартында «Қазіргі кездегі білім беру сапасы оқушылардың түрлі қызметтер саласындағы мәселелерді өз бетінше шешу мүмкіндігін қамтамасыз ететін қалыптасқан негізгі құзіреттілік түріндегі білім беру нәтижелерінің жетістіктерімен түсіндіріледі» дей отырып, ұсынылған білім жүйесінің мақсаттары былай сараланған:

- мәселелерді шешу құзіреттілігі мен өзіндік менеджмент;

- ақпараттық құзіреттілік;

- коммуникативтік құзіреттілік;

Көптеген елдердің тәжірибесінде өте тиімді жол адамның өмір бойы дағдыларын дамыту білім мен оқыту технологиясын кіріктіру негізіндегі құзіреттілік жиыны мектепте білім беру арқылы дамытылады.

Құзіреттілік – оқушының алған білімі мен біліктерін күнделікті өмірде тәжірибе және теориялық мәселелерді шешуге қолдана білу қабілеттілігі. Өмір дағдылары – адамның өзінің қажетіне қарай өз бетінше білім алуға, оқуға, еңбек етуге, денсаулығын жақсартуға, еліміздің қоғамдық және экономикалық өміріне белсене араласуы, қоғамдық оң өзгерістерге бейімделуі, күнделікті өмірде туындап отыратын қажеттіліктер мен кедергілерді өзі шеше алуына мүмкіндік беретін дағдылар.

Қазіргі кезде мектептегі білім беруде маңызды мәселелердің бірі – оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін арттыру болып табылады. Өзін- өзі көрсете білудің құралы - өз ойын жарыққа шығару екені бәрімізге мәлім. Өкінішке орай, мектеп бітіруші түлектеріміз қажетті білімді ала отырып, тілдесу тәжірибесінде алған білімдерін дұрыс қолдана алмайды. Сондықтан қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі үшін жалпы білім беру жүйесінде оқушылардың коммуникативтік құзіреттілігін арттыру ең маңызды іс екенін білуіміз қажет. Жалпы білім беретін мектептердің бағдарламасында коммуникация мәселесіне ерекше орын бергені де кездейсоқтық емес.

Жаңашыл лингвистикалық талаптар бойынша бірнеше тілді меңгерген, мәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыру үшін коммуникация шегін тереңдету және кеңіту қажет. Сондықтан қазіргі заманның жаңашыл мұғалімінің маңызды мәселелері жаңа технологияларды қолдана отырып , оқушының рухани әлемін дамыту мақсатында коммуникативтік, тілдік, филологиялық құзіреттілігін арттыру екенін білуіміз керек. Білім берудегі коммуникативтік мақсаттың өзі оқушының тілдік дамуы барлық түрінен: тыңдауда, сөйлесуде, оқуда, жазуда байқалады, сондықтан қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда басты мақсаты – оқушыларға алған білімдерін сөйлеу тәжірибесінде қолдана білулеріне көмек беру.

Коммуникативтік құзіреттілік бойынша: сөйлесудің барлық компоненттеріне тән дағдыларды меңгеру; ауызша және жазбаша тілді сөзді құрау ережелерін, сөзді таңдау тәсілдерін және грамматикалық, стильдік,пунктуациялық нормаларды ұстану; көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын меңгеру; ұсынылған тақырып пен тілдік жағдайларға сай сөздерді орынды жұмсай алу, ұлттық-мәдени ұғымдарды ажырата алу, әдеби тіл нормаларын сақтау; сөз дұрыстығы талаптарын кешенді меңгеру. Коммуникативтік құзірет – мәдени-әлеуметтік нормаларды білу, тілдік факторларды коммуникативтік жағдаятқа қарай орынды жұмсау, сөз этикасын сақтау.

Білім мазмұнын жаңашаландыру мәселесі жан-жақты дайындықты қажет етеді, біріншіден, бұл материалдық-техникалық базаны жаңа оқыту талаптарына сәйкестендіру, екіншіден, оқу-әдістемелік жабдықтау, үшіншіден, оқушылар мен олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын өткізу.

