Тарих сабағында ж. А.ҚАраевтің ОҮӘж технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ПӘнге деген қызығушылығын арттыру icon

Тарих сабағында ж. А.ҚАраевтің ОҮӘж технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ПӘнге деген қызығушылығын арттыру



НазваниеТарих сабағында ж. А.ҚАраевтің ОҮӘж технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ПӘнге деген қызығушылығын арттыру
Дата конвертации26.01.2013
Размер64.94 Kb.
ТипДокументы
источник

Жақсыбаева М.С.

Өскемен қаласы Қ.Нұрғалиев атындағы

№43 мектеп- гимназиясы

ТАРИХ САБАҒЫНДА Ж.А.ҚАРАЕВТІҢ ОҮӘЖ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ПӘНГЕ ДЕГЕН ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ.

Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу – тәрбие үрдісінде нақты өзгерістер енгізілумен қатар, елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс- әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «Білім беру жүйесінің басты міндеті- ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау;... оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу»- деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін, мектеп ұжымдарының, әр мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.[1]

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі.

Қазақстанда Ш.М.Қаланова, Ж.А.Қараев,Ш.Т.Таубаева, Қ.Қ.Қабдықайыров, М.М. Жампейісова т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан – жақты қарастырылады. [3]

Ж.А.Қараевтің ОҮӘЖ технологиясын қолдану арқылы келесі тиімділіктерге қол жеткізеді:

  • Деңгейлік саралау оқушылардың білімін жаңа әдіспен, яғни рейтинг жүйесі бойынша бағалауға мүмкіндік береді.

  • Деңгейлік тапсырмаларды (олардың қаншалықты орындап жатқанын бақылап отыру мақсатымен) оқушы тақтадағы ілулі тұрған тізімдегі және «жұмыс дәптерінің» соңындағы өзінің тұсына мұғалімнің тексеруінен кейін «+» белгісімен белгілеп отырады.

  • Қалғанын үйде орындайды, олар «V» белгісімен белгіленеді. Берілген кесте «ашық журнал» деп аталады, көрнекі түрде тақтаның шетіне ілінеді.

Бір-бірінің алға жылжуын бақылау мүмкіндігі олардың арасында жарысу жағдайын туғызады. Әр оқушы өзінің ілгерілеу динамикасын жоғары бағытта көрсетуге ұмтылады. [6]


Әр жаңа тақырып бойынша жасалған деңгейлік жұмыстардың үш деңгейге бөлінуі, үй жұмысын жақсы ұйымдастыруға және реттеуге мүмкіндік береді.Себебі, тақырыпты меңгеудегі төрт деңгейлік тапсырмалар үлгерімі өте жақсы оқушыға есептеліп, соған сәйкес құрылғандықтан, бұл жұмыстарды толық, сабақ үстінде орындап бітіруге, барлық оқушылардың мүмкіндігі жете бермейді. Сондықтан да, олар үйде өз бетімен немесе сабақтан тыс уақытта мұғалімнің көмегімен аяқтауға беріледі:

  • Бірінші деңгейдің тапсырмаларын орындап үлгерген оқушыларға екінші деңгейдің тапсырмалары;

  • Екінші деңгейдің тапсырмаларын орындаған оқушыларға одан да жоғары деңгейлік тапсырмалар беріледі;

  • Т.с.с. деңгейден деңгейге көтеріле береді.

Ең жоғары деңгейдегі шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды, әрине, дарынды да, еңбекқор оқушылар орныдай алады.

Осылайша, әр тақырып бойынша оқушыларға, сыныптан тыс уақытта, жоғары деңгейлік тапсырмаларды орындау арқылы көбірек ұпай жинап көтеріңкі баға алуға мүмкіндік беріледі және дамыта оқыту қағидасы орындалады. Нәтижесінде оқушылардың табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай жасалады.

Жинаған ұпайларын оқушылар кестеге әр сабақтың соңында белгілеп отырады, соңында график салады. Ол- оқушының даму мониторингісі деп аталады.

Педагогика ғылымында баланы оқыту мен тәрбиелеудің мақсаты – жан- жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылғандықтан, бұл жерде де, жаңа технология бойынша – оқыту мақсаты болып табылады. [5]

Мақсат- өздігімен дамуға ұмтылған жеке тұлғаны қалыптастыру, сондықтан оның өзіндік танымдылық іс-әрекеті белгілі бір дәрежеде белсендірілуі қажет. Жаңа мақсат оқытудың әдістемелік жүйесінің қалған бөліктерінің өзара байланыстағы қалыптармен өзгерулерін талап етеді.

Жоғарыдағы талапты орындау үшін төрт ұсынысты қажет деп санаймын:

  1. Жаңаша өзгерген мақсат оқушылардың өздігімен танып, іздену іс-әрекетінің әдістерін меңгерулерін талап етеді. Бұл жағдайда бірінші орынға оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады.