Жаңа мазмұнға көшу жалпы орта білім беруде 12 жылдық оқыту жүйесіне көшумен , оның ішінде мектептің жоғары сатысында бағдарлы оқытуды енгізумен сипатталады. Қазіргі өскелкең ұрпаққа талапқа сәйкес әрбір оқу пәні бойынша білім-білік дағдыны қалыптастыру үшін мемлееттік стандартты басшылыққа алып, жұмыс жүргізу керек.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытудың басты мақсаты – ана тілінің бағалы құндылықтарымен таныстыру, шешен де көркем сөйлей білуге, сауатты жаза білуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу. Жергілікті ақын- жазушылардың шығармаларымен таныстыру.

Мектептің ізденіс тақырыбы: «Шағын комплектілі ауыл мектебі жағдайында оқушылар мен ұстаздардың құзіреттілігін дамыту»

Мектептің ізденіс тақырыбы негізінде «Оқушының көркем тілі мен шығармашылық қабілетін дамыту негізінде мұғалім мен оқушының құзіреттілігін дамыту» тақырыбында өз жұмысымды жүргізудемін.

Қазіргі заман талабына сай қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша өзімнің біліктілігімді арттыру мақсатында арнайы бағытталған курстарға қатыстым.

Туындаған мәселелер:

1. 12 жылдық білім беруге көшуге байланысты оқытудың әдіс-тәсілдерін оқып, тәжірибеде пайдалану.

2. Құзіреттілік тәсілінің барлық түрлерін үйреніп, оны өз жұмысымда іске асыру.

3. Оқушылардың танымдық- шығармшылық қабілеттерін дамыту мақсатында жұмыстар жүргізу.

Қай пәнді оқытсақ та оқыту процесі оқыту әдістері арқылы жүзеге асады. Әр сабақты оқытуда әдіс-тәсілдерді де таңдап алып пайдаланамыз. Мен өз тәжірибемде Қазақстан Республикасына еңбегі сіңген әдіскер- мұғалімі Бітібаева Қанипа Омарғалиқызының әдебиетті оқыту технологиясын пайдалана отырып, қазақ әдебиетін оқытуда көптеген қиындықтардың шешімін тапқандай болдым. Қ.О.Бітібаеваның: «Әдебиетті оқытуда мұғалім оқушыларға көркем туынды туралы оқулық авторы, не ғалымдар пікірін қайталауда, не соны қаз-қалпында мазмұндатуды мақсат етпеу керек, ең бастысы, сол көркем туынды туралы оқушы пікірі, ойына ерекше көңіл бөлген жөн. Бұл пәннің басқа пәндерді оқытудан өзгешелігі де, күрделігі де осында» деген пікірін ту етіп ұстап, шәкірттерімнің бойына өзіндік пікір мен өзіндік ойлаудың дәнін себудемін.

Әдіскер-мұғалім Қ.О. Бітібаева әдебиетті оқытуда әдіс-тәсілдерді:сөздік әдіс, көрнекілік әдіс, практикалық әдіс, зерттеу әдісі деп бөледі. Өз тәжірибемде зерттеу әдісін тиімді пайдаланудамын. Зерттеу әдісі оқушы білімін қосымша материалдармен байытып, іздендіруге, өз беттерімен мәселелерді шешуге тиімді. Оқушылардың өздігінен ойлануы мен іскерлігін, өз беттерінше қорытынды шығару дағдыларын жетілдіруге өте пайдалы екенін айтуға болады.

Өскелең ұрпаққа әр сабақ сайын сөйлесу өнеріне үйрету, сөзге деген қызығушылығын арттыру, өздігінен оқи отырып сыни ойлуға үйрету . Соңғы бір жылда «Сын тұрғысынан ойлау және жазу» технологиясын қолданып, оқушының құзіреттілігін арттыруға көп үлесін тигізуде.