  2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері болып, оқытудың дербес және топтық түрлері табылады. Оқытудың бұл түріндегі ең бастысы- оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйене отырып, өз беделі мен қадір- қасиетін сезімін дамыту. Оқытудың фронталды түрі, бағыт беру, талқылау, түзеті енгізуде ғана пайдаланылады.

Оқытуды ізгілендіру- оқыту құралдарына деген көзқарасты өзгертуді талап етеді. Өзгерістер бойынша оқу құралын оқушылардың өздігімен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай құралдар болу керек. Осы жерде компьютерлік техниканың функционалдық мүмкіндіктерінің мол екенідігін ескере кету керек, себебі, компьютерлік техника- оқушыға, ол ізденіс және зерттеу жұмыстарын жүргізе алатындай, оқытушы орта құруына мүмкіндік береді. Оқушының өздігімен жаңа тақырыпты меңгеруіне қолайлы және қызықты мазмұндалуы қажет. [2]

Технологияның тағы бір психологиялық негізі болып табылатын теория – Л.С.Выготскийдің «оқыту процесінде оқушының ақыл- ойының дамуы «актуальды дамуы» аймағынан «жақын арадағы» аймағына ауысу» туралы теориясы.Бұл ауысу – тапсырмаларды қайталап орындауға ғана арналған 1- деңгейден өнімді іс-әрекетті қажет ететін жоғары деңгейлерге ауысу негізінде іс-әрекет арқылы жүзеге асады.

Осындай іс-әрекет деңгейлері арқылы оқушылар оқу материалдарын әр түрлі деңгейде қабылдайды.

Тарих пәнінің мазмұнымен мақсат- міндеттері төмендегі шешуші біліктерді қалыптастыруға бағытталған:

^ Саяси және әлеуметтік- оқушылардың азаматтық жауапкершілігі, шешім қабылдай білуі, қоғам дамуының проблемаларына сыни көзқарасының болуы, еңбек нарығында белсенді түрде бейімделу қабілеті.

Толеранттылық- басқа ұлттардың салт-дәстүрін құрметтеу және түсіністікпен қарау, тіл табысушылық.

Когнитивтілік- өз білімін үнемі жетілдіруге дағдылану, шешімін іздеу, түсінігін білдіру, нақты өмірдегі оқиғалардың себеп- салдарын өздігінен тану.

Дүниетанымдылық- әлем туралы біртұтас көзқарасты қалыптастыру, қоғамдағы әлеуметтік орнын дұрыс таба білу, отаншылдық, қазақ халқының тарихы мен салт-дәстүрін, адамның құқықтары мен бостандықтарын, қоғамдық өмірдің демократиялық қағидаларын құрметтеу.

Тарих пәніне деген қызығушылығын арттыру мақсатында сабақты түрлендіре отырып, оқушылардың өз қабілетін таныта, дамыта түсу бағытында әрқилы әдістер негізінде пайдалану тиімді.Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырудың сызба нұсқасы төменде көрсетілген:


Баспасөз


Сынақ




Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыруды қалыптастыру үшін жүргізілетін сабақ түрлері

Сайыс


Дебат


Семинар





Ауызша журнал

Саяхат



Топпен,жекелей





Конференция


Салыстыру

Ізденушілік


Сабақта қолданылатын жұмыс түрлері





Зерттеу

Деректермен


Шығармашылық жұмыс:сайыс,баспасөз,сынақ



Атқарылған іс- шаралар төмендегідей :

9 «Г» сыныбында ОҮӘЖ 2 жыл көлемінде жүргізіліп отырғандықтан, мектеп психологы оқушылардың мотивациясын анықтап, сауалнама жүргізді. Оның нәтижесі төмендегідей:




9 «Г» сыныбының 2009-2010 оқу жылындағы оқу үлгерімі.




9 «Г» сыныбының 2010-2011 оқу жылындағы оқу үлгерімі.



Тарих сабағында Ж.А.Қараевтің ОҮӘЖ технологиясын қолданудың нәтижесінде:

  • Бірлестік отырысында тәжірбие алмасу жүзеге асуда.

  • Шығыс Қазақстан Гуманитарлық колледжінде осы тақырыпта баяндама жасалып, алғыс хатқа ие болдым.

  • Ғылыми практикалық жобаларға қатыстым.

  • Қалалық сайыстарға қатыстым.

Барлық жаңа технологияның мақсаты- пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара және дербес ерекшеліктерін басқарып, олардың өз бетінше ізденуін арттырып, шығармашылығын қалыптастырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Заман талабына сай, электронды оқулық, интернет, web сайдты қолданудағы жаңа ақпаратты технологияларды пайдалану тарих пәні үшін маңызы зор.


^ ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:


  1. ҚР 2015 ж. дейінгі Білім беруді дамыту тұжырымдамасы . Егемен Қазақстан 2003 ж. 23 желтоқсан.

  2. Г. Төлеубаев. Тарихты оқытудағы әдістемелік технологиялары. Қазақ тарихы, № 5,2009 ж.

  3. Б.Жолдасов. Инновациялық технологияларды білім беруде қолдану. Білім, №5,2007 ж.

  4. Қ.Көнеев, А.қалыкова. Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану. Білім,№ 3, 2006 ж.

  5. Г.Ақпанбетова. Сабақта жаңа технологияны қолдану. Қазақ тарихы,№3,2010ж.

  6. Ж.У.Кобдикова. (Ж.А. Қараевтың) Деңгейлеп оқытудың педагогикалық технологиясы . Алматы,2007 ж.



Похожие:

Тарих сабағында ж. А.ҚАраевтің ОҮӘж технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ПӘнге деген қызығушылығын арттыру iconОйын технологиясын қазақ тілі сабағында қолдану туралы. Смагулова А. Д
Азақ тілі сабағындағы ойын элементтері арқылы оқушылардың СӨйлеу қабілеттерін арттыру
Тарих сабағында ж. А.ҚАраевтің ОҮӘж технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ПӘнге деген қызығушылығын арттыру iconҚызығушылық. Сын тұрғысынан ойлау
Азақ Әдебиеті сабағында оқушылардың Қызығушылығын арттыру арқылы білім сапасын көтеру
Тарих сабағында ж. А.ҚАраевтің ОҮӘж технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ПӘнге деген қызығушылығын арттыру iconСабақ әдісі: елес жетелеу, жигсо, баяндап беру, тест, бағалау. Көрнекілігі
Оқушылардың салт-дәстүрге деген сүйіспеншіліктерін арттыру, құрметтеуге тәрбиелеу, салт-дәстүрді жалғастыруына деген қызығушылығын...
Тарих сабағында ж. А.ҚАраевтің ОҮӘж технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ПӘнге деген қызығушылығын арттыру iconӨскемен қаласы 2010 жыл. ӨЗ бетімен қазақ тілінде сөйлеу мақсатында диалог арқылы оқушылардың Қызығушылығын арттыру
З бетімен қазақ тілінде сөйлеу мақсатында диалог арқылы оқушылардың Қызығушылығын арттыру
Тарих сабағында ж. А.ҚАраевтің ОҮӘж технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ПӘнге деген қызығушылығын арттыру iconМақсаты:қазақ әдебиеті сабағында тіл дамыту жұмыстарын жүргізе отырып, ауызекі сөйлеу тілдерін, сөздік қорларын, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ауызша сөйлеу білуге дағдыландыру Міндеттері
Тіл дамыту жұмыстары арқылы оқушы қасиеттерінің ашылуына,өз күшіне сене білуіне, қалыптасуына мүмкіндік туғызу
Тарих сабағында ж. А.ҚАраевтің ОҮӘж технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ПӘнге деген қызығушылығын арттыру iconИнтербелсенді тақтаны қолдану арқылы оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі №6345 үкімімен бекітілген «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік бағдарламасы»
Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі №6345 үкімімен бекітілген «Орта білім беру жүйесін ақпараттандырудың Мемлекеттік...
Тарих сабағында ж. А.ҚАраевтің ОҮӘж технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ПӘнге деген қызығушылығын арттыру iconБейсембина Жадыра «№45 бейімделген орта мектеп» мм
Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясын қолдану жолдары. Дидактикалық ойындар арқылы оқушы құзыреттілігін дамыту
Тарих сабағында ж. А.ҚАраевтің ОҮӘж технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ПӘнге деген қызығушылығын арттыру iconТарих сабағында жоба технологиясын пайдалану арқылы оқушылардың ҚҰзыреттілігін қалыптастыру
Бүгінгі ғаламдану кезеңінде Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігінің даму тенденциясынан ажыратып...
Тарих сабағында ж. А.ҚАраевтің ОҮӘж технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ПӘнге деген қызығушылығын арттыру iconМм жбмк №19 Ғылыми консультант
Ойын технологиясын қолдану арқылы бастауыш сынып оқушыларының тілін, Қызығушылықтарын арттыру
Тарих сабағында ж. А.ҚАраевтің ОҮӘж технологиясын қолдану арқылы оқушылардың ПӘнге деген қызығушылығын арттыру iconР. З. Ауелейсена «Ағылшын тілін тереңдетіп оқытатын мамандандырылған №31 мектебі» М. М
Ақпараттық қатынастық технология құралдарын қолдану арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©kzgov.docdat.com 2000-2014
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Документы