СТО технологиясының мұғалім мен оқушының құзіреттілігін арттыруда қолдануға болатын бірден – бір әдіс деп айтар едім. Бұл әдіс оқушының сабаққа деген қызығушылығын арттырып, жаңа сабақты оқушының өзі меңгеруіне жағдай жасайды. Меңгерген жаңа тақырып бойынша салыстырулар, болжамдар жасайды, тақырыпты жүйелейді, ұмтылыс, белсенділік пайда болады. Оқушылар алған білімдері мен оған дейінгі білімдерін салыстырады. Ең маңыздысы, аталған технология оқушыны шығармашылыққа жетелейді, тиімді тәсілдер арқылы оқушының ойы жарыққа шығады.

СТО технологиясының әдіс- тәсілдері:

  • Кластер;

  • Ой қозғау;

  • Галлереяны шарлау;

  • Бірлескен жоба;

  • Инсерт;

  • Консептуалды кесте;

  • Пікірталас;

  • Кесте толтыру;

  • Үш қадамды сұғбат;

  • Болжау;

  • Қос жазба күнделігі;

  • Кубизм;

  • 6 – w т.б.

Сын тұрғысынан ойлау арқылы оқу мен жазу технологиясының үш кезеңі

  1. Қызығушылықты ояту кезеңі

Мұғалім міндеті

Оқушы міндеті

Әдіс-тәсілдері

Оқушылардың қызығушылықтарын сақтай отырып, жаңа тақырыппен жұмыс істеу, бірте-бірте «ескі» білімнен «жаңа» білімге көшу т.б.


Оқушы мәтінді оқиды, мазмұндайды, талдайды, түсіндіреді, жаңа тақырып бойынша жазбалар жүргізеді.

- Кластер;

- Білемін, білмеймін, білгім келеді кестесін толтыру;

- Екі бөлікті күнделік;

- Берілген сұрақтарға жауап іздеу.


Бұл кезеңде алынған ақпараттар тыңдалады, жазылады, талқыланады, жұмыс жеке, жұппен, немесе топпен жүргізіледі.

  1. Ой толғаныс кезеңі

    Мұғалім міндеті

    Оқушы міндеті

    Әдіс-тәсілдер

    Өтілетін тақырып бойынша оқушы білімін тексеру, оқушы белсенділігін арттыру, сабақтың келесі кезеңдерін жоспарлау, алдағы жұмыстарды кескіндеу т.б.

    Оқушы өтілетін тақырып бойынша не білетінін еске түсіреді, болжамдар жасайды, тақырыпты жүйелейді, білгісі келетін нәрселерді сұрайды т.б.

    - Әңгімелесу;

    - Кластер;

    - Дұрыс, дұрыс емес атты қағидалар;

    - Инсерт;

    - Екі бөлікті күнделік;

    - Концептуалды кесте т.б.

  2. Қорытынды кезеңі

Мұғалім міндеті

Оқушы міндеті

Әдіс-тәсілдері

Сабақтың алғашқы кезеңіндегі жазбаларға оралып, өзгертулер мен толықтырулар енгізеді, өтілген тақырып бойынша зерттеулер жүргізеді т.б.

Оқушылар жаңа тақырыптан алған мәліметтер мен оған дейінгі өз білімдерін салыстырады, сол дәуір мен қазіргі дәуірдегі ролдерін салыстырады т.б.

- Пікірталас;

- Кластер;

- Кесте толтыру;

- Сұрақтарға жауап;

- Шығармашылық жұмыстар жазу;


Өз тәжірибемде жиі қолданып жүрген әдістің бірі – дебат. Дебат мақсатты да тәртіпке келтіретін құрылымы бар пікір алмасу, көзқарастар сайысы деуге де болады. Дебаттың негізгі элементтері: тақырып - өзекті мәселені көтеретін , нақтылы тұжырым ретінде берілуі тиіс; дәйектер келтіру арқылы әділқазыға өзінікі дұрыс екенін дәлелдеп беруі тиіс. Коммуникативтік құзіреттілікті дамытуда дебат зор әсер береді. Оқушының коммуникативтік құзырлығы дебатқа дайындық кезінде алған білімі, білігі, дағдылары ғана емес, сол алған білімін ойын барысында пайдалану болса, ертең оны өмірде қолдана алуы болып табылады.

Оқушы дебатқа қатыса отырып, мынадай коммуникативтік құзырлылықтары қалыптасады: қарсылас топпен қатынасқа түсе отырып, сөйлеу шеберлігіне – нақты сөйлеу, дәлелді сөйлеу, ықшамды сөйлеу, мағыналы сөйлеу, әдепті сөйлеу, көркем сөйлеу, іс-қимылмен өз ойын жеткізе білуге дағдыланады; жазу шеберлігі де дамиды: негізін бөле жазу, қажетті ойды таба жазу, салыстыра жазу; қарсыласын тыңдау шеберлігі: мұқият тыңдау, сынай тыңдау, тұжырымдамалары мен жауаптарын салыстыра тыңдау, сұрыптай тыңдау, оның алдын-ала айтатынын жорамалдай тыңдау; таңдау және табу: дебатқа сай алынған тақырыпқа қажетті , оның мазмұнын ашатын мәліметтер мен мағлұматтарды жіктей білу, керектісін теріп алу; қарастырылып отырған мәселеге өзіндік баға беру, мағлұматты жеткізу: ойынға дайындық кезінде жинақталған мәліметтерді орнымен айта білу, жеткізу шеберлігі пікірлер мен мақал-мәтел, нақыл сөздерді дұрыс пайдалана білуі.

Оқушының коммуникативтік құзырлылығы ойын барысында белгілі бір ситуациядан шығу шамасынан көрінеді. Сонымен оқушының коммуникативтік құзырлылығын дебат ойыны арқылы да дамыту өте тиімді әдіс екенін көрдік.

Коммуникативтік қабілет және білім жеке тұлғаның рухани өсуін қалыптастырады; оқушыға өзін сырттай көре білуіне, адамдарды түсіне білуіне, ұжымда өзін көрсете білуіне және өмірдегі сәттіліктерге жетулеріне көмектеседі.

Сондықтан мұғалім алдына мақсат қоя білетін, анық та дұрыс сөйлей білетін, өз ойын жарыққа еркін шығара алатын, түсіне білетін, қызығушылықпен тыңдай алатын адамды өмір жолына аттандыратынын білуі керек.

Коммуникативтік құзіреттілікті дамытуда мұғалімнің рөлін дат ойшылы Кверкегором махаббатқа толы ананың сәбиіне алғашқы қадам басуды үйреткенмен тең деп есептеген. Анасы сәбиіне қарсы тұрып, аяқ басуына көмектеспей, тек қолпаш көрсету арқылы қолын созғанда, сәбиі анасының құшағына жетуге асығады. Сол сәттен бастап сәби келесі қадамын өзі аттай алатынына сенімді сезінеді. Сүйіспеншілікке толы анасының қолдауы сәбиге үлкен сенім және күш-қуат береді. Анасының бұл сәттілігінің құпиясы – баласының өз кеңістігінде өзі әрекет етуіне жағдай жасағандығы. Ал анасы мен баласының кеңістігі бір- біріне қосылғанда, жалпы кеңістік пайда болады. Сол кеңістік үлкейген сайын сәттіліктер де көбеймек.

Осылайша оқудағы құзіреттілікке бағдар оқушылардың ойының дамуына, өзінің дамуына, нық қадам басуына өте қажет.


ӘДЕБИЕТТЕР


1. Қ.О. Бітібаева «Әдебиетті оқытудың әдістемесі мен технологиясы» Алматы, 2010ж.

2. Оразбаева Ф. «Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі» Алматы 2000ж.

3. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты Астана, 2007ж.



Похожие:

Оқу үрдісінде мұғалім мен оқушының құзырлылығы мен құзіреттілігін қалыптастыру iconГимназиялық ОҚыту үрдісінде қҰзыретті тұЛҒаны қалыптастыру
Сонымен қатар мектеп түлегінің негізгі құзырлылығы құндылықты-бағдарлы, мәнедиет-танымдық, оқу-танымдық комуникативті,ақпараттық-технологиялық,...
Оқу үрдісінде мұғалім мен оқушының құзырлылығы мен құзіреттілігін қалыптастыру iconОқу процесіндегі субъектілердің құзіреттілігін дамыту
Тіл құзіреттілігін дамытудағы тіл мәдениетінің маңыздылығы. Тәжірибедегі кездескен мәселелер мен теориялық зерттеулер
Оқу үрдісінде мұғалім мен оқушының құзырлылығы мен құзіреттілігін қалыптастыру iconБілім мазмұнын жетілдіру жағдайында мұғалім мен оқушының субъектілік позициясының қалыптасуын басқару
ОҚушының субъектілік позициясының Қалыптасуы жағдайындағЫ Қазақ тілін оқыту кезінде оқушылардың ойлау қызметтерінің белсенділігі
Оқу үрдісінде мұғалім мен оқушының құзырлылығы мен құзіреттілігін қалыптастыру iconБілім мазмұнын жетілдіру жағдайында мұғалім мен оқушының субъектілік позициясының қалыптасуын басқару

Оқу үрдісінде мұғалім мен оқушының құзырлылығы мен құзіреттілігін қалыптастыру iconМектептің тэж тақырыбы: Шағын комплектілі ауыл мектебі жағдайында оқушылар мен ұстаздардың құзіреттілігін қалыптастыру. Мұғалімнің тэж тақырыбы
Кіріктірілген сабақтар жүйесі арқылы балалардың ойлау қаблеті мен қиялдарын дамыту
Оқу үрдісінде мұғалім мен оқушының құзырлылығы мен құзіреттілігін қалыптастыру iconА. Н. Толстой Елімізде болып жатқан саяси мемлекеттік, мәдени-этникалық өзгерістер халыққа білім беру мен тәрбие ісінің мазмұнын түбегейлі өзгертуді қажет етіп отыр
Білім мазмұнын жаңарту жағдайында мұғалім мен оқушының субъектілік ұстанымының қалыптасу процесін басқару
Оқу үрдісінде мұғалім мен оқушының құзырлылығы мен құзіреттілігін қалыптастыру iconНұрғалиев атындағы №43 мектеп гимназиясы
Инновациялық технология негізінде мұғалім мен оқушының суъбектілік қарым қатынастарын дамытуда жұмыс дәптерін қолдану тиімділігі
Оқу үрдісінде мұғалім мен оқушының құзырлылығы мен құзіреттілігін қалыптастыру iconОрыс мектептеріндегі қазақ тілі және әдебиеті ӘБ 2010-2011 оқу жылының жұмысына талдау
«Мұғалім құзырлылығы – оқушы құзырлылығының алғышарты» тақырыбымен жұмыс жүргізуді жалғастырды. Әдістемелік бірлестік бірнеше бағытта...
Оқу үрдісінде мұғалім мен оқушының құзырлылығы мен құзіреттілігін қалыптастыру iconБілім мазмұнын жетілдіру жағдайында мұғалім мен оқушының субъектілік позициясының қалыптасуын басқару
Азақ тілі сабағында білім процесінің субъектілерінің шығармашылық қабілеттерін дамыту
Оқу үрдісінде мұғалім мен оқушының құзырлылығы мен құзіреттілігін қалыптастыру iconАзаматтық және патриоттық білім беру мектебі шарттарында педпгогтар мен оқушыларда субъективтілікті дамыту
Дамыта оқыту технологиясын пайдалана отырып, бастауыш сынып оқушыларының танымдық ҚҰзіреттілігін қалыптастыру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